Дамудың капиталистік жолын таңдағанОңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ерекшеліктері

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі20.47 Kb.
Дамудың капиталистік жолын таңдағанОңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ерекшеліктері

Оңтүстік – Шығыс Азия термині екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды. Шығыс бөлігінде Үндіқытай, Индонезияны, Филиппинді алып жатқан Азиялық материк. Оңтүстік-Шығыс Азия - бұл Қытай, Үндістан және Австралия елдері арасындағы біршама үлкен континенталдық түбек.

Оңтүстік –Шығыс Азия елінің территориясында 599 млн адам мекен етеді, бірақ соңғы көрсеткіштер бойынша, адам саны қарқынды түрде азаюда, дегенмен де абсолюттік көрсеткіші әлі сақталуда. Адамдардың басым көпшілігі Ява аралында орналасқан.

Оңтүстік –Шығыс Азия бұрыннан бері Еуропалықтарды қызықтыруда. Молукктық түбектен Ұлы Жібек жолы арқылы Еуропаға көптеген дәмділіктер әкелініп отырды, олар ортағасырлықта алтыннан да қымбат болып есептелді.

Көптеген ғалымдардың айтуы мен зерттеуі бойынша, бұл елге баю үшін адамдар тура жететін жолды ашқысы келді. Соған мысал ретінде: Американы ашқан - Христофор Колумбты, бүкіләлемдік саяхатшы- Фернан Магелланды, Португалдық теңізші- Васко да Гаманы келтіре аламыз. Және де сол тура жолды бірінші болып ашқан португалдықтар болды, олар елді отарлап, сауда қатынастарын орнатты. Кейіннен оларға голландықтар мен ағылшындар қосылды. Бұл ХХ ғасырдың соңына дейін созылды, содан соң отаршылдар өз тәуелсіздіктерін алды. Енді бұнда Еуропалықтар отаршы ел ретінде емес, саяхатшылар мен қонақтар ретінде келуде.

Азиаттық жолбарыстар: экономикалық ғажайып тарихы

«Экономикалық жолбарыстар»- экономикалық өсудің өте биік екпіндерін көрсететін мемлекеттер үшін бейнелі атау.



Бірнеше экономиктер атап көрсетілуде:

  • «Төрт Азиаттық жолбарыстар» немесе « ШығысАзиаттық жолбарыстар» немесе « Төрт Азиаттық кішкентай айдаһарлар»- ХХ ғасырдың 60-90 жылдарынан бастап экономикалық өсудің өте биік екпіндерін көрсетіп келе жатқан: Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг, Тайвань елдері.

  • «Төрт жаңа Азиаттық жолбарыстар»- соңғы жылдарда қарқынды дамып келе жатқан: Филиппин, Индонезия, Малайзия, Тайланд елдері.

  • «Кельттік жолбарыс»-1994 жылдан 2000жылға дейінгі Ирландия экономикасы.

  • «Балтикалық жолбарыс»- 2000-2007 жылдар аралығындағы Прибалтика экономикасы, бірақ 2008 жылы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс басталған соң, бұл термин енді бұл елге қолданбайды.

  • «Балкандық жолбарыс»- 2000 жылдан бастап Сербия экономикасы.

  • «Татрандық жолбарыс»- 2002 жылдан бастап Словакия экономикасы.

  • «Латынамерикалық жолбарыс»- ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап Чили экономикасы.

Бірінші қатардағы «жолбарыстар» тобыңың экономикалық саясаты: Гонконг, Жапония,Корея, Сингапур елдерінде бірдей көзқарас болды. Бұл елдердің билеушілері: бұрынғы Жапон офицері- Пак Чжон Хидің, бұрынғы британ адвокаты- Ли Куан Юдің экономикалық стратегиясы олардың физикалық күшіне емес, географиялық, тарихи, сыртқы саясаты мен қарапайым ақыл күшіне байланысты болып отыр. Олардың алып отырған жемісі- жүздеген жылдар бойы күріш өсіру мен конфуциандық бағытпен елге, халыққа еңбекқорлықты, шыдамдылықты, ақылдылықты, үлкеннің айтқан ісін орындау, білімділік пен тәртіптілік, отбасылық құндылықтар мен құқықтарды сақтау нәтижесіне байланысты болып отыр. Ақылмен ойлау негізінде елге пайда экспорт арқылы әкелу керек екендігін олар білді. Сол төрт елдің де экспорттау стратегиялары бірдей болғанымен, іске асыру тактикасы әртүрлі болды. Корея Жапонияның соғысқа дейінгі императорлық саясатын ұстанды, олар үлкен көппрофильдік фирма ашуын шешті. Тайвань бұл уақытта аз кішігірім фирмалар ашуды ұстанды. Гонконг болса өз қатынасын Қытаймен жалғастырды. Гонконгтан басқа елдер либералдық идеал ұстанған жоқ, мемлекет экономикаға қарқынды түрде және ашық араласып отырды. Ал сауда қатынасы авторитарлық режимді ұстанды, сондықтан чиновниктер көңілінің қарсылығына қарамастан пара алып отыруға тиіс болды. «Азиаттық жолбарыстардың» пайда болуы соғысты да аша бастады. Барлық «Жолбарыс» болушы елдер антикоммунистік режиммен күресіп жатты.Үндіқытайда соғыс болып жатқан кезде, Шығыс Азия мемлекеттері коммунизммен күресті. Сондықтан Шығыс Азия мемлекеттері Батыс Азия мемлекеттерінен қаржы-технологиялық көмекті күтті. Шығыс Азиялықтар оларға көптеп көмектесіп, технологиялық аппараттарды тасымалдап отырды. Егер бұл жағдай болмағанда, Шығыс елдерінде экономикалық ғажайыптың болуы да мүмкін емес еді.

Екінші топ елдерінің дамуы басқаша болды. Малайзия, Индонезия, Тайланд елдерінде конфуциандық және еңбектік белгілер болған жоқ, дегенмен де конфуцийлік белгілер байқалды деседі. Бұл елдерге Қытай эмигранттары көптеп келгендіктен, олардың дәстүрі, экономикаға қатысты саясаттары қарастырыла бастады.

Оңтүстік- Шығыс Азия тәуелсіздігін алғаннан бері хуацяо этнонимі заңды түрде орнықты. Индонезияда қытайлықтар 2,8 %-ды құрайды, жеке кәсіпкерлік капиталының 75%-ын құрап отыр. Тайландта 10%-ын қытайлықтар құраса, жеке кәсіпкерлік капиталдың 50 %-ын құрауда. Сонымен қатар, этникалық қытайлықтар жоғарыквалификациялы мамандар. 80- жылдардан бастап ОША елдеріндегі « Төрт жолбарыстар» тобы өте биік шыңдарға жетті. Шетелдік инвесторлар Шығыс Азия елдеріне инвестиция салуды қолдап, кәміл сеніммен келіссөздер жасап, көптеген келісімшарттарға қол қойды.



Екінші топтағы жолбарыс : Малайзия, Тайланд, Индонезия мемлекеттерінде барлық жұмысты менеджерлер мен қытай кәсіпшілері атқарды. Қытай кәсіпшілері өздерінің кәсіптерін жалғастырып, табыс әкеліп отырды, ал авторитарлы режим оларға саяси қамқорлық пен қорғау жұмыстарын жүргізді. Билік басындағылар мен кәсіпшілер арасындағы келісім бұрынғыша жүріп отырды, кәсіпшілер оларға пара беріп, ал билік басындағылар оларға өз кәсіптерін жалғастырып, жасай беруге мүмкіндік беріп отырды. Кімде сондай келісім жасалынып жатса, олардың ойынша енді барлық мемлекеттік мәселелерді шешуге болатынын ойлады. Билікте таныстары болса, банктен несие алу мүмкіндігі оңайырақ және тез болады деп ойланды. Шынымен де солай болды, несие алушылардың саны күрт артып, мемлекетке қарыз болып қалғандар күннен күнге артты. Соған қоса экономиканы дамыту сонша жақсы жүре қойған жоқ, зауыттар мен зәулім мұнаралар басқа саясатқа байланысты да салынып отырды. Мысалға: елдегі жұмыссыздықты жою , зауыттар салып халықты жұмысқа жұмылдыру болды. Ерекше ашық коррупциямен көзге түскен - Индонезия. Әртүрлі кәсіпкерліктерге президент өзі қатысты, тек қана оның отбасының қоластына 1247 кәсіпорындар тиесілі болды. Бұл жерде мәселе тек коррупцияда емес, сонымен қатар Тайландта экономикалық секіріс жылжымайтын мүліктің күрт қымбаттап келуіне әкеліп соқты.

Шығыс пен Батыс Азияны біріктіретін ортақ кәсіп, «Азиаттық бағалы заттар» идеологиясын жүргізу ұсынылды. Бұндай тақырыпқа байланысты Малайзияның премьер-министрі -Мохамад Махатир және Сингапур премьер- министрі- Ли Куан Ю көптеген көзқарастар ен мәселелерді талқылады. Бірақ көп ұзамай, 1997 жылы Азия елдерінде «қаржылық апат» жылы болды. Нағыз Азиаттық дағдарыс басталды. Бұрынғы «Ғажайып экономика» болмаған сияқтанды. Премьер-министр Махатир дағдарыстың себебіне негіз болған « Халықаралық еврей капиталы» деп айыптады.Сол жылы тамыз айында валюта төмендеді, Кореяда доллар үшін 700-800 вон берілді, бұл доллардың 1500-1600 вонға төмендегенін көрсетті. Басқа мемлекеттер « Төрт жолбарыстар» тобының мүлдем болмағандығын, болса да бірер уақытқа ғана орнағандығын, жалпы ұстанған стратегиялары мүлдеп қате деп таныды. Олардың тек аз уақытқа ғана бақтары жанған және болған дағдарыстан жазылып шығу үшін өте көп уақыт пен еңбектің қажет екендігін айтты. Жазылып шықса да дүниежүзілік деңгейге мүлдем шыға алмайды деп таныды.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...