Дәрiлер технологиясы



Дата14.09.2022
өлшемі13.75 Kb.
#290207
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Дәрiлер технологиясы (грек тiлiнен techne – өнер, шеберлiк; logos – iлiм) – дәрiлiк заттарды дәрiлiк препараттарға белгiлi бiр дәрiлiк түр бере отырып, қайта өңдеудiң өндiрiстiк процестерi мен теориялық негiздерi жөнiндегi ғылым. Дәрiлер технологиясы фармация ғылымының құрамдас бөлiгi болып табылады және дәрiлiк заттар мен препараттарды жасау, олардың қасиеттерi, өндiрiсi және талдау жөнiндегi ғылыми бiлiмдер жүйесiн құрайды.
Фармацевтік технологияның қазіргі заманда дамуы базалық және шектес: химия (бейорганикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, фармацевтикалық), физика, биофизика, микробиология, гигиена, фармакология, фармакогнозия, фармация ісін ұйымдастыру және басқару ғылымдарының жетістіктерімен байланысты.
Фармацевтік ғылымдар мен тәжірибелердің дамуы үшін, фармацевтік технология аса маңызды міндеттерді шешуі қажет:

  • дәрiлiк түрлердi дайындаудың дәстүрлі әдiстерiне теориялық дәйектемелер беру;

  • дәрiлiк түрлердi дайындаудың дәстүрлі тәсiлдерiн жетiлдiру және шектес ғылымдардың жетiстiктерiн пайдалану негiзiнде, жаңа тәсiлдерiн зерттеп жасау;

  • емдiк әсерi барынша жоғары, ал жанама әсерi төмен, қолдануға ыңғайлы жаңа дәрiлiк түрлердi зерттеп жасау.

Қойылған міндеттерді шешу келесі жолдармен жүргізіледі: базалық және шектес ғылымдардың жетістіктерін қолдана отырып, эксперименталды және теориялық зерттеулерді қорытындылап, қазіргі заманғы қондырғыларды, аппараттарды, талдау әдістерін қолданып, ғылыми зерттеулер жүргізу; көмекші заттардың: дәрілік құралдардың жаңа тасымалдаушысы, дисперстік орталар, дәрілік түрлердің термодинамикалық, физика-химиялық тұрақтылығын (тұрақтандырғыштар, диспергаторлар, құрылым түзгіштер) және микроорганизмдерге қарсы тұрақтылығын (консерванттар) қамтамасыз ететін заттар; корригирлеуші заттар; әсер етуші заттардың босап шығу жылдамдығын және дәрежесін, сіңірілуін, жергілікті әсерін реттегіштер ассортиментін кеңейту; кіші механизация құралдарын қолдануда және дәрілік құралдарды жасап шығаруда технологиялық процесті жетілдіру; қазіргі заманғы орамдауыш материалдарды қолданып, дәрілік түрлерді орамдауды жетілдіру; дәрілік түрлердің сапасын бақылау кезінде технологиялық параметрлерді бағалайтын объективті тәсілдерді қолдану және жасап шығару, дәрілік препараттардың сапасын бағалау үшін жаңа физика-химиялық әдістер енгізу; әртүрлі үлгілерді қолдана отырып, дәрілік түрлерді және препараттарды жасап шығарудың барлық этаптарында биофармацевтік зерттеулер жүргізу.
Осы міндеттердің орындалуы дәрілік препараттардың сапасын және аурулардың алдын-алу, диагностикалау, ауруды емдеу деңгейін арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде