«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет6/7
Дата10.09.2017
өлшемі0.67 Mb.
#20024
1   2   3   4   5   6   7


Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.

Еркін жазу: Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер (оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

Топтастыру стратегиясы:

Бұл әдісті жаңа тақырыпты өтерде немесе өткен тақырыпты қайталау кезінде қолдануға болады. Студенттер бұл жұмысты топ болып орындайды. Жаңа материалды өткен кезде қолданған жағдайда сабақ соңына қарай бұл жұмыс толықтырылады.

Әдіспен жұмыс: Әдіспен жұмыс бірнеше жұмыс жүйесінен тұрады:

1. Әдісті топта қолданып зерттеу жүргізу, зерттелініп отырған құбылыс жөнінде психологиялық ақпарат алу.

2. Әдісті интерпретациялау. Алынған ақпарат сандақ және сапалық өңделеді. Ақпараттың өңделуі әр әдістің ерекшелігіне қарай жүргізіледі.

3. Псиологиялық диагноз жасалады, яғни алынған мәліміт жазбаша түрбе беріледі.


1 ОЖСӨЖ мазмұны:

Дефектология түсінігі

Түзету педагогикасы

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін талдау.

Әдістемелік нұсқау: Аквариум стратегиясы.
2 ӨЖСӨЖ мазмұны:

Дефектологияның әдістері

Дефектологияның принциптері

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқау: «РАФТ» стратегиясы.
3 ОЖСӨЖ мазмұны:

Л.С Выготскийдің өмірі мен еңбегі

Л.С Выготскийдің дефектологияның құрылуына және оның дамуына қосқан үлесі.

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін нақтылау.

Әдістемелік нұсқау: «Мозайка» стратегиясы.
4 ОЖСӨЖ мазмұны:

М.С.Певзнер: Олигофренияның формалары

Түзету жұмыстарының негізгі кезеңдеріжәне оның бағыттары

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін нақтылау.

Әдістемелік нұсқау: «Ассоциация» стратегиясы.
5 ОЖСӨЖ мазмұны:

В.В.Лебединский: Психикалық дамудың бұзылу типтерінің параметрлері

Психикалық дамуы баяу балаларды түзету- тәрбиелеу жұмысы

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін айқындау.

Әдістемелік нұсқау: «ББҮ» стратегиясы.
6 ОЖСӨЖ мазмұны:

Естудің бұзылу себептері

Естудің бұзылуын диагностикалау

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқау: «Аквариум».
7 ОЖСӨЖ мазмұны:

Тифлопедагогика тарихына шолу

Көру ақаулықтары бар балаларды оқыту әдістері

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқау: «Еркін жазу».
8 ОЖСӨЖ мазмұны:

Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалардыоқыту және дамыту ерекшеліктері

ДЦП кезінде кезінде қимыл-қозғалыстың, психиканың бұзылуы

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін нақтылау.

Әдістемелік нұсқау: «Пікірталас» стратегиясы.
9 ОЖСӨЖ мазмұны:


  1. Логопедияның принциптері

  2. Логопедиялық әдістердің қолданылуы

  3. Логопедиядағы көрнекілік әдістері

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін айқындау.

Әдістемелік нұсқау: «Үлкен шеңбер» әдісі.
10 ОЖСӨЖ мазмұны:

Жалпы тіл кемістігі бар балаларға психологиялық даму ерекшеліктері

Жалпы тіл кемістігі бар балаларды оқыту жұмысы

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін айқындау.

Әдістемелік нұсқау: «Пікір талас жүргізу» әдісі.

11 ОЖСӨЖ мазмұны:

Балаларда жазбаша сөйлеудің дамуы

Жазбаша сөйлеуі бұзылған балаларға арналған тапсырмалар жүйесі

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін нақтылау.

Әдістемелік нұсқау: «Кубизм» стратегиясы.
12ОЖСӨЖ мазмұны:

Күрделі бұзылыстағы балалар тобын психологиялық- педагогикалық тұрғыдан зерттеу

Күрделі ақаулық құрылымы бар балаларға көмек ету жолдары

Күрделі ақаулығы бар балаларды арнайы оқыту әдістері



Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін нақтылау.

Әдістемелік нұсқау: «Ассоциация» стратегиясы.
13 ОЖСӨЖ мазмұны:

Ақаулығы бар тұлғаларға медициналық тұрғыдан көмек ету

Мүмкіндіктері шектелген тұлғаларды қолдауда басшылыққа алынатын міндеттер

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқау: «Мозайка стратегиясы»
14 ОЖСӨЖ

Медициналық-педагогикалық-психологиялық комиссия құрамы

Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын зерттеу әдістері.

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқау: «Үлкен шеңбер» әдісі.
15ОЖСӨЖ

Ақаулығы бар балаларға арналған мекемелерді ұйымдастыру талаптары

Ерте педагогикалық көмек принципіне жалпы сипаттама

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін қорытындылау.

Әдістемелік нұсқау: «Конференция»

8. Типтік, есеп, графикалық жұмыс, лабораториялық жұмыс, курстық, проектілік (жұмыс орындалуы) бойынша әдістемелік нұсқаулар қарастырылмаған.

9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«Дефектология негізі» курсы бойынша картотека құрастыру.

ОЖСӨЖ қортындыларын конспектілеп отыру.



Практикалық сұрақтар мен ОЖСӨЖ тақырыптары бойынша әдебиет және басқа да ақпарат құралдарымен жұмыстану. .
«Дефектология негізі» пәні бойынша глоссарий

(пән атауы)


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Ақаулық

Аномалия

anomalos

Айыра алмау

Агграмматизм

agrommatosm

Алексия

Алексия

lexis

Алалия

Алалия

lalew

Анартрия

Анартрия

аnarthros

Дизартрия

Дизартрия

disarthron

Логопедия

Логопедия

logosрaideo

Араластыру

Контаминация

сontamination

Тұтығу

Заикание

disfluns

дыбысты бейнелеу

Эхолалия

есһоlalia

Бейімделу

Адаптация

Adaptation

Оқшаулану

Изоляция

dementia

Тест

тест

test

Проективті әдіс

проективный метод

projection metod

Индивид

Индивид

individual

Мойындамау

Отрицания

personality

Зерттеу әдістері

Методы исследования

methods of the study

Анкета әдісі

Анкетирование

questionnaire

Бақылау

Наблюдение

observation

Эксперимент

Эксперимент

experiment

Психологиялық емдеу

психотерапия

zygote

Инстинкт

инстинкт

instinct

Жұмыс альянсы

Рабочий альянс

Cohort effects

Жүйкелік қозу

психоз

stroke

Зерттеу әдістері

Методы исследования

methods of the study

Анкета әдісі

Анкетирование

questionnaire

Лонгитюдті әдіс

лонгитюдный метод

longitude metod


Реферат тақырыптары:

1.Дефектологияның қазіргі мәселелері.

2.Қазақстандағы дефектология ғылымының дамуы.

3.Дефектологиядағы Л.С.Выготскийдің ролі.

4.Ақыл-ойы баяу дамыған балалар.

5.Психикалық дамуы баяу балалар.

6.Естуі бұзылған балаларды түзету-тәрбиелеу жұмысы.

7.Сурдопедагогиканың міндеттері мен қазіргі жетістіктері.

8.Аутизм балалар.

9.Тифлопедагогиканың міндеттері мен қазіргі жетістіктері.

10.Ақаулығы бар балалар туралы түсінік.

11.Арнайы оқыту жүйесінің қазіргі жағдайы.

12.Арнайы мекемелердің коррекциялық бағыттылығы.

13.Оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс.

14.Логопедияның міндеттері мен жетістіктері.

15.Күрделі ақаулығы бар балаларды түзету-тәрбиелеу жұмысы.

16.Қазақстандағы ақаулығы бар балалармен жұмыс.

17.Арнайы мекемелердегі оқыту жұмысының мазмұны.

18.Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу.

19.Мінез-құлқы бұзылған балаларды түзету.

20.Сөйлеу тілі бұзылған балалармен түзету-тәрбиелеу жұмысының мазмұны.

21.Көруі бұзылған балалар.

22.Аутизм балаларды түзету мәселелері.

23.Қазақстандағы ақаулығы бар балаларды тәрбиелеу мәселелері.

24.Тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балалар.

25.Күрделі ақаулығы бар балалар.


10. Оқу өндірістік, дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттары қарастырылмаған.
11. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Бағаны қою саясаты: 1 кредит




Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Жұмыс үшін балл

Орын

даған жұмыс саны

1

Дәріске белсенді қатысу

100

15

3

СОӨЖ сабағына белсенді қатысу

100

15

4

СӨЖ тапсырмаларын орындау

100

15

5

Рубеждік бақылау

100

2

6

Емтихан

100

1




Қорытынды

100

8

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті.

Сабаққа кешікпеу.

Сабақ үстінде сөйлеспеу.

Сабаққа дұрыс, тиісілі киініп келу.

Сабақтан себепсіз қалмау, ауруына байланысты қалған уақытта анықтама көрсету.

Қалдырған сабақтарын оқытушының белгілеген уақыттарында тапсыру.

Тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

Сабақтан қалмау.

Оқу үрдісіе белсенді араласу.

Үй тапсырмаларын толық мұқият орындау.

Курстастарымен және оқытушылармен ашық, қайырымды, төзімді қарым-қатынас орнату.

Барлық сабақтарда кері байланыс орнатуы.

Ұялшақ студенттерді ұжымдық жұмыстарға , пікірталастарға тарту.

Пунктуальдылық және жауапкершіліктің болуы.

Сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеу.

Сағыз шайнамау т.б.



Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс соңында студенттер педагогика ғылымының даму тарихы, жүйесі, басқа ғылымдармен байланысы, методологиялық негіздерін, педагогикалық процесстің мәнін, заңдылықтарын, кезеңдерін, ҚР “Білім туралы” және т.б. заңдарын, тұлға дамуының факторларын, оның дамуының жас және жеке ерекшеліктерін, тәрбие заңдылықтарын, принциптерін, тәрбиенің отандық және шетелдік үлгілерін, тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, ұжымдық тәрбие негіздерін, тәрбие түрлерін, отбасы тәрбиесінің негіздерін меңгеріп шығуы тиіс.



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізіледі.



Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
Тест материалдары

1.Денелік, психикалық және ақыл-ой дамуында ауытқушылығы бар балалардың негізгі ерекшеліктерін, ауытқушылықтардың пайда болу себептерін және оларды тәрбиелеу, оқыту істерімен шұғылданатын сала



  1. дефектология

  2. логопедия

  3. арнайы психология

  4. сурдопедагогика

  5. тифлопедагогика

2. Арнайы педагогика зерттейді

  1. кеміс балаларды оқыту және тәрбиелеуді

  2. есту мүшесінде кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеуді

  3. көру мүшесінде кемістігі бар балаларды оқытуды

  4. қалыпты балаларды оқыту және тәрбиелеуді

  5. сөйлеу тілі бұзылған балаларды зерттейді

3. Арнайы педагогиканың неше саласы бар?

  1. 4

  2. 2

  3. 3

  4. 7

  5. 6

4. Арнайы білім беру жүйесіндегі басшылыққа алатын принциптер бірі

  1. ерте педагогикалық көмек ету

  2. ойындарды қолдану

  3. оқыту жұмысының шапшаңдығы

  4. биологиялық сипат

  5. әлеуметтік жағдай

5. Адамның дамуының толық тізбегін тап.

  1. денелік, когнитивтік, психоәлеуметтік

  2. физиологилық, биологиялық, гиперактивті

  3. индивидуалды, топтық, мәдени

  4. биологиялық, жекелік

  5. физиологиялық, мәдени

6. Баланың аномальды болып тууына себеп болатын биологиялық фактор -

  1. генетикалық материалдың өзгеруі

  2. педагогикалық тұрғыдан қараусыз

  3. әлеуметтік тұрғыдан қараусыз қалуы.

  4. әлеуметтік бұзылыс

  5. психологиялық өзгеруі

7.Ғылымға «сензитивтік кезең» ұғымын енгізген ғалым

  1. М.Монтессори

  2. Л.С.Выготский

  3. Ж.Пиаже

  4. Ж.Пиаже

  5. Э. Берн

8.Дефектологияның тарихында БҰҰ-ның “ақыл-есі кем адамдар құқығы” және “мүгедектер құқығы” атты декларация қабылданған кезең.

  1. V-кезең

  2. II-кезең

  3. III- кезең

  4. I-Кезең

  5. IV-кезең

9.Дефектология ғылымының эволюциялық даму тарихы неше кезеңге бөлінеді

5 4 2 7 6



10.Баланың ителлектуалдық және тұлғалық қабілеттерін қандай зерттеу әдісі арқылы анықтауға болады

  1. Тест

  2. Бақылау

  3. әңгіме

  4. сауалнама

  5. сұхбаттасу

11.Адамның әртүрлі кезеңдерін зерттеу әдісі

  1. лонгитюдті

  2. пилотажды

  3. проективті

  4. бақылау

  5. эксперимент

12.Эйфория –

  1. көңіл-күйдің себепсіз көтеріңкі болуы

  2. ешнәрсенің қызықтырмауы

  3. көңіл -күйдің ауытқып тұруы

  4. жүйке жүйесінің әлсіреп нашарлауы

  5. көңіл-күйдің түсіңкі болуы.

13.Өзбеттілікке ұмтылу қай жас кезеңінің дағдарысына жатады

  1. 3 жас

  2. 1 жас

  3. 7 жас

  4. 13 жас

  5. 15 жас

14.«Жақын аралық даму» зонасын ғылымға енгізген ғалым.

  1. Л.С.Выготский

  2. Ж.Пиаже

  3. Д.В.Эльконин

  4. Э.Эриксон

  5. К.Юнг

15.Сензитивтік кезең дегеніміз

  1. қарқынды даму

  2. өзгеру

  3. даму

  4. жетілу

  5. қалыптасу

16.Дефектология латын тілінен аударғанда қандай мағынаға ие


  1. кемшілік

  2. толымсыздық

  3. қалыпты даму

  4. оқыту мен тәрбиелеу

  5. мүгедектік

17.Баланың миы бір қалыпты дұрыс жетіліп келе жатқан кезде тыныс мүшелері мен жүрек тамырларында оттегінің азайып кетуі қалай аталады

  1. гипоксия

  2. интоксикация

  3. микроцефалия

  4. дауна синдромы

  5. шизофрения

18.Баланың аномальды болуына себеп болатын әлеуметтік фактор-

  1. әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалуы

  2. ананың ішінде болатын өзгерістер

  3. босану кезіндегі патологиялық өзгерістер

  4. хромосомдық өзгерістер

  5. ішкі дамудағы өзгерістер

19.Дефектология және клиникалық психология ғылымдарына байланысты көптеген зерттеулер жүргізген, кемтар балалардың ерекшеліктерін әр тарапты зерттеген көрнекті психолог

  1. Л.С.Выготский

  2. С.М.Сеченов

  3. В.Гаюи

  4. И.П.Павлов

  5. П.Перлз

20. Энцефалит дегеніміз

  1. инфекция түсу, улану, жарақаттану салдарынан адам миынының қабынуы.

  2. қимыл-қозғалыстың мүмкіндігінен айырылуы

  3. адамның сөйлеу қабілетінен мүлдем айырылуы

  4. кеңістікті бағдарлай алмауы

  5. есту қабілетінің бұзылуы

21. Кемістік -

  1. аномалия

  2. анамнез

  3. амнезия

  4. астения

  5. афазия

22.Туғаннан пайда болатын мінез- құлық түр

  1. инстинкт

  2. дағды

  3. интелект

  4. іскерлік

  5. әрекет

23.Деменцияның олигофрениядан айырмашылығы бұл

  1. мидың белгілі бөліктерінің зақымдануы

  2. мидың жалпы бөліктерінің дамымай қалуы

  3. бір сезім мүшесінің дамымай қалуы

  4. туғаннан ақыл-есінің кем болуы

  5. психикалық дамуының баяулығы

24.Баланың бас сүйегі мен миының жетілмей қалуынан пайда болатын ауру

  1. микроцефалия

  2. гидроцефалия

  3. шизофрения

  4. дауна синдромы

  5. сенсорлық бұзылыс

25.Бас мидағы қозғалыс зонасының зақымдануынан болатын ауру

    1. ДЦП

    2. ПДБ

    3. сенсорлық бұзылыс

    4. дислалия

    5. афазия

26.Көру, есту, сөйлеу, қозғалыс талдағыштарының дұрыс дамымауымен сипатталатын топ

    1. дефицитарлық

    2. олигофрения

    3. деменция

    4. психикалық дамуы баяу

    5. дебил

27.2-3 жасқа толғаннан кейін мидың зақымдану себептерінен баланың интеллектуалдық дамуы мен жеке тұлғалық қасиеттерінің регресске ұшырауы қалай аталады

    1. деменция

    2. олигофрения

    3. дифицитарлық

    4. дислалия

    5. тіл кемістігі

28.Адамның бас миының жоғарғы бөліктерінің зақымдану салдарынан адамның танып білу қабілетінің бұзылуы аталады

  1. агнозия

  2. аграфия

  3. акалькулия

  4. акинезия

  5. алалия

29. Хромосомдық өзгерісі бар ауру

  1. дауна синдромы

  2. ринолалия

  3. гидроцефалия

  4. микроцефалия

  5. деменция

30.Денелік және психикасы жағынан қалыпты дамуынан ауытқыған балалар

  1. кемтар

  2. арнайы

  3. қалыпты

  4. дербес

  5. еркін

31.Олигофрения терминін ғылымға енгізген неміс психиатры

  1. Э.Крепелин

  2. Ж.Эскароль

  3. Э.Сеган

  4. В.Гаюи

  5. Б. Луй

32.Өз-өзін қамтамасыз ете алмайтын және өз-өзін қорғай алмайтын, арнайы медициналық мекемелерде өмір сүретін олигофренияның түрі

  1. идиотия

  2. дебил

  3. дементті

  4. дизартрия

  5. ПДБ

33.Олигофренияның ең ауыр түрі идиотияда кездесетін синдром

  1. дауна синдромы

  2. гидроцефалия

  3. микроцефалия

  4. шизофрения синдромы

  5. дефицитарлы синдром

34.Олигофрения ақыл-ой кемістігінің даму барысында деңгейіне және сапалық дәрежесінің өзіне тән өзгешелігіне қарай неше топқа бөлінеді

  1. 3-топ

  2. 2-топ

  3. 6-топ

  4. 5-топ

  5. 7-топ

35.Ақыл - ой кемістігін халықаралық ғылыми тілде қалай атайды?

  1. олигофрения

  2. деменция

  3. ПДБ

  4. дефицитарлы

  5. ринолалия

36.Танымдық және эмоцияналдық дамуы жағынан құрбыларына қарағанда төмендеу болатын, бірақ үйлесімді көмек көрсеткен жағдайда тапсырмаларды орындай алатын балалар

психикалық дамуы баяу балалар

дифицитарлық дамуы бұзылған балалар

дементті

олигофрен балалар

күрделі бұзылыстағы балалар

37.Жүйке мен психиканың шаршау салдарынан әлсіреп нашарлауы, организмнің жұмыс қабілетінің төмендеуі аталады

астения


аура

эйфория


персеверация

аффект


38.Акалькулия -

баланың санды білмей, есептеу амалына қабілетсіздігі

адамның өздігінен аяқ- қолын қимыл - қозғалысқа келтіре алмауы

адамның сөздерді жазу қабілетінен біржолата айырылуы

адамның сөйлеу қабілетінен жартылай айырылуы

адамның сөйлеу қабілетінен біржола айырылуы

39.Дисфория –

көңіл -күйдің ауытқып тұруы

ешнәрсенің қызықтырмауы

көңіл- күйдің себепсіз көтеріңкі болуы

жүйке жүйесінің әлсіреп нашарлауы

ешқандай көңіл-күйдің болмауы



40.Саңыраулық пайда болу уақытына қарай бөлінеді

  1. ерте

  2. жалпы

  3. күрделі

  4. орташа




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді