Дене тәрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады

Loading...


Дата13.04.2020
өлшемі42.48 Kb.
Дене тәрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі және КМТ- дегі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларымен қарастырылған дене дайындығының міндетті түрлері және үйде дербес шұғылдану әрбір оқушыға қолайлы.Қозғалыс белсенділігіне жеткіншектерде тұракты қажеттілікті қалыптастыруда спорттың рөлі зор. Алайда, шама жетпейтіндей спорттық жүктемелер бала ағзасында жағымсыз өзгерістерді туындатуы мүмкін. Дәрігерлік дене шынықтыру диспансерлерінің көптеген мамандары жас спортшылар денсаулығын қорғайтындықтан мұндай құбылыстар сирек болса да кездесетіндігін білген жөн.Балалық жаста спорттың кез келген түрімен айналыса беруге болмайды. ҚР-сы Білім, денсаулық және спорт министрлігінің дене тәрбиесімен спорт комитеті, жеке спорт түрлері бойынша оқу- жаттығу топтарына балалар мен жеткіншектерді қабылдау үшін жас шектері бар.Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ұсынылып отырған көлемі сергектің (ұйықтамаған уақыттың) барлық кезеңіне бірқалыпты бөлінуі керек; ағзаның тәуліктік ырғағына сәйкес қозғалыстың көп бөлігін 9-12 және 15-18 сағаттардың арасында орындау керек. Шаңғының дамуының адамзат тарихында өзіндік орны бар. Шаңғы адамзат үшін спорт ретінде емес, қасат қардың бетінде қозғалып жүру үшін керектігімен дамыды. Кейін келе, жылдамдықпен жүру үшін шаңғының жаңартылған-дамыған түрлері дайындала бастады.Табиғи жүріс — шаңғы тебудің негізгі қозғалысы. Табиғи жүріспен жүргенде, айталық оң аяқ алдыға шықса сол қолмен таяну, сол аяқ алдыға шықса оң қолмен таяну арқылы шаңғымен жүру жалғасады. Жүгіру де осылай орындалады. Шаңғы тебу барысында трассаның бойында жота, еңіс, қия бет, т.б. кедергілі жерлермен өтуге тура келеді. Сондықтан жылдамдықты арттыру үшін өрлеу жерлерде таяқты алма-кезек пайдаланып, итеріліп отыру керек. Жазық жерде әдеттегідей табиғи жүріспен жүруге болады.Оқу орнының арнаулы белгіленген шаңғы тебетін, яғни, сабақ өткізетін алаңы болады.Шаңғыны бұрын салынған шаңғы ізімен жүргізіп сабақ өткізеді. Шаңғы пайдалану мазмұнына қарай төрт түрге бөлінеді:оқу-үйрену шаңғысы;жарыс жолына шығатын жүгіру шаңғысы; тау шаңғысы; туристік шаңғы.Пайдалану үшін щаңғы арнаулы бәтеңкеге бекітіледі. Жалпы шаңғы тебудің қалай қозғалатындығын, жер бедеріне байланысты қалай сырғанау керек екендігі жөнінде, әсіресе, еңіске түсу, өрге шығу, т.б. қозғалыстардың айла-тәсіліне тоқтамаймыз. Себебі, бұл материалды оқушылар мектеп қабырғасында жүргенде оқып кетті.Біздің мақсатымыз мүмкіндік болғанша, емтихан тапсырғанда қаралатын және өткен курстарда оқылмай қалған материалдарды беріп отырмыз. Мәселен, шаңғыны әркім өз бойына қарай іріктеп алуы керек, шаңғыны күтіп ұстау, оны сабақтың басында және соңында қалай алып жүруді, қалай майлау керектігін білуі тиіс. Беттің үсігеніне қандай шара қолдану керектігі сияқты материалдар өткен курста оқытылып кетті. Енді бір ескеретін жағдай, бұл материалдың теориялық анықтамасы емтихан сұрақтарына кіреді. Шаңғы киімі — жалпы шаңғы киімінің ең негізгі талабы жел өтпейтін киім болуы керек. Шаңғымен шұғылданған кезде жел соғады, спортшының өзінің жылдамдық қозғалысының үдеуі бар. Әсіресе, солтүстік өңірлерде ауа райының температурасы, желдің жылдамдығы ескерілгені жөн болады.Балалардың шаңғы тебуді қалыптастыру үшін мынадай іс-әрекеттер атқарылады:денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту;өмірлік мәнді қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру;қозғалыс қабілеттерін дамыту және үйлестіру;\дене мәдениеті және спорт саласында қажетті білімдерді игеруденені шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға қажетті қабілеттерді үйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттерін арттыру;адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, психикалық үдерістер мен жеке тұлғаның қасиеттерін дамыту. Шаңғы тебу бойынша бағдарламалық материалдарды оқушылар ойдағыдай меңгеруі үшін мынадай талаптарды орындайды:дене тәрбиесі сабақтарына міндетті түрде қатысу;өзінің денесінің даярлығын арттыру және спорттық шеберлігін жетілдіру;жыл ішінде бағдарламалық материалдың негізгі бөлімдері жөніндегі бақылау көрсеткіштерін орындау;мектепте спорттық-бұқаралық бағытта өткізілетін іс-шараларға және денені шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына белсене қатысу;дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің нұсқау-кеңестерін пайдалана отырып, дене жаттығуларын өз бетінше жасау; дене тәрбиесі пәніне қосымша бағдарламаның теориялық бөлімінің талаптарын білу және тәжірибе жүзінде қолдану; әрбір оқу жылында бітіретін сыныптарда дене мәдениеті бойынша білімін анықтау үшін сынақ тапсыру; әрбір оқушының жеке спорт киімінің болуы.Балалардың дене мәдениеті бойынша білімі мен тәрбиесіне, олардың дене мәдениетін қалыптастыруға біршама ғылыми зерттеулер арналған. Алайда, аталған жұмыстарда жалпы орта білім беру мектептері оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, олардың тұлғалық дамуын ескерумен байланысты ерекшеліктер жеткілікті ашылмаған. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі дамуы, жақын болашақта дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан, жалпы білім беру жүйесінде еліміздің жалпы орта мектептерінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру міндеті қойылады және білім беруде дене тәрбиесіне, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесі мен дене мәдениеті және спортты дамытуға орай білім беру саласын реформалаудың маңызды бағыттарының біріне айналады. Осыған байланысты, жалпы орта мектептерде оқушыларға дене тәрбиесін оқытудың мақсаты, оларда дене мәдениетін қалыптастыру, заманауи технологиялар негізінде оқытып, үйрету мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді меңгеру, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны жетілдіру мен еңбек етуге, отанды қорғауға дайындау болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ



Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1.\r\n\r\nБазарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.\r\n\r\nБрусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері». Алматы, «Кітап», 2001.\r\n\r\nГазимова Х. Шынықсаң шымыр боласың. – Бастауыш мектеп. 2005ж.\r\n\r\nДене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2) -Б.262-264.\r\n\r\nДене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31. \r\n\r\nЖеке тұлғаның рухани дамуындағы дене мәдениетінің рөлі //«Шоқан тағлымы 14» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Т.6.- Көкшетау, 2009. – Б.222-224.\r\n\r\nСпорттық қызметтің мәні мен ерекшелігі. «Қазақстан жоғарғы мектебі» 2008. №1, -Б.-71-76.\r\n\r\nТайжанов.С., Қошаев М.Н., Адамбеков М.И.,Мухтаров С.М. Баларда қозғалыс функциясын қалыптастыру // Дене тәрбиесінің жаршысы журналы., — 2004. – № 1. — 79-84 б.б.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...