Cүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы» Өмірбаяны



Дата18.05.2022
өлшемі20.48 Kb.
#241757
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Cүлеймен Бақырғани Дариға
Әлеуметтану.Манипулятор.Уалхан Г, 4759, 2212, Мулдашева.Полит1, Қазіргі кезеңдегі мәдениет. Мәдениет және ХХ ғасырдағы мәдени оқ-melimde.com, срс лексикология 14 апта, дш. 2 апта, практикалық сабақ , 19 12 апта, 19 13 апта, 1550728943, тарих аралык 29.04.22, Практическое занятие № 2, өзін - өзі тану АБ2



Cүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы»

Өмірбаяны
Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы — Шайқым Қожа Ахмет Ясауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Ясауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Дамаск қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Хакім Ата деген атпен белгілі.

Еңбектері
Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік — Құдай. Алла — таза абсолюттік болмыс. Алла төрт бірліктен (от, су, жер, ауа) құралатын төрт тарап дүниені жаратты. Сосын өсімдіктерді, жәндіктерді, жан-жануарларды, оларға әмірін жүргізуші төрт мүшеден (аяқ, қол, бас, дене) тұратын адамдарды дүниеге келтірді. Бақырғанидің пікірінше, құдайдың сұлулығын фәни жалған пендесі танып-біле алмайды. Өйткені қарапайым адам мен Алла тағала арасында көзге көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, құдайды танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылық жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған адам Аллаға бір табан жақын болады. Құдайды ақыл емес, оған деген махаббат арқылы танып-білуге болады. Махаббат — жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сұраққа Қасиетті Алла кітабының 61-аятымен жауап береді. Құдай сұлулығы — оның рақымшылдығында, кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тұра алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның қол астына жиналады. Табиғат пен адамзат заңдары бір-бірімен байланысты. Адам өзін-өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады. Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгілі, сынай да алмайды. Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла дидарын тамашалай алады.

Әдеміліктің 3 түрі


Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген:

1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы;

2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі;

3. Рухани сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік құрайды. Міне, осы ойлардың бәрі сопылық ілімнен бастау алып жатыр. Дәлірек айтқанда, өз ұстазы Қожа Ахмет Ясауи көзқарасын ұстанып, оны ілгері дамытқаны ақиқат. Діни аңыздар желісінде жырлар жазу арқылы Сүлеймен Бақырғани түркі әдебиетінде ХӀӀӀ-ХӀV ғасырларда кең өріс алған нәзирашылдықтың (бұрыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) алғашқы бастауларына жол салған еді. Сүлеймен Бақырғани 82 жасында Түркістанға жақын жерде дүние салды. Оның кітабын 1897 ж. Е.А.Малов "История общества археологии, истории, этнографии" (XIV том) деген еңбегінде басып шығарды.


Хакім ата ( туған жылы белгісіз-1186 жылы қайтыс болған)-сопылық-дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ислам дінінің «жахрия» («йассауишілік») деп аталатын ағымын қыпшақ даласына уағыздап,таратушы көрнекті діни қайраткер. Болашақ ақын қазіргі Қарақалпақстанға қарасты Қоңырат қаласына жақын жердегі көне қамал-қала Бақырғанда туған. Түркі әлемінің ғылым мен өнер ошақтары- Исфиджаб (Сайрам), Фараб (Отырар), Йассы (Түркістан) шаһарларында ұзақ жылдар оқып, ислам ілімінің аса көрнекті ғұламаларынан дәріс алған.

Кезінде «ұстаздардың ұстазы»атанып, « ұлы шайхы» дәрежесіне жеткен ғұлама –ақын Ахмет Йассауидің ең қабілетті шәкірті,ізбасары болған.

Бақырғани жасы ұлғайған шағында ел арасында Хакім ата деп аталып кеткен. Бақырғанидің сопылық-дидактикалық мазмұндағы хикмет-өлеңдері кезінде ұлан-ғайыр қыпшақ даласы мен Орта Азияның түркі тілдес тайпалары арасындағы кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім.Алайда ақын мұрасы тек ХІХ ғасырда ғана қайта жинақталып, Қазан ,Ташкент және Стамбул баспаларынан « Бақырғани кітабы» деген атпен бірнеше рет (1846,1877,1882,1898 жж.) басылып шықты.

«Бақырғани кітабы» -түркі тілдес халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған сопылық-дидактикалық ағымдағы алғашқы әдеби жәдігерліктерінің бірі. Бұл жыр жинағы орта ғасырлық қазақ әдебиетінің де мұрасы болып табылады. Ақынның хикмет- жырлары кезінде қазақ- ақын-жыраулары поэзиясында кеңінен тараған ақыл-өсиет айту сарынындағы жыр-толғау үлгісімен үндес болып келеді. «Бақырғани кітабы» негізінен бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді шартты түрде көңіл күй жырлары деуге болар еді.

Ал екіншісі-сопылық идеясынан насихаттауға арналған дидактикалық-философиялық хикмет-өлеңдері, үшіншісі- Алланы мадақтауға арналған жырлар («Меърож-наме»), төртіншісі – «Ақыр заман көріністері» дастаны, бесіншісі- «Бибі Мариям» толғауы. «Бақырғани кітабының» басты идеясы- оқырманын ізгілікке,имандылыққа,рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша ,әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты, абсолюттік рухты) толық танып-білуі тиіс. Ал бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен Ахмет Йассауи айтқандай, төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар:шариғат, тариқат,маърифат,хақиқат екенін жоғарыда айттық.

Ақын өз жырларында сопылық идеяның негізгі қағида – шарттарын айта отырып, сонымен бірге адамның қоғамда атқаратын қызметіне гуманистік тұрғыдан түсінік береді. Бақырғани Алла сыйлаған өмірдің ляззатынан безбеуге, махаббат қызығын көруге, ғылым мен өнерді меңгеруге үндейді. Адамды құрметтеу арқылы құдайға құрмет көрсетуге болатынын зор шабытпен жырлайды. Бақырғани өз хикметтерінің бірінде:

Әрбір адамды көргенде қыдыр деп біл,

Әрбір түнді киелі қадыр деп біл,- дейді.

Ақын мұнда «қыдыр» сөзін –әрбір үйге бақыт,дәулет әкелетін әулие,ал « қадыр» сөзін- құдайдан көмек тілейтін,қасиетті түн мағынасында айтып отыр.

Ол өзінің «Құл Сүлеймен сөйлейді» деп басталатын өлеңінде ғашықтық сезімін көкке көтере мадақтайды.

Ақын өзінің көңіл күй жырларында адам баласына ғана тән сүйіспеншілік сезімін философиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасайды. Адам хаққа (Құдайға) жақындау жолында бірте-бірте кемелдене түседі.Тазарып, жақсара береді.

Міне, осындай жан тазалығының бір көрінісі –сүйіспеншілік сезімі. Бұл – адам парасатының ең жоғарғы сатыларында ғана жетіліп,шешек атады. Махаббаттың ұлы құдіреті алдында өзінің пенде,құл екенін сезінеді:

Алла берген сезімді сыйламаған,

Хақ жолында өз жанын қинамаған.

Емделмейтін дертіне дауа іздеп,

Зымырап өтіп барады мына жалған.

Тәуіптер көп тәнінді емдейтұғын.

Шіркін, сезім – шынайы құдірет қой,

Алладан басқаға бас имейтұғын.


Сонымен, ежелгі түркі әдебиеті мен қазақ ақын- жыраулары поэзиясы арасындағы сан ғасырларға созылып жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы бір сәтке үзілген емес деген тұжырымға келдік. Қазақ хандығы енді ғана қалыптасып келе жатқан тарихи кезеңде бірқатар аса маңызды қоғамдық- әлеуметтік, саяси мәселелер күн тәртібінде тұрды. Олар: қалың бұқара халық пен ел билеуші әкімдер арасындағы қарым-қатынас нормалары, әрбір адамның қоғам алдындағы міндеттері,мемлекетті басқару принциптері, тағы басқалар.


Әдебиеттер:




  1. Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.

  2. Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»

  3. Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.

  4. Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.

  5. Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.

  6. Бердібаев Р. «Кәусар бұлақ» А; – 1989 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру