Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияға кіріспе Мақсаты


Темперамент тұлға қасиетi ретiнде



бет21/52
Дата22.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#360991
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Байланысты:
Лек ООД Психология

Темперамент тұлға қасиетi ретiнде. Б.М. Теплов бойынша темперамент анықтамасы. Темпераменттiң негiзгi типтерi: холериктiк, сангвиниктiк, меланхоликтiк және флегматикалық.
Темперамент туралы оқуларға қысқаша шолу. Гиппократтың темперамент туралы теориясы. Немiс философы И. Канттың темперамент туралы теориясы. Э. Кречмер типологиясы. И.П. Павлов еңбектерiндегi темперамент мәселесiн зерттеу. Б.М. Павлов бойынша темпераменттiң негiзгi қасиеттерi және оның көрiнуi. В.М. Русаловтың темперамент туралы теориясы.
Темпераментке психологиялық сипаттама және тұлға iс-әрекетiнiң ерекшелiктерi. Темперамент түрлерiне психологиялық сипаттама. Адам iс-әрекетi мен темперамент арақатынасы ерекшелiктерi.
Темперамент тұлғаның бойындағы мәндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге деген қызығушылық бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған. Ол ағзаның биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар әлеуметтiк дамудың ерекшелiктерiне негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Тұлғаның биологиялық құрылысына ең алдымен темпераменттi жатқызамыз. Темперамент адамдар арасындағы көптеген психикалық ерекшелiктердiң болуын, оның iшiнде эмоция қарқындылығы мен тұрақтылығын, әрекет қарқыны мен күштiлiгiн, сонымен қатар басқа да динамикалық сипаттамаларды анықтайтын қасиет.
Қазiргi уақытта темпераменттi зерттеуге байланысты көптеген бағыттар бар. Бiрақ, зерттеу бағыттары әр түрлi болса да, көптеген зерттеушiлер темпераменттi биологиялық негiз деп атайды.
Б.М.Теплов темпераментке келесiдей анықтама бередi: ''Темперамент дегенiмiз бiр жағынан эмоционалды қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктердiң жиынтығы'' (Теплов Б.М., 1985). Сонымен темпераменттiң екi компонентi бар-белсендiлiк және эмоционалдылық. Мiнез-құлық белсендiлiгi жiгерлiлiк, екпiндiлiк, шапшаңдық немесе, керiсiнше, баяулылық және инерттiлiкпен сипатталады. Ал, эмоционалдылық белгi (жағымды немесе жағымсыз) және модалдылықты (қуаныш, қайғы, қорқыныш, ашу және т.б.) анықтай келе, эмоционалды процестердiң жүруiн сипаттайды.
Ежелгi уақыттан бастап темпераменттiң негiзгi төрт түрiн бөлуге болады: холериктiк, сангвиникалық, меланхоликтiк және флегматикалық. Бұл темпераменттiң негiзгi төрт түрi ең алдымен өзара эмоционалды қалыптардың туу динамикасы мен қарқындылығына байланысты ерекшелiнедi. Сонымен, холерик типiне тез пайда болатын, күштi сезiм, сангвиник типiне тез пайда болатын, бiрақ әлсiз сезiм, меланхолик типiне ақырын пайда болатын, бiрақ күштi сезiм, флегматик типiне ақырын пайда болатын, әлсiз сезiмдер тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені