Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияға кіріспе Мақсаты


Жеке адамның ерiктiк қасиеттерi



бет16/52
Дата22.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#360991
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Байланысты:
Лек ООД Психология

Жеке адамның ерiктiк қасиеттерi
Адамның еркi белгiлi бiр қасиеттермен, сапалармен сипатталады. Ендi жеке адамның ерiктiк қасиеттерiнiң негiзгiлерiн қарастырып көрейiк.
Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Мақсатқа жету жолында сiздiң жеңген кедергi, бөгеттерiңiз неғұрлым күштi болса, соғұрлым сiздiң ерiк күшiңiз мықты. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады.
Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады. Мақсатқа талпынған адам ұсақ-түйекке көңiл бөлмей, алған бетiнен қайтпай қайткен күнде де оған жетудi көздейдi.
Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады. Батыл адам әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсiлдерiн жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешiмнiң маңызын түсiнiп, олардың мүмкiн болар нәтижесi жөнiнде өзiне-өзi есеп берiп отырады.
Батылдық - жекее адамның еркiнiң жоғары дәрежеде екендiгiн көрсететiн қасиет. Батылдық әсiресе мақсатқа бет алыс сәтiнде, сол сияқты, қабылданған шешiмдi жүзеге асыру барысында айқын көрiнедi.
Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақстқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жее адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп атайды. Мұндай қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды., одан мақсатқа жетуге көмектесетiн нәрселердi таба бiледi.
Ұстамдылық. Ұстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының және қоғамның намысын, абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда әрекет жасауға тура келедi. Ұстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн және өз қылығын ақтайтын белсендiлiк дәрежесiн таңдап алады. Ұстамдылық дегеiмiз- адамның өз ерiк-жiгерiн билей бiлу қасиетi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені