2. Сурет салу
Тақырыбы: «Шырша»
Мақсаты: Заттардың үлгі бойынша өзіне тән ерекшеліктерін, пішінін пропорциясын сақтай отырып сурет салуға үйретуді жетілдіру. Қиялын дамыту. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты, Алтын сауле таратты.
Жайнайды даламыз,
Жайнайды қаламыз.
Қайырлы таң балалар,
Ой қозғау.
Балалар, сендерге Жаңа жыл мейрамындағы шырша ұнады ма?
Ал сол мейрамдағы ойыншықтар ұнады ма?
Балалардың жауаптары
Ой дамыту.
Балалар Аққала орманда жүріп, Жаңа жыл мерекесіне кешігіп қалыпты. Жарқыраған шамдары мен ойыншықтары бар шыршаны тамашалай алмай қалыпты.
Сол әдемі шыршаны көргісі келеді, сондықтан сендерден мына жасыл шыршаны әдемі ойыншықтармен безендіріп беруді сұрайды. Көмектесеміз бе, балалар?
Топқа бөлу.
Өз еркімен.
Достарыңызбен бөлісу: |