Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары

Loading...


бет4/4
Дата28.03.2020
өлшемі64.99 Kb.
1   2   3   4


Меншікті капиталдың синтетикалық есебі
Кәсіпорынның меншікті капиталы мен резервтер есебің жүргізуге арналған шоттар. Меншікті капитал – ол, міндеттемелерді шегертткеннен кейінгі қалған активтер. Кәсіпорынның меншікті капитал құрылымы: жарғылық капитал, төленбеген капитал, сатып алынған меншікті үлес құралдары, эмиссиялық кіріс, резервтер, бөлінбеген пайда (жабылмаған залал), қорытынды пайда (қорытынды залал). Бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспарында қарастырылған :

5000 «Жарғылық капитал» кіші бөлімі шығарылған капиталды, ұйымдардың жарғылық капиталын немесе мүліктік (үлестік жарна) қорын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5010 – «Артықшылықты акциялар», онда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылықты акцияларының жиынтықты атаулы құны есепке алынады;

5020 – «Қарапайым акциялар», онда акционерлік қоғамның төленген эмиссиялық қарапайым акцияларының жиынтық атаулы құны есепке алынады;

5030 – «Салымдар мен пай», онда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдардың құны есепке алынады.

5110 – «Төленбеген капитал», онда эмиссиялық акцияларды төлеу, ұйымдардың жарғылық капиталына салымдар (мүліктік жарналар) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ жеке тұлғалардың және ұйымдардың эмиссиялық акцияларды төлеу жөніндегі берешегі және құрылтайшылардың ұйымдардың жарғылық капиталына салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі берешегі көрсетіледі.

5210 – «Сатып алынған меншікті үлес құралдары», онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.

5310 – «Эмиссиялық кіріс», онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс (жеке меншік үлестік құралдардың құны мен оларды іске асыру кезіндегі олардың атаулы құны арасындағы айырма) есепке алынады.

5400 «Резервтер» кіші бөлімі қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтайшы құжаттарға және ұйымның есеп саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетілетін резервтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5410 – «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтайшы құжаттарға сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;

5420 – «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв», онда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5430 – «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв», онда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5440 – «Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв», онда сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5450 – «Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмаларн көрсетіледі, ол мәні жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бір бөлігін құрайды және ұйымның қаржылық есептілігінде таза инвестиция қатардан шыққанға дейін жеке капитал ретінде жіктеледі, одан кейін кіріс немесе шығыс ретінде танылады;

5460 – «Өзге резервтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге резервтер көрсетіледі.

5500 «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)» кіші бөлімі бөлінбеген пайданы немесе жабылмаған залалды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5510 – «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», онда есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі;

5520 – «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», онда өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі.

5600 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» кіші бөлімі есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған.

5610 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған, сондай-ақ есепті жылда түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытындылады.


р\р



Шаруашылық операция

Шот корресподенциясы

Дт

Кт

1

Жарияланған капитал

5010,5020,

5030


5110

2

Шығарылған акциялар жойылса

5010, 5020,5030

5210

3

Жаңадан акциялар шығару барысында жарғылық капиталдың ұлғаюы

5110


5010,5020,

5030


4

Жарғылық капиталға салым:

- қорлар ретінде

- ақшалай

-негізгі құрал ретінде

- МЕА

-қаржылық инвестиция



-жылжымайтын мүлікке инвестиция

- биологиялық активтер


1310,1330

1010,1040

2410


2730

1110-1150,2010,

2040,2210

2310


2510,2520

5110


5110

5110


5110

5110
5110


5110

5

Резерв қалыптастырылды:

-құрылтайшы құжаттарда белгіленген шегінде

- құрылтайшы құжаттарда белгіленген шегіннен асса

5510


5510

5410


5460

6

Резервтік капиталдың пайдаланылуы:

-есептік жылдың шығындарын жабуға

- өткен жылдардың шығындарын жабуға

- құрылтайшылар ұлестері есептелуіне


5410


5460

5410,5460


5610


5520

3030


7

Есептен шығарылған негізгі құралдардың қайта бағаланған сомасы есептен шығарылды

5420

5610



Кірістер есебі
Кірістер – есептік кезең ішінде экономикалық пайданың көбеюі немесе активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің азаюы. Есептік кезең соңында 5510 шотпен жабылады.

Жылдық жиынтық табыс – негізгі және негізгі емес қызметтерден есептік жыл ішіндегі жеке және заңды тұлғалардың жан жақтан алынған кірістері. Негізгі қызметтердің кірістері: дайын өнімді өткізгеннен түскен түсімдер, кіріске алынған тауарларды сатқаннан түскен түсімдер, салып тапсырған құрылыстар мен ғылыми зерттеу жұмыстар,

Және сыйақылармен пайыздар, дивидендтер, гонорарлар, роялти.

Негізгі емес қызметтердің кірістері: өткізілген материалдық емес активтер, негізгі құралдард мен құнды қағаздардың түсімі . Кірістер есебі № 18 «Кірістер» ХҚЕС-да қарастырылған.

Сатылған тауарлардың кірістері танылады, егер - кіріске алу ақылар мен тәуекелділіктерді кәсіпорын сатыпалушыға аударып тастаса;


  • егер кәсіпорын сатылған тауарларға бақылау жасамаса;

  • егер кірістер сенімді бағаланса;

  • егер жасалған делдалдықтан пайда алынуына сенімді болса;

  • егер жасалған делдалдықтан алынатын табыс дұрыс бағаланса.




р\р



Шаруашылық операция

Шот корресподенциясы

Дт

Кт

1

Өткізілген өнімнің түсімі кассаға кірістелді

1010

6010

2

Өткізілген негізгі құралдардың кассаға түсімі кірістелді

1010

6210

3

Сатыпалушыларға берілген жеңілдіктерге

6030

1210

4

Несиелерге есептелген сыйақылар

1270

6110

5

Бірлескен ұйымдарға дивидендттер есептелді

1230

6120

6

Қаржыландырылған жалға табыстар есептелді

1270

6130

7

Есептік кезең соңында жиынтық табыстар шоты жабылуы

6010,6210,6110,....

5610

5610

6030


8

Есептік кезең соңында қаржылық нәтиже анықталды: шығындар

кірістер

5610

6010



7010

5610



Шығыстар бойынша синтетикалық есебі
Шығыстар - есептік кезең ішінде кәсіпорынның жасаған шағыстарын есепке алу. Кәсіпорын табыс табу барысында қандайда болса шығыс жасауға мәжбұр болады. Шығындар ол өнім шығару, тауарлар өткізу барысында активтердің азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы. Есептік кезеңде кірістерді есепке алу қандайда бір шығындарды мойындатады. Шығындар ағымды (есепте)және кейінге қалдырылатын (баланста) болып бөлінеді. Өндірістік шығындар тікелей және үстеме шығындар болып бөлінеді. Тікелей шығындар өнімнің (жұмыстың) өзіндік құнын құрайды. Шығындар қай мерзімде жасалды сол мерзімде есептеледі. Өнімнің (жұмыстың) өзіндік құнына кірмейтін шығындар есептік кезең шығындарына жатады. Шығыстарды 7- бөлім шоттарында ескеріледі.


р\р



Шаруашылық операция

Шот корресподенциясы

Дт

Кт

1

Өткізілген өнімнің өзіндік құны есептен шығарылды

7010

1320

2

Қайтарылған өнімнің өзіндік құны

1320

7010

3

Өткізілген тауарлардың өзіндік құны

7110

1330

4

Несиелерге есептелген шығындар

7310

3380

5

Негізгі құралдарды есептен шығару бойынша жасалған шығындар

7410

2410

6

Қызметкерлердің демалыс күндеріне резерв қалыптасуы

7440

3430

7

Алдағы кезеңде негізгі құралдардың жөндеу жұмыстарына резерв қалыптастыру

7440

5340,5310

8

Жыл соңында шығыстар шоттардың жабылуы

5610

7010,7110,7310,7410,7440

9

Жыл соңында шығыстар бойынша қаржылық нәтиже анықталды: шығындар

кірістер

5510

5610



5610

5510



Өндірістік шоттарды есепке алудың синтетикалық есебі
Өндірісі бар немесе өндірістік цехтары бар кәсіпорындар шығындарын есепке алу бойынша 8-ші бөлімнің шоттарың қолданады. Бұл шоттарда шығындар топтастырылады содан кейін калькуляция арқылы өнімнің өзіндік құны анықталады.


р\р



Шаруашылық операция

Шот корресподенциясы

Дт

Кт

1

Өндіріске шикізат босатылды:







1.1

- негізгі өндіріске

8100

1310

1.2

- көмекші өндіріске

8300

1310

2

Өндірістегі жұмысшыларға еңбекақы есептелді







2.1

- негізгі өндірістегі

8100

3350




- көмекші өндірістегі

8300

3350

3

Еңбекақыға әлеуметтік салықтар есептелді







3.1

- негізгі өндірістегі

8100

3150

3.2

- көмекші өндірістегі

8300

3150

4

Үстеме шығындар есептелді

8100

8040

5

Амортизация есептелді

8400

2420

6

Коммуналды шығындар септелді

8100

3310,8040

7

Іс сапар шығындар есептелді

8100

1250

8

Өнім дайын болғанда

1320

8100


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
жалпы білім
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
дістемелік кешен
мелетке толма
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...