Бөлшектеу және біріктіру қағидасы ғылыми-техникалық шығармашылықта кең қолданылатын тәсіл


Экспериментті жоспарлаудың негізгі қағидалары

Loading...


бет6/10
Дата01.04.2020
өлшемі278.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4.2.2 Экспериментті жоспарлаудың негізгі қағидалары

Экспериментті жоспарлау – ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды кезеңі, одан зерттеу нәтижесінің дұрыстық, нақтылық және тиімділік деңгейі байланысты болады. Жоспарлау математикалық аппарат негізінде жүзеге асырылады. Ол эксперимент жүргізуші еңбегінің өнімділігін, эксперимент нәтижесінің сенімділігін арттыруға, сынақ нұсқалары санын азайтуға, оңтайлы шешімге негізделеді. Ереже бойынша оңтайлы жоспар бойынша оңтайландыру параметрін қолданыстағы факторларға байланыстыратын математикалық үлгіні анықтауға арналған көпфакторлы экспериментті орындалады.

Жоспарлау келесі қағидалармен жүзеге асырылады.

Әр фактор деңгей бойынша градацияға ие. Экспериментте фактор дискретті теңдеудің белгілі бір санына ие. Әр фактор бойынша деңгейдің сәйкес жинағы сынақтағы нұсқа санын анықтайды. Егер эксперименттегі барлық фактор үшін деңгей саны бірдей болса, онда бұл эксперименттегі нұсқа саны фактор санына тең. Мәселен, Ф үш факторы және у үш деңгей кезінде олардың әрқайсысындағы сынақ нұсқасының саны n=уф=33=27, бес фактордың үш деңгейі кезіндегі нұсқа саны n=уф=35=243. Нұсқаның мұндай санымен эксперимент ұзақ және өте қымбат болады. Мұндай нұсқалар көп болған жағдайда аса маңызды еместері болады, олардан зерттеу дұрыстығы үшін оңай құтылуға болады. Мұндай нұсқаларды есептен шығару математикалық негізделеді. Экспериментті математикалық жоспарлау сынақ басқарылатын факторлар кезінде қайта қалпына келтірілетін кезде жүргізіледі.

Ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру саласындағы зерттеулер кезінде факторлар басқарылатын, аз басқарылатын және басқарылмайтын болып бөлінеді. Мәселен, «Дон» өздігімен жүретін комбайн типінде астық дақылдарын жинау үдерісін зерттеу кезіндегі басқарылатын факторларға комбайнның қозғалысының жылдамдығы, барабаны мен барабан астындағы саңылау, барабанның айналым жиілігіжәне т.б., ал аз басқарылатын факторларға таңдалған білік қуаты, оның ылғалдылығы, егіс даласының рельефі, сабақ тұрағының биіктігі және т.б., басқарылмайтын факторларға – жауын-шашын, комбайнның істен шығуы, қоршаған орта температурасы, оператордың физикалық жағдайы және т.б. жатқызылады.

Экспериментті жоспарлаудың негізгі міндеті болып нұсқалардың оңтайлы санын негіздеу және оның жағдайының шартын таңдау табылады. Бұл жерде екі жол қарастырылады: сәйкес теңдеу немесе теңдеулер жүйесі түрінде нысанның математикалық үлгісін алуға мүмкіндік беретін зерттеу үдерісінің физикалық үлгісін жасау; бірінші жолды толықтыратын статикалық жол.

Зерттеу үдерісінің экспериментті жоспарлау деңгейінде оңтайландыру үшін оңтайландыру параметрін белгілеу керек. Кез келген зерттеу үдерісінің параметрлері көп, алайда оның ішінен оңтайландыру керек болатын біреуін таңдап алу қажет. Қалған параметрлердің барлығы мұнда шектеу ретінде қабылданады. Мәселен, жер жырту агрегатын зерттеу кезінде параметр ретінде соқаның кедергісі, жыртылған жер тереңдігі бойынша жүріс тұрақтылығы, смоқа салмағы т.б. алынуы мүмкін. Осылардың арасынан соқа кедергісін оңтайландыруға таңдап алып, қалғандарын шектеу ретінде қабылдауға болады. Егер бір параметр таңдап алу мүмкін болмаса, зерттеу нысанына тән параметрлер функциясы сияқты жалпылама параметр таңдалады.

Жоспарлаудың объективті деңгейі оңтайландыру параметрін таңдау дұрыстығына байланысты, олар келесі талаптарға жауап беру керек:



  1. Әр оңтайландыру параметрінің физикалық мәні болуы керек;

  2. Ол рангалы жүйеде тікелей өлшенетін немесе бағаланатын болуы керек. Егер параметрді абсолютті мәнде өлшемесек, онда оның сандық сипаты үшін рангалы бағалауды пайдаланамыз. Параметрге шкаланың таңдалған деңгейі бойынша баға (ранга) беріледі: екібалдық, бесбалдық, онбалдық және т.б. шкаланың екібалдық мәні аз қолданылады, себебі оларда бағалаудың шектеулі деңгейі болмайды (бар – жоқ, жаман – жақсы және т.б.).

  3. Зерттеу нысаны үшін оңтайландыру параметрі бірдей, әмбебап болуы керек. Ол нысанды жан-жақты сипаттауы керек. Егер бірнеше паратметр болса, бастысы таңдалады да, олардың арасындағы корреляция коэффициенті қосалқы параметрлермен есептеледі. Корреляция үлкен болғанда қосалқы фактор жоспардан (сынақтан да) алынып тасталынады. Параметрдің қосалқылығын анықтау кезінде оны өлшеудің қиындық деңгейі, физикалық мәнінің нақтылығы және т.б. ескеріледі.

Параметрлер саны үлкен болғанда жалпылама параметр келесідей жолмен оңтайландырылады. Барлық параметрлер шартты түрде қабылданған шкаланы пайдаланып, іріктеледі:

Таңдаулы

Өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

жаман

Өте жаман

Шкала бойынша деңгей

1,0...0,79

0,78...0,62

0,61...0,36

0,35...0,19

0,18...0,00

Жалпылама параметр


y=
Мұндағы – шкаладағы бірінші, екінші және n-жеке параметрлерге сай деңгейлер.

Тым болмағанда бір жеке параметрдің таңдаулысы өте жаман болса, жалпылама параметр нөлге теңеледі, яғни, мұндай нұсқалы эксперимент жоспарының мәні болмайды. Мәселен, топырақ өңдейтін жұмыс органдарын зерттеу кезінде тартылыс кедергісі, сенімділік, топырақты қопсыту сапасы, пласт айналымы, топырақтағы өсімдік қалдықтарды өңдеу т.б. сияқты параметрлер саны өте көп. Топырақ қорғау топырақ өңдеу органдарды сынау кезінде өсімдік қалдықтарды өңдеу сапасы параметрі болмайды, себебі бұл жұмыс органы өсімдік қалдықтарды барынша көбірек сақтап қалуы керек. Сәйкесінше, оның шкала бойындағы деңгейі нөлге тең, бұл осы параметрді қосып, эксперимент жоспарын құрудың мәні болмайтынын көрсетеді.



  1. Таңдалған оңтайланған паратметр зерттеу нысанын нақты сипаттауы керек (нақтылық жеткіліксіз болғанда қайталаулар саны артады).

Таңдалған оңтайландыру параметрі көптеген ауыспалылар (факторлар) бойынша қызмет етеді. Мысалы, астықты комбайнмен жинау кезіндегі астық шығыны қозғалыс жылдамдығына, уатқыш айналысының жиілігіне, кетпеннің көлбеу бұрышына, шнек пен бастырғыш түбінің арасындағы саңылауға, уатқыш аппарат барабаны айланысының жиілігіне, барабан соғысы мен деко арасындағы саңылауға, торкөзді реттеу және т.б. тәуелді болады.

Экспериментті математикалық жоспарлау кезінде басты факторлар ескерілуі керек, себебі барлық факторларды бір мезгілде есептеу кезінде эксперименттің нақтылығына қол жеткізу мүмкін емес, зерттеу нәтижесінің нақтылық деңгейі зардап шегеді.

Әр фактор өз көрсеткіші бойынша бағаланады. Фактор көрсеткіштері сандық және сапалық болуы мүмкін.

Экспериментті жоспарлау кезінде таңдалатын факторлар келесі талаптарға дауап беретін болуы керек:



  1. Басқарылатын. Эксперимент үдерісінде таңдалған барлық факторлар басқарылатын болуы керек, бұл паратметрлердің әрқайсысының мәні эксперимент жүргізушінің пікірі бойынша сынақтың бір нұсқасынан екіншісіне өткенде, мәселен, жер жырту тереңдігі, топыраққа жұмыс органының кіру бұрышы, еріту бұрышы кезінде тез өзгеретін болуы керек. Бұл паратметрлер тез реттеліп отырады.

  2. Бірмәнділік. Эксперименттің оңтайлы жоспарына кіретін барлық факторлар бірмәнді болуы керек. Басқа факторларға байланысты болатын көпмәнді факторлардың болуына жол беріледі, бірақ бұл кезде олардың байланыс заңдылығы белгілі болуы керек. Мәселен, агрегат өнімділігін арттыру жолдарын анықтау бойынша экспериментті жоспарлау кезінде пагрегат қозғалысының ждылдамдығы сияқты фактор күрделі, трактор қуатыныңна тәуелді болып табылады. Алайда, төмендегі тәуелділік белгілі болғандықтан, оны жоспарлауға болады:





  1. Факторлардың сәйкестігі. Экспериментті жоспарлау кезінде жоспарға енгіңзілген факторлардың барлық комбинациясы экспериментті орындау кезінде іске асырылатын болуы керек. Мысалы, комбайн жұмысы режимін оңтайландыру бойынша экспериментті орындау кезінде факторлармен жоспарланған барлық комбинациялар орындалатындай болып таңдалуы керек.

  2. Факторлардың тәуелсіздігі. Эксперименттің оңтайлы жоспарына енгізілген факторлар арасында тік сызықты байланыс болмауы керек. Тек қисық сызықты байланысқа жол беріледі, тек ол белгілі және зерттеу нәтижесін талдау кезінде ескерілетін болуы керек.

  3. Өлшеу нақтылығы. Эксперимент жоспарына енгізілген факторлар нақты өлшенетін болуы керек, себебі олар зерттеу нәтижесінің жоғары деңгейлі дұрыстығын негіздейді.


4.2.3 Эксперимент жоспарын жіктеу
Эксперимент жоспарларының типтері көбінесе эксперимент типтеріне негізделеді. Экспериментті қайталау мүмкіндігі тұрғысынан олар қалпына келетін, қалпына келмейтін болып бөлінеді.

Қалпына келетін экспериментке эксперимент барысында зерттеу нысанын да, зерттеу құралын да (құралдар, өлшеу жабдықтары) кез келген уақытта бастапқы қалпына келтіруге болатын эксперименттер жатады.

Алайда идеалды қалпына келетін экспериментке нақты мысал келтіру қиын. Шынымен де, кез келген агрегатты, машинаны, мысалы, астық комбайнының соққы аппаратын сынау кезінде біршама уақыт өткен соң комбайнды идеалды бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды, себебі комбайнда кішкене болса да тозу, брабан астында, өлшеу құралдарында және т.б. қандай да бір тозығулар міндетті түрде орын алады.

Мәселе зерттеу нысаны қалпының өзгеру деңгейіне байланысты. Осыған орай, нысанның бастапқы қалпынан шекті ауытқуын білу немесе негіздеу керек. Егер өзгеріс деңгейіосы шек көлемінде болса, онда эксперимент қалпына келетін, егер бұл шектен шығатын болса, қалпына келмейтін деп аталады.

Осыған байланысты жоспардың екі типі бар: қалпына келетін эксперимент жоспары, қалпына келмейтін эксперимент жоспары.

Жұмыстың негізділігі, нақтылығы және көлеміне байланысты эксперимент жоспары классикалық және рандомизирлі деп бөлінеді.

Классикалық жоспар негізінде фактордың мәніне байланысты төменгі деңгейден бастап, жоғары деңгеймен аяқталатын эксперимент нұсқаларын кезектеп қалыптастыруда жатыр.

Классикалық жоспар өз кезегінде екі типке бөлінеді: бірфакторлы эксперимент жоспары; көпфакторлы эксперимент жоспары.

Бірфакторлы эксперимент мақсат функциясы тек бір ғана аргументке (факторға) байланысты болатын эксперимент, мысалы, қандай да бір топырақ типінің тығыздалуы соқа доңғалағының металл тірегінің қысымына байланысты болады.

Бірфакторлы экспериментті классикалық жоспарлаубастапқыда эксперименттің нұсқасы фактордың төменгі мәнінде, содан кейін белгілі бір дискреттілікпен кезегімен, жоспарға барлық таңдалған факторға, жоғарғысына дейін қалыптасады. Факторлар мәні дискретті, яғни эксперимент жүргізуші анықтаған аралықпен қабылданады. Бұл аралық түрлендіру аралығы деп аталады. Мұндай жоспар кезекті жоспар деп аталады. Кезекті жоспар мақсатты және оны пайдалану қолайлы, мысалы, соқаның тірек доңғалағының кронштейнін оның серпінде деформациясы шегіндетірек доңғалаққа топырақ тарапынан түсетін тең реактивті күш жүктемесімен сынау кезінде осындай жоспарды пайдалану ыңғайлы. Эксперимент нәтижесі бойынша, біріншіден, кронштейннің серпінді деформациясына байланысты қисық тәуелділікті құруға болады, екіншіден, қандай да бір бөлшектің, осы мысалда соқаның тірек доңғалағының кронштейннің беріктік шегі анықталады.

Көпфакторлы эксперимент болып бірнеше аргументке (факторға) байланысты мақсат функциясын зерттейтін эксперимент табылады.

Көпфакторлы экспериментті классикалық жоспарлау нұсқаларды әр фактор бойынша кезектеп қалыптастырудан тұрады. Бұл жерде мақсат фнукицясы тек бір фактор х1 бойынша ғана оның мәнін түрлендіруге таңдалған аралықта өзгереді де, қалған факторлар х2, х3,...хn бекітілген деңгейде реттеледі. Содан кейін екінші факторды х2 түрлендіруге арналған эксперимент нұсқалары қалыптасады да, қалған х1, х3,...хn бекітілген деңгейде реттеледі. Эксперименттердің осы тобының нәтижесі бойынша эксперимент факторы жоспарына енгізілген басқа факторлардың тұрақты мәні кезінде х2 факторына байланысты мақсат функциясы құралады.

Бейнелеп айтқанда, әр фактор бойынша жекелеген эксперименттер нұсқаларының жоспары белгілі бір жағдайда бірфакторлы эксперимент жоспарын білдіреді, ал көпфакторлы эксперименттің классикалық жоспары кезекті бірфакторлы эксперимент жинағы болып табылады.

Эксперимент мақсатына байланысты көпфакторлы жоспар толық және толық емес болуы мүмкін.

Эксперименттің толық емес жоспары фактор мәнінің барлық деңгейі бірдей ескерілмеген жағдайда орын алады. Мәселен, соқаның жер жырту тереңдігіне және агрегат қозғалысының жылдамдығына қатысты тартылыс кедергісін зерттеу кезінде екі факторды да 5 деңгейде түрлендіру қалыптасқан (жер жырту тереңдігі а1 = 10см; а2 = 15 см;… а5 = 30 см; жылдамдық v1 = 1,7 м/c; v2 = 1,9 м/c;…v5=2,8м/с).

Егер жоспар барлық деңгей бойынша жасалмай және сәйкесінше эксперимент те осылай орындалатын болса, (сурет 4.1 а, б) ондай жоспар толық емес деп аталады. 4.1 а графикте тартылыс кедергісі жер жырту тереңдігі мәнінің барлық деңгейінде, алайда агрегат қозғалысының жылдамдығының бір деңгейінде ғана қызмет етеді (v = const = 1,9 м/с). 4.1 б суретте тартылыс кедергісінің жылдамдықтың барлық деңгейіндегі, алайда жер жырту тереңдігі деңгейінің тұрақты мәніндегі қызметінің графигі берілген (а = const = 20 см). Бұл екі график толық емес классикалық жоспар бойынша орындалған эксперимент дерегімен құрылған.

R,кН R,кН




















V=const

























V=1.9 м /с


































a=const




























a=20см















10 15 20 а, см

Сурет 4.1 [R=f(a, v)] соқасын толық емес жоспар бойынша v = const (v = 1,9 м/с) кезіндегі жер жырту тереңдігіне а және а = const (а = 25 см) кезіндегі жылдамдыққа v тәуелділікте сынау нәтижелері
Толық классикалық жоспар деп зерттеу үдерісі бір уақытта барлық фактор бойынша және олардың мәнін түрлендірудің барлық деңгейінде қызмет ететін жоспар аталады. 4.2 суретте R соқасының тартылыс кедергісіеің бір мезгілде жер жырту тереңдігі а және агрегат қозғалысының жылдамдығы v бойынша барлық жоспарлы деңгейде қызмет ету графигі берілген (а = 10…30 см; v = 1,7…2,8 см).
Сурет 4.2 [R=f(a, v)] соқасын толық жоспар бойынша а жер жырту тереңдігіне және v жылдамдыққа тәуелділікте сынау нәтижелері:

а) қозғалыс жылдамдығы 1 – 1,7 м/с; 2 – 1,9 м/с; 3 – 2,2 м/с; 4 – 2,5 м/с; 5 – 2,8 м/с кезінде;

б) жер жырту тереңдігі 1 – 10 см; 2 – 15см; 3 – 20 см; 4 – 25 см; 5 – 30 см кезінде.
Егер жоспардағы әр фактор деңгейінің саны бірдей болса (келтірілген мысалда жер жырту тереңдігі мен жылдамдық бес деңгейде түрленеді: тереңдік а – 10 см, 15 см, 20 см, 25 см, 30 см; жылдамдық v – 1,7 м/с, 1,9 м/с, 2,2 м/с, 2,5 м/с және 2,8 м/с) ондай жоспар теңестірілген жоспар деп аталады. Егер эксперимент жоспарында оған енгізілген факторлар деңгейдің тең санымен түрленбейтін болса (мәселен, жер жырту тереңдігі 5 деңгейде, ал агрегат қозғалысының жылдамдығы 7 деңгейде), онда мұндай жоспар және сәйкесінше эксперимент теңестірілмеген деп аталады.

Толық көпфакторлы классикалық жоспар тек қалпына келетін эксперимент үшін құрылады, себебі оны жүргізу кезінде әр фактор өзінің бастапқы деңгейіне қайта оралуы керек. Берілген мысалда әр фактор өзінің бастапқы қалпына бес рет қайта оралады (әр деңгейде қайталау санын қоспағанда). Толық жоспар теңестірілген жоспар болу міндетті емес, әсері барынша нақты, терең зерттелетін фактор үшін деңгейдің түрлі санында түрленетін, факторлы жоспар жеткілікті.

Классикалық жоспарлар, сондықтан да классикалық эксперименттер бірқатар айтарлықтай кемшіліктерге ие. Алайда бірқатар артықшылықтарының болуына байланысты (жоспар мен әдістеменің қарапайымдылығы және эксперимент режимін кезектестіру мүмкіндігі, қателіктерді қадағалап отырудың жоғары деңгейі), жоспардың бұл түрі өте кең таралған.

Эксперименттің рандомизирлі жоспары (классикалық емес) факторлар деңгейі өсу (не кему) ретімен іріктелген кезекпен емес, ғкездейсоқ орналасқан жоспар. Жоспарлаудың мұндай әдісі эксперименттің бақылаушы және қоздырушы факторлар әсерінен болатын жүйелік қателігін төмендетуге негізделген. Мәселен, комбайнның уатқыш аппаратымен астықты уату сапасын барабан мен деко арасындағы саңылауға қатысты зерттеу кезінде. Негізгі фактордан (саңылаудан) басқаауа лығалдылығы, сондықтан да уатылған нан көлемі факторы да әсер етеді. Классикалық эксперимент кезінде саңылаудың өзгерісі өсу ретімен іріктелген кезекпен және уақытпен жоспарланғанда, уату сапасы саңылаудан ғана емес, ауа райының жағдайынан да өзгереді, бұл сынақтың қателігін арттырады.

Рандомизирлі (кездейсоқ) жоспарда саңылау жұмыс уақыты бойында тек өсу ретімен ғана емес, кездейсоқ та өзгеріп отырады. Бұл бақыланбайтын факторларды (ауа райы, ылғалдылық) эксперимент бойында барынша тең орналастыруға мүмкіндік береді және нәтижесі – уату сапасы – барынша объективті болады.

Мысалы, егер саңылау өзгерісін қатаң кезекпен: 3; 6; 9; 12; 15; 18; 21 мм жоспарлап жәнеоны таңертеңнен орналастыратын болса, уату сапасына тек саңылаудың өсуі ғана емес, нан көлеміің құрғауы (сағат 12-де астық ылғалдылығы мүлдем басқаша болады) да әсер етеді, бұл, әрине, сынақтың дұрыстығына кері әсерін тигізеді.

Егер фактор деңгейін өсу кезегімен емес, кездейсоқ тәртіппен орналастырар болса (мысалы, 21; 3; 18; 9; 12; 6; 15), ылғалдылықтың өзгеруі (массаның құрғауы) саңылаудың ұлғаюымен сәйкес келмей, оның барлық мәніне тең орналасады, бұл ылғалдылықтың эксперимент нәтижесіне кері әсерін айтарлықтай төмендетеді.

Рандомизирлі жоспарды құру белгілі бір ережеге бағынуы керек. Ең алдымен, деңгей ретінде толықтай кездейсоқтық болмауы керек. Олай етпесе, таңертең тек үлкен саңылаулар болып, түске қарай тек кішілері қалуы мүмкін, бұл да эксперимент шартын оңтайландырмайды. Сәйкесінше, толық кездейсоқтыққа шек қойылады, блокты кездейсоқ жоспар құрылады. Біздің мысалымызда жұмыс уақыты бірнеше кезеңге бөлінеді, мәселен, 5-тен 7-ге дейін; 7-ден 9-ға дейін; 9-дан 11-ге дейін; 11-ден 13-ке дейін. Әр уақыт кезеңінде ылғалдылық әртүрлі болғанда, фактор деңгейінің блоктары шамамен тең дәрежеде болуы керек, мысалы, 21; 3 және 18; 9 және 12; 6 және 15.

Кездейсоқ жоспардың келтірілген мысалы қарапайым – бір факторлы. Кездейсоқтық теориясының негізгі ережелері сақталып, екі және одан да көп факторлармен қызмет ететін үдерістерді зерттеуге арналған толық факторлы кездейсоқ жоспар жасалады.

Ғылымда кең тараған блокты кездейсоқ жоспар нұсқаларының бірі болып латын немесе грек-латын шаршысы типті жоспар табылады. А, Б, В, Г факторларына байланысты үдерісті (құбылысты) зерттеу бойынша эксперимент жоспары жалпы канондық формада «шаршы» түрінде берілуі мүмкін:




А

Б

В

Г

Б

В

Г

А

В

Г

А

Б

Г

А

Б

В

Құрылған сызбаны талдау кезінде канондық латын шаршысының қалыптасуы келесі ретке бағынатыны байқалды: бірінші жол мен сол бағанда факторлар әріптердің әліпбилік ретімен жазылады, келесі жолдар мен бағандар факторларды (әріп, белгі, санды) бірқадамды кезекпен орналастыру жолымен қалыптасады. Латын шаршысында эксперимент жоспары әрқашан реттелген болады, яғни, екі фактор да бірдей көлемде түрленеді, олай болмаса, шаршы қалыптаспас еді. Латын шаршысы nm типті толық емес факторлы эксперимент жоспарын қалыптастырады, мұндағы n – фактор деңгейінің саны, m – фактор саны.

Жүк тасу кезінде жүргізушінің шаршауы деңгейін зерттеу кезінде, мысалы, шаршау көп жағдайда жұмыс ауысымының ұзақтығына, жүргізушінің жасына, сондай-ақ әр шаруашылықта әртүрлі болатын ұйымдастыру-қызмет көрсету факторына байланысты болатыны анықталған.

Жұмыс уақытын Т белгісімен, жүргізуші жасын – В, шаруашылықтардың ұйымдастыру көрсеткіші бойынша ерекшелік факторын – х белгісімен бейнелейік (эксперимент үшін зерттеу аймағына, ауданына және т.б. тән үш түрлі шаруашылық жүргізушілерін аламыз: х1; х2; х3).

Осыған ұқсас зерттеулердің классикалық әдістемесіне байланысты, әдетте, әр шаруашылықтан 12 адам, барлығы 36 адам алынады. Бұл жүргізушілер 3 жас тобына бөлінген: В1; В2; В3. Жұмыс уақыты да осындай үш топқа түрленеді: Т1; Т2; Т3. 3х3 латын шаршысы типті эксперимент жоспары келесідей болады (кесте 4.1):

Кесте 4.1



Жоспар

Жұмыс ұзақтығы

Шаруашылық

Х1

Х2

Х3

Т2

В3

В1

В2

Т1

В2

В3

В1

Т3

В1

В2

В3

Әр нұсқаны, сынақты төрт рет қайталау және жүргізушінің шаршауын 12 балмен бағалау кезінде 4.1 кестеге сай латын шаршысы жоспарымен орындалған эксперимент нәтижесін келесі түрде беруге болады (кесте 4.2).

Кесте 4.2 – үш жас тобындағы жүргізушілердің шаршауы (4.1 кестедегі жоспарға сай зерттеу)

Жұмыстың ұзақтығы

Х1, Х2, Х3 шаруашылық жүргізушілерінің шаршауы

Х1

Х2

Х3

Қайталау

Қайталау

Қайталау

1

2

3

4

1

2

3

4

1

2

3

4

Т2

5

7

12

8

1

4

0

0

1

3

2

6

Т1

1

4

3

2

4

6

2

1

10

8

12

11

Т3

1

0

2

3

3

1

1

4

0

4

1

0



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...