«Борыш- адами міндет»

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі40.58 Kb.
«Борыш- адами міндет»

Адамдық борыш - өзіне ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Ал, адам өзінің жеке басынан аса алмай, күйбең тіршіліктен шыға алмаса, ол өз бойындағы қуатын халқына бере алмаса, ол адам күйзеліске ұшырайды. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді. Ал, Шәкәрім қажы адамдық борыш турасында: «Ақжолдан айнымай, Ар сақта, оны біл», - дейді. Сонда таза ісімен, адал еңбегімен және харекетімен көрінетін адамдар болады, олар өзінің ең басты өмір сүру кеңістігі өз халқына еңбек қылу деп есептейді. Шәкәрім сондай адамдар туралы айтып отыр. Алайда, көшпелі ортада адамдық өзінің функционалдық болмысы жағынан туыстық-рулық байланыстардың іргелі нормалары және принциптерімен біте қайнасып жатқандығын аңғаруға болады. Мысалы, көшпелі ортада қоғамдық қатынасты реттеудің ең ілкімді принциптерінің бірі ағайыншылықтың басты шарты адамдық болды. Яғни адамдықты ұстанған руластардың арасында ғана ағайыншылық жүрмек. «У ішсең руынмен» деп келетін мәтел сөздің туыстық-рулық қатынастарды ұйымдастырушылық принципі ретіндегі әлеуметтік-институционалдық қауқары дамдықтың сақталуына тығыз байланысты болды.

Айнымай тұтқан жолың болсын мынау -

Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.

Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,

Борышы адамдықтың сонда тұр-ау.

Міржақып Дулатұлы

Ал енді Ата Заңымыздағы борыш жəне міндет ұғымының мəні мен мазмұнына түсініктеме беруге тырысып көрелік. Ол үшін борыш жəне міндет ұғымының халық түсінігіндегі мəніне тоқталып өтейік. «Борыш» сөзі əрқашан ар-ұят жəне əр адамның өзіне-өзі берер есебі жəне өзінен-өзі талап етер жауапкершілігімен байланыстырылған. «Борышын өтеу» ұғымы адамға қоғаммен жүктелген немесе ол адамның басқа адам алдында орындауы тиіс белгілі бір əрекетті орындауын білдіреді. Қарапайым ақшалай, болмаса заттай қарызынан құтылған адамның борышымды өтедім деген сөздерін жиі естиміз. Осыдан «борыш» сөзінің «қарыз» (парыз) сөзімен ұғымдас, мағыналас екендігін көруге болады. Ал «міндет» ұғымына келер болсақ, міндет ұғымының астарына біріктірілген мазмұн ауқымды екеніне күмəн жоқ. Міндет – ол адамдарға заңмен бекітіліп жүктелген, орындалуы еріксіз сипатта өтетін іс-əрекеттер жиынтығы. Міндет ұғымы борыш ұғымының бір бөлігі десек те қателеспейміз. Себебі құқықтық мемлекетте алдыңғы орынға заң ережелері қойылады. Ал міндет – заң тұрғысынан əбден айқындалып, адамдар үшін өз бастамасымен орындау немесе орындамау таңдауын жасауға ешбір кеңістік қалдырмаған іс-əрекет болса, өз кезегінде борыш тек адам өз ұятының əлі келетін шекте ғана жүзеге асырылатын іс-əрекет, яғни борышты орындамаған адам өз ұяты алдында ғана жауапты.


Жастарға хат

Ілияс Омаров

Біздің заманымыз адамның ардақты атын зәулім биікке көтереді. Мұндай жағдайда адамның қоғам өміріндегі орны өз басының тіршілігіне, еңбегіне байланысты. Былайша айтқанда, бақыт кілті – әр адамның өз қолында.

Өмір жолы оңай жол емес. Әркімнің өз сүрлеуі бар. Бірақ та сол

сүрлеу жалпы адамдардың салған сара жолына ұласуы керек. Халық мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам қорынан үзіп- жұлып күн көру – адамгершілік жол емес.

Адамның қоғамдық еңбегі алдымен оның

адамшылық қасиеттеріне байланысты. Ол

үшін адам өзіне қатаң талап қоя білуі керек.

Сосын уақытты бағалауы басты шарт. Шығыстың ұлы ақыны Саади «Адам әрбір секундта бір дем алады...» деген екен. Ал сол дем алудың өмірде санаулы екенін ұмытпау керек.

«Мен әлі бұғанам қатпаған жаспын ғой», – деу балаларға келіспейді. «Болар бала он екісінде жастығын сылтау етпес, жүз жасында кәрімін деп қапа шекпес», – дейді халық.

Жас кездегі басты міндет – білім алу. Ілімге төте жол жоқ. Оған тек ұзақ еңбек жолы ғана апарады. Сондықтан да білімде шек жоқ дейді. Қанша білімді болсаң да, оған қанағат етпей, білген үстіне біле бер- ген жөн.

Өмірдегі ең жаман әдеттердің бірі – табысқа масаттану, менменсу.

Халық әр уақытта қарапайымдылықты, сыпайылықты, әдептілікті жақсы көреді. Кішіпейілділіктен адам кем болмайды, қайта тұлғалана түседі. Кішіпейілділік – адамның көркі.

Бейпілауыз жаман сөздерге әуестену, темекі тарту, арақ ішу сияқты

жарамсыз қылықтар адамды тұрпайылыққа, тәртіпсіздікке, қылмысқа апарады.

Адам сыншыл, көңілі ашық, жігерлі болуы керек. Әрине, бұл қасиеттер жасанды бояулы болмай, табиғатына біткенде ғана сәнді. Дүниеде жағымпаз болудан жаман жоқ. Кішіпейілділік пен жағымпаздықтың арасы жер мен көктей.

Адамның қасиеттерін нәрлендіре түсетін нәрсе – өзін эстетикалық тәрбиеге бейімдеу. Музыкаға әуестену, музыканы сүйіп тыңдау, жақсы суреттердің мәнін түсіне білу, өлеңге, әдебиетке құлықтану, өткен тарихты білу – адам мәдениетін өсіре түседі. Мұндай адамдармен сөйлесудің өзі бір ғанибет әрі қызықты.

Өмір жолы жеңіл жол емес. Бұл жолда кедір-бұдыр аз болмайды. Табысқа мақтанбай, қайғыға бағынбай, қиыншылыққа мойымай, өзіңді- өзің ілгеріге тарту – адамшылық парызың.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болу қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, – деген Абай сөзін естен шығармаңдар!

... Адамдық борышың

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.



Шәкәрім


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.https://kk.m.wikipedia.org

2.https://bilim-all.kz/tag

3.https://articlekz.com/kk/article/16929

4. Өзін- өзі тану. Жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...