1.Музыка
Педагог жоспары бойынша
2.Мүсіндеу
Тақырыбы: «Шырша жаңғақтары»
Мақсаты: Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеуді үйрету. Оларды орналастыру,пропорцияны сақтай отырып, бөліктерді біріктіру тәсілдерін жетілдіру.Саусақ қол моторикасын дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
Қазір қай жыл мезгілі?
- Қыс екенін қайдан білдіңдер?
- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
Жаңа жыл мерекесінде біз не істейміз?
Ширату.
Жұмбақ жасыру.
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
/Шырша/.
Ой қозғау.
Балалар біздің шырша көңілсіз сияқты, өйткені оның ойыншықтары жоқ екен.Ал біз көмектесіп шыршаны сәндейік
-Сендер де шыршаға ойыншық жасап, шыршаны безендіргенді қалайсыңдар ма?
Жаңа жылдық шыршаға қандай заттар ілеміз?
Шырша ойыншықтарын неден жасауға болады?
Балалардың жауаптары.
Мадақтау.
|