М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті
МӘНЖАЗБА
Тақырыбы: «Дене шынықтыру және спорт әлеуметтік құбылыс пен мәдени құбылыс ретінде»
Орындаған:
Тексерген:
Күні: 30.09.2021ж
Дене шынықтыру және спорт әлеуметтік құбылыс пен мәдени құбылыс ретінде
Қоғам дамуының қазіргі сатысында жастардың кәсiби сауықтыру мәдениетiн кәсіби тұлғаны қалыптастыруға, денсаулықты (адамшершілік, психикалық, физикалық) сақтауға және нығайтуға, организмнің резервтiк мүмкiндiктерiн жоғарылатуға, кәсіби түрде маңызды қасиеттерді дамытуға бағытталған дне шынықтыруды әлеуметтiк қызмет түрi ретінде қарастыру керек. Бұл құзырлы кәсіби маманды максималды өмір ұзақтығы кезінде еңбек және әлеуметтік бесенділікке дайындауды қамтамасыз етеді.
Дене мәдениеті дене табиғатын тәрбиелеудің нәтижесі. Бұл адамдардың дене дамуын қалыптастырып оны пайдаланудағы материалдық және рухани байлық.
«Дене шынықтыру мәдениеті» жекеден жалпыға сияқты, «мәдениет» деген түсінікке жататыны туралы талай айтылып жүр. Енді, оны басқа сөзбен айтқанда — дене шынықтыру адамзат мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту жолындағы қызмет және осы бағыттағы жұмыс тәртібі деп ұғынуға болады. Немесе оны былай да түсіндіруге болады: тиісті ұйымдардың тарапынан берілген тапсырма немесе жүктеме есебіндегі адамдардың берілген талаптарды орындауы. Мысалы, мемлекеттік бағдарламада көрсетілген «Дене шынықтыру» сабағына қатысуы. «Дене мәдениеті» түсінігін «Мәдениет» түсінігіне жалпы жатқызуға болады, себебі, дене мәдениеті мәдениеттің бір бөлігіне жатады.
Дене мәдениеті - бұл адамзат мәдениетінің органикалық бөлігі, оның ерекше дербес аймағы. Дене шынықтырудың негізінде өз бойында қажетті физикалық қабілеттерді тиімді қалыптастыруға, денсаулық жағдайын оңтайландыруға мүмкіндік беретін дене жаттығулары түріндегі мақсатты қозғалыс белсенділігі деп білеміз. Денсаулық - әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы. Адамның өзі негізделген және нығайтылған денсаулығы оның ұзақ және белсенді өмірін қамтамасыз етеді. Қоғамдық өмірде білім беру, тәрбиелеу және демалу жүйесінде дене шынықтыру өзінің сауықтыру, жалпы мәдени маңыздылығын көрсетеді. Дене дамуы адамның денсаулығын нығайту және сақтаумен тығыз байланысты. Әр түрлі физикалық жаттығуларды белсенді қолдану арқылы адам өзінің физикалық жағдайын жақсартады. Дене шынықтырудағы белсенділіктің нәтижесі - дене дайындығы және моторикасы мен дағдыларының жетілу дәрежесі.
Дене шынықтыру мен дене мәдениетінін нәтижелері қоғам мен жеке адамдар үшін пайдалы болатын ерекше қызмет түрі ретінде қарастырған жөн.
«Дене мәдениеті дегеніміз адам өз дене күшін, құрылысын, жаттығулар кешенін істеу арқылы өзгертуге арналган үдерісті айтуға болады. Бұл деген адамдардың дене қимылын жетілдіруге арналған материалдъщ, рухани байлықтың кешені болып табылады». Ал мектептегі дене мәдениеті дегеніміз — материалдық рухани бағыттың қосындысы ретінде мектепте қоғамның күшімен балалардың дене даярлығын ұштайтын пән ретінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |