Денсаулық сақтау жөніндегі заңдылықты реттеуде қандай құқық салалары қатысады?



Дата09.10.2020
өлшемі18.5 Kb.
1 - тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Қоғамдық денсаулық сақтаудағы функциялары мен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу; Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау;

  1. Денсаулық сақтау жөніндегі заңдылықты реттеуде қандай құқық салалары қатысады?

Республикада денсаулық сактау жүйесінде жүргізілетін реформаның іске асуының ең маңызды жағдайларының бірі — оның құкықтық негіздері. Біріншіден, ол Herізrі зан-Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), мүнда бірнеше баптар халық денсаулығынқорғауға арналған.Мәселен, 29- бап. 1. Казакстан Республикасының азаматтарынын денсаулығын сақтауға қүқы бар. 2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін теrін алуға хақылы. 3. Мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде, сондай-ақжеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.31-бап.1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. 2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына кқатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.Сонымен қатар осы заңға сәйкес денсаулық сақтау саласында түрлі меншіктің дамуының құқықтық негізін қалыптастыру үшін аса көп жүмыс жүргізілуде.

  1. Денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері туралы айтыңыз

Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаты мынадай негiзгi принциптердiң:
 

      1) медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгi мен сапасы;


 

      2) мемлекеттiң, жұмыс берушiлер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшiн ортақ жауапкершiлiгi;


 

      3) Қазақстан Республикасының азаматтарына тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетудi қамтамасыз ету;


 

      4) денсаулық сақтау жүйесi қызметiндегi медициналық көмектiң профилактикалық бағыттылығы;


 

      5) сектораралық өзара iс-қимыл жасау;


 

     6) пациенттердiң құқықтарын қорғау негiзiнде жүргiзiледi.



  1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын мемлекеттік реттеудің даму кезеңдері

Осыған байланысты, 2011-2015 жылдарға арналған «саламатты Қазақстан» бағдарламасының аяқталуымен, ҚР ДӘДМ Денсаулық сақтаудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірледі.

Оның негізгі бағыттары:

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, аймағына және тұрғылықты жеріне қарамастан оның қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы секторға бөлінетін қаражаттың 40 пайызын бөлуді жоспарлауда;

  • сауықтыруды, аурулардың алдын алу мен емдеуді медициналық көмек көрсетудің біртұтас процесі ретінде қарастыратын ауруларды басқару жүйесін енгізу;

  • денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамыту; Қазақстанда 2009 жылдан енгізіліп келе жатқан Біліктіліктің ұлттық жүйесіне сай келетін кадрларды әзірлеудің, қайда әзірлеудің және біліктілігін көтерудің жүйесін жаңғырту;

  • қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Алайда денсаулық сақтау саласының бүгін-гі таңда шешілмей отырған бірқатар өзекті мә-селелері де бар, олар: ауылды жерлердегі білікті мамандардың жетіспеушілігі; денсаулық сақтау саласындағы мамандар әзірлеудің әлсіздігі; медицина қызметкерлерінің еңбекақысының төмендігі мен әлеуметтік қорғаудың аздығы; аймақтық медициналық мекемелердің аспаптармен аз қамтылуы; мемлекеттік басқару органдарындағы жемқорлық; дәрігерлердің жіберген дәрігерлік қателіктері үшін жауапкершіліктің төмендігі; азаматтардың өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде медициналық көмекті ала алмауы; жергілікті бюджеттердің деңгейінің әртүрлі болуына байланысты медициналық көмекті көрсетудің көлемі мен сапасындағы аймақтар бойынша дифференциациясы; денсаулық сақтауды бюджеттік қаржыландыру үлгісі азаматтардың кепілдік берілген тегін медициналық көмектің ҚР заңдарымен анықталған мұқтаж көлемін жаба алмауда; медициналық көмек көрсеткені үшін бірыңғай тарифтік саясаттың болмауы.



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде