Бөлшектеу және біріктіру қағидасы ғылыми-техникалық шығармашылықта кең қолданылатын тәсіл

Loading...


бет3/10
Дата01.04.2020
өлшемі278.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сурет 2.1 – Бастапқы ақпараты бар жеке картотеканың карточкасы: (а) – бет жағы; (б) – теріс жағы


Қазіргі таңда ақпарат көзі өте көп және ұлғаю үстінде (әлемде бір маманға шаққанда күніне 100 баспа табақтық мәлімет жарияланады, бұл бастапқы және қиын ғылыми жұмыс).

Дұрыс оқу, түсіну және есте сақтай білу керек.

Тез оқу туралы ғылымда оқығанды есте сақтау үшін төрт тәсіл ұсынылады: әріптеп оқу, буындап оқу, сөздеп оқу және түсінікпен оқу.

Қысқасы, бұл тәсілдердің мәні мынада: бірінші сөздің бірінші буыны және екінші сөздің бірінші әрпі оқылады да, сөздің қалған бөлігі болжанады. Түсінік бойынша оқу тәсілінде мәтіннен жекелеген кілт сөздер ғана таңдалады да, соңынан бір не бірнеше сөйлемнен тұратын ой жүйеленеді. Бұл тәсілді әдебиетпен бірнеше жыл бойы жұмыс істеп жүрген, тақырып бойынша білім қор мол, және, әрине, есте сақтау қабілеті жоғары адамдар меңгерген. Тез оқу тәсілін меңгерген адам әдетте бірнеше әріптен сөзді, бірнеше сөзден сөйлемді, бірнеше сөйлемнен тұтас ойды түсіне алады. «тез оқуды» енді бастап жүргендерге тез оқуды игеру үшін түрлі дифференциалды (сурет 2.2.а) және интегралды (сурет 2.2.б) алгоритмдер ұсынылады.

Сонымен қатар тез оқуды меңгеру үшін оқушының көзі парақтың сол жағынан оң жағына не керісінше жүрмей, үстінен астына қарай болжаммен сызып алған қисық сызық бойымен ақырын жылжытып отырып оқитын техника көмектеседі (тез оқу (2.2 в) баяу оқумен (2.2.г) салыстырмалы түрде берілген). Оқудың бұндай тәсілін табысты игеру үшін перифериялық көру деп аталатын көру тәсілін меңгеру керек. Перифериялық көруге жаттықтыратын бірқатар әдістеме бар, олардың бірі – Шульте кестесі. әдістеме мәні мынада: 25 торкөзге бөлінген шаршының орталық торкөзіне қарап, орталық торкөзден периферияда орналасқан торкөздердегі саны атау керек. перифериялық көруге жаттығу деңгейі барлық 25 санды атауға кеткен уақыт көлемімен бағаланады (бір санға бір секунд жұмсалса, қалыпты деп есептеледі).

Ғылыми-техникалық мәтін 70% артық мәліметтен тұратындығын ескеріп, оқығанды конспектілеу кезінде алдымен ойша талдау жасап алып, содан кейін іріктеп конспектілеу керек. ойша саралау кезінде мынаған назар аудару керек: тақырып – негізгі мазмұны – ғылыми идеясы – негізгі ғылыми ережелері – заңдар – үлгілер – әдістеме – соңғы нәтижесі, олардың жаңалығы – сын – табылған кемшіліктерді жою бойынша өзіндік зерттеудің ықтимал жолдары.


Сурет бар

Сурет 2.2. Тез оқу алгоритмдері (а, б) мен әдістемелері (в, г)

С – көз шалымы

– баяу оқу кезіндегі көз қозғалысы

– тез оқу кезіндегі көз қозғалысы
Зерттелетін материал сыны объективті болуы керек.

Зерттеу соңында бірнеше автордың бір сұрақ бойынша немесе бір мәселені шешуге қатысты нәтижелері әртүрлі болып шыққан жағдайлар (бұндай жағдайлар жиі болып тұрады) олардың салыстырмалы талдамасын жасау керек, оған арналған бірқатар әдістер бар. Мысалы, рангалы корреляция әдісі, оның мәнін өзекті сепкішті жетілдіру мақсатындағы зерттеуде оның тұқым салу тереңдігінің тұрақтылығы, тартылыс кедергісі, материал сыйымдылығы, сенімділігі, әмбебаптығы сияқты белгілері бойынша талдау жүргізу кезінде қарастырамыз. Алдыңғы ғалымдардың келтірілген факторлардың маңыздылығы туралы пікірлерін натурал сандар қатары тәртібінде іріктеу керек. Дәреже саны белгі санына байланысты қабылданады – біздің жағдайда 5 дәреже. 1 саны (бағасы) ең жоғары бағаға (кез келген дерек көзінің пікірі бойынша) сәйкес, 5 саны – ең төменгі бағаға сәйкес. Егер қандай да бір талданып отырған дерек көзі бұл белгіні ескермесе, оған ең кіші баға беріледі, біздің жағдайда ол 5 бағасы. Егер екі не үш белгі қарастырылмаған болса, оларға қолданылмаған ең төменгі екі не үш санның орташа арифметикалық санға тең бірдей баға қойылады (бірдей дәреже беріледі), біздің жағдайда 5 және 4, яғни (3+4+5):3=4. Егер дерек көзінде бірнеше белгі бірдей бағаланған болса, оларға да осы қағида бойынша бірдей дәреже беріледі.

Өзекшелі сепкіштің бес белгісін жеті ғалымның (дерек көзінің) бағалауына рангалы корреляция әдісімен талдау 2.1 кестеде берілген.

Дерек көздерінде баға берілмеген белгілер жұлдызшамен көрсетілді. Біздің жағдайда №1 дерек көзі материал сыйымдылығын белгілемеген (5*), №2 дерек көзі материал сыйымдылығын (4*) және сенімділікті (4*), әмбебаптылықты (4*) бағаламаған. Сондықтан 4*=(3+4+5+):3, №6 дерек көзі материалдың сыйымдылығын (5*) бағаламаған.

№1 дерек көзінің тең дәреже көрсеткіші:

......... (формула бар)



Мұндағы пr – тең дәрежелер саны.
Белгілерді (өзекшелі сепкіш белгілерін) бағалаудағы келісім көрсеткіші ретінде конкордация коэффициенті қабылданады.
Кесте 2.1 Рангалы корреляция әдісімен белгілерді бағалау келісімінің талдамасы


Ақпарат көзі

Бағаланатын белгілер

Тең дәреже көрсеткіші


Тұқым салу тереңдігінің тұрақтылығы

Тартылыс кедергісі

Материал сыйымдылығы

Сенімділігі

Әмбебаптығы




1. (Г.Н.Синеоков)

1

2

5*

3

4

0

2. (А.И.Бараев)

1

2

4*

*

4*

24

3. (П.А.Пыльник)

1

3

5

4

2

0

4. (В.И.Виноградов)

2

1

5

3

4

0

5. (И.Т.Ковриков)

1

2

4.5*

3

4.5*

6

6. (Р.С.Рахимов)

2

1

5*

3

4

0

7. (А.П.Грибановский)

1

2

4

3

5

0

Белгілер бойынша дәреже сомасы

9

13

32,5

23,0

27,5

30

Дәреже сомасының орташа арифметикалық саннан ауытқуы

-12

8

11,5

2

6,5

Орташа арифметикалық дәреже = 21,0

Ауытқудың 2 дәрежесі (d2)

144

64

132,25

4

42,25

386,5

.......
Мұндағы N – ақпарат көздерінің саны (біздің мысалда – 7);

m – қарастырылып отырған белгі саны (мысалда – 5);

d2 – ауытқудың екі дәрежесі (2.1-кесте).

Қарастырылған мысалда конкордация коэффициенті Кк=0,793, бұл бұл мәні 5-ке тең корреляция коэффициентінің шекті сенімді мәнінен айтарлықтай көп, яғни қарастырылатын баға айтарлықтай сәйкес келеді.

Өзекшелі сепкіштің негізгі белгілерін бағалау бойынша ақпараттың жеті көзін талдау ең үлкен мәнге тұқым салу тереңдігінің тұрақтылығы ие екенін, екінші орында оның тартылыс кедергісі, үшінші орында – сенімділігі, төртінші орында – әмбебаптылығы, бесінші орында – материал сыйымдылығы қасиеті тұрғанын көрсетеді (дәреже сомасы қаншалықты аз болса, белгінің маңыздылығы соншалықты көп – 9; 13; 27; 5; 32,5).

Ғылыми-техникалық құжаттың (негізінен әдебиет көзінің) орындалған талдауы ғылыми мәселені қалыптастыру және оны шешу үшін міндеттер қою мүмкіндігіне негізделеді.


2.4 Мәселені қалыптастыру және оны шешу үшін міндеттер қою

Мәселе, сөздің кең мағынасында – шешуді, зерттеуді талап ететін күрделі теориялық немесе тәжірибелік сұрақ. Ғылымда мәселе – қайшылықты жағдай (мәселелі жағдай), ол қандай да бір құбылысты, нысанды, үдерісті түсіндіруде қайшылықты позицияда болады да, сәйкесінше ғылыми шешімді талап етеді.

Кез келген ғылыми зерттеу егер ғылыми мәселе қойылмаса мақсатсыз, зерттеу пәнісіз болып табылады. Қолда бар ғылыми білімнің шектеулігі мен оны әрі қарай дамыту қажеттігі арасындағы қайшылықты түсіну ғылыми мәселені дұрыс қоюды және қалыптастыруды негіздейді, бұл өз кезегінде зерттеудің нәтижесін қамтамасыз етеді.

Негізінен мәселені жоқ жерден жасамайды, ол өздігінен пайда болмайды, мәселе бізді қоршаған ортада, өмірде орын алады. Мәселені анықтау және нақты қалыптастыру керек. Мәселені қоршаған ортаны жақсы білетін инженер не ғалым онымен тығыз байланыста болғанда, ғылым мен өндіріс, қоғамның өзара байланысында оңай әрі дұрыс анықталады.

Көбіне жаңа, ғылыми мәселені дұрыс қою әрі анық қалыптастыру осы мәселені шешуден де маңызды болады. Мәселені дұрыс қалыптастыру үшін тек мәселелі жағдайды анықтап қана қоймай, оны шешуде мүмкін болар құралдар мен тәсілдерді айқындау керек.

Ғылымда мәселелі жағдайдың болуының өзі қолданыстағы ғылыми ережелер (заңдар, функциялар, үлгілер т.б.) мен қайта анықталған деректер арасында қайшылық бар екенін не теориялық ереженің толық әзірленбегенін немесе екеуінің де бірдей орын алғанын байқатады. Сөйтіп, ғылыми зерттеудің бастапқы позициясы мәселені қалыптастыру болып табылады, ол, жоғарыда айтылғандай, мәселелі жағдайды негіздейді.

Сонымен қатар, ереже бойынша, қолданыстағы білім мәселені қоюға, қалыптастыруға жеткілікті, ал оны шешуге жете бермейді. Мәселені шешу үшін жаңа білім қажет, ал ол ғылыми зерттеу нәтижесінде алынады.

Мәселені білу екі құрамдас бөліктен тұрады:



  • құбылысты немесе үдерісті түсіндіруде қайшылықты позиция түрінде келетін қайшылықты жағдайдың объективті білімі, яғни мәселелі жағдайдың объективті қалыптасуы;

  • анықталған мәселелі жағдайды шешу үшін жаңа білім алу мүмкіндігі туралы объективті білім.

Ғылыми мәселенің қалыптасуы екі кезеңге бөлінеді: мәселелі жағдайды анықтау және мәселені қалыптастыру.

Мәселелі жағдайды анықтау үдерісінде, алдымен, мәселенің және болжалды зерттеудің өзектілігін бағалау және негіздеу керек. Өзектілікті негіздей отырып, зерттеуші зерттеудің халық шаруашылығы үшін дер кезінде екендігін ескеріп, олардың мақсаттылығын, қажеттігін дәлелдеп, болжалды зерттеу нәтижесінің экономикалық тиімділігіне жалпы болжам жасауы керек.

Бұл кезде ол осы сұрақпен байланысты үш сауалға оң жауап алуы керек:


  • қалыптасқан бағытта анықталған мәселелі жағдайды шешпей, оның технологиялық үдерісі мен механикаландыру құралдары мүмкін бе;

  • анықталған мәселелі жағдайды шешу нәтижесінде алынатын жаңа ғылыми ережелер (заңдылықтар, математикалық үлгілер, тәсілдер және басқа да жаңа білімдер) осы саладағы ғылым мен техника жетістігінің қолда бар құндылықтарымен салыстырғанда үлкен құндылыққа ие бола ала ма;

Мәселелі жағдайдан туындайтын мәселені қалыптастыру – оны шешу бойынша зерттеу нәтижелеріне үлкен маңыз бен әсер ететін кезең, себебі дұрыс, терең болжаммен және сауатты негізбен қалыптастырылған мәселе зерттеудің анық мақсатын қоюға, сұрақтардың анық шеңберін анықтауға, зерттеу міндеттерінің, нысаны мен пәнінің анықтығына негіз болады, ал бұл өз кезегінде қалыптасқан мәселе шешімінің дұрыстығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Әр мәселе, соған байланысты оларды шешу бойынша зерттеу әдістері де әртүрлі болады, дегенмен заманауи әдіснама кез келген ғылым саласындағы мәселені қалыптастырудың үш негізгі қағидасын ұсынады:



  • осы саладағы белгілінің және белгісіздің нақты мазмұны мен дәл шекарасын анықтау (жаңалық дәрежесінде қателеспеу және жалған мәселе қалыптастырмау үшін ғылым мен техниканың осы саладағы жетістіктерін жақсы меңгеру керек);

  • қалыптастыратын мәселенің көлемі мен сипатын ғылыми әлеуеттің мүмкіндіктерімен (зияткер әлеует деңгейімен, зертханалық базамен, бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейімен т.б.) салыстыру;

  • қалыптастырылған мәселені шешу бойынша сұрақтардың көлемі мен шеңберінің шектелуі (белгісіздің көлемі шексіз, сондықтан да мәселені шешуде табысқа жету үшін сұрақтар шеңберін саналы түрде шектеп, оларды қиындығына байланысты ең оңайынан бастап шешу керек).

Әр ғылыми жетекші үшін «жазылмаған заң» «максимализмнен» зардап шегетін аспиранттардың зерттеу көлемін шектеп отыру керек.

Ол кезде шешімі өз бетімен жеке аяқталған зерттеуді білдіретін сұрақтар тізімі қалыптасады.

Ауыл шаруашылығын механикаландыру саласында ғылыми мәселені қалыптастыру мысалы ретінде келесілерді келтіруге болады. Өсімдік шаруашылығын механикаландыру саласында мынадай мәселелі жағдай туындады.

Егіс жұмыстары (сүдігер жырту, жинау, егу және т.б.) өте созылыңқы жүргізіледі, бұл егін шығымын айтарлықтай төмендетеді. Мәселені трактор қуатын және ауылшаруашылық машинасының (соқа, сепкіш, түп кескіш) қармауыш енін ұлғайту жолымен машина-трактор агрегатының өнімділігін арттыру арқылы шешуге болады.

Алайда кең қармауышты нұсқада дайындалған, дәстүрлі тұтас қатты рамалы ауылшаруашылық машиналары егіс даласының мезорельефін нашар көшіреді немесе мүлдем көшірмейді. Бұл орындалатын жұмысқа деген агротехникалық талаптан айтарлықтай ауытқуға (берілген тұқымды салу тереңдігінен айтарлықтай ауытқу, топырақты өңдеу тереңдігінің айтарлықтай түрленуі, орғыш машинамен ору биіктігінің айтарлықтай өзгеруі т.б.) және егін шығымдылығын 27...37%-ға дейін төмендетуге (бірінші кезең – мәселелі жағдайды анықтауда) жол береді.

Суреттелген мәселелі жағдай былай қалыптастырылуы мүмкін: МТА өнімділігін арттыруға ұмтылу және қандай да бір егістегі операцияны орындаудың агромерзіміне сай келу ауылшаруашылық машинасының қармауыш енін ұлғайтуды талап етеді, бұл өз кезегінде мезорельефті көшіру үдерісін нашарлатып, егілетін дақылдың шығымын азайтуға әкеледі.

Туындаған ғылыми және халық шаруашылығындағы мәселелі жағдайды кең қармауышты, шарнирлі-бөлшектелген және модульді пайдаланылған ауылшаруашылық машиналарын құру және пайдаланудың жаңа бағытын жасау арқылы шешуге болады, бұл кезде оңтайлы ені бар әр үлгі басқасына қарағанда егістегі тегіссіздікті жақсы көшіріп, топырақты өңдеу және тұқым себу тереңдігіне қойылатын барлық агроталаптарды орындайды.
3 тарау

Теориялық зерттеулер

3.1 Теориялық зерттеу міндеттері

Түрлі кезеңде ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудывң еңбек сыйымдылығы бірдей бола бермейді. Теориялық бөлік тұтас ғылыми зерттеудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеудің теориялық бөлігі ірі көлемді ой еңбегі шығынын талап етеді. Бұл аса үлкен шығармашыл кезең. Оның нәтижелеріне алға қойылған ғылыми міндет, мәселенің табысты шешілуі байланысты болады.

Теориялық зерттеулер зерттеу нысаны мен қоршаған орта арасындағы маңызды байланысты анықтауды, эксперименталды зерттеу нәтижелерін түсіндіру және жинақтауды, құбылыс, үдерістердің жалпы заңдылықтарын анықтау және қалыптастыруды мақсат етеді. Теориялық зерттеу міндеттері әр нақты жағдайда әртүрлі болады, алайда барлығына қандай да бір көлемде ортақ болып келетін төрт негізгі міндетті көрсетуге болады:


  1. тікелей эмпирикалық. Экспериментті зерттеуге болмайтын немесе қиындық туғызатын нысанды зерттеу және заңдылықтарды, байланысты, үлгілерді қалыптастыру.

Ауылшаруашылық өндірісті механикаландыру саласында тікелей зерттеуге қол жетімсіз нысандар қазіргі таңда құралдық қамтамасыз ету әдіснамасының дамуы нәтижесінде барған сайын азайып келеді.

Алайда, қол жетімділігі шектелген зерттеу нысандары көп, мәселен, топырақ өңдейтін жұмыс органының топырақпен өзара әсері үдерісі нәтижесінде түренді-дөңес бетінің түрлі нүктесіне бір-бірінен көлемі және бағыты жағынан ерекшеленетін қарапайым реактивті күштер әсер етеді, бұл кезде олардың векторы өңделіп жатқан пластың тұрақсыз құрылымына байланысты уақытқа қатысты да тұрақсыз болады.

Сондықтан да мұндай және осыған ұқсас үдерістерді зерттеуді абстрактылы ойлау жолымен теориялық зерттеуден бастау керек.


  1. Белгілі нысандарды зерттеу нәтижелерін зерттеудің сәйкес келетін (ортақ) бөлігін қайталамай, басқа ұқсас нысандарға тарату.

Мәселен, егіншілік механикасының классиктері, академиктер В.П.Горячкин мен Г.Н.Синеоков сынаның топырақпен өзара әсері теориясы құрылды. «Сына» әсері ауылшаруашылық өндірісін механикаландырудың көптеген үдерісінің негізінде жатыр, олар: топырақ өңдейтін жұмыс органының топырақпен әсері; соққы аппараты соққысының нан массасымен әсері; кескіш (уатқыш) аппараты сегментінің уатқыш массамен әсері т.б. соққының нан массасымен әсері заңдылығын анықтау кезінде негіз ретінде сына теориясы алынып, жұмыс шартына байланысты кеңейтіліп, жетілдіріліп, соққы аппаратының негізгі параметрлерін негіздеуге мүмкіндік беретін математикалық үлгі түрінде ұсынылды.

  1. Эксперименталды зерттеу нәтижелерін жалпылау, өңдеу және жаңғырту жолымен жалпы заңдылықтарды табу. Бұған мысал ретінде эксперименттің оңтайлы жоспары нәтижесінде алынған және математикалық өңдеу мен нәтижелерін жалпылауға сәйкес келетін көпфакторлы үдерістерді сипаттайтын отклик функциясының регрессия теңдеуін атауға болады.

  2. Шарт негізіне, өлшеу нақтылығы мен бақылау параметрнен тұратын экспериментті зерттеу нақтылығын негіздеу және сенімділігін арттыру.


3.2 Жұмыс ғылыми гипотеза
Зерттеліп отырған мәселе бойынша қолда бар ғылыми ережелерді жалпылау және бастапқы ақпаратты зерттеу жолымен ғыцлыми зерттеудің қазіргі жағдайына талдау жасау жұмыс ғылыми гипотезаны ұсынуға мүмкіндік береді. Бұған дейін де анықталғандай, жасалған талдау жұмысы зерттеушіге мәселені қалыптастыруға және оны шешу үшін міндетті қоюға қажетті білім бергенімен, мәселені тікелей шешуге мүмкіндік бермейді. Қалыптастырылған мәселелерді шешу үшін объективті үдеріспен немесе құбылыстар салдарынан туындайтын себептер туралы жаңа ғылыми білім керек. Бұндай білімді жинақтау, ең алдымен, мәселені шешу, ғылыми гипотеза ұсыну бағыты туралы белгілі бір ұсыныстарды қалыптастыру үшін қажет.

Жұмыс ғылыми гипотеза – бақыланып отырған деректер, заңдылықтар, байланыстардың туындау себебі туралы немесе үдерістің немесе құбылыстың болжалды дамуы туралы болжалға негіздеп зерттеуші ұсынатын гипотеза. Онда уақытша болжалды сипат иеленетін жаңа идеяларды ұсынумен, қолданыстағғы білім шегінен шығатын жаңа мазмұнды ғылыми ережені қалыптастырылады, олардың негізінде жаңа ғылыми негізделген нәтиже ізделеді. Гипотеза зерттелетін үдеріс немесе құбылыс сеебі мен салдары арасындағы қолданыстағы байланыс туралы ғылыми негізделген болжал болып табылатындықтан, «ғылыми» терминімен байланыстырылады.

Жұмыс гипотеза зерттеу құбылысын дамытуға негізделген себептерді, негізгі шарттарды, қозғалыс күшін анықтайды және одан арғы зерттеуді жалғастыруға және мәселенің толық шешуге осы да жеткілікті болуы мүмкін, бұл гипотезадан талап етілетін ең аз дүние. Алайда басқа айтарлықтай өзекті мәселені шешуге минимум-гипотеза жеткіліксіз.

Бұл жағдайда гипотеза зерттеу құбылысын дамытудың барлық үдерісін толық немесе толықтай түсіндіруі керек, бұл кездегі гипотеза – максимум гипотеза болып табылады.

Гипотезаның ғылымды дамыту формасы ретіндегі маңызы мен құндылығы да осында.

Бастапқы ақпаратпен танысқаннан кейін гипотеза бірден туындамайды. Ойлау үдерісінде ғылыми қиял негізінде интуитивті туындайтын қандай да бір болжал түрінде жаңа ой туындайды. Ойлаудың одан арғы кезеңі қиялға қатаң логикалық шектеулер мен түсінік бере отырып, болжалды ғылыми гипотезаға айналдыру болып табылады. Сондықтан да кез келген белгілі салдардың себебі туралы болжам гипотеза бола бермейді. Егер бастапқы ұсынылған болжам ғылымның осы саласында белгілі барлық ережелерге қарсы келмей, олардың шынайылығы дәлелденетін болса ғана қабылдап, оны гипотеза ретінде мәселені шешу кезінде негізге алуға болады. Гипотезаға мысал ретінде астық сепкңштің түрен кеңейтігінде астықты тереңірек орналастыруға оны «бос лақтырылған дене» траекториясы бойынша емес, тегіс бет бойынша сырғыту жолымен қол жеткізуге болатынын келтіруге болады.

Бұл гипотезада негізгі ғылыми болжамдар дененің тегіс бет бойынша сырғу қозғалысы механикасының негізгі заңдылығымен және дененің кеңістікте ұшу заңдылығымен сай келеді.

Егер ұсынылған болжамдар ғылымның осы саласындағы белгілі заңдармен сай келмейтін болса, оны жұмыс ғылыми гипотезасы ретінде қабылдауға болмайды.

Мысалы, жылдамдық агрегаттарын құру және қолдану жолымен агрегаттардың өнімділігін арттыру гипотезасы ұсынылды. Бұл гипотезаның басты ғылыми болжамы сағаттық өнімділік формуласына негізделді:
(формула (1)
Мұндағы: В – агрегат қармауышының ені;

.. – агрегат қозғалысының жылдамдығы;

.. – қармауыш енін қолдану коэффициенті;

.. – агрегаттың жылдамдық мүмкіндігін іске асыру коэфиициенті.

Бұдан өнімділік жылдамдыққа тіке пропорционал деңгейде жатқаны байқалады. Шынында да, бір қарағанда логикаға сай болжам – мәселен, осы формула бойынша жылдамдықты екі есеге арттырса, өнімділік те соншалықты артады. Ғылыми-техникалық әдебиеттерде агрегаттарды қозғалыс жылдамдығы арттырылған күйінде пайдалану қажеттілігі мен тиімділігі баяндалған мақалалар, ұсыныстар, тіпті «Жылдамдықты ауылшаруашылық агрегаттар» деп аталатын монография да жарық көрді.

Осы гипотезаны ғылыми ортада кең түрде талдау нәтижесінде оның негізгі болжамының машина трактор паркін тиімді пайдалану саласының ғылыми ережелеріне қайшы келер тұстарының бар екені анықталды. Мәселен, академик В.П.Горячкиннің рационалды формуласына сай:


(формула) (2)
Мұндағы: G – соқа салмағының күші;

F – соқаны «сүйрету» коэффициенті;

K – соқаға топырақтың үлесті кедергісі;

В – агрегат қармауышының ені;

.. – соқаның жұмыс органының конструктивтілігін ескеретін пропорционал коээфициенті;

.. – агрегат қозғалысының жылдамдығы, агрегаттың тартылыс кедергісі жылдамдыққа ғана емес, жылдамдық квадратына байланысты.

Сәйкесінше, қарастырып отырған мысалда, гипотезаның шынайы объективті жағдайында осы екі ғылыми ережені бір жүйеде қарастырсақ, жылдамдықтың артуымен өнімділікті арттыруға болатынын, алайда бұл тартылыс кедергісін де арттырып, жанар май шығынына әкелетінін байқауға болады. Сонымен қатар, трактордың тартылыс сипатына (1) сай (бұл да классикалық ғылыми ереже) жылдамдықтың артуы қармауыш енінің қысқаруына әкеледі (трактор тартылыс күшінің шегінен шыкпау үшін), ал бұл өз кезегіндеагрегаттың егіс бойымен жүру санын арттырады, бұл топырақты тығыздап, оның өнімділігін азайтады.

Осы негізгі ғылыми ережелерді салыстыру арқылы (1 және 2 формула) мәселені жылдамдықты емес қармауышының ені үлкен агрегаттарды құру және қолдану арқылы және олардың қозғалыс жылдамдығының агротехникалық қажетті деңгейде болуы арқылы шешу тиімді екені байқалады.

Қарастырылған мысал (ғылымда мұндай мысалдар көп) қате гипотезалар да болатынын, тіпті олардың кейбіреуі уақытша өміршең болатынын, бірақ осы уақыт аралығында терең талданып, нәтижесінде көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер арқылы тексерілген негізгі гипотеза қалыптасып, бара-бара олар кең қармауышты агрегаттардың және оларды егістің мезорельефті жағдайында жобалау негізінің көпшілікпен мойындалған теориясына айналатынын байқатады (мысалы, И.Т.Ковриков. «Егістің мезорельефін ескеріп топырақ қорғау кешенінің кең қармауышты машиналарын жобалау негіздері», «Топырақты қорғау кешені машиналарын жетілдіру негіздері» - КСРо АШМ Ұсыныстар, 1983).

Сөйтіп, терең негізделген, расталған және объективті гипотеза теориялық және эксперименталды зерттеу әдістемесіне зерттелетін құбылыс не үдерісті (зерттеу нысанын) объективті сипаттайтын нақты және шынайы параметрлерді қалыптастыруға және ғылым үшін де, өндіріс үшін де маңызды ғылыми ережелер әзірлеуге мүмкіндік береді.

Негізді, заманауи әдістемелік қамсыздандыру базасында жүргізілген эксперименттің қазіргі математикалық аппаратын қолдану арқылы ғылыми зерттеу үдерісінде расталып, дамытылған жұмыс гипотезасы ғылыми теорияға айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...