Биомеханика Инженерлік
Медициналық
Эргоникалық
Дене жаттығулар
2.Биомеханика - бұл.. А)оқу пән В)ғылым С)қолданбалы механиканың бөлімі Д)организмдегі өткен биологиялық процестер Е)ағзалардың механикалық қозғалыстары туралы ғылым, оқу пәні
1.Биомеханика деген не?А)тірі қозғалыстардың ғылымы В)биология қозғалыстарының ғылымы
С)тірі жандардың қозғалыстары туралы ғылым Д)жансыз денелердің қозғалыстарының ғылымы Е)тірі ағзалардың механикалық қозғалыстары туралы ғылым
3.Биомеханика қандай ғылымдармен тығыз байланысты? А)биохимия В)генетика С)антропология
Д)анатомия Е)биофизика
4.Адамның бұлшық еттері қандай қасиеттерге ие болады? А) жиырылғыштық В)тұтқырлық С)жылылық сыйымдылығы Д) жоғарылағыш Е)тығыздық
1. Механика дегеніміз не? 2. Жер бетіндегі жан-жануар мен адамның қозғалу заңдылығына қызыққан ғалым кім? 3. Инженерлік биомеханика нені зерттейді? 4. Леонардо да Винчидің өмір сүрген жылдары? ****** *** ** **** ** ******** Спорт биомеханикасы пән ретінде дене қимыл-қозғалыс жасау үрдісінде адамның қозғалуын зерттейді. Спортшының қозғалу әрекеттерін жүйе түрінде қарастырады (тану объектісі). Қозғалыстардың механикалық және биологиялық себептерін зерттеп әртүрлі жағдайлардағы қозғалу әрекеттерінің ерекшеліктерін қарастырады.Биомеханика жалпы, дифференциалды (бөлшектену) және жеке (дара) болып үшке бөлінеді.
Жалпы биомеханика тыңғылықты теория мәселелерін шешеді, оның үстіне адам қалай және неге қозғалатынын білуге болады. Бұл саланың дене тәрбиесіне және спортқа тигізетін пайдасы зор.
Дифференциалды биомеханика жеке адам мен топтардың қозғалу мүмкіншілігімен қозғалу әрекеттерін зерттейді. Олардың жасына, жынысына, денсаулығының жағдайына, дене дайындығына т.б. байланысты зерттеледі.
Дара (жеке) биомеханика техникалық сұрақтар мен тактикалық дайындықты егжей-тегжейлі қарастырып жеке спорт түрлерімен жалпы денешынықтыру мәселелерімен айналысады. Негізгі мақсаты-адамдардың-әрбір жаттығуларды дұрыс орындап қозғалыс-қимыл мәдениетін өздігінен меңгеру болып есептеледі.
Спорт биомеханикасының негізгі тәсілі-зерттеу тәсілі, құбылыстардың заңдылықтарын ашу және тану.
Биомеханика тәсілі жалпы күйде негізінде талдау жүйелілігімен жинақтау жүйесінің сандық көрсеткіштерін пайдалана отырып қозғалу модельдерін жасау.
Биомеханика-экспериментальді ғылым, сондықтан тәжірибелерге сүйене отырып қозғалыстарды зерттейді. Сандық ерекшеліктері әдейі аспаптар арқылы тіркеліп, мысалы: жылдамдық траекториясы, үдемелі қозғалыстарды айыра білетін және өзара салыстыра алатын болуы керек. Оларды сипаттап, қозғалу жүйесін арнайы ережелер арқылы бөлшектеп, оның құрамын анықтайды