Дәріс. 1 Мұражайтану ғылыми пән ретінде


ә) Жәдігерлерді ауадағы зиянды заттардан сақтау

Loading...


бет2/2
Дата28.03.2020
өлшемі93.34 Kb.
1   2

ә) Жәдігерлерді ауадағы зиянды заттардан сақтау.

Музей жәдігерлерінің ескеруіне ауадағы әртүрлі қоспалар да әсер етеді. Оған газдалған заттар – күкіртті газ, күкіртті сутек (сероводород), аммиак (азот пен сутек қосындысынан жасалған ащы иісті түссіз газ), хлор, минералдық шаң, қара күйе (сажа) жатады.

Ауаның ластануынан сақтанудың бір жолы – бөлмені герметизациялау (ауа кірмейтіндей саңылусыз бекіту), әрине, кондиционерсіз болмайды және сүзгіш заттар (фильтровальные устойства) орнату да артық емес.

Б) Музейдегі жарық түсу тәртібі.

Музейде жарық беру тәртібі жәдігерлердің ұзақ сақталуы үшін қолданылады. Бұл тәртіп бойынша заттарға жарық толықтай, жартылай берілуі не мүлде жарықсыз сақталуы мүмкін. Ол жәдігерлердің қай материалдардан істелгеніне байланысты анықталады.

Жарыққа төзімділігі жағынан материалдар үш топқа бөлінеді:

Жоғары төзімділіктегі – темір, тастар, гипс, керамика, түссіз шыны.

Орта төзімділіктегі – сүйек, тері, аң терісі, ағаш, майлы бояулы өнер туындылары.

Төмен төзімділіктегі – фотосуреттер, акварель, қағаз, мата бұйымдары.

Жарықтың тура түсуі барлық заттарға зиян. Жоғары төзімділіктегі заттарға жарық(күн көзі) тура түспесе болғаны.

Ал орташа төзімділіктегі заттарға режим әртүрлі. Ағаш бұйымдары – жаңғақ, қызыл ағаш, қарағай, шырша, емен, кайың өңін береді, сондықтан оларды қаптап, жауып қояды.

Ал майлы суреттерді, сүйектен жасалған жәдігерлерді сақтау үшін жарық түсіп тұру керек. Себебі, жарықсыз майлы бояу күлгінденеді, сүйек сарғаяды. Ақ аң терісін ұзақ уақыт жарықсыз ұстауға болмайды.

Ал жарық түсу зиян келтіретін заттар жарықтан қорғайтын шынылармен қапталып, түрлі құралдар қолдану арқылы сақталады. Бұл заттармен жұмыс істегенде жарық 50-75 лк (люкс) болу керек. Люкс жарық түсірудің өлшемі.



В) Музейдегі биологиялық режим.

Музей заттары биологиялық зиянкестердің әсерінен де бұзылады. Олар зең түскен саңырауқұлақ, шыбын – шіркей, құрт – құмырсқа, кеміргіштер. Ауру жұқтырған заттарды дезинфекциядан өткізбей, музейге қабылдамайды.

Зең түскен саңырауқұлақ (плесневые грбки) барлық органикалық текті материалдар және кейбір органикалық емес, мысалы, керамика заттарына тез жұғады. Бұл жағдайда аура тудыруға ықпал ететін нәсе шаң – тозаң. Зең түскен саңырауқұлақ ауралар музей жәдігерлеріне механикалық, химиялық зақым келтіреді. Зең түскен саңырауқұлақ ауруын болдырмау үшін музей жәдігерлерін, жабдықтарын 21 процент формальдегидтің спирттікерітіндісімен оқтын – оқтын сүртіп отыру керек.

Жәдігерлерді бір орыннан екінші орныға ауыстырған кезде сақ болу керек, қол таза, құрғақ болуы керек, бұл заттардың механикалық бұзылысынан қорғайды.


Дәріс.5 Музейдегі ғылыми – ағартушылық жұмыс.

Музейдің ғылыми – ағарту жұмысының негізгі формасы – экскурсия.

Музей жәдігерлері экспозициялық кешенді түрде жинақталып, ғылыми қосалқы материалдармен жабдықталады, мәтіннің мазмұнына қарай өте зор коммуникативтік және сыртқы ақпараттық хабарға бай болады.

Музей заттарының түрлерін төмендегідей топтауға болады:

Жәдігерлік ескерткіштер – тарихи кезеңдерден дерек беретін, әртүрлі тарихи оқиғалар, фактілер, табиғат пен қоғам қатынастарынан көрініс беретін, тарихи, мәдениет, әдебиет, ғылым саласындағы тұлғалар өмірінің дерек көзі.

Құжаттық ескерткіштер: баспа заттары, автограф, фото және кино деректер.

Бейнелеу өнерінің ескерткіштері.

Экспозицияның информативтік жағын дайындағанда төмендегідей талаптар қойылады:

Ғылыми экскурсия кезінде берілетін мәлімет өзекті, ғылыми жағынан дәйекті, фактілермен негізделген болуы тиіс.

Берілетін мәлімет тақырыпты терең және толық ашуға, келушілерге түсінікті болуы керек. Ақпарат көлемі экскурсияның танымдық және тәбиелік мақсаттармен сәйкес, психологиялық және қажеттілігі жағынан, қабылдауы жағынан аудиторияны қанағаттандырып, талабынан шығуға сай болуы керек.

Ақпарат экскурсанттардың білімі мен интелектуалдық деңгейіне сай болуы тиіс. Мүмкіндігінше келушілердің қызығушылығына, талабына орайластыруы керек.

Келушілердің назарын аудартатындай ерекше, әр сипаттағы, салыстырмалы, контрасты материалдарды кең қолданған дұрыс.

Экспозиция материалдарын көрсетуге келушілердің жас ерекшелігін ескерген жөн. Жалпы музей тәжірибесі бойынша бастауыш класс оқушылары 45-50 минут, 7-класс оқушылары 1 сағат 10 минут, жоғары класс оқушылары 1 сағат 30 минут, ал ересек адамдар тобы 1 сағат 45 минуттан 2 сағатқа дейін экскурсияға қатыса алады. Ал егер экскурсия музейден тыс жерде, мысалы, қала бойынша болса оқушыларға жаяу 1,5-2 сағат, автобуспен 2-2,5 сағат уақыттан аспауы керек. Ересек адамдардың 3,5 сағатқа дейін қарайтын мүмкіндіктері бар.
Дәріс.6 Музейдің мәдени – көпшілік және тәрбие жұмысы.

Музейдің мәдени – көпшілік жұмыстары музей коммуникациясының бір саласы ретінде жан – жақта білімді, қоғамда белсенді, эстетикалық талғамы зор, қоғамға пайдалы адам тәрбиелеуге ұмтылуға бағытталады. Музейдің негізгі жұмысы – тарих арқылы тарихи – мәдени ескерткіштерді насихаттау, сол арқылы патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

Музейде тәрбие жұмысының түрлері мен формалары көптеп саналады.

Олар музейде экскурсиялар (экспозиция мен көрмелерде), тарихи – мәдени ескерткіштерге саяхат жасау. Тақырыптық кештер, конкурстар, викториналар, клуб пен үйірмелердің жұмысы, мдениет университеттерін ұйысдастыру сияқты жұмыс формалары қолданылады.

Тарихи бағыттағы экскурсияларды төмендегідей жіктеуге болады.

Өтетін орны мен көрсетілетін нысана бойынша таңдап алынған, яғни, жоспарлы

Тақырыптың мазмұнына қарай

Тақырыптық шолу экспедициялары

Түрлі тарихи кезеңге, оқиғаға байланысты экскурсиялар

Арнайы (әдеби, өнеркәсіптік) мерейтойлық

Ғылыми – ағартушылық

Оқу бағдарламасына қарай сабақтар мен жазбаша тапсырмалар бойынша

Шетелдік туристерге арналған экскурсиялар

Музейлік олимпияда және конкурстар

Музейдегі ғылыми қосалқы кабинеттерге экскурсия, бұл жерде заттардың дубликаты сақталады. Көшірілген заттарды ұстап көруге болады, көзі көрмейтін адамдарға арнайы жұмыс ұйымдастырады, ақыл – кеңес беріледі.

Музейдегі ашық есік күндері – киносеанс, концерт, театр қойылымдары көрсетіледі.

Металлург күні, жастар күні, химик күні т. С. С. Арнайы мекемелер күнін өткізеді.

Көшпелі – жылжымалы музей жұмысының – музеобус, теплоход, поезд сияқты да түрлері қолданылады.

Музей ісінің халыққа таратылуында, көпшілікті тартуда ролі өте зор. Ол үшін музей қызметкерлері:

Ғылыми зерттеу, әдістемелік, ғылыми көпшілік жинақтар шығарып тарту.

Музей ісін, радио, телевидение, баспасөз арқылы жарнамалар беру арқылы насихаттау.

Анықтамалық – жарнамалық материалдар шығару.

Оларды экскурсиялық туристік орталықтар арқылы тарату.

Жолкөрсеткіш, бағдар – каталогтар жасау арқылы насихаттау.

маршрут схемаларын тарату.

Афиша, шақыру билеттері арқылы тарату.

Буклеттер, төс белгі, сувенирлер тарату арқылы да насихат жұмыстарымен айналысады.

Осы жұмыстардың барлығын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін жылдық, тоқсандық, айлық, апталық, күндік жоспарлары болады. Күнделікті жұмыста музейге келушілер саны, өткен шаралар саны (сапасы да), әрбір музей қызметкерлерінің жұмыс көлемі мен мөлшері есепке алынады және барлық деректер талданып отырады.


Дәріс.7 Музей – зерттеу орталығы.

Ғылыми – зерттеу мекемелерінің қатарында музейдің өз ерекшелігі бар. Музейдегі ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми жаңалықтарды толықтыра түсетін, басқа ғылыми салалар жүйесінде кең қолданылатын ғылыми орталық.

Әсіресе, ғылыми негізделген, жоспарлы түрде қорларды жасау, музей заттарын сипаттау, өңдеу, зерттеу, ғылыми – зерттеу жұмысының негізі болып табылады. Ғылыми – зерттеу нәтижелері консервация, қайта қалпына келтіру, коллекцияларды қорғау мен сақтау, экспозиция, келушілермен жұмыс т. б. Музей жұмыстарының деңгейін, дәрежесін анықтайды.

Музейдің ғылыми – зерттеу жұмыстары кешенді және көп қырлы болыптабылады. Музедің ғылыми – зерттеу жұмысының негізгі бағыттарын,біріншіден музейдің қай профиліне жататына байланысты, екіншіден музейдің әлеуметтік институттар жүйесіндегі орнына қарай анықтайды. Профильдік бағыттан басқа, ғылыми – зерттеу ісі музейтану ауқымында да үнемі зерттеу жүргізіп отырады. Музей жұмысында ғалымдар белгілі бір зерттеу тақырыптарын жүргізіп, еңбектер жариялап отырды. Экспозиция мен көрмені суретшілер, дизайнерлер жасайды. Сәулеттік – көркемдік шешім қажет. Бұл жерде суретшілердің фантазиясы да өте үлкен роль атқарады. Ол экспозиция жасауда көрерменнің білім деңгейіне, әлеуметтік демографиялық жағдайына да көңіл бөледі. Оптимальды сары, жасыл, алқызыл түстер көзді шаршататындықтан музейде ақ, көкшіл ақ сары және қара түстер қолданылады.



Дәріс.8 Қазақстандағы музейлер

Бүкіл қазақ жерінің әлі игерілмеген орасан зор табиғи байлықтарын түрлі себептерге орай әлсіреген Ресей экономикасы өз жағдайын көтеруге барынша пайделану мақсатында, патша өкіметі Қазақстанды зерттеуге сан алуан ғылыми экпедициялар ұйымдастырылды. Олардың арасында Орыс ғылым академиясының Географиялық қоғамы, қоныс аудару басқармасы, статистикалық комиттетер т.б мекемелер мен ұйымдар жіберген экпедициялардың жекелегендері қазақ халқының тарихы, тұрмысы мен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары жайында көптеген құнды мәліметтер жинастырылды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Орынбор, Омбы және Ташкент қалалары қазақ даласын зерттейтін ғылыми орталықтарға айналды.

1857-1862 жж. аралығында Орынборда жергілікті ғалымдар жинастырған қазақтың ұлттық ерекшіліктерін, өлкесі тарихын бейнелейтін жәдігерлер Мәскеу мен Қазан қаласы мұражайларына жіберіліп, олар көрме бөлімдерінен өзіндік ерекше орындарға ие болды. Сөйтіп, халқымыздың жоғары мәдени құндылықтары Санкт-Петербург сияқты қалалардың музейлерінің қорларлын толықтылып, сол музейлерде осы күнге дейін қалып отыр.

1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан Орынбор губерниялық мұражайы ашылды.

XXI ғасыр басындағы жағдаймен республикамыздағы музейлер саны 88 болса, ол 1913 жылы небәрі – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25 және 1970 ж. – 29. Олардың көбі тарихи – өлкетанулық, мемориалдық және тарихи-революциялық болып, негізгі мәселесі тұрғындарды коммунистік идеологияға тәрбиелену мақсаты еді.

Елімізде музей қызметкерлерінің құрамын жақсарту мақсатында Қазақ меммлекттік университетінде 1981 жылдан бастап, оны бітірушілер облыстық мәдениет басқармаларының сұраныстары бойынша музейлерге жұмыс істеуге жіберіліп отырды.

Елордасы Астана қаласында 2000 жылдың қазан айында ашылған Президенттік мәдени орталық тарихи-рухани мұраға деген ұлттық идеологияны қалыптастыру жолындағы игі шаралардың басы болмақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 275-ші Қаулысымен 2000 жылдың 22 ақпанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекетті Музей құрылды.

Музей бес галереядан, үш зал және атриумнан тұрады.

Атриум (1 қабат): Мұнда тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Ата Заң ең көрнекті орынға қойылған.

Этографиялық зал (1 қабат): Бұл зал халқымыздың ежелгі тұрмыс-тіршілігін айғақтайтын экспонаттармен жасқталған.

Алтын және бағалы металдар музейі (2 қабат): Мұнда ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар, алтыннан жасалған түрлі музейлік құндылықтар өз орнын тапқан.

Қазақстанның ежелгі көшпелілері мәдениеті (2 қабат): Бұл зал сақ, ғұн, ерте түріктер дәуірінің бізге жеткен көне ескерткіштерінің көрнекілігімен ерекшелінеді.

Археологиялық галерея (2 қабат): Галерея түрлі қазба экспонаттармен жабдықталған.

Тарихи галерея (3 қабат): Мұнда Абылай хан кезеңінен бастап, 1991 жылға дейінгі қазақ даласының тыныс-тіршілігі материалдық, құжаттық және фотосуреттік экспонаттар көмегімен егжей-тегжейлі қамтылып, көрсетіледі.

Егемен Қазақстан (4 қабат): Бұл галереяда қазірге Қазақстанның сан-салалы өмірі, мемлекеттік органдар, экономика саласы, мәдениеті мен оқу білім беру жүйесі, түрлі ұлттардың тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін экспонаттар қойылған.

Көркемсурет галереясы (5 қабат): Мұнда отандық және шетелдік қылқалам шеберлерінің туындылары қойылып, олар көрушілер назарына өздерінің түрлі тақырыптағы көрмелерін ұйымдастырып тұрады.

Президенттік мәдени орталық музейінің экпозицияын жабдықтаған және алғашқы бас директоры т.ғ.к., этнограф Н. Әлімбайдың музей ісі саласында атқарған еңбегі зор.



Дәріс 9,Абайдың Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі.

Музей-үйі 1940 жылы Семейде ашылды. Абай ақындық өнерімен қатар, ағартушылық, қайырымдылық салаларда да зор үлес қосқан қоғам қайраткері, тарихи тұлға.

Қаладағы әсем ғимататтардың бірі – осынау оқшау үй Абайдың мемориалдық музейі болуға қай жағынан да сай келеді. Музейдің тұңғыш директоры болып директоры болып дарынды жас әдебиетші Қайым Мұхамеджанов тағайындалы.

Уақыт талабына сай, кеінгі жылдары музей үшін неғұрлым үлкенірек үй-жай іздестіру қажеттілігі туды. Соның нәтижесінде музей бір кездері Оралдан Ертіс бойына көшіп келген орыс көпестері, ағайынды Ершовтардың иелігінде болған үйге көшірілді. Кейбір деректер бойынша, Абай осы үйде ауық-ауық тоқтап, Сібірге жер аударылғандармен кездесіп отырған. Жетпісінші жылдардың бас кезінде Абай музейі ағайынды Ершовтардың бұрынғы үйіне көшірілді.

Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында музейге біршама өзгерістер енгізу ұйғарылды. Музей ғимараты өзінің сол бұрынғы қалпында қалдырылды да, бірақ ол Әкімшілік ғимаратпен (ескі қос қабатты үй) және Ахмет Риза медресінің мешітімен біртұтас сәулет кешеніне біріктірілді.

Ахмет Риза медресесінде Абай 1854-1855 жж. оқыған. Қазір осы ғимаратта шығыс мұсылмандары діни медреселерінің рухы жаңғыртылды. Мұнан араб, парсы, шағатай, түрік және татар тілдеріндегі көне кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды кездестіреміз.

Қазір бұл ғимарат – Абайдың Семей қаласындағы Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейі.

Әуезов үйі” атты ғылыми-мәдени орталық Қазақстандағы ірі зерттеу орталығы болып саналады. 1962 жылы құрылған. 1961 жылы 10 тамызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 550 қаулысы бойынша Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жанынан алғаш ашылған кезде М.О.Әуезов әдеби-ескерткіш музей-үйі болып аталады.

Жазушының жұбайы Валентина Николаевна Әуезова берген құнды қор ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Музей залдарының экспозициясы 1973 жылы ашылды, оның авторы Я.Нимец еді.

Музейдің жалпы көлемі 480 шаршы метр, көрме залының көлемі 174,4 шаршы метр. Музейде кітапхана, жылжымалы көрме залы, қалпына келтіру шеберханасы бар.

Қазігі заманда музей қорында 72,6 мыңға жуық мүлік бар.

Көрме мен аукциондар дирекциясы оңтүстік астанадағы көрме қызметінің ең ірі ұйымдастырушысы болып табылады. Ол Қазақстанның Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 15 шілдедегі № 1286 шешімімен және көрме мен аукциондық қызметті жетілдіру мақсатындағы Қазақ КСР Мәдениет министірлігінің 1960 жылдың 11 қазанындағы № 294 бұйрығымен көркемсурет көрмелерінің дирекция болып құрылды. Мұнда Қазақстанның түрлі аймақтарындағы суретшілердің озық туындылары жинақталған.

Орталық көрме залында мыналар экспонатталады: сурет, графика, мүсін, сәндік-қолөнер туындылары; соның ішінде кілемдер және кілем бұйымдары, былғарыдан, ағаштан, қыштан жасалған ыдыстар; ерлер мен әйелдердің белдік-белбеулері, ер-тұрмандар, әбзел-саймандар, қол өнерінің, әшекейлі үй жасаулары, зергерлік бұйымдар – сақиналар, жүзіктер, сырғалар, білезіктер және т.б.



Дәріс10, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі Орталық Азиядағы ірі музейлердің бірі. XIX ғасырдың 30 жылдарында Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесінде құрылған “Орынбор өлкесінің музейінде” коллекциялар құрыла бастады. Оны ұйымдастырушылардың бірі – атақты тіл маманы, “Түсіндірме сөздіктің” авторы Владимир Даль. 1925 жылы Оынбор орталық музейінде сақталынған экспонаттар Қазақстанның Халық Ағарту комиссариатының құзырына өткізіледі де, осы негізге сүйеніп Қазақ өлкелік Орталық музейі құрылады. 1929 жылы Қазақ Өлкелік Орталық музейі жаңа астана Алматы қаласына көшіріліп, 1897 жылы негізі қаланған Жетісу губерниялық музейімен біріктіріліп, еліміздегі іргелі мәдени ордаға айналды.

Музей 1931 жылы Алматы қаласындағы бұрынғы Кафедралық собордың ғимаратына орналастырылды. Музей ғимаратының жалпы көлемі – 17557 шаршы метр. Оның үш қабатында көрме галереялары және 4 экпозициялық зал орналасқан.

Ғалам, дүние жаратылысы, Қазақстанның қазба байлықтары мен Қазақстанның өте ерте замандардағы тарихынан XY ғасырдың бірінші жартысына дейінгі тарихтың мұражайдың палеотология мен археологияға арналған I-ші залы баяндалады.

“Сирек кездесетін және құрып бітуге айналған Қазақстан жан-жануарлары немесе Қазақстанның қызыл кітабы” деп аталатын көрме Қазақстанның қазіргі флорасы мен фаунасына арналады.



I-ші залда қамтылған келесі тақырып – археология. Бұл тақырып Қазақстанның барлық өлкесінен табылған барлық археологиялық кезеңдерді қамтитын қазба кезінде табылған материалдарды көрсетеді.

Музейдің археологиялық қорында XI-XV ғасырдағы Қазақстанның көне қалаларының материалдық мәдениетіне қатысты көрнектер, даңқты түркі қару-жарақтары, даламызды басып өтетін Ұлы Жібек жолы арқылы жеткен шетелдік бұйымдар бар.

Қазақстан жерінен табылған көне түркілік тас мүсіндер, балбалдар, ескерткіштер, бітік тастар жиынтығы музей қорында асыл қазына есебінде сақталынып келеді.

Айша-Бибі (XIY–XY ғ.), Жошы хан (XIII– XIY ғ.) және Қожа Ахмет Иассауи (XIY–XY ғ.) кесенелері тәрізді тарихи-мәдени ескерткіштердің макеттері жасалып қойылған.

Экспозицияның едәуір бөлігі моңғол шапқыншылығы кезеңіне арналған. Ол “Отырар қорғанысы” деген үлкен диагаммамен берілген. Зал сөрелерінде қару-жарақ түрлері, тиындар, пәйзылар, Шыңғыс хан портреті қойылған.

Орталық Мемлекеттік музейдің екінші экспозициялық залы XY ғасырдың аяғында жеке мемлекет құрып, XYIII ғасырдың аяғына дейін көшпелі және жартылай көшпелі тірлік кешкен қазақ халқының антропологиялық ерекшеліктерінен бастап, тіршілік қамын, шаруашылығын, барша этнографиялық болмыс-бітімін, дәстүрлі мәдениетінің сыр-сипатын көрсетуге арналған.

Экскурсияның басы XY-XYI ғасырлардағы қазақ хандығының шет-шекараларын, Жәнібек пен Керей сұлтандардың бөліне көшкен көш жолдарын көрсеткен карта, Абылай сұлтан, Тәуке ханның жарлықтары, хан, сұлтандарлың мөрлері және сол дәуірлерде пайдаланылған теңгелер көрсетілген витриналардан басталады.

Музейдің келесі көрнекті залдарының бірі үшінші зал Қазақстанның Кеңес дәуірі кезеңінің кейбір тұстарын көрсетуге арналған.

Зал экспозициясы Қазақстанда өмір сүретін этникалық топтардың тарихы мен этногафиясын көрсетуден басталады.

Соғыс жылдарындағы Қазақстандықтар ерлігі Москва түбіндегі 28 панфиловшылардың жанқиярлық шайқасын бейнелеген панорамалық көрінсі, атақты аңызға айналған батыр атамыз Бауыржан Момышұлының тұтынған қарулары мен кейбір жекелеген заттары қойылған.

Орталық Мемлекеттік музейдің көрнекті де кең, әсем безендірілген төртінші залы тәуелсідікке арналған.

Зал экспозициясы елімізде президенттік билі жүйесінің енгізілуіне байланысты алғашқы президенттік рәміз болып табылатын дәстүрлі ұлттық киім – шапан мен қалпақ және кісе белдік т.б.-лар қойылған жаймасөреден басталып, мемлекеттік әнұран тексті, оның авторлары және Егемен Қазақстан Республикасының туы мен мемлекеттік рәмізі қойлған жаймасөремен ұласады.

Музейде аса сирек кездесетін көне түрік, моңғол, мәнжүр т.б. тілдеріндегі деректанулық материалдар бар.

11 дәріс Музей алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мəдени

жəдігерлерді сақтайтын

қазыналық қор ретінде қалыптасты. Музейлердің қалып

тасуына көне замандардағы

коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим

шешені Марк Туллий Цицерон: “коллекция

шашыранды заттарды бір топқа біріктіру” деп түсінді



рді. Коллекциялау ісімен

Аристотель

, Рим патшасы Юлий Цезар

, т.б. айналысты. Еуропада

тарихи музейлер 16 – 18

ғ$ларда пайда болды. Музейдің қалыптасуы ұлттық сан

а$сезімді оятуға, мəдени$саяси

идеяларды (ой$сезімді) насихаттауға көмектесті. 182

0 ж. Германияда

өнер музейлері

құрылды. 1811 ж. Ресейде

– Феодосияда, 1825 ж. Одессада

, 1828 ж. Керчьте

археологиялық бағыттағы жəне əскери$тарихи музейлер

құрылды. 19 ғ. этнографиялық

зерттеулердің дамуы нəтижесінде этнографиялық музей

лер құрылып, олар ғылыми$

зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт

(1872), Стокгольм

(1874),


Париж

(халықтану музейі, 1877), Роттердам

(1883) қалаларында құрылған этнографиялық

музейлер. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялы

қ музейлер Скансенде

(Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия

, 1893), Софияда

(1893) Брюссельде

(1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланды

, 1912) құрылып, ірі ғылыми

ізденістермен айналысты.

[2]


Социалистік революцияның жеңісіне байланысты мұража

йға көңіл

бөлінді.Революция мұражайларды халықты саяси тəрбие

леуге, маркстік$лениндік

идеяларды тарату күресіне көңіл аудартқызды. Мұража

йлар тарихи материализмге сүйене

отырып, революциялық

күресті, жұмысшылар мен шаруалардың еңбегі мен тұрм

ысын құжаттап, алғашқы

тұрмыстағы өндіргіш күштердің дамуына назар аударды

.Мұражай сол кездегі социалистік

достастықты,əлеуметтік

тұрмыс сипатын т.б.құжаттады. Тарихи мамандандырылғ

ан мұражай қорларын жабдықтау

экономиканы, қоғамдық қатынастарды саясатты жəне мə

дениетті қамти отырып, тығыз

байланыс жасайды.

Жаңа заман құжаттарын мұражайға маңызды етіп құру.

Мұражай тек шынайы

қоғамда дамыған затарды құжаттап қана қоймай қазірг

і заманды қуалай отырып өмірдегі

қоғам дамуын құжаттайды. Олар қорларды жабдықтағанд

а сурет, фото, сызба, макет,

модель, жазба құжаттары.Кино, фотоқұжаттар ретінде

сақталады. Қандай да бір тарихи

оқиғалар, қоғамдағы өзгерістер маңызды кезеңдер сақ

талады. Олар жаңа заман куəліктері

ретінде қарастырылып, мұражай қорына қосылады. Атал

ған құжат, сурет көмекші ғылыми

материалдар қорын толықтырады. ГДР мұражай тəжірибе

сінде екінші қайталанған дерек

деген пайдалы түсінік бар. Ол мұражай қорына жатпай

ды, оның құндылығы түпнұсқаның

20

сапасына байланысты. Мұражай қорының жабдығына тек



қатаң ғылыми негізде

даярланған моделдер кіреді.

2.

Музейлер жүйесі.



Тарихи мамандандырылған мұражай қорларының жабдықта

луы екі бағытта жүргізіледі:

1\.Типологиялық жиынтық зат əлемнің құрылымын аныөт

ап жəне оның ратында күтіп

тұрған іс пен оған өатысты адамдарды айқындайды.Тип

ологиялық жиынтық мұражай

затары жүйесіндегі қор бөлімі жұмысымен жəне оның т

ипологиялық белгілерінің

жұмысымен тығыз байланысты.

2\. Тақырыптық жиынтық, ол əр түрлі тақырыптағы оө

иғаларды, өмірбаян, өндіріс

саласын топтастырады.Олар мұражайды тарихи мəселеде

гі оқиғаларға қызықтырып əр

тақырыптағы заттар тобын тақырыптық$хронологиялық п

ринципке жауап береді.

Музейлердің мəдени1бұқаралық қызметі.

Қорлардың жабдықтауы көзқарасы бойынша əлеуметтік ш

ынайылық объектісі. Бұл

түсінік қорлауды жабдықтау мақсатында арнайы мұража

й зерттеуінің дамуымен

байланысты шыққан. Маркстік мұражайтану əлеуметтік

шынайылық объектісін

объективті шындық фрагменті ретінде қарастырады, яғ

ни шекараның əлеуметтік

комплекс үлкен жəне кіші, дəстүрлі немесе бір$бірім

ен байланысты қайта құрылған

қоғамның анықталған хронологиялық кезең. Əлеуметтік

шынайылық объектісінде

адамдар бір мекеменің бір мүшесі ретінде қарастырыл

ады. Ал заттар қандай өндіріс

саласында да жеке зат ретінде қарастырыладыАғартушы

лар жəне қоғамдық музейлер

концепциясы. Ағылшын, Италия жəне Француз музейлері

. Германия мен Австриядағы

картина галериялары. Ресейдегі музейлер қызметі. Эр

митаж.


12 лекция Музейтану

,

мұражайтану



– музей

ісі мен тарихын, оларды

ұйымдастыру мен қызметтер жүйесін, əдістемесін зерт

тейтін ғылым саласы. Музейтану

термині 19

ғасырдың 2$жартысында ғылыми айналымға енді. Музей

тану арнайы пəн

ретінде музей ісінің теориялық жəне тəжірибелік, ғы

лыми$əдістемелік негіздерін жасайды,

музей ісіндегі тарихи

$ғылыми, танымдық тəжірибелерді қорытындылайды. Муз

ейтануда

археологиялық

, этнографиялық

, өнертану

, палеография

, нумизматика

, жаратылыстану

ғылымдарының зерттеу əдістері кеңінен қолданылады.

Музейтану ғылыми пəн ретінде:

музейтану теориясы, музейтанудың тарихы мен тарихна

масы, музейлік деректану

методологиясы, музей педагогикасы, т.б. құрылымдарғ

а бөлінеді. Музейтанудың

теориялық тұрғыдан зерттелуіне 20 ғасырдың 50 – 60

ж. чех ғалымдары И.Неуступный

,

И.Бенеш


, поляк ғалымы В.Глузинскийлер

үлес қосты. 1977

ж. өткен Халықаралық

музейлер кеңесінің 11$конференциясында Халықаралық

музеология комитеті құрылып,

іргелі ғылыми$зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақста

нның жоғары оқу орындарында

музейтану арнайы пəн ретінде оқытылады.

[1]

Қолданбалы мұражайтану мұражай ісінің сараманымен



бірге өмір сүріп

келеді.Ғылыми пəннің қалыптасу процесінде басқа стр

уктуралық элементтеріне қарағанда

21

қолданбалы мұражайтану ерте дамыды.Ол ғылым болып қ



алыптаспаған кезде

материалдың қорлану жəне суреттеу сатысында барынша

анық сезіледі.

Қолданбалы мұражайтану 3 бөлімнен тұрады:1\Ғылыми м

етодика 2\ техника

3\ұйымдастыру жəне басқару.

Ғылыми методика – қолданбалы мұражайтанудың негізгі

элементі.Ол

салыстырмалы түрде өзіндік бөлек бөлімге теориямен

тығыз байланысты болғандықтан

соңғы сатыда қалыптасады.Бірақ методиканың түрлі эл

ементтері мұражайлардың пайда

болуымен өмірге келді. Методика мқражайдың қызметін

ің барлық түрлерінде қолданады.

Жалпы жəне арнайы методикалық зерттеулер бар. Мысал

ы,экспозицияның методикалық

принциптері демонстрациялық коммуникацияның ерекше

формасы ретінде экскурсиялық

жұмыстың принциптері,мұражай заттарын сақтау т.б.

Арнайы методикалық зерттеулер жалпы ғылыми методика

ға ұқсас,бірақ мұражайлардың

нақты профильдері мен түрлеріне қарай қызмет етеді.

Олар негізгі мқражайтану жəне

профильді пəндерге арналады. Мысалы, тарихи профиль

ді мұражайлардың

экспозицияларының құрылу методикасы көркем немесе ғ

ылыми мұражайлардың

аналогиялық методикасынан өзгеше болады.Бірінші жа

ғдайда мұражайтанумен бірге

тарих ғылымымен арнайы жəне қосалқы тарихи пəндерм

ен органикалық байланысы

болады.2$де өнертанумен. 3$де мұражайдың профиліне

сəйкес жаратылыстану ғылымдары

– геологиямен,зоологиямен т.б.

Арнайы методикалардың ішінен түрлі мұражайлардың ер

екшелігін көрсететін белгілерін

ажырату қажет. Мысалы,тарихи топтың ішінен – археол

огиялық,этнографиялық,əскери

тарихи т.б.

Арнайы методикалар тобында жалпы жəне жеке болуы мү

мкін. Жалпылар мұражайдың

жұмысының жайын жалпылай қарайды,жекелер–қызметің ж

еке түрлерін$қорларды құру,

есептеу, сақтау, білім$тəрбие жұмысы түрлі хронолог

иялық кезеңдердегі жұмыстың

ерекшелігін тексереді. Экспозициялық көрмелік жұмыс

методикасы$ социалистік

елдердегі мұражайтанудың ғылыми –методикалық зертте

улердің ең дамыған бөлімдерінің

бірі.Бұл зерттеулердің күрделілігі экспозициянің си

патымен анықталады.Оның негізіне

мұражайлық зертеулер, профильді жəне аралас ғылымда

рдың нақты жетістіктері жəне

мұражайтану жатады.

Методика экспозицияның барлық жағдайын қамтиды:Эксп

озициялық$көрмелік қызметін

жоспарлау,экспозицияның түрі мен профилін анықтау,

ғылыми жəне эстетикалық

концепцияны құру,экспозицияның структурасы,экспози

циялық материалдарды

ұйымдастыру жəне таңдау,экспозицияның түрлі дəуірле

рдегі ерекшелігі т.б.

Қорларды құру бөлімінде ғылыми –методикалық зерттеу

лер ең алдымен мұражайлық

зерттеулердің əдістерінің жүйесін құру, мұражайлық

маңызы бар заттарды таңдауға

бағытталды.Оның ішінде ғылыми экспедицияларды дайын

дық жəне өткізу методикасын

құру ерекше орын алады. Ғылыми қор жұмысының методи

касы бір жағынан қорды есепке

алу, 2$ші жағынан қорды ғылыми ұйымдастыру,оларды з

ерттеу əдісіне қатысты

мəселелердің толық кешенін зерттейді. Ғылыми ұйымд

астыру жəне қорды зерттеу

методикасы қордың құрамы мен құрылымымен,мұражай за

ттарының атрибуцияларымен,

оның классификациясымен,жүйелеумен байланысты мəсел

есін зерттейді. Ғылыми қор

жұмысының методикасы қорлардағы коллекциялардың орн

аласуы, траспортировка əдісі

т.б. жөніндегі мəселелерді қарастырады. Методиканың

ерекше кең көлемді бөлімі$

мұражай заттарын консервация жəне реставрациялау мə

селелерін құру.Ол мəселе

маңызды болғандықтан ол мұражай ісінің құрылымына к

іретін арнайы ғылыми

мекемелердің назарында болады. Методикалық зерттеул

ердің бөлігі – мұражайдың білім

тəрбиелік жұмысының мəселесі. Бұл бөлімнің жетістік

тері негізінен мұражайлық

педагогикада көрініс тапқан.Арнайы бөлімдері мұража

йлық аудитория жұмысының

əдістері мен түрлерін зерттеумен,мұражайдың орнын а

нықтаумен айналысады.Біліми –

тəрбиелік жұмыстың методикасының алдындағы міндетте

рдің көлемі ұлғаюда.Оған себеп

социалистік елдерде мұражайға деген қоғамдық қызы

ғушылық өсіп келеді.

13 лекция
Кеңес өкіметі орнаған кезде Қазақстан жерінде төрт

ірі музей Орынбор

(1831), Орал (1859), Жетісу (1898), Семей (1883) өз

жұмыстарын жалғастырды. Алдында

екі рет құлдырауды басынан кешірген Орынбор губерни

ялық музейін 1919 жылы

көктемінде атаман Дутовтың əскері талқандап, құнды

заттарын талан$таражға салды. 1919

жылдың наурызында Семей Кеңестерінің съезі шешіміме

н Семей тарихи$өлкетану музейі

Орыс жағрафиялық бөлімшесінен алынып, Семей халық а

ғарту бөлімінің құзырына

берілді. Орал тарихи$өлкетану музейінің жұмысы қайт

а жанданып, тарихи$өлкетану

бағытында өз қызметін жалғастырды.

1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссар

иаты құрылып, оған

басшылық ету белгілі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрс

ыновқа жүктелді. Ағарту саласын

басқару елде болып жатқан өте келеңсіз жағдайлармен

тұс келгенімен, А. Байтұрсынов

мəдени$ағарту саласында қордаланған мəселелерді шеш

уге тырысып, қазақ зиялыларын

комиссариат жұмысына тартты. Мысалы, ғылым, білім,

ағарту саласында маңызды

мəселелерді талқылау барысында Е. Омаров, С. Сəдуақ

асов, Ə. Бөкейханов, Х.

Болғанбаев, Т. Шонанов, Ж. Аймауытов сынды азаматта

р болған. 1921 жылы 18 қаңтарда

бірінші Бүкілқазақстандық конференцияда республикан

ың халық ағарту жұмысының

27

өзекті мəселелері қаралды. «Қырғыз (Қазақ) АКСР$сы



Халық Ағарту Комиссариаты мен

оның жергілікті халық ағарту бөлімдері туралы Ереже

»

бойынша оның құрамына Бас



мұрағат жəне Бас музей басқармалары енді.

Республикада музей ісін ұйымдастыру жəне дамыту бағ

ытындағы үкімет шаралары

нəтижесіз қалған жоқ. 1921

жылдың 23 тамызында Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарт

у

комиссариаты музей бөлімінің отырысында Орынбор өлк



есінің музейі қорында Қырғыз

(қазақ) өлкесі, Сібір, Орынбор аймағын бейнелейтін

заттар жинақталғандықтан, оны

Бүкілқырғыздық (қазақтық) тарихи$мəдени музейі етіп

бекіту уақыт күттірмес

міндеттердің бірі екендігі атап көрсетілді. 1920 жы

лы Көкшетау жəне Қостанай тарихи$

өлкетану музейлерінің негізінің қалануына жергілікт

і оқу$ағарту мекемелерінің үлесі зор

болды. Жаңа ашылған музейлердің қорын жергілікті оқ

у орындарының көрнекі құрал$

жабдықтары, Колчак əскерімен бірге қашқан жергілікт

і ауқатты адамдардан қалған ескі

қару$жарақтар, тұрмыстық заттар, түрлі киім$кешекте

р жəне өлкенің табиғатын

бейнелейтін өсімдіктер мен жəндіктер құрады.

Ұлы Отан соғысына дейінгі аралықта республика көлем

інде жаңа бағыттағы музейлер

ашылды. Солардың бірі Дінге қарсы (антирелигиозный)

музей. Музейдің

ұйымдастырылуына 1935 жылы Ленинград (қазіргі Санкт

$Петербург) қаласында өткен

Иран өнері мен археологиясының ІІІ Халықаралық конг

ресі себеп болған. Конгресті

өткізуге дайындық барысында шығыс өнерінің құнды та

рихи$мəдени туындылары

шоғырланған көрме ұйымдастыру көзделді. Қазақстан т

арапынан шығыс өнерінің бірден$

бір баға жетпес құндылықтары сақталған Қожа Ахмет Я

ссауи кесенесіндегі заттар

нысанға алынды. 1935 жылы 24 тамызда Ленинград қала

сындағы Мемлекеттік Эрмитаж

директоры, академик И.А. Орбели, шығыс секторының м

еңгерушісі А.Ю. Якубовский,

ғалым хатшысы В.К. Сухотина, ғылыми қызметкері П.Е.

Сауков, Түркістан қалалық

кеңесінің мүшесі А. Абдуллаев кесенеден көрмеге алы

натын заттар туралы актіге қол

қойып, ол заттардың ішінде: 1. ХІV ғасырға жататын

екі бөлімнен (қазан жəне орнатқыш)

құрылып, оюмен безендірілген қоладан құйылған қазан

. Аумағы 70 шелек су мөлшерін

құрайды; 2. ХІV ғасырға жататын алтын жəне күміспен

көркемделіп, өсімдік оюымен

əрленген, араб тілінде Əмір Темірдің аты жазылып, қ

оладан құйылған екі шамқойғыш

алынды. 1938 жылы 26 қарашада Түркістан аудандық ат

қару комитетінің отырысында

Халық ағарту комиссариатының өкілі Т. Жезбаев Түркі

стан қаласында дінге қарсы музей

құру жөнінде қаулы қабылданғандығын мəлімдеді.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында республикада Қазақ КСР О

рталық музейі, Семей,

Қостанай, Орал, Көкшетау, Шымкент, Ақмола, Қарағанд

ы, Петропавл, Тараз, Ақтөбе,

Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облысық тарихи$ө

лкетану музейлері, Мирзоян,

Риддер, Арал, Жəркент аудандық салалық музейлер, Т.

Шевченко атындағы (кейіннен Ə.

Қастеев атындағы) ұлттық көркемөнер галереясы, Абай

Құнанбаев, Д. Фурманов, В.

Чапаев, Т. Шевченко мемориалдық музейлері жəне Дінг

е қарсы (антирелигиозный)

барлығы 24 музей халыққа қызмет көрсетсе, олардың қ

орында 70 мыңнан астам жəдігер

жəне 35 мыңдай кітап қоры тіркелген.

Музейлердің материалдық$техникалық базасының төменд

ігі кейбіреуінің жабылуына

себеп болды. Мəліметтер бойынша Ұлы Отан соғысы жыл

дарында Қазақстанда 18 музей

жұмыс атқарған. Олардың ішінде республикалық деңгей

де Қазақ КСР Орталық

мемлекеттік музейі, 11 облыс көлемінде, 6 аудандық

дəрежеде қызмет атқарды. Ал, Батыс

Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстық өлкетан

у музейлері мен Амангелді

Иманұлы, Шевченко мемориалдық музейлері мүлдем жабы

лып қалды.

Соғыстан кейін мəдени$ағарту мекемелерінің желісі т

ым жұтаң болса, 1950 жылдың

басында республикада ауыл клубтары мен оқырман үйле

рі 2654, қызыл киіз үйлер 150,

мəдениет үйлері 190, кітапханалар 564, музейлер 24,

барлығы 3481 мəдени ошақ халыққа

қызмет етті [23]. Аталған жылы республика деңгейінд

егі 24 музейдің 22$і мəдени$ағарту

жұмыстары жөніндегі комитеттің қарауында қалса, Аба

й мемориалдық музейі жəне Қазақ

КСР ҒА Геология музейі Қазақ КСР Ғылым Академиясы ж

үйесіне тіркелді. Жалпы, 1950

28

жылдардың ішінде республика музейлерінің өсім көрсе



ткіші құбылмалы болды. Мəселен,

1946 жылы

18, 1950 жылы



24, 1953 жылы

20. Батыс Қазақстандағы В. Чапаев



мемориалдық музейі, Ақтөбе облысындағы Ш. Берсиев м

емориалдық музейі, Қостанай

облысындағы А. Иманұлына арналған мемориалдық музей

і, Қызылорда облысындағы

Арал аудандық музейі қаржының жетіспеушілігі жəне о

блыс орталығынан қашықтығына

орай облыстық тарихи$өлкетану музейлерінің құрамына

біріктірілді [24].

1970$1980 жылдар аралығында музейлер саны өсті. 197

8 жылы жылы қабылданған 11

бесжылдық жоспарда музейлер жүйесін дамытудың ғылым

и негізделген жоспарында

профильдік, салалық жəне мекемелік

музейлердің ашылуына ерекше көңіл бөлінді.

14 лекция Музей – ел тарихы, ұлттың көне менталитеті, дүние ж

үзі мəдениетінің

қайнар көзі тоғысатын жер. Себебі, музей қойылымдар

ына орналасқан əрбір мұраның

астарында сол жеке мұра тарихы ғана емес, осыған ба

йланысты болатын кез келген

халықтың жүріп өткен ізі, тарихы жатыр. Демек, атал

мыш тақырып қай тұсынан алып

қарасақ та бүгінгі күн талабына сай зерттеуді қажет

ететін өзекті, көкейтесті мəселе болып

табылады. Музей ісіне байланысты жекелеген зерттеул

ер болғанымен, олар Қазақстан

музейлерінің қалыптасуы мен даму тарихы жөнінде тол

ыққынды, аяқталған ғылыми негіз

бере алмайды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы музейлер

, ХХ ғасырдың 70$ші

жылдарынан былай қарайғы музейлер тарихы, қайта құр

у жылдарындағы музейлердің

жай$күйі, тəуелсіздік алғаннан кейінгі музейлер өмі

ріндегі өзгерістер ғылыми зерттеу

назарынан мүлдем тыс қалған. Мұндай жағдайдың өзі а

талмыш тақырыпты зерттеу

нысаны етіп алуды қажеттеді.

Музей ғылыми$зерттеу, мəдениет$білім мекемесі, ұлтт

ың ұлттылығын айғақтайтын

ерекше мəнді мемлекеттік атрибуттардың бірі. Музей

саласында жинақталған əлемдік

тəжірибенің тарихи$əлеуметтік логикасы өзін қастерл

ей білетін, ұлттық рухын іс жүзінде

қадір тұтатын, өркендеген, өсем деген елдердің музе

йлерінде ғана қоғамдық сұраныс

толық қаматамасыз етіліп, өзінідік сипат ала алады.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ə. Назарбаевтың: «Егемен еліміздің мəд

ени өмірінде музейлердің орны

айрықша. Тарихымызды терең зерттеп, оның тəжірибесі

нен тағлым алу – Қазақстанда

патриотизмді қалыптастырудың, Отанның лайықты азама

ттарын тəрбиелеудің басты

шарттарының бірі...» – деген сөздері музей қызметін

ің басты ұстанымы болуға тиіс.

Музей жүйесі Отандық мəдениет тарихының құрамды бөл

ігі болғанымен табылғандықтан

29

бұл мəселе төңірегінде əр кезеңде жарық көрген ғылы



ми еңбектер көп емес. Музейлердің

теориялық мəселелері мен қалыптасу тарихының жекеле

ген кезеңдеріне арналған

толыққанды монографиялық еңбек жоқ. Жалпы мəдениет

тарихына арналып, музей

мəселесіне жанама тоқталған бірқатар ғылыми еңбекте

р жарық көрді.

Бүгінгі таңда музей ісі мен тарихына қатысты ғылыми

айналымға енгізілген

еңбектерді сұрыптай келе, оларды бірнеше топқа бөлу

ге болады. Біріншісі, музей ісі

құрамды бөлігі болып табылатын мəдени құрылыстың жа

лпы мəселелеріне арналған

еңбектер;

екіншісі,

музей ісінің теориясы мен əдіснамасына арналған муз

ейтанулық

еңбектер, үшіншісі, музей тарихын зерттеу мəселесін

е арналған еңбектер. Əр топта

қарастырылған ғылыми еңбектерді қалыптасқан тарихи

дəуірлеуге байланысты мынадай

үш кезеңге бөлуге болады: біріншісі ХІХ ғасырдан –

1917 жылға дейінгі (революцияға

дейінгі), екіншісі, кеңестік – 1917$1991 жж., үшінш

ісі, қазіргі – 1991 жылдан бүгінгі күнге

дейін. Қазақстанның өткен ғасырлардағы тарихын патш

а үкіметінің отарлау саясаты жəне

кеңестік жүйемен байланыстырсақ, əрине, Ресей ғалым

дарының еңбектерінен де

Қазақстан мəдениетінің тарихы мен музей ісіне қатыс

ты мəліметтер алынып, ғылыми

айналымға қосылды.

Музейді6 ғылыми3зерттеу ж+мысыны6

негізгі бағыттары$ біріншіден музейдің

қай саласына жататына байланысты, екіншіден музейді

ң əлеуметтік институттар

жүйесіндегі орны деп атауға болады. Салалық бағытта

н басқа, ғылыми$зерттеу ісі

музейтану ауқымында да үнемі зерттеу жүргізіп отырд

ы. Ғылыми тұжырымдама жасау,

қорларды жүйелі түрде жабдықтау, музейлік құндылығы

бар түпнұсқа заттарды зерттеу,

сипаттау, өңдеу, ғылыми$зерттеу, экспозиция құру, с

ақтау сияқты істер музей қызметінің

бүкіл бағытында жүзеге асырылады. Ғылыми$зерттеу нə

тижелері, консервация, қайта

жаңғырту (реставрация), коллекцияларды қорғау мен с

ақтау, келушілерге қызмет

көрсетуді ұйымдастыру музей жұмысының деңгейін, дəр

ежесін анықтайды [27, с. 11].

Музей қорларына «музейлік мəні бар затты» жинастыру

ұзақ уақытқа созылатын еңбекті

талап ететін жауапты жұмыс.

Жинақталған заттар міндетті түрде түбегейлі зерттеу

ден

өткізіледі. Сондықтан, музей саласын зерттеп жүрген



ғалымдар музейлердің қалыптасу

жəне даму тарихын ғылыммен тығыз байланыстырып, ола

рды ғылыми$зерттеу

мекемелерінің қатарына жатқызады.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан музейлерінің ғы

лыми$зерттеу жұмысының

негізгі бағыттары археологиялық, этнографиялық, гео

логиялық, палеонтологиялық

экспедициялар арқылы жүзеге асырылды. Мəселен, Орын

бор губерниялық өлкетану

музейінің ғылыми қор жабдықталуын Орынбор Ғылыми Мұ

рағаттық Комиссиясының

жекелеген мүшелері губерния өңірінде археологиялық

қазба жұмысынан бастады.

Комиссия мүшелері А. Попов, И. Кастанье жəне басқал

ары қорғандарды қазумен, халық

арасында көне заттарды іздестіріп, жинаумен айналыс

ты. Зерттеушілер Ф.Д. Нефедов

Бұзұлық жəне Соль$Илецк аудандарында (1887$1888 жж.

), В.Я. Толмачев Бугурусланда

(1910 ж.) жұмыс істеді [30]. Жетісу тарихи$өлкетан

у музейінің қызметкерлері профессор

Бродский Шелек өзені бойына зоожағрафиялық экспедиц

ия жасаса, зоолог Шнитников

Шу өзені бойына, профессор Мухин Іле өзенінің бойын

а жəне Шымкент уезіндегі Ақ$

Бастау жəне Қара$Бастауда жүргізген палеонтологиялы

қ экспедициялар туралы

мəліметтер сақталған. Профессорлар Д.И. Нечкин мен

А.А. Семенов басқарған

экспедиция Түркістан қаласында болып, Қожа Ахмет Яс

сауидің кесенесін суретке түсіріп,

архитектуралық өлшемдерін алып, оны қорғау жұмыстар

ын ұйымдастырды. Профессор

Б.П. Денике басқарған экспедиция Айша Бибі кесенесі

н зерттеп суретке түсірді. Шымкент

пен Əулиеата өңірінде белгілі ғалым М.Е. Массон бас

шылығымен археологиялық қазба

жұмыстары жүргізілді. Осы аталған жəне басқада эксп

едициялар нəтижесінде

Туркомстарис республикадағы бірінші кезектегі күрде

лі жөндеуді қажет ететін

ғимараттарды, ескерткіштер мен өнер туындыларын айқ

ындады.


15 лекция Қоғамның қай саласының болмасын жұмысының ілгері б

асуы ең

алдымен кəсіби мамандар арқылы жүзеге асырылады. Му

зейдің қоғамдағы орны,

атқаратын рөлі, қызметінің тиімді жүзеге асырылуы ж

əне сапасы оның мамандарының

біліктілігіне байланысты. Осыған орай, ұзақ жылдар

бойы музейде қызмет жасаған

тəжірибелі маман Рысжан Ілиясованың мынадай пікірін

келтіре кетуге болады: «Музейдің

ғылыми қызметкері, ол

өлке тарихын жақсы меңгерген, іздеуші, табушы, жин



аған затын

мұқият зерттеп, қорға тапсырушы, экспозиция жасақта

ушы, жасаған экспозиция бойынша

тақырыпты ашатын мазмұнды дəріс, экскурсияның матер

иалын дайындаушы, əрі

жүргізуші, оған қоса ол музейде, не одан тыс орында

рда мəдени$көпшілік жұмысын

ұйымдастырып өткізуші болып кете береді. Сондай$ақ,

ол жан$жақты білімді, адамдармен

тығыз қарым$қатынаста, күнделікті ақпарат құралдары

н қадағалап отыратын, əрі

келушілердің сұрағына əрқашан дайын болуы керек» [1

7, 71 б.].

ХХ ғасырдың 20$шы жылдарының басында республиканың

бірқатар музейлерінде

тарихшы, археолог, этнограф ғалымдар қызмет етті. М

əселен, ХІХ ғасырдың екінші

жартысында құрылған Семей тарихи$өлкетану музейінде

кеңес үкіметі орнағаннан кейін

А.А. Баландин, С.Н. Белослюдов, И.В. Власов, Г.А. К

орнилов, А.А. Адрианов сынды

ғалымдар қызмет атқарды. Шымкент қаласында негізі қ

аланған Сырдария өлкетану

музейінде М.Е. Массон, Т.А. Шпота, В.П. Тризна жəне

И.К. Шпота сияқты белгілі

ғалымдар музей құрылған алғашқы күннен бастап қажыр

лы еңбек етті.

Республикада кадр мəселесіндегі кеңес үкіметінің ат

қарған іс$шараларының

барысында 1925$1940 жылдар аралығында жұмысшы$шаруа

лардан шыққан музей

мамандарының саны 16,3 %$дан 51,7 %$ға, коммунистер

үлес салмағы 1,3%$дан 8%$ға

көтерілді. Кеңес үкіметінің ғылыми ұжымдарды «комму

нистендіру» жəне

«жұмыскерлендіру» саясаты қызметкерлердің біліми жə

не кəсіби деңгейінен анық

байқалды. Бұл адамдардың көпшілігі алдындағы маманд

ар сияқты терең білімімен

ерекшеленбесе де, социализм идеяларын уағыздаушы жа

лынды насихатшылар болды.

Осы кезеңде республика музейлері мамандары жағдайы

былайша сипатталды: а) музей

қызметкерлері еңбек өтілінің аз болуы, кейде жұмысқ

а сəйкес келмеуі; ə) ұлттық маман

кадрларының тапшылығы, тіпті жоқтың қасы; б) кейбір

музейлердің ғылыми

қызметкерлермен толық қамтамасыз етілмеуі; в) жаңа

мамандарды даярлау жағдайының

нашарлығы; г) мамандарды даярлауға арналған арнайы

оқу мекемелердің болмауы.

Қазақстан музейлерінің ғылыми қызметкерлерінің құра

мы бір жағынан, бұрынғы

мамандардан құралса, екінші жағынан, музей ісінен х

абары шамалы, еңбек өтілі

жеткіліксіз қызметкерлерден тұрды.

Ұлы Отан соғысы кезінде майданға аттандыру, бюджетт

ің тапшылығына

байланысты қысқарту сияқты себептер музейлердің онс

ыз да аз кадр əлеуетін күрт

төмендетіп жіберді. Егер бұрын облыстық тарихи$өлке

тану музейлерінде 6$7 адам қызмет

етсе, соғыс жылдарында 2$3 болып сиреп, музей жұмыс

ына кедергі жасады. Мəселен,

1942 жылғы қаңтардағы музей қызметкерлері туралы мə

ліметтерге жүгінсек,

республиканың 13 облысы бойынша барлық қызметкерлер

саны


49, оның ішінде БК(б)П

мүшесі



9, комсомол мүшесі



3, жоғарғы білім барлар

8, орта білімі барлар



19,


аяқталмаған орта білімі барлар

6, арнайы білімі барлар



3, төменгі білімі (2, 3

сыныптық) барлар

Глоссарий



1. АККЛИМАТИЗАЦИЯ - бір бөлмеден екінші бөлмеге немесе басқа жерге ауыстырғанда жәдігер сол ортаға үйренгенше уақыт.

2. АКСИОЛОГИЯЛЫҚ аспект - бағалылық аспект. АТТРАКТИВТІК қасиетт- көңіл аудару, назарды күшейту.

3. АТРИУМ – мемлекеттік рәміздері - Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Ата Заң қойылған мұражайдағы бөлім.

4. ГЕРМЕТИЗАЦИЯЛАУ- ауа кірмейтіндей саңылусыз бекіту.

5. ГИГРОСКОПИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР- органикалық ылғал тартқыш материалдар

6. КОММУНИКАТИВТІК аспект - хабарламалық аспект

7. МҰРАЖАЙ – арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, тарихи – ғылыми дерек ретінде жәдігерлерді сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін, әлеуметтік ақпарат құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме.

8. МҰРАЖАЙ ЭӘДІГЕРІ – нақты өмірден алынған, музейге қоюға құндылығы бар, музей қорына тіркелген, ұзақ сақтауға бейім зат.

9. РЕПРЕЗЕНТАТИВТІК қасиет- ұқсас жәдігерлердің артықшылығын анықтай білу

10.. СЕМАНТИКАЛЫҚ қасиет -мәнерлілік, дәлділік, мәндік қасиет

11. ЭКСПЕССИВТІК - толқыту, көңілде әсер қалдыру қасиеті

Əдебиет:


Негізгі жəне қосымша əдебиет тізімі:

1.Автократова М.И., Буганов В.И

.

Сокровищница документов прошлого. М.,1986.



2.

Грицкевич В.П. История музейного дела до конца ХҮІІ

І века: СПБ.

3.

Голубцова Т.В.Музей исторического профиля – важные



центры исследования

истории и пропагагды исторических знаний. Музейное

дело в СССР$М..1980

4.

Крейн А.З. Рождение музея – М..1969



5.

Крейн А.З. Рождение музея – М..1969

6.

Музееведение$М.:Высшая школа,1988



7.

Қазақстан тарихы(көне дəуірден бүгінге дейін) І том

. Алматы, Атамұра, 1996. 372$

383 бб


8.

Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ$Х

ҮІІ веках: история,

политика, дипломатия. Алматы, «Дайк$Пресс», 2002. 8

9$116 стр.

9.

Мусаева С.Т., Кукеева М.К. «Музей менеджменті жəне



маркетингі». Алматы, 2006
Юренева Т.Ю. Музееведение: учебник для высшей школы

. М., Академический

Проект, 2006. 15$ 61 бб.
Қазақстан тарихы(көне дəуірден бүгінге дейін) І то

м. Алматы, Атамұра, 1996.

372$383 бб.

museum_08@inbox.ru

www.prezidentsmuseum.kz

adilet.minjust.kz


adilet.minjust.kz

http://zhetysu$gov.kz/content$view$133.html

http://tau$2007.narod.ru/u_museum.html


http://www.sachok.kz/referat/



http://kk.wikipedia.org/wiki




Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...