Дәріс №1 Романтизмнің Батыс Еуропа және АҚШ әдебиетінде даму кезеңдері



бет1/14
Дата19.05.2023
өлшемі318.57 Kb.
#578306
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лекция әлем әд. 2
9-tema, Документ Microsoft Office Word (3), 5-тема пр

Дәріс №1 Романтизмнің Батыс Еуропа және АҚШ әдебиетінде даму кезеңдері
ХІХ ғасыр әлемдік мәдениеттің даму үрдісіне үлкен бетбұрыстар әкелді. Әсіресе, Еуропа, Америка елдеріндегі гумманистік және эстетикалық идеялардың қалыптасуымен белгілі. Он сегізінші ғасырдың соңы мен он тоғызыншы ғасырдың өн бойында бұл құрлықтар көптеген қоғамдық-саяси өзгерістердің куәсі болды. Атап айтсақ, 1871 жылғы Париж коммунасы, 1789-1794 жылдардағы атақты француз революциясы, Англиядағы өндірістік төңкеріс, Америкадағы ұлт-азаттық соғыс, Наполеон басқыншылығы, т.б. оқиғалардың барша Батыс, Шығыс, Америка елдерінің тарихи-мәдени жаңғыруларына тигізген әсер-ықпалы өте зор.Еуропадағы әдеби өрлеу көбіне француз революциясымен тығыз байланысты. Революция ең алдымен Франция және басқа елдердегі романтизм мен сыншыл реализмнің қалыптасып, дамуына негіз болды. Содан барып, ХІХ ғасырдың бастапқы кезеңінде осы елдердің бүкіл мәдени өміріндегі негізгі бағыт – романтизммен байланыстырылады. Дегенмен сол ғасырдың отызыншы жылдарында бұл ағым өз ықпалынан бірте-бірте айрылып, реализмге жол бере бастайды. Әдебиет сонымен қатар сол кезеңдегі ұлт-азаттық, саяси күрестер мен наполеоншыл, Наполеонға қарсы соғыстарға байланысты оқиғалар төңірегінде өрбиді. Нақты келсек, Наполеонның атақты қолбасшы, саяси қайраткер ретіндегі жеке тұлғасы Пушкин, Лермонтов, Байрон, Гейне, Беранже, т.б. ақын-жазушылардың туындыларында сомдалды. Сондай-ақ Наполеон басқыншылығына қарсы азаттық қозғалыстарды насихаттайтын тақырыптағы неміс, ағылшын, орыс әдебиеті қарқынды дамыды. Ғасыр басында Францияда Виньи, Ламартин, Гюго, Санд, т.б. романтикалық әдебиеттің жарқын беттерін ашса, 20-30 жылдары Мериме, Стендаль, Бальзактардың реалистік өмірді айқындайтын туындылары дүниеге келді. Ал Байрон, Шелли, Диккенс, Теккерей сынды суреткерлердің сыншыл реалистік туындылары Англия әдебиетін жаңа бір белеске көтерді. Германиядағы романтизм иендік мектептен бастау алып, Гофман, Шамиссолардың тамаша романтикалық туындыларымен жалғасын тауып жатты. Г.Гейне герман әдебиетіне реалистік бағыттың алғашқы соқпағын салды.
Әдебиет зерттеушілері ХІХ ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің даму тарихын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастырады:
1. 1789-1830 жылдар аралығы – романтизмнің қалыптасып дамуы;
2. 1830-1871 жылдар аралығы – реализмнің қалыптасып дамуы. 
Алғашқы кезеңге келер болсақ, романтизм – (француздың roman деген сөзінен шыққан) – өз кезеңінде аталмыш елдердің рухани мәдениетінде, әдебиетте, философия, тарих, медицина, жаратылыстану ғылымдарының кейбір салаларында кеңінен тараған идеялық бағыт. Бұл бағыт өкілдерінің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілу үшін ең алдымен романтизмнің нақты сипатын біліп алуымыз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі