Чикотай мында қазақша ариптер кате жазылган соны кара, мына малиметтер 1 китаптан алынган барлыгы, еркиндикке катысы бар абзатстар Нурышева г ж дегеннин китабынан алынган Философия

Loading...


Дата02.04.2020
өлшемі82.33 Kb.
Чикотай мында қазақша ариптер кате жазылган соны кара, мына малиметтер 1 китаптан алынган барлыгы, еркиндикке катысы бар абзатстар Нурышева Г Ж дегеннин китабынан алынган

Философия пәні бойынша бакалавриат сатысына арналған бағдарламада негізгі назар философия тарихын зерттеуге аударыла бастады, бүл қадам дұрыс деп ойлаймыз. К.Ясперстің (1883-1969) пікірінше, “философия тарихы - философиялық пайымдаудың маңызды элементі. Өткенге, тұтастың ең биік дүние-туындылары мен мүмкіндіктеріне үңілу арқылы ғана өз бойыңдағы айқындық пен кеңдік үмкіндігін анықтауға болады”. Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі – ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ дамуына қажетті ой-пікір, көзқарас, идеяларды алый отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау үрдісін шектемейді, оның шарықтауына,, тұлғаның өзіндік “Менін” көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.. Философия тарихын қүрайтын философиялық тұлғалар. Философиялық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мэнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі. Философиялық тұлғалардың, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, “философия кеңістігіндегі субстанциялардың” қайталанбас дүние- сіне үңілу, жеке өмірі мен шығармашылығын талдау, тіпті кейбір өмірбаяндык кезеңцеріне назар аудару танушы субъектінің тұлғалық қалыптасуына маңызды эсер етеді. Мысалы, Сократ, Кант, Толстой, Абай, Шәкәрім және тағы басқа ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами жэне ғылыми тазалығы, философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң эсер ететіні сөзсіз. Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығармалары, тағдыры, мінез-құлкы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады. Танушы субъект философияның көмегімен өз өмірін саналы түрде қайтадан, бұрынғыдан элдеқайда жоғары деңгейде түсінуге жол табады. Осы ойымыздың мысалы ретінде түлғаның өмірмэндік түсініктерінің қалыптасуындағы философияның рөлін айтсақ та жеткілікті. Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ережелерінің жетіліп-дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке философиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде зерттеп қана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу жэне тағы басқа моральдық принциптерді танып- білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну – индивидтен бірте-бірте түлғаның қалыптасуына қажетті қүрылымдар. Философия"4 тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия - рухтың жоғарғы еркіндігі саласы жэне философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы. Еркіндік селесі - философия ғылымы ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан, элі шешімі табылмаған, маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған “мэңгілік” мәселелердің бірі. Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субъект-тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы эсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе, эсіресе, кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін казақ балалары үшін аса маңызды екенін атап өткім келеді. Қорқыту, тиым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады. Әрине, абсолюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады. Ойымызды корыта келеек, философия ғылымы адамға өзі өмір сүріп отырған орта - табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы, өзіиің осы жүйеде алатын орны, өмірі, өмірлік мақсат-міндеттері туралы жан-жақты теориялық білім беретін, адамның көзқарасын қалыптастыратын, сонымен қатар практикалық сипатқа ие, қазіргі замай адамына аса қажетті ғылым болып табылады.

Еркіндік мәселесі. Адам өмірін бастайтын да, аяқтайтын да - Құдай, бірақ екі ортадағы өмір ағымында адамға еркіндік кажет. Бұл еркіндік белгілі бір мөлшерде: ерікті ақыл-ой реттеп отыруы қажет. Шамадан, мөлшерден көп ештеңе болмауы керек. Роттердамскийдің өзі де осы принципке сүйенді. Тілі ащы болса да, сақ болды.

Э.Роттердамскийдің қағидалары: “...кез-келген заттың екі жағы бар: өлімнің артында өмір, өмір - өлім, әдемі - ұсқынсыз, байлық - кедейлік, білімдік - надандық...”


Ең бастысы – Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет жэне басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебі оның табиғаты ізгілікті. Адам өмірінің мэнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адам ершілік ережелерін туындатады. Спиноза сезімді парасатта томен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы үрдісінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты - адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды. Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мэңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату - құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз “философиялық” деп атап жүрген көзқарас). Өмірде бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік - себептіліктің бір звеносы, элем деңгейінде ол болмашы ғана нәрсе. Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бұл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді жэне дүниедегі қүбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дэлелдейді. Өмірден жиі түңілетін қазіргі заман адамына Спиноза философиясы аса пайдалы.
Өз философиясының зерттеу обьектісі туралы Николай Александрович Бердяев (1874-1948) 1931 жылы Парижде жарық көрген “О назначении человека” еңбегінде былай дейді: “Адам мәселесі - философияның негізгі мәселесі. Гректердің өздері-ақ адам өзін-өзі танып білгенде ғана философиялық ойлауцы бастайтынын түсінген болатын. Болмыс жұмбағының шешімі адамның өзінде” Бердяев адамды екі дүниенің түрғыны ретінде қарастырады: 1) адам табиғаттан жоғары; 2) адам табиғаттың туындысы және табиғатта өмір сүреді. Ол табиғатқатәуелді, бірақ адам табиғатқа жаңа сипат береді. Адам табиғаттағы принципиалдық жаңа нәрсе. Бердяев адам мәселесін идеализм де, социологизм де, психопатология да шеше алмағандығын көрсетіп, өзінің философиясы арқылы адам өмірінің мэнін тереңдеп түсіндіруге тырысатынын айтады: “Қазіргі терминологиямен айтсақ, менің философиям - экзистенциалистік тип”. Экзистенциалистерден өзіне Достоевский, Толстой, Ницшенің жақын екендігін ескертіп, Бердяев “жалпы орыс философиясы экзистенциалдық сипатқа ие” деген қорытынды жасайды. Бұл пікірмен келісуге болады. Экзистенциализмге жан сырын ақтару (исповедь) тэн болса, ол Бердяевте де бар, бірақ оның жан сырын ақтаруы ерекше. Мысалы, Толстойдың “Жан сырында” уайым мен өзін-өзі қамшылау коп болса, Бердяевте уағыз айту, басқаны үйрету басым, ол өзі туралы ащы ирониямен айтады, сол арқылы басқаларға ой салуга тырысады, “өмірдің мэні туралы ойланудың өзі - өмірдің мәні” дейді.

Бердяев философиясының басты категориясы – Түлға (персона). Ол эрбір адамды қайталанбас, жалғыз, ерекше нәрсе, әлеуметтік жалпының элементі деп қарастырады.

Ең басты құндылық - жалпы қогамдастық, ұжым, қоғам, мемлекет емес, адам, жеке тұлға. Бердяев Кант философиясына қарсы. Оның жалпыга арналған мораліне қарсы өзінің қайталанбас-индивидуалдық моралін қояды, топтық моральді қабылдамайды. “Самопознание” (“Өзін- өзі танып-білу”) еңбегінде ол былай дейді;: “Жалпыға бірдей міндетті адамгершілік заңга сәйкес келмеген адамды мен бақытсыз, қуғындалушы демес едім. Керісінше, жалпыға бірдей заңды орындаушы адам - адамгершіліктен жұрдай. Менің түсінігім солай, мені қабылдамайды емес, мен қабылдамаймын”. Бердяевтің өзі осы принцип бойынша өмір сүрді, жеке адамды жалпы қоғамнан биік қойды, өзінің өмірін де осылай түсіндіреді: “ешқандай философиялық мектептерге қосылмай, индивидуалдық философияны ұстандым, рационализм мен оптимизмге қарсы күрестім. Менің философиям - персоналистік, конфликт философиясы”. Бердяев тұлғаның ең басты сипаты – Еркіндік деп пайымдайды. Адамды жануардан ерекшелендіретін сана және еркіндік деп түсінген ол еркіндікті болмыстан жоғары қояды. Құдай еркіндікте ғана өмір сүреді. Ақиқат еркіндікте жэне еркіндік арқылы танылады. Еркіндік тұлғаның өзімен-өзі тұйықталуы емес, керісінше, творчестволық ашылуы. Осылайша пайымдай отырып, Бердяев социализм адам еркіндігін тежейді, себебі бұл қоғамда пролетариат басқа таптардың бәрінен жоғары қойылған деген тұжырым жасайды. Бұл пікірін, жалпы социализм мен коммунизмге көзқарасын ол өз шығармашылығының эмиграциядағы кезеңінде нақтылай түседі: “Орыс революциясы көрсеткендей, коммунизм еркіндікті, тұлғаны, рухты теріске шығарды. Мен коммунизмді экономикалық және саяси ұйым ретінде қабылдай алар едім, бірақ рухани жағынан мүлдем қарсымын. Себебі, мен антиколлективистпін. ¥ят коллективтік категория емес, жеке тұлғаның Құдаймен тоғысу сәтінде болатын сипаты”. Бердяев тұлғаның революция кезеңіндегі тағы бір өзгерісіне тоқталады. Ол Ресей большевизмнен міндетті түрде өтуі тиіс еді, большевизм қажеттілік, орыс халкы тағдырының ішкі моменті, экзистенциалдық диалектикасы деп есептеді. Революция, сол арқылы келген еркіндік, Бердяевтің пікірінше, адамдарды қатты өзгертті. Кешегі қарапайым адамдар билік, еркіндік қолына тиген соң мүлдем өзгерді, тұлғаның жаңа антропологиялык типі, бұрынғы орыс интеллигенциясына мүлдем ұқсамайтын типі пайда болды. Олардың бойында мейірімділік, қайырымдылық деген жоқ еді. Осыдан келіп, Бердяев еркіндік дегеніміз демократиялық ұғым емес, аристократиялық ұғым деген түжырымға келді. Бұл пікірмен келісу қиын. Бердяев орыс революциясын орыс интеллигенциясының акыры деп қарастырады, себебі орыс революциясы осы революцияны дайындаған интеллигенцияны қуғындады, орыс мәдениетін жоқ қылды. Біздің ойымызша, аталған ойды қазақ зиялыларына байланысты да айтуға болады.

Бердяевтің Түлға мен Еркіндік туралы ілімі Қүдай ұғымымен тығыз байланысты. Дүниенің негізі туралы оның пікірі - дуалистік. Канттың этикалық көзқарастарын



қабылдамағанымен, оның “өзіндік зат дүниесі” және “қүбылыстар дүниесі” идеясын мақұлдайды. Бұл идея ақиқат дүниенің қүдайы сипатын түсіндіруге ыңғайлы еді. Объективті дүние - зұлымдық. Шын өмір сүретін тек қана субъектілер, яғни еркін рухтар ғана. Адам өмірінің мақсаты - еркін рухтардың көмегімен дүние мен заттар үстемдігінен азат болу. Бердяевтің пайымдауынша, зұлымдық үшін Құдай жауап бермейді. Дүниені өзі жаратқанымен, эрі қарай өз күшін Еркін адамға береді, адам арқылы дүниені басқара береді. Құдайсыз адам әлсіз, сондықтан адам Құдаймен бірге қызмет етіп, өмір сүруі керек. Идеалды Қүдайы патшалықты адам мен Құдай екеуі біріге отырып алыптастырады. Осылайша, Бердяевтің діни философиясы Құдай туралы ілім ғана емес, адам туралы антропологиялық ілім. Бірақ бір ескертетін нәрсе, Бердяев өзі де, жалпы адам да Құдайдың қүлы емес деп есептейді. Бердяевтің пайымдауынша, Құдай – адам шығармашылығына дем беруші. Шығармашылық-адамның жер бетіндегі мақсаты, Құдай оны сол үшін жаратты. Құдайдың ісін адам жалғастыруы қажет, сол үшін Қүдай адамға ығармашылық қабілет, немесе өз бейнесін берді Шығармашылық сәтсіздікті орыс ойшылы эсхатологизм деп атайды, бірақ бұл уақытша құбылыс. Құдай, Бердяевтің пікірінше, шығармашылықты құтқарады, адам оны тарихтан тысқары Құдайы патшалықта жалғастырады. Еркіндікті дәріптеген Бердяев экономикалық еркіндікке, жеке меншікке қарсы. Парадокс! Эрине, социализм экономикалық еркіндікті тежеусіз мүмкін емес, себебі оның басты принципі - Теңдік. Бірақ Бердяев басқа жол іздеуге тырыспайды, экономикалық билікті түгелімен мемлекетке бере салады. Өмірдеде,философияда да еркін болуға ұмтылған Бердяев өз көзқарастарын талай өзгертті. Осындай бір парадокс оның өмірінің ақырында болды. Соғыс кезінде ол Ресейге жылы ықылас көрсетеді. Бұл құбылыстың себебі Отанына деген сағыныш, оның тағдырына деген алаңдаушылық пен аяушылық болды ма деп ойлаймын. Саналы өмірінде Ресей туралы ой кешкен философ шет жерде жүргенде өз халқының бұрын байқамаған ерекшеліктерін тереңірек түсінген секілді. Не десек те, тағдыры да, философиясы да күрделі де қызықты, өзгермелі Бердяев адам мәселесін, Ресей тағдыры мэселесін зерттеуші, интеллектуалдық жағынан өте бай, терең философ ретінде элі де талай философиялық ізденістердің объектісі болып қала беретіні сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...