Дәріс. 1 Мұражайтану ғылыми пән ретінде

Loading...


бет1/2
Дата28.03.2020
өлшемі93.34 Kb.
  1   2
Дәріс.1 Мұражайтану ғылыми пән ретінде

Мұражай – арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, тарихи – ғылыми дерек ретінде жәдігерлерді сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін, әлеуметтік ақпарат құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме.

Мұражай ісі – қоғамдағы өзгерістермен, қоғам дамуымен тығыз байланыстағы ерекше сала. Ол – ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер ететін ғылыми мекеме. Барлық музей ісіне байланысты жинақталған тәжірибе мен музей ісінің мәселелерін көтеретін арнайы әдебиеттерде жарық көрген ғылыми білімдер жиынтығын “музейтану” деп атайды. Бұл термин ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болғанымен, көптеген тілдерде ертерек орнығып қалды. Ғылымда бұрынғы қолданылған “музеография” деген термин музейге қатысты барлық шығармаларда қолданылып келеді, ал ХХ ғасырдың ортасынан бастап тек музейді ғана сипаттауға ғана пайдаланылды. “Музейтану” терминін көбінесе “Музей ісіндегі ғылыми ілім” немесе “Музей теориясы” деп қарастырады. 1997 жылы Кеңес Одағында өткен музей ісіне байланысты Халықаралық ХІ шешуші басты конференциясында Халықаралық музеология комитеті құрылды. Онда іргелі ғылыми – зерттеу еңбектерді жазуға бағдарламалар қабылданып, музейтануды университеттерде оқытуға ұсыныс жасалды.

Мұражай ісінің негізгі белгілері – музей жәдігерлерін жинау, есепке алу, сақтау, консервациялау, зерттеу. Музей арқылы ақпарат тарату қоғамдағы байланыстың айрықша жүйесі болып табылады. Жұмысты ұйымдастыру формалары әртүрлі. Оған заттық көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, дәрістер оқуды ұйымдастыру тағы басқалар жатады.

Мұражайтану – қоғамдық ғылым, әлеуметтік ақпараттың сақталу процестерін, музей жәдігерлері арқылы танымдық білім беріп, эмоциял

әсер қалдыратын және әртүрлі қоғамдық – экономикалық жағдайдағы әлеуметтік заңдылықтардың формалық қызметін музей жәдігері, музей ісі арқылы зерттеп, жүзеге асыратын пән.

Мұражайтанудың зерттеу нысанасы – мұражай, мұражай ісі, мұражай жәдігері. Музей және музей ісі тарих, мәдениет, өнертану, социология және басқа ғылыми салаларда зерттеу нысанасы ретінде қарастырылады. Сондықтан зерттеу пәні үнемі өзіндік, арнайы заңдылықтарды анықтайтын ғылыми жүйе ретінде қарастырылуы қажет. Зерттеу пәні арқылы белгілі бір саланы зерттеуге қызығушылық тудырып, гносеологиялық міндеттерді шешуге болады. Музейтану пәні негізінен “Музей жәдігері”, “Музей”, “Музей ісі” сияқты терминдердің төңірегінде оқытылып, зерттеледі.

Мұражайтану пәні деп - әлеуметтік информацияны жинайтын және сақтайтын процестерге музей заттары арқылы танымдық білім беретін, дәстүрді, эмоцияны, көріністерді жеткізетін, музей ісінің шығу, даму және қоғамдақ қызмет ету функцияларына қатысты объективті заңдылықтардың ауқымын айтамыз.

1997 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІ конференциясында 18 мамыр музей күні болып қабылданды. Өткен заманның көптеген ұлы ғалымдары әуесқой ынтық коллеционерлер болды. “Коллекциялау” деген ұғымды осыдан 2000 жыл бұрын көне Рим шешені Марк Тулий Цицерон енгізді деп есептеледі. Ол өзінің атақты шешендік сөзінде бұл ұғымды “коллекция – шашыраған заттарды бір топқа біріктіру” деп атады.

Музейлер ХVІ – ХVІІІ ғғ. ғана пайда бола бастады. Музейдің өнерлік мәнін алғаш ашқан француз суретшісі Жан Луи Дэвид болды.


Дәріс.2 Тарихи мұражай атқаратын ролі және оның әлеуметтік функциялары. Мүражай ісінің негізгі ұғымдары: мұражай жәдігері, мұражай, музей ісі.

Музей өзінің әлеуметтік қызметін музей жәдігерлерін жинау, сақтау, үйрену, зерттеу және қолдану арқылы жүзеге асырады.

Белгілі бір затты жасауда да, қолдануда да оның функционалдық мәні болады. Музей әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы өзгерістерді көрсетеді, олардың тарихилығын тереңдетеді. Әрбір жәдігердің қоғамдық мәнін, музейлік құндылығын көрсетеді.

Жәдігерлердің ақпараттық потенциалы екіге бөлінеді. Бірінші – ішкі хабарламалық кеңестік, екінші – сыртқы хабарламалық кеңестік. Біріншісі заттың өзіне байланысты мәлімет көрсетсе, екіншісі жәдігердің айналасындағы ортаға қатысты мәліметтерді көрсетеді.

Музей жәдігерлерінің семантикалық (мәндік), аксиологиялық (бағалылық), коммуникативтік (хабарламалық) аспектілері бар және де әрбір музей жәдігері аттрактивтік (көңіл аудару, назарды күшейту), семантикалық (мәнерлілік, дәлділік, мәндік), экспрессивтік (толқыту, көңілде әсер қалдыру қасиеті), репрезентативтік (ұқсас жәдігерлердің артықшылығын анықтай білу) қасиеттерге ие. Музей жәдігерлері тек дерек қана емес, мәдени – тарихи ескерткіш ретінде бағалылығы зор қоғам мен мемлекет, мекеме байлығы деп саналады.

Музей жәдігері – нақты өмірден алынған, музейге қоюға құндылығы бар, музей қорына тіркелген, ұзақ сақтауға бейім зат. Ол әлеуметтік, тарихи, қоғамдық өмірдің дерегі ретінде, ұлттық құндылықтың бөлігі ретінде қарастырылады. Музей жәдігері – бүкіл музейдің қызметін, оның бағыттарын, жоспарын жүзеге асыратын негіз болып табылады.

Кез келген музей жәдігерін зерттеу ғылымға негізделеді. Қазіргі кезде музей ісі адам қызметінің ғасырлар бойы қол жеткізген нәтижесі ретінде, табиғаттың сыйы мен ерекшелігін көрсетіп (табиғи музей, қорықтар), ғылыми құжаттармен негізделіп, түрлі профильді салада жұмыс істейтін жұмыс ретінде қарастырылады.

Музей ісінің негізгі құрамдас бөлігіне музейдің практикалық ісі, ескерткіштерді қорғау, музей жүйесі, музей саясатын заңдастыру, музей ісіндегі кдрларды дайындау да кіреді. Ғылыми - әдістемелік, көпшілік жұмыс орталықтарының жұмысы, арнайы тақырыптардағы журнал, газеттер шығару да музей ісінің басты бағыттағы шаралары.

Музейтанудың зерттеу әдістерінің негізгі бағыттарына тоқталсақ, олар мынадай:

Ақпараттық дерек көзі ретінде, жәдігерлердің мәдени- тарихи құндылықтарын зерттейтін бағыттарда жұмыс істеу:

а) музей құндылықтарына жататын жәдігерлерді анықтау (ғалымдар, лаборратория);

б) музей жәдігерлерінің мәндік мағынасын, ерекшеліктерін анықтау ісі;

в) музей жәдігерлеріне байланысты ғылыми анықтамалық, жүйелеу жұмыстарын ұйымдастыру;

г) сақтау режимін, консервация және қайта қалпына келтіру жолдарын анықтау;

д) музейдің тәрбиелік, білімдік міндеттерін атқару әдістерін қарастыру, жүйелеу.

Музей ісі, оның атқаратын қызметі, қоғамдық, мемлекеттік институт ретіндегі бағыты:

а) музейдің шығу тарихын , жүйесін, типін, музей ісінің тарихын жүйелейді;

б) ішкі ұйымдастыру жұмыстарын қарстырады;

в) музей қызметінің арнайы бағыттарын анықтайды;

г) музейді басқару жүйесін қарастырады, болашақ жоспарын талдайды.



Дәріс2 Мұражай жәдігерлеріндегі қазақ жазба мұрасының шежіресі 24 Шілде 2014 7669 0 Тарихи-мәдени мұраны сақтау — стратегиялық маңызы бар мемлекеттік мәселе. Ұлттық дәстүр, әдеби және мәдени құндылықтар, тарихи тәжірибе — ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын асыл қазына. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өзі қолдау көрсетіп бастамашы болған «Мәдени мұра» бағдарламасы қазіргі кезде көпшілік қауымның қолдауына ие болып отыр. Елбасы жалпы ұлтық деңгейде бағдарлама жасау туралы осыдан он жыл бұрын, 2003 жылдың сәуірінде өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бастама ретінде көтеріп, Үкіметке нақты тапсырмалар берген болатын. «Мәдени Мұра» мемлекеттік бағдарламасы ұлттың рухани- ағартушылық және мәдени-интеллектуалдық деңгейін көтеруге, өскелең ұрпақты туған халқымыздың салт-дәстүрлерімен, жалпы адамзаттық кұндылықтар мен идеялар рухында тәрбиелеуге бағытталған. Олай дейтініміз, қоғамның рухани тірегі санатындағы тарихи-мәдени мұралардың халықтың өз болмысын жоғалтып алмауы мен қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі аса зор. Аталмыш жұмыстың маңыздылығы да осында. Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрді жаңарту мен дамытуға, соның ішінде мәдени мұраларды зерттеу, қорғау, пайдалану мен насихаттауға байланысты мемлекеттің негізгі ұстанымдары мен бағыттарын белгілейді. Сондай-ақ, бағдарлама тарих, этнография, фольклор, ежелгі жазба мұралар жөніндегі еңбектерді, ғылыми-зерттеу және тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, сақтау және топтастыру, сол арқылы көпғасырлық ұлттық мәдениетімізді тиянақтау шараларын көздейді [1, 16–17 б.]. Кітап және кітап мәдениеті — бұл қоғамдағы рухани өмір көрінісі. Қазақ кітабы — қазақ тілі сақталуының кепілдігі, оның халықтың білім алуына, тіл мен әдебиетінің, республиканың қоғамдық және ғылыми өмірінің дамуына қосар үлесі зор. 1991 жылы желтоқсан айының 16 жұлдызында республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — Қазақстан Республикасы деп аталды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көкейкесті реформаларды жүзеге асыруға, демократиялық қоғамды, айқын әкономиканы кұруға кірісті. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен соң ұлттық кітап ісінің дамуында жаңа кезең басталды. Қазақ кітабы жаңа Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Қазақ кітабының шығуы мен дамуы, көне қолжазбаларды және сирек кездесетін басылымдарды зерттеу, олардың қазақ тарихына қатысы мен байланысын анықтау, республикамыздағы қолжазба қорын тексеріп бағалау жолындағы машақаты көп, сонымен қатар қызықты да жұмыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Кітап мұражайы, Кітап палатасы және т.б. мекемелер атқарады. Жоғарыда атап көрсетілген мәселелерді шешуге өз үлесін «Ғылым ордасы» атты республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (РМК) Сирек кездесетін кітаптар мұражайы да қосуда. Бұл мекемені 2010 жылы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ашқан еді. Сирек кітаптар мұражайы — ақпараттық қызметтер саласының жаңа түрі. Мұражайдың мақсаты — Қазақстанда және шетелдерде сақталған ел тарихына, мәдениеті мен ғылымына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін басылымдарды бір орталыққа жинақтау, сақтау, зерттеу және дәріптеу, әртүрлі мәдени-тарихи жағдайдағы олардың әлеуметтік рөлін, көне ғасырдан бері қалыптасқан отандық жазба мәдениетін жан-жақты көрсету. Мұражай қоры Орталық ғылыми кітапхананың көне қолжазбалары мен сирек кітаптар қоры негізінде жасақталды. Сонымен қатар, қорды толықтырудың басқа да жолдары қарастырылған. Атап айтқанда, букинистік дүкендер, мұражай құндылығын қызықтап келушілер мен мұрагерлік жолмен иемденген азаматтардан сұрастыру арқылы жинақтау. Мұражайдың «Ғасырлар қойнауындағы жазба мұралары» атты тұрақты көрмесі төрт бөлімнен түрады. Бірінші бөлім ықылым заманнан бастау алған жазба мәдениетінің куәгері болып табылатын байырғы, көне жазу ескерткіштеріне арналып отыр. Мұнда республика аумағынан табылған жазба мәдени ескерткіштері және сонау Тас дәуірінен бастап, кейінгі орта ғасырларға дейін жалғасын тапқан жазу үлгілері туралы құнды мағлұмат алуға болады. Мұражайға келген қонақтардың көзіне бірден ілінетін жәдігер, Ақбауыр үңгірінен (Шығыс Қазақстан) табылған, қола дәуірінде қынамен салынған таңбалар деуге болады. Осы паннодан қонақтар таудың күнгейлі жартас беттеріне салынған таңбалар мен символикалық белгілерді, петроглифтерді-де, аңғарады. Бұлар қола дәуірінде салынған таңбалар. Қазақстан картасына зер салсаңыздар, картада елімізде табылған көне жазба ескерткіштерінің орындары көрсетілген. Қабырға суреттерде «Авеста» кітабының жазу үлгісі әліпбилік нұсқасы мен қаңлы жазуының қыш тақтаға жазылған нүсқалары бейнеленген. Авестада Қазақстандағы жер-су атаулары жиі кездеседі және ол атаулар күні бүгінге дейін зерттеліп келеді. Қазақстандағы жазба мәдениет ескерткіштерінің бірі — сармат таңбалары. Олардың бірқатар үлгілері қабырға суреттерде бейнеленген. Жазба мәдениетіміздің хронологиялық жүйелік жалғасы ертедегі түркі жазуы — Орхон-Енисей ескерткіштерімен өрбиді. Ертедегі түркілердің жартасқа, тастың тегіс беттеріне, таудың күнгей жағында күннің қызуымен патина, қарақошқыл дақ пайда болған тастарына, түрмыстық бүйымдарға қашап, ойып, бәдізделген таңба жазулары Моңғолиядағы Орхон өзені, Енисей, аңғары, Талас өзені бойында, IV–XVI ғасырлар аралығында мемлекеттік құрылымда өмір сүрген түркі тайпалары қоныстаған жерлерден табылған. Түркі жазба ескерткіштерінің ғылыми атаулары табылған жеріне байланысты аталған. Картаның астындағы көрмеде Әулиеата қаласына жақын жерден, Талас өзені, аңғарынан В. Каллаур мен А. Гейкель 1898 жылы түркі жазуы бар бес тас тапқан, солардың бірінде: «Оның есімі Чор. Отыз оғланы өздерінен, олжа мен игіліктен қол үзді. Оның жары жесір қалды» — деген сына жазуы бар тастың көшірмесі қойылды. Тас бетіндегі жазу үлгілерін В. В. Радлов, П. Мелиоранский, А. Гейкель, С. Е. Малов, Ю. Немет сынды ғалым-түркологтар ескерткіштердің түркі тіліндегі мәтінін, емлелерін зерттеп, ғылыми еңбектерінде жариялады. Соңғы жылдары жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулердің нәтижесінде байырғы түркі жазуының зерттелу көші ілгерілей түсті. Осы қатарда отандық ғалымдар А. Аманжолов, З. Самашев, О. Сапашев, Қ. Сартқожа, Н. Базылхан сынды ғалымдардың зор үлесін айтуға болады. Кезінде түркі бітік жазуының оқылу кілтін тапқан В. Томсен Шығыс Түркістан Шыңжаң өлкесінен табылған аса сирек кездесетін қағаз бетіндегі мәтінді зерттеп, кітап ретінде бастырып шығарды. Одан бері, неолит дәуірі ескерткіші Төлеубұлақ ойықтары мен сарматтық үлгідегі таңбаларды тапқан тас дәуірі ескерткіштерін зерттеуші ғалым Ж.Қ. Таймағанбетовтың тапқан ескерткіштерін зерттеген З. Самашев сармат тайпаларының жазба ескерткіштерін және Шақпақата қорымынан табылған түркі жазуларын Н. Базылханмен, ал Шығыс Қазақстаннан табылған Манат жазу-таңбаларын О. Сапашевпен зерттесе, Қ. Сартқожа Моңғолия жерінен табылған жерасты жерлеу орнынан мойнында түркі таңбаларымен жазылған музыкалық қобыз аспабын тауып, ғылыми ортаға жария етті [2]. Түркі жазба ескерткіштерінің толық атласын жасаған М. Жолдасбеков пен Қ. Сартқожаның еңбектерін-де жемісті шығарма деуге болады. Байырғы түркі тілі кейінірек жазба дэстүрі бойынша соғды және ұйғыр әліпбиімен жалғасып, ұзақ уақыт пайдаланылды. Орта ғасырларда түркі халықтарының ислам дінімен қатар, жазба мәдениетін-де бірге қабылдады. Осы тұстан бастап, жазба шығармалар, туындылар араб жазуымен жазылды. Жазба мәдениетіміздің үлгі-нұсқалары көрмеде байырғы жазу-таңбалардан бастап, ирандық авеста мәтіні, түркінің сына жазуы, соғды және көне ұйғыр, араб әліпбиінің тарихын қысқаша шолып таныстыру мақсатын көздейді. Осы бөлімнен түркі бітігі бар шыптаның (қазық) фотосуретін, көшірмесін-де көруге болады. Шыпта, ағашы қазіргі күні Санкт-Петербургтегі (Ресей) Эрмитаж қорында сақтаулы. Шырша бұтағынан жасалған шыптаның төрт қырында да көне түркі бәдізін көруге болады. Жекелеген сөрелерде байырғы түркі жазуларына жүргізілген зерттеу жүмыстарының нәтижелері — ғылыми еңбектер қойылған. Солардың ішінде С. Е. Маловтың «Көне түркі жазуының ескерткіштері», «Көне түркі жазуының Моңғолия мен Қырғызстанда табылған ескерткіштері», «Талас эпиграфиялық ескерткіштері», Ә.Х. Марғұланның «Ежелгі жыр, аңыздар» кітабы, М. Е. Массонның «Орта Азияда көне түркі жазбаларының ашылу тарихына», Ғ. Айдаровтың «Көне түркі жазуы Орхон ескерткіштерінің тілі», А. Аманжоловтың «Түркі руна графикасы», М.Жолдасбековтің «Асыл мұралар», Ғ. Айдаровтың, Ә. Құрышжанов, М. Томановтың «Көне түркі жазуы», А. Есенқұловтың «Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымша», «Көне түркі бітік тастары мен ескерткіштерінің жинағы (Орхон, Енисей, Талас)» атты ғылыми басылымдар қойылған. «Қазақстан археологиясы», «Қазақстан петроглифі», «Қазақстанның ежелгі қалалары» кітап-альбомдары — акад. К. М. Байпақовтың басқаруымен шыққан кітаптар экспозицияның құнды материалдары [3]. «Қолжазба — ғасырлар мұрасы» Елдің тарихи-мәдени, қоғамдық-саяси өмірінен мол мәлімет беретін қолжазбалар қашанда адамзат өркениетінің ортақ мұрасы саналған. Бұл көрменің мақсаты — елдің тарихи, мәдени, қоғамдық өмірінен мол мәлімет беретін қолжазба мұралармен таныстыру. Қолжазбалардың, соның ішінде тарихи және әдеби шығармалардың құндылығы қашанда жоғары бағаланады. Бөлімде аса құнды һәм ғылым игілігіне қажетті шежірелік еңбектер мен қолжазбалар, қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты фольклорлық, этнографиялық материалдар қойылды. Көрмеде күллі мұсылман қауымның діни жоралғысы мен дүниетанымын қалыптастырған Құран Кәрімнің әртүрлі жазу үлгісіндегі (насх, нәсталик) нұсқалары мен түркі жұртының рухани пірі саналған Қожа Ахмет Яссауи «Диуани хикметтерінің" қолжазбасының көшірмесі және Қазанда (1896 ж.) жарық көрген баспа нұсқасы ұсынылған. Соның қатарында Қожа Хафиз Ширази диуандары, әл-Хорезмидің «Махаббат-намасы», Наср ад-дин Рабғузидің «Қисас ал-анбиясы», Сопы Аллаярдың «Сабат ал-аджизині» (Әлсіздерге жігер) қойылды. Әлемдік ғылым мен өркениет дамуына өзіндік үлесін қосқан дарынды ғұламалар аз болған жоқ. Қазақстан территориясында өмір сүрген орта ғасырлық сондай бірқатар ғұламалардың еңбегі көрмеде лайықты орнын алды. Солардың ішінде әл-Фараби, Ибн Сина сияқты аты мәшһүр ғалымдардың және Ахмед Иүгенекидің «Хибат ал-Хақаиқ" (Хақиқат сыйы), Махмұт Қашкаридың «Диуани луғат-түрк», Жүсіп Хас Хажіб Баласағұнның «Құтты білік» шығармалары көрме төрінде тұр. «Ахбар Шыңғысхан уа, Ақсақ Темір», «Темір-наме», «Тауарих Мырза», «Тарих Сайқали», «Тарих-и Туркистан» (Түркістан тарихы) сынды Қазақстан тарихынан мол мәлімет беретін тарихи шығармалар да көрменің ажары. Қолжазба жәдігерлері арасынан атақты шығыс шайырлары Әбілқасым Фирдоусидің «Шаһнамесін», Физулидің «Ләйлі — Мәжнүнін», адамдық ізгі қасиеттерді жырлаған Әлішер Науаидің диуандарын, Омар Хаям рубаяттарын көре аласыздар. Бұл шығармалар әлемдік көркем әдеби ескерткіштер қатарында. «Шығыс Иллиадасы» аталған «Шаһнаме», «Ләйлі — Мәжнүн» ғашықтық дастандары қазақ арасында ауыз әдебиет үлгісінде-де, қолжазба түрінде-де тарады. Ораз Молда, Түрмағамбет Ізтілеуов, Шәкәрім Қүдайбердіұлы сынды, ақындарымыз бұл жырларды парсы тілінен қазақ тіліне аударып, оқиға желісін әдеби шеберлікпен суреттеп, қазақ үғымына түсінікті етіп жазып кеткен. Көрмеге аталған жырлар қолжазба және алғашқы баспа нұсқаларында қойылды. «Отандық көне басылымдар» Бұл көрмеде араб әрпімен басылып шыққан тарихи деректерге бай, халықтың саяси, мәдени өмірінен мол мағлұматтар беретін, құнды жәдігер саналатын алғашқы қазақ баспа кітаптары мен басылымдары ұсынылды. Көрмеден тұңғыш баслымдарымен қатар баспа бетін көрмеген Шортанбай, Шал, Әсет, Мәди сынды қазақ ақындары мен жыраулары шығармаларының қолжазбаларын да көруге болады. Көрмеміздің ең құнды жәдігерлерінің бірі — Жаяу Мұса Байжанұлының өз қолымен жазылған күнделігі және Ә. Марғұланның Жаяу Мұса туралы естелігі көрерменге түпнұсқасында ұсынылды. Алғашқы қазақ баспа кітаптары XIX ғасырдың басында Санкт-Петербург, Қазан, Уфа, Орынбор калаларында шыға бастады. Қазақ тілінде шыққан алғашқы баспа кітаптардың бірі саналатын «Сейфулмәлік» дастаны араб графикасымен 1807 жылы жарық көрді. Баспа өнерінің XIX ғ. Қазан, Уфа, Орынбор, Омбы, Ташкент қалаларында, XX ғасырдың басында Верный, Кереку (Павлодар), Семей т.б. қалаларында қарқынды дамуы қазақ халық ауыз әдебиетінің бай мұрасы мен жекелеген, ақын-жазушылар, ғалымдар, ойшылдар шығармаларының хатқа түсуіне, жинақталуына оңтайлы құбылыс болды. Қазан қаласы XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында Ресейдің шығыс халықтары тілдеріндегі кітаптарды бастыру ісінің ірі орталығы болды. Қазақ ауыз әдебиетінің туындылары — қиссалар, эпостық, лирикалық жырлар, айтыстар, діни дастандар мен, аңыз-ертегілер Қазан қаласындағы Б. Домбровский, М. Чиркова, Ш. Хусаинов, И. Харитоновтардың және т.б. жеке баспаханаларында басылды. Көрмеге Қазан қаласында басылып шыққан, ноғай жырлары: «Қырық уәзір хикаясы», «Ер Сайын» жыры және Нұртуған жырау нұсқасындағы «Орақ-Мамай» жырының қолжазбасы қойылды. Халық арасында кең жырланған Сұлтан Кенесары мен Садық, Ерназар және Бекет батыр жырларының И. В. Аничков, С. Смирнов бастырған баспа кітаптары да көрмеміздің құнды жәдігерлері санатында. Тарихын сонау тереңнен тарқататын халқымыздың бізге жеткен ең ерекше, құнды мұрасы — шежіре. Арабтың «шаджарат» — үрімбұтақ, тармақ деген сөзінен негіз алатын бұл мұра әлмисақтан бері халықпен бірге жасасып келе жатқан дәстүр. М. Қашқаридің «Диуани луғат-түрк», Әбілғазы Бахадурханның «Шәжәрэ-иат-түрк», көне «Қудатғу білік» шығармаларында түркі тілдес халықтардың шежірелері қамтылған. Бұған қоса Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» және Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы» сияқты ортағасырлық құнды мұраларында халқымыздың шежіреге деген құрметі мен ыждаһаттылығы анық көрініс береді. Сол сияқты қазақ қоғамы арасында кеңінен мәлім болған шежірелер қатарына «Қиян Домбауыл мерген шежіресі», «Алаш мыңы», «Үйсін Майқы бидің шежірелері», «Қыпшақ Кіреулі шежіресі», «Едіге би шежіресі» сияқты ортағасырлық жазба мәдениетінің мұраларын жатқызуға болады. Көрмемізде Әбілғазының «Тарихи шежіре ат-түрк» шығармасын, С. Торайғыров жазған «Қазақ тайпасының ата-бабаларының турасында сөйленген рауаятлар баяны» шежірелік қолжазбасын, М.Ж. Көпеев жинаған шежірелерін және т.с.с. шежіре шығармаларды көруге болады. Абай шығармалары 1909 ж. — бірінші жинағы (Санкт-Петербург); 1933 ж. — М. Әуезов дайындаған «Қазақ әдебиетінің классиктері» сериясында. 30–40 жж. — орыс тілінде «Таңдамалы өлеңдері», қазақ тілінде «Лирика және поэмалар» мен «Таңдамалы өлеңдер» шығармаларының екі томдығы. Ш. Уәлиханов 1904 ж. — «Шығармалар жинағы»; 1947–1958 жж. — Ә. Марғұланның редакциясымен «Ш.Ш. Уәлихановтың мақалалары. Жазысқан хаттары». Ы. Алтынсарин Ы. Алтынсариннің 1935 ж. өлеңдер жинағы қазақ тілінде жарық көрді, 1948 ж. «Таңдамалы шығармалары»; «Кел балалар, оқылық" (1948); 1935 ж. қазақ тілінде көркем шығармаларының жинағы жарық көрді. Мұражай экспозициясында „Қазақ хрестоматиясы“ мен „Қазақтарды орыс тіліне оқытудың бастапқы жетекшісі“, оның шығармаларының қазіргі заманғы басылымдары қойылған. Ш. Құдайбердіұлы — „Мұсылмандық шарты“ (1911, Орынбор) — „Қазақ айнасы“ (Өлеңдер жинағы), „Қалқаман — Мамыр“, „Еңлік — Кебек“ дастандары (1912), „Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі“ (1912). Шәкәрім „Айқап“ журналы мен „Қазақ" газетінде көтерілген мәселелер жөнінде ой-пікірін білдіріп, бірнеше мақалалар жазған. Мәселен, „Айқаптың" 1912 жылғы 3–4 сандарында „Білімділердің бес түрлі сөздің шешуін сұраймын“, „Біздің мұқтаждарымыз“, „Жазу мәселесі“, „Барша қырғыз бөлімдеріне ашық хат“, „Қазақ" газетінде жарияланды. „Хафизден аудармасы“, Физулидің „Ләйлі — Мәжнүн“ поэмасының еркін аудармасы „Шолпан“ журналының 1922–1923 жылғы 2–8 сандарында, кейін жеке кітап болып С. Сейфуллиннің алғы сөзімен 1935 жылы Алматыда басылады. Мұражайдың осы бөлімінде XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында қазақ тілінде шығарылған сирек кездесетін кітаптардың түпнұсқалары қойылған. Мұнда М. Сералин, С. Көбеев, С. Торайғыров, С. Дөнентаев сияқты жазушылардың шығармаларын, әр жылдары жарық көрген басылымдарын көруге болады.


Дәріс.3 Музей және музей ісі құрылымы:

Музейтану ғылыми пән ретінде білім жүйесі қалыптасқан, өзіндік ұрылымы бар сала. Музейтануға тарихи, теориялық, қолданбалы элементтер кіреді. Музейтану құрылымы төмендегідей:

Музейтанудың тарихы мен тарихнамасы

Музейтану теориясы

Музейлік дерекнама

Қолданбалы музейтану





Музей жүйесі және жіктелуі.

Музейлер жабық жүйедегі, мемлекет пен қоғам алдында музей заттарын сақтау, қорғау, пайдалану функцияларына жауап беретін мекеме. Музей жүйелері әртүрлі профильдегі, типтегі музейлерден тұрады.

Музейлер негізгі профилі жағынан төмендегідей топтарға бөлінеді:

Тарихи музейлер – тарих білімі мен ғылымына негізделген жүйе бойынша бөлінеді. Олар:

а) жалпы тарихи

б) археологиялық

в) этнографиялық

г) нумизматикалық

д) тарихи – экономикалық

е) білім мен ағартушылық тарихы

ж) арнайы тарихи музей (спорт тарихы, музыка тарихы

т. б.)


Көркемөнер музейі. Өнер мен өнертануға қатысты барлық музейлер. Мысалы, өнертану музейі, картина галереясы, мүсін музейі, қолөнер музейі, қолданбалы өнер музейі, гравюра кабинеті, театр, музыка, кино өнері музейлері т. с. с.

Табиғи – жаратылыстану тарихи музейлері - өз жұмыстарында жаратылыстану ғылымы пәндеріне сүйенеді. Оған биологиялық, ботаникалық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палентологиялық, антропологиялық және экологиялық т. с. с. музейлер жатады.

Техникалық музейлер – техника ғылымымен тығыз байланысты музейлер, оған: политехникалық, техникалық, авиация, автокөлік, байланыс, кеме жасау, тау – кен ісі, темір жол көлігі, жеке өнеркәсіптер музейі, техника ескерткіштері т. с. с. музейлер жатады.

Әдеби музейлер - әдебиет салаларына бағытталған, белгілі жазушылардың өмірі мен қызметіне арналған музейлер.

Комплексті музейлер – екі, үш профильде жұмыс жүргізетін музейлер. Мысалы, тарихи – көркем, тарихи – архитектуралық, ауыл шаруашылығы музейі т. с. с. Комплексті музейлердің кең тараған түрі - өлкетану музейлері. Олар тарих пен жаратылыстану бағытын біріктіріп жұмыс істейді. Ал типтік жағынан музейлер 3 – ке бөлінеді:

ғылыми зерттеу;

көпшілік – ағарту;

зерттеу, академиялық – оқу.

Қазіргі музей жүйесінде ғылыми зерттеу типі кең тараған. Ал академиялық оқыту музейлері белгілі бір ғылыми салаға байланысты зерттеу жұмысын терең жүргізеді. Әсіресе, музей қорларын жинақтаған кезде далалық экспедиция жұмыстары, бірлескен археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі кеңінен қолданылады. Музей жұмысы тек өткен дәуірдің ескерткіштерін жинап қана қоймай, қазіргі заамн тұрғысынан да үнемі ізденушілік, зерттеу жұмыстарын үзбейді. Ғылыми жұмыстардың көп міндеттері экспозициялар арқылы шешіледі.
Дәріс.4 Музей қорларын сақтау.

Музей қорларында сақталатын жәдігерлердің барлығы дерлік физикалық – механикалық, химиялық өзгерістерге ұшырайды немесе табиғи ескіреді. Бұл өзгерістер негізінен ауа мен жарықтың әсерінен болады. Жәдігерлер биологиялық зиянды жәндіктердің: шыбын – шіркейлер, құрт – құмырысқалардың және кеміргіштер мен микроорганизмдердің де әсерінен бұзылуы мүмкін. Температураның белгілі бір деңгейі және ылғалдылық дәрежесі жәдігерлердің табиғи көнеру процесін тездетуі, немесе бәсеңдетуі, не баяулатуы мүмкін. Ауаның жоғары дәрежедегі ылғалдығы, егер ғимаратта, бөлмеде газды ластанған заттар болса зиянды химиялық қоспалардың пайда болуына әкеп соғады. Жоғары дәрежедегі ылғалдылық шаң – тозаңның да таз (грибковые) ауруларын, яғни микроорганизмдердің қозуынан туатын ауруларды тудырады. Осындай қолайсыз жағдайлардан сақтау үшін музей жәдігерлерін сақтау тәртібі, ережесі болады. Ол температуралық ылғалдылық режимі, ауадағы зиянды заттардан қорғау, биологиялық және механикалық бұзылудан, нұқсаннан қорғау, апаттан алдын ала сақтандыру шаралары, экстремальдық (аяқ астынан шыққан қиындық) жағдайларға байланысты алдын – ала дайындық шаралары жасалынады.

Тарихи мұражайлардың қорларына енетін заттар әртүрлі. Сондықтан оларды дұрыс сақтай отырып, әрбір заттың қолданыс аясын да естен шығармаған жөн. Бұл міндетті қорды сақтау жүйесі шешеді.

Режим (тәртіп, ереже) мен сақтау жүйесіне негізделген қор жұмысының бағыттарын “музей қорларын сақтауы» дейді. Әрбір мұражайдың өзіндік ерекшеліктері болуы себепті, сақталу режимдері соған сәйкес жасалынады. Ол жәдігердің мазмұнына, қордың құрылымына, сапасына, санына, сақталған мерзіміне сай ерекшеленеді. Әрбір мұражай, әрбір қор сақтау қоймасы өзінің арнайы бағытына қарай жұмысын ұйымдастырады.



А) Температуралық – ылғалдылық тәртіп.

Температура мен ауа ылғалдылығы заттардың табиғи ескеруіне өте қатты әсерін тигізеді. Бұл әсердің сипаты мен күші заттың жасалған материалынан, оның құрылымынан, қандай ортада болғандығынан, музей жәдігеріне айналғанына дейінгі сақталуына тығыз байланысты.

Органикалық ылғал тартқыш (гигроскопиялық) материалдардан (ағаш, тері, қағаз, мата) жасалған жәдігерлер өте жоғары немесе өте төмен ылғалдылықтан қатты зардап шегеді. Төмен ылғалдылықта бұл материалдарда сызат пайда болады, сығымдалып, беріктілігі, төзімділігі азайып, зат деформацияға (өзгеріске) ұшырайды. Өте жоғары ылғалдықта бұл заттар ісініп, талшық жіптердің байланысы, жабысуы бұзылады, химиялық өзгерістер күшейеді, зат деформацияға ұшырайды. Өте жоғары ылғалдылық заттың тез құрып кетуіне әсер етеді.

Температураның кенеттен өзгеруі жәдігерлерге қатты әсер етеді. Бір бөлмеден екінші бөлмеге немесе басқа жерге ауыстырғанда (акклиматизация), жәдігер сол ортаға үйренгенше ылғалдылығы аралық температурадағы бөлмелерде ұсталуы тиіс.

Әсіресе, археологиялық жәдігерлерге өте көп өзгерісті басынан кешіруге тура келеді. Темір заттарда топырақ коррозиясы болады.

Температуралық ылғалдылық режиміне байланысты қалыптасқан бірегей көзқарас жоқ. Көптеген ғылыми еңбектерді нұсқаулар бойынша темір заттары үшін +180 +200 С, 50 % - ке дейінгі ылғалдылықта, шыны, эмаль, кеамика заттары үшін +120 +200 С және 55-65% ылғалдылықта, тастар (бағалы, жартылай бағалы) +150 +180 С, 50-55% ылғалдылықта, ағаш зат +150 +180 С және 50-60% ылғалдылықта, тері, аң терісі бұйымдарын +160 +180 С, 50-60% ылғалдылықта, қағаз +170 +190 С 50-55% ылғалдылықта, өнер суреттері +120 +180 С және 60-70% ылғалдылықта, қара суретер +120 С, 40-50% ылғалдылықта, түрлі – түсті сурет +50 С, 40-50% ылғалдылықта, маталар үшін +150 +180 С, 55-65% ылғалдылықта, сүйек, мүйіз, тасбақа заттары үшін +140 +150 С, 50-60% ылғалдылықта ұстауды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
жалпы білім
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
дістемелік кешен
мелетке толма
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...