Даму ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1/160
Дата23.09.2022
өлшемі1.85 Mb.
#298687
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160
Байланысты:
315eb31036a41ed07fca53e71adbe965



Меруерт ЖАҚСЫЛЫҚОВА
 
ҚАЗАҚ КӘСІБИ АКТЕРЛІК 
ӨНЕРІНІҢ 
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АЛМАТЫ
«ДӘСТҮР»
2014


УДК 792 (035.3)
ББК 85.33
Ж 21 
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді»
Пікір жазғандар:
Т.Қ.Жаманқұлов – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сый-
лықтың лауреаты, өнертану кандидаты, профессор.
С.Д. Қабдиева – өнертану кандидаты, профессор.
Жақсылықова М. Қазақ кәсіби актерлік өнерінің 
даму ерекшеліктері:  Зерттеулер, мақалалар. – Алматы: 
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр», 2014.– 384 б.: суретті.
ISBN 978-601-7204-20-4
Өнертану кандидаты, театртанушы М.Жақсылықованың бұл ең-
бегінде қазақ орындаушылық өнерінің шығу тегінен бастап, оның 
қалыптасуы мен дамуы және тәуелсіздік кезеңіндегі актерлік ше-
берліктің үдерістері туралы ғылыми-зерттеушілік ізденістері жи-
нақталған. Сонымен қатар, автордың әр жылдары жазған театрта-
нымдық мақалалары, сұхбаттары топтастырылған. 
Кітап театр мамандарына, арнайы білім беретін ЖОО-ның, кол-
ледждердің студенттеріне және жалпы өнер сүйер қауымға арна-
лады.
УДК 792 (035.3)
ББК 85.33
ISBN 978-601-7204-20-4
© Жақсылықова М. 2014.
© «Дәстүр» 2014.
© «Каратау КБ» ЖШС 2014.
Ж 21


АЛҒЫСӨЗ
Меруерт Жақсылықова – кейінгі театртанушылар тобы-
нан білім-парасатымен, өзіндік ізденістерімен дараланып 
келе жатқан зерделі жас ғалымдарымыздың бірі. Қолыңыз-
дағы «Қазақ кәсіби актерлік өнерінің даму еркешеліктері» 
деп аталатын ғылыми-зерттеушілік еңбекті, оның тырнақ 
алды шығарамашылығы деп қарауға болады.
Актер өнерінсіз сахналық тіршілік тоқтары кәдік. Ак-
тер – әрекет әлемінің алтын қазығы. Ол – театр өндірісінің 
тынымсыз қозғаушы күші. Сондықтан да, соңғы кездері 
қорғалған ғылыми жұмыстарда актерлік өнердің жиірек 
теориялық 
тұжырымдарға негізделіп жатуы – уақыт 
талабынан туындап отыр. Осы ретте аталмыш еңбектің 
жүгі үлкен, жауапкершілігі ауқымды.
Актерлік өнердің жетістіктерімен бірге оның зәру мә-
селелері де жоқ емес. Сол бағытта айтылар сыни көзқа-
рас бәсеңдеу. Бұл еңбекте сол олқылықтың орнын толтыру 
мақсатында актерлік жолдың кедірлі-бұдырлы, еңіс-дө-
ңестерінде нендей сәтсіздіктерді бастан кешіріп, қандай 
қиындықтарға ұшырадық деген тарапта ғылыми нысанға 
ауадай қажет көптеген қызғылықты дәлелдерді назарда ұс-
танған.
Актерлік өнер мен оның мың сан мәселелерінің қазақ 
театр тарихында алатын үлкен орны бар. Кеңес үкіметінің 
бұрмаланған солақай саясатына байланысты жан-жақты 
зерттелмей, актер қауымының құлашын кеңге жая алмай 
келген жағдайлардың болғанын білеміз. «Қазақ кәсіби ак-
терлік өнерінің даму ерекшеліктері» атты жұмыста сахна 
тарландарының актерлік шеберліктері мен шығармашы-
лық ойын өрнектері кең түрде талданған. Әріден келе 
жатқан ата-аға буын актерлердің ізін басар соңғы толқын 
өкілдерінің шеберлік деңгейлері шығармашылық зерде-
мен жүйелі түрде тиянақты зерттелген.


Актер – театрдың айнасы десек, сол қызығы мен қиын-
дығы мол өнердің бағыт-бағдарын саралап, қазақ кәсіби 
актерлік өнері алғаш рет белгілі кезеңдерге бөлініп қарас-
тырылған бұл еңбекте зерттеуші әр жылдардағы актерлер 
легінің шұрайлы өнерін, дара шыққан талант иелерінің 
сахналық ойынына ерекше тоқталып тәтпіштей сөз етеді. 
Әдеби көркем тіл мен ұғынымды ғылыми тілмен жазыл-
ған бұл жұмыстағы пікірлер қысқа да нұсқа нақты дөп 
басып айтылыпты. Қорыта айтқанда, үлкен біліктілікпен, 
ең бастысы жүрек жылуымен, өмірмен байланыстырыла 
кәсіби дәрежеде жазылған ғылыми-зерттеушілік жұмыс-
тың дүниеге келгеніне дау жоқ.
Кітаптың екінші тарауында әр жылдары баспа бетіне 
шыққан бүгінгі театрлық үрдістер туралы жазған мақала-
лары жинақталып, ал үшінші тарауда өнер қайраткерлері 
туралы алған сұхбаттары берілген. Енді сол мақалалардың 
басы бір кітапқа топтастырылғаны құптарлық. Ғалымның 
өзіндік көзқарасы бар, ой-пікірлері қызықты. Сол себепті 
бұл кітапты арнайы мамандар ғана емес, өнер сүйер барша 
қауымның қызыға оқитынына сеніміміз мол.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде