Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
2.Миға шабуыл:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Табиғатта қандай өзгерістер байқалады?
3.Жұмбақ жасыру.
- Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?
Дұрыс. Жарайсыңдар, ендеше бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз.
4.Тосын сәт. Айгүл қуыршақ келеді.
Балалармен амандасады.
Балалар ,мен де үйіме гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін.
Маған көмектесесіңдер ма?
Балалар Айгүлге топтағы гүлдер туралы айтып берейік.
-Балалар,гүлдер не үшін керек?
-Егер гүлдер жоқ болса не болар еді?
-Оларға күтім жасалмағанда не болар еді?
Достарыңызбен бөлісу: |