«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік



Дата16.01.2017
өлшемі82 Kb.
#324


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы «08» шілдедегі

№ 169 қаулысымен бекітілген

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді

оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер

1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет көрсетуді жүзеге асыратын оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.

Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: жеке, топтамалардағы және топтағы сабақтар және кеңестер.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес берілген нысан бойынша анықтама болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін

қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші және Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің Стандарттың 9 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және тіркеуі, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минуттан аспайды;

2-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға келісімшарт жасауы. Орындалу ұзақтығы - 45 (қырық бес) минут;



3-ші іс-қимыл - көрсетілетін қызметті беруші мамандарынан мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өтуі. Орындалу ұзақтығы - күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен бастап күнтізбелік 365 (үш жүз алпыс бес) күнге дейін;

4-ші іс-қимыл - көрсетілетін қызметті беруші мамандарының топтық бағалауы негізінде мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарының қорытынды нәтижелерін шығаруы және анықтама даярлауы. Орындалу ұзақтығы - 45 (қырық бес) минут;

5-ші іс-қимыл - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың қосымшасына сәйкес берілген нысан бойынша анықтама беруі. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға келісімшарт жасау үшін құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 60 (алпыс) минут;

мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өтуі үшін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен бастап күнтізбелік 365 (үш жүз алпыс бес) күнге дейін.

Телефон және/немесе көрсетілетін қызметті алушының тікелей жүгінуі арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.



6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің нәтижесі мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалтуға келісімшарт жасау болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің нәтижесі психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өту болып табылады, осы Регламенгтің 5 тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші мамандарының топтық бағалауы негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарының қорытынды нәтижелерін шығаруы және анықтама даярлауы болып табылады, ол осы Регламенгтің 5 тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің нәтижесі көрсетілетін қызмет беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың қосымшасына сәйкес берілген нысан бойынша анықтама беруі болып табылады.

Мемлекеттік_қызмет_көрсету_процесінде_көрсетілетін_қызмет_берушінің_құрылымдық_бөлімшелерінің_(қызметкерлерінің)_өзара_іс-қимыл_тәртібін_сипаттау'>3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

  1. көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;

  2. көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері;

  3. көрсетілетін қызмет берушінің мамандар тобы.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің Стандарттың 9 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және тіркеуі, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға келісімшарт жасауы. Орындалу ұзақтығы - 45 (қырық бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті беруші мамандарынан мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өтуі. Орындалу ұзақтығы - күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен бастап күнтізбелік 365 (үш жүз алпыс бес) күнге дейін;

4) көрсетілетін қызметті беруші мамандарының топтық бағалау негізінде мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарының қорытынды нәтижелерін шығаруы және анықтама даярлауы. Орындалу ұзақтығы - 45 (қырық бес) минут;

5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың қосымшасына сәйкес берілген нысан бойынша анықтама беруі. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минуттан аспайды.



Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілететін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталына, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.



Каталог: assets
assets -> Ережелер І қаза
assets -> Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама "Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы "
assets -> Өндірістік оқыту шебері П. Курманов атындағы «Үздік дәнекерлеуші» атты облысаралық кәсіби шеберлік байқауының ережес І
assets -> Өскемен 2015 ӘОЖ. 811. 512. 122: 37. 09
assets -> Регламенті Жалпы ережелер «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
assets -> Регламенті Жалпы ережелер
assets -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Осы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»
assets -> «Туберкулезге қарсы диспансерден (аурухана) берілетін анықтама» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Туберкулезге қарсы диспансерден (аурухана) берілетін анықтама»


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан