Бiрiншi топ — талап етiлмелi депозиттер, олар сондай-ақ чектiк депозиттер деп те аталады. Талап ету депозитi түрiнде қаржы тарту кезiнде банк пен салымшы арасында келiсiмшарт жасалады .Чектiк депозит — бұл міндетті түрде өтелуге тиiстi, салымшыға чек жазуға құқық беретiн шот. Чектiк депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауiпсiздiгiмен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсiндiрiледi. Сонымен катар олар бiрiншi талап бойынша накты ақша алуға мүмкiндiк бередi. Чектiк депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемi керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгiлейдi. Бұл кезде төлем мөлшерi бiр ай көлемiнде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруiмен өзгертiледi. Егер салымшы бiр ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткiлiктi баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбiр кездерде бұл төлемдердi алудан бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының ерекшелiктерiне мыналарды жатқызуға болады:
— ақшаны салуға немесе алуға шектеудiң болмауы;
— ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегiмен алынуы мүмкiн;
— шот иесi банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбiр жазылған чек үшін коммисия төлеуі;
— Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзiмдiк депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы.
Жинақ салымдары
Депозиттің келесi тобы — жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келiсiм (1 -қосымша) негiзiнде ашылады. Қазiргi кезде жинақ депозиттерiнің басты типi жинақ кiтапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар — бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетiн чектiк емес депозиттер.
Жинақ салымдарының ерекшелiгi мынадай:
— бұл шоттардың анықталған мерзiмдерi жоқ;
— салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бiрдей ала алады;
— бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етiлген, қазiр банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы;
— осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын жазуға құқылы;