Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияға кіріспе Мақсаты


Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері



бет2/52
Дата22.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#360991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Лек ООД Психология

Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы көбінесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға да қатысты.
Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты, психологиялық ғылымның жетістіктері тек осы әдістерге байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ ғ. ортасында бөлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады.
Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Психологиялық бақылаудың басты мақсаты: деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу.
Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және сапаны психологиялық көрудің объективтілі ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.
Бақылау әр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын әдіс қосарланған бақылау. Бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі. Егер зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті түсіну үшін шеттен бақылаған жөн. Қосарланған бақылау мазмұнына қарай басқа әдіске - өз-өзін бақылауға өте ұқсас.
Өз-өзін бақылау яғни, өз қалып-күйлеріңді бақылау тек психологияда қолданылатын әдіс. Бұл әдістің артықшылығымен қатар, бірнеше кемшілігі де бар. Біріншіден, өз қалпыңды бақылау өте қиын. Бақылауға орай олар дұрыс болмауы мүмкін немесе тоқтап та қалады. Екіншіден, бұл бақылауда субъектіліктен құтыла алмайсың, өйткені біздің қабылдауымыз субъективті бояуға ие. Үшіншіден, бұл әдісте біздің кейбір қалыптарымызды түсіндіру қиын.
Дегенмен, өз-өзін бақылау әдісі психолог үшін аса маңызды. Тәжірибеде басқа адамдардың мінезін көргенде, психолог оның психологиялық мазмұнын білгісі келеді. Көбінесе ол өз тәжірибесіне, өз қалпын талдауға сүйенеді. Сондықтан психолог табысты жұмыс істеу үшін өз жағдайы мен қалпын объективті түрде бағалауды үйренуі керек.
Бұл әдіс көбінесе экспериментте пайдаланылады. Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды. Бұл жағдайда зерттеушінің аса қызықтыратын кездерінде дәл есептелінген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі.
Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы және кемшіліктері де бар. Сауалнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені