Дені сау болған керемет!

Loading...


Pdf көрінісі
Дата21.09.2021
өлшемі237.91 Kb.


Дені сау болған керемет! 

Адам әр нәрсенің бағасын басынан өткізген кезде ғана біледі...  

Мен де сондай жанның бірімін. Есімді білгеннен кейін, 11жасымда мен кенеттен 

қатты  қысылып  дәрігерге  көріндім.  Содан  мендегі  аурудың  туылғаннан  бері  бар 

екендігі  анықталды.  Сол  уақыттан  бері  ата-анам  мені  барлық  жерге  көрсетіп,  емдетіп 

келеді.  Бұл  ауру  мені  тез  есейтті,  ауруым  жаныма  батқанда  денсаулықтың  бағасын, 

өмірдің  қадірін  түсінгендей  боламын.  Денсаулықсыз  өмір  қызықсыз  әлем  деп 

санаймын. 

Денсаулық  -  адам  өміріндегі  ең  жоғары  бағалы  дуние.  Өмірдің  шаттығы  мен 

қызығы  денсаулыққа  байланысты.  "Денсаулық  -  зор  байлық"  –  деген  сөз  бекер 

айтылмаса  керек.  Дені  сау  адам  қоғамның  белсенді  бір  мүшесі.  Менің  алдыма  қойған 

мақсатым көп... Оған жету үшін үнемі күресу керек. Күресу үшін денсаулық керек. Бұл 

ауруды  да  жеңіп  шығамын,  себебі,  ата-анам,  бауырларым,  туыстарым,  достарым  және 

ұстаздарым менің тілеуімді тілеп, қамықпауыма көп көмектеседі. 

Мен өз отбасымның бақыттылығына өз үлесімді қосуға тырысамын. Бірінші ата-

анамды  қуантып,  жұмыстан  келгендерінде  оларға  арнап  бір  жаңалық  жасағым  келеді. 

Шайға  арнап  түрліше  піспелер  дайындауды  және  салаттар  жасауды  әдетке 

айналдырдым.  Өзімнен  үлкен  апамның  киімдерін  үтіктеуге,  өзімнен  кейінгі  іні-

сіңлілерімнің  сабағын  дайындауға  көмектесемін.  Сонымен,  менде  бос  уақыт  мүлде 

болмайды.  Өзінің  бос  уақытын  тиімді  пайдаланған  адамға  өзге  қылтың-сылтыңды 

ойлауға да мұршасы болмайды. Ол үшін таңертең шағын бір күндік жоспарымды жасап 

аламын, сол жоспар бойынша ойлағанымды іске асырамын. 

Мен  өз  сыныптас  құрбыларыма  да  ризамын,  олармен  уақыт  өткізу  өте  көңілді. 

Сырласасын,  білмеген  ойларыңды  бөлісесін,  кейбір  істерге  кеңес  бере  отырып,  өзің 

үйренесің.  Ондай  күндері  біреуге  "көмегім  тиді-ау"  деп,  кешке  дейін  қуанып  жүресің. 

Мұсылман ұл-қыздарының бойындағы әдептілік пен әдемілік өзге ұлттардан ерекшелеп 

тұратын  қасиет.  Мен  бұл  қасиеттіліктің  үнемі  сақталуын  қадағалап  отыратын 

ұстаздарға да рахмет айтар едім. Сабаққа келгеннен, үйге кеткенге дейін өздерінің жіті 

бақылауында  қадағалап  отыратын  ұстаздарымыз  біздің  болашағымыз  үшін  көп 

алаңдайды. 

Кейде  кейбір  замандастарыма  ренжитін  кездерім  де  болады.  Олар  сырт 

келбеттерін  әрлеп,  шаштарын  жайып  өзіне  жарасымсыз  қылықтармен  әуестенеді.  Ол 

қылықтары өздеріне ерсі екенін біле-тұра, еркеліктен істейтіндері көп. Ата-аналарының 

сөзін сөйлейтіндігін білетін олар болмашы нәрсеге ата-аналарын ара-шашы етіп жүрген 

жерлерің  шулатып  жүреді.  Ондайлар  көбіне  баршылық  отбасынан  болады.  Шегу,  ішу 

т.б.  жат  әрекеттерге  де  баратын  солар  деп  ойлаймын.  Бұндай  жастарымыз  өзіне  ғана 

зиян  келтірмей  отбасына,  жүрген  ортасына  да  қауіпті.  Себебі,  олар  өз  орталарына 

өзгелерді тартуға бейім болады. Мен бұндайларға жиіркене қарап, өзіме сабақ аламын. 

Және өзімнің құрбыларыма да сабақ болсын деп ескертіп жүремін. 

Біздің  Қазақстан  кең  байтақ.  Шығысы  мен  батысы,  солтүстігі  мен  оңтүстігі  ат 

шаптырым,  көз  жетпес  қияда.  Егер  сен  саяхатқа  шығып,  демалысыңды  қызықты 

өткізгің  келсе  Қазақстанды  арала.  Кейде  мен  теледидардағы  басқа  елдерді  аралап, 

тұрмыс-салт,  әдет-ғұрпымен  таныстырып  жүрген  жиһанкездерді  көргенде,  мен  де  өз 

елімді  өзге  елдерге  осылай  етіп  көрсетсем  деген  ой  қиялымды  жетелеп  кетеді.  Өз 

елімнің  табиғатың,  емдік  қасиеті  бар  түрлі  шипалы  жерлерін  мақтанышпен  көрсетер 

едім. Түрлі өсімдіктерінен емдік дәрілер жасар едім. 

Өз  елін  сүйген  адам  -  оның  көркеюіне  үлесін  қосары  сөзсіз.  Ата-анасын  сүйген 

адам  -  болашағы  үшін  күресе  білетін  адам.  Достарың  сүйген  адам  –  адамдық 

қасиеттілігі  мол  адам.  Менің  бойымда  осының  бәрі  бар.  Мен  өз  келешегім  үшін, 

денсаулығым  үшін  күресе  білемін,  өз  басымды  ғана  емес  өзгелерді  де  түрлі  жаман 

қасиеттерден алшақ жүруден сақтандырамын.

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...