Дәріс №1
Тақырыбы: Психологияға кіріспе
Мақсаты: Психология ғылымына шолу, міндеттері мен мақсаттарын таныстыру
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Дәрістің жоспары:
1 Психологияға кірсіпе
2. Психология ғылым ретінде.
Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері
Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қандай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады.
Ғылымда пәндердің негізігі құрылымына байланысты үшке бөлінеді: жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық. Адам - әлеуметтік тірі ағза, оның барлық психикалық құбылысы қоғамдық ортада қалыптасады, сондықтан психология гуманитарлық пәндерге жатады.
“Психология” ұғымы ғылыми және тұрмыстық мағынаға ие.
Әрбір адам практикада қарым-қатынасқа түсе отырып психологиялық заңдылықтарды үйренеді. Осылайша біз келесі адамның пікірін оның сыртқы келбетінен - мимикасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдық көңіл күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Сондықтан әрбір адам өзінше психолог, себебі қоғамда адамдардың психикасы жайлы білмей өмір сүру мүмкін емес.
Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді:
1. Психикалық процестер дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
2. Психикалық ерекшеліктер дегеніміз - бір адамды екінші адамнан ажырытуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер.
3. Психикалық күй дегеніміз - адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері.
Достарыңызбен бөлісу: |