Бөлшектеу және біріктіру қағидасы ғылыми-техникалық шығармашылықта кең қолданылатын тәсіл


Ауыл шаруашылығын механикаландыру мәселелерін шешу бойынша ғылыми зерттеулердің ерекшеліктері

Loading...


бет2/10
Дата01.04.2020
өлшемі278.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.6 Ауыл шаруашылығын механикаландыру мәселелерін шешу бойынша ғылыми зерттеулердің ерекшеліктері
Ғылымның кез келген саласындағы ғылыми зерттеудің жалпы әдіснамасы бірдей. Ауыл шаруашылығын механикаландыру құралы саласындағы эксперименталды зерттеуді де, теориялық зерттеуді де жүргізудің жекелеген әдіснамасы өзіндік ерекшелікке ие.

Олар қолданыстағы және құрылатын машиналар мен машина-трактор агрегаттарын пайдалану шарттарының келесі ерекшеліктеріне негізделген:



  • өндіріс нысандарының, сәйкесінше зерттеу нысандарының да кеңістікке созылып жатуы;

  • негізгі технологиялық ауылшаруашылық үдерістер қозғалыста жүзеге асырылады, бұл мобилді машина-трактор агрегаттарын құруды қажет етеді, олар стационарлықтан әлдеқайда күрделірек – қосымша жүріс жүйесі және трансмиссия енгізіледі;

  • МТА жұмыс істейтін даланың мезорельефінің жағдайы, бұл трактор құрылымын күрделілендіруге, сәйкесінше оның сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін төмендетуге әкеледі (зауытта стационарлық жағдайда қолданылып жатқан станок жұмысы мен құрылысының күрделілігін және тегіс емес далада жұмыс істеп жатқан МТА жұмысы мен құрылысының күрделілігін салыстырайық);

  • Ауылшаруашылық жұмыстарының маусымдық атқарылуы, бұл машина жұмысының көбеюіне, жұмыстардың орындалу мерзімін ауыстыруға, егіс жұмыстарын ұйымдастырудағы қиындыққа, машина-трактор паркінің күрт көбеюіне әкеледі (егер сепкіш не басқа да маусымдық пайдаланудағы машиналар жыл бойы жоспарлы түрде қолданылатын болса, маусымдағы жұмыс күні аз болатын паркке деген қажеттіліктен гөрі оларға қажеттілік азаяр еді);

  • Ауылшаруашылық жұмыстарын орындаудың агротехникалық мерзімінің қатаң шектелуі, бұл ауылшаруашылық және машина-трактор агрегаттарының жұмыс режимін қиындатады, мәселен, екі ауысымда, біреуі түнгі мезгілде жұмыс істеу, жұмыс жылдамдығын арттыру, бұл микро және мезорельеф жағдайында машинаның бұзылуы ықтималдығын тудырады, машинаның жұмыс көлемінің артуы, бұл машина құрылымын күрделілендіруге, сәйкесінше оның сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін төмендетуге әкеледі және т.б.;

  • Ауарайы жағдайының тұрақсыздығы, мәселен, жаңбырдың салдарынан егістің дымқылдығы комбайн жұмысының беріктігінен де артып, ол жұмысшы органдарда, агрегатта тұрып қалады да, оларды істен шығарады, желдің күшеюінен стагомет жұмысы қарқын алып, стоговоз кедергісі артады, астықтың жатып қалуы орын алады да, ору машинасын тым төмен жағдайда жұмысқа салып, оның істен шығу қаупін арттырады және т.б.;

  • Ауылшаруашылық машинамен өңделетін материалдар орнына келмес өзгерістерге ұшыраған, мәселен, топырақ табиғи жауын, күн, жел, жаңбыр т.б. әсерінен үздіксіз өзінің физика-механикалық қасиетін өзгертеді, осыған байланысты агрегаттың жұмыс режимін қайта баптау керек болады, бұған көп уақыт кетіп, орындалатын жұмыс сапасы төмендейді, тартылыс кедергісі, жанар май шығыны артады т.б.

Жоғарыда келтірілгендердің барлығы ауылшаруашылық машина-трактор агрегаттарының жұмыс істеуге мәжбүр болатын жағдайлары, осыған сәйкес ауыл шаруашылығын механикаландыру мәселелерін шешу бойынша ғылыми зерттеулердің де ерекшеліктері болады.

2 тарау

Зерттелетін мәселе бойынша ғылыми зерттеулердің қазіргі жағдайын талдау
2.1 Ақпарат көзі
Ақпараттың негізгі көзі болып ғылыми-техникалық ақпаратты қамтитын және оны ғылыми зерттеулер мен халық шаруашылығында пайдалану, сақтау, беруге арналған материалдық нысаннан тұратын ғылыми құжаттар табылады.
2.1.1 Ғылыми құжаттар келесі белгілері бойынша ерекшеленеді:

1. Материалдың ұсынылуы тәсіліне байланысты құжаттар мынадай болады:

- мәтіндік (кітаптар, журналдар, тезистер, есептер т.б.);

- графикалық (сызбалар, диаграммалар, сызулар және т.б.);

- аудио (үнтаспалар);

- машинамен оқылатын (магнитті таспалар, микротасымалдағыш т.б.);

- компьютерлік.

2. Ақпараттың қалыптасу кезеңі мен олардың жалпылануына байланысты құжаттар былай бөлінеді:

- алғашқы;

- екінші.

3. Қол жетімдік деңгейіне байланысты құжаттар:

- жарияланатын материалдар;

- жарияланбайтын материалдар.

4. жариялану (жарыққа шығу) жиілігіне байланысты басылымдар төмендегідей жіктеледі:

- жүйелі;

- жүйелі емес.




      1. Алғаш жарияланған жүйелі емес құжаттар.

Кітап – көлемі кемінде 48 бет болатын жүйелі түрде жарияланбайтын алғашқы мәтіндік басылым.

Брошюра – көлемі 4-48 бет аралығында болатын жүйелі түрде жарық көрмейтін алғашқы мәтіндік басылым.

Кітап пен брошюра оқулық, монография және еңбек жинағы болуы мүмкін.

Монография – бір немесе бірнеше авторларға тән белгілі бір мәселе не міндетті зерттеудің толық ашылған сипаттын қамтитын кітап не брошюра.

Ғылыми еңбек жинағы – бір не бірнеше автордың бірнеше шығармасын (мақала, баяндама, тезистер) қамтитын кітап не брошюра.

Оқулық не оқу құралы – оқуға және оқытуға ыңғайлы формада жазылған, оқу бағдарламасына сәйкес баяндалған ғылыми не қолданбалы сипаттағы жүйеленген ақпаратты қамтитын, жүйелі түрде жарық көрмейтін мәтіндік басылым.




      1. Алғаш жарияланатын жүйелі құжаттар

Оларға белгілі бір жиілікпен жарияланатын газеттер, журналдар мен рефератты басылымдар жатады. Бұл ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері жарияланатын ғылыми-техникалық ақпараттық ең жедел басылымы.

Жүйелі басылымдарға сонымен бірге нақты жариялану уақытын сақтамайтын, жиілігі белгісіз, бірақ материалдың жиналуына және қандай да бір нөмердің қалыптасуына байланысты жарыққа шығатын басылымдар да жатады. Оларға кейбір жүйелі басылатын, бірақ нақты бір уақыт аралығын сақтамайтын ғылыми еңбек жинағы, оқу жазбалары, хабаршылар және т.б. жатады.




      1. Алғаш жарияланатын құжаттар

Құжаттардың бұл тобына ғылыми есептер (депонирленген және депонирленбеген болуы мүмкін); диссертация; депонирленген қолжазбалар; ғылыми аудармалар; конструкторлық құжаттар; ақпараттық хабарламалар (мысалы, ғылыми-техникалық конференция, съезд, семинар, симпозиум т.б. туралы хабарлама болуы мүмкін) жатады.


      1. Екінші жарияланатын басылымдар

Бұл жалпыланған, реферативті, түйінделген мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ өндірістік сипаттағы материалдар жатады:

  • Анықтамалық басылымдар;

  • Шолу басылымдары;

  • Реферативті басылымдар;

  • Библиографиялық басылымдар.

Анықтамалық басылымдарда, ереже бойынша, ғылыми зерттеулер мен өндірістік (инженерлік) сипаттағы материалдар қамтылады.

Шолу құжаттарында белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір тақырып бойынша жарық көрген алғашқы басылымдардан мәліметтерді жүйелеу және жалпылау нәтижесіндегі ақпарат жарияланады.

Реферативті басылымдар алғашқы жарияланымның қысқартылған сипаттамасы мен олардың қорытындыларын жариялайды. Ғылыми шолу үшін жүйелі түрде жарық көретін (жүйелі түрде жарық көрмеуі де мүмкін) және жарияланбаған құжаттардын рефераттарынан тұратын, сондай-ақ шетелдік материалдардың рефераттарынан тұратын реферативті жинақтар маңызды болып табылады.

Кітап не журнал түріндегі, жарияланған құжаттардың (басылымдардың) библиографиялық сипаттамасын қамтитын және жүйелі не заттық нұсқада берілген басылымдар библиографиялық көрсеткіштер қатарына жатады.




      1. Екінші жарияланған құжаттар

Бұл, әдетте, кітапханаға, кітап, ғылыми-техникалық ақпарат сақтайтын мекемелерге, сондай-ақ осы тектес мекемелерге тән құжаттар. Оларға төменгілер жатады:

  • Ақпараттық карталар;

  • Тіркеу карталары;

  • Депонирленген қолжазба көрсеткіштері;

  • Депонирленген аударма көрсеткіштері;

  • Диссертация карточкаларының көрсеткіштері;

  • Стандартты емес жабдықтарға конструкторлық құжаттардың барлық түрінің карточкалары.

Бұл топқа екінші жарияланатын, бірақ тек жазылым арқылы таратылатын (пайдаланушылардың шектелген тобына) құжаттар енгізіледі.


      1. Ғылыми-техникалық құжаттардың кітапханалық-библиографиялық жіктелімі

Ғылымның барлық саласының құжаттарын, сондай-ақ негізгі және қосалқы кестелерді қамтитын халықаралық әмбебап ондық жіктелімі (ӘОЖ) әлемге таралды және пайдаланылуда.

Негізгі кестеге түсініктер және оларға тән индекстер енгізілген.

Кесте бірқатар бөлшектерден тұрады. ӘОЖ негізгі кестесі бөлшегінің бірінші қатарын келесі кластар құрайды.

О – жалпы бөлім. Ғылым. Ұйым. Ойлау қызметі. Белгілер мен нышандар. Құжаттар мен жарияланымдар. 1 – Философия. 2 – Дінтану. 3 – Экономика. Еңбек. Құқық. 4 – 1961 жылдан бері бос. 5 – математика. Жаратылыстану ғылымдары. 6 – Қолданбалы ғылымдар. Медицина. Техника. 7 – Өнер. Қолданбалы өнер. Фотография. Музыка. 8 – Тіл білімі. Филология. Көркем әдебиет. Әдебиеттану. 9 – Өлкетану. География. Биография. Тарих.

Класс атаулары 10 бөлімге, ал бөлімдер 10 бөлімшелерге жіктелген. Қабылдауды жеңілдету үшін барлық индексте сол жақтан алғашқы 3 саннан кейін нүкте қойылады. Жалпы бөлімнен жекеге дейін осы он сандық кодты пайдалану арқылы иерархиялық құрылыс жасалады. Мысалы, «Машина-трактор паркін пайдалану» оқулығының ӘОЖ 631.3.004. Бірінші бөлім 6 – Қолданбалы ғылымдар. Медицина. Техника. 3 санымен берілген бөлімше – Механизация және т.б.


    1. Ғылым мен техникадағы ақпараттық қамсыздандыру жүйесі

Жаңа технологиялар мен техникалық құралдарды қарқынды құру үдерісінде қызықтырып отырған ғылым саласындағы техниканың қазіргі даму жағдайы туралы білімнің толық әрі нақты болғаны өте маңызды. Осыған орай, ғалымдар мен инженерлік-техникалық жұмысшыларға қабылдауға ыңғайлы ақпаратпен қамтамасыз ету мәселесі бірінші орынға шығады.

Заманауи әдістер мен құралдарды қолдануға негізделген ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау, қарқынды іздеу және берудің жалпы мемлекеттік жүйесін дамыту міндеті өте өзекті болып табылады. ЭЕМ-мен адамның қатынасымен, компьютерлік жүйелерді құрумен байланысты, ғылыми пәннің бірнешеуін қамтитын, ғылыми танымның маңызды саласы ретінде информатика түсінігі қалыптасты.

Ақпарат – ғылымда және халық шаруашылығында пайдалану, сақтау және беру нысаны болып табылатын мәлімет.

Информатика – ғылыми ақпараттың құрылымы мен өзіндік ерекшеліктерін, сондай-ақ оны құру, түрлендіру, жинақтау, сақтау, беру және адам қызметінің түрлі салаларында пайдалану заңдылықтары мен қағидаларын, зерттейтін білім мен ғылым саласы.

Информатизация – ақпаратпен қамтамасыз ету үдерісі. Заманауи ақпараттық жүйелер ғылым ретінде информатиканың негізгі әдістері негізінде құрылады және жетілдіріледі, ғылыми зерттеу, техникалық жобалау, тіпті өндірістік үдерістерді автоматтандыру үшін негіз болып табылады.

Информатика кең таралған салаға қызмет етеді. Информатиканың негізгі міндеті, сондықтан да негізгі бөлімі болып ғалымдар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлерді заманауи ғылым мен техниканың жетістіктері туралы ақпаратпен қамту табылады.

Информатиканың негізгі белгісі – мекендік, бұның мәні информатизацияның әр кезеңі ақпаратты ол арнайы жинақталып, деректер базасына енгізілген белгілі бір пайдаланушыға уақытында жеткізумен айналысады. Жалпы ақпараттық жүйенің құрамында оның негізгі бөлігі – ғылыми білімді жинақтау, сақтау және адресатқа жеткізуге жауапты ғылыми коммуникация жүйесі ерекшеленеді.

Қазіргі таңда кітапхана жұмысын жетілдірудің негізгі бағыты жаңа білімді әзірлеушілер мен оны тұтынушылар (пайдаланушылар) арасындағы байланыстың жалпы жүйесіне қызмет көрсететін ЭЕМ қолдану болып табылады.

Стандартты түрде берілген ақпараттық мәлімет не қызмет ақпараттық өнім деп аталады. Ақпараттық өнімнің әр түрі өзінің ерекше технологиясымен қалыптасып, іске асырылады. Осыған орай ақпараттық жүйе арнайы және әмбебап болып бөлінеді.

Үлкен машиналды ақпараттық массивтер деректер базасы деген атау алды.

Ақпараттық жүйенің екі контуры бар: библиографиялық және фактографиялық.

Библиографиялық деректер базасы өз атауына сай келіп, ақпараттық жүйеде бар жарияланымдар, оларды орналастыру, олардың мекенжайы туралы мәліметтерді, библиографиялық деректерді қамтиды.

Фактографиялық деректер базасы тікелей кітап, мақала, патент және т.б. мазмұнын, яғни, дәйекті сипаттағы ақпаратты қамтиды.

Ақпараттық өнімді алу технологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып қолданбалы бағдарламалар пакеті түріндегі сәйкес бағдарламалық қамсыздандыру табылады. Егер қолданбалы бағдарламалар пакеті тек бір ғана ақпараттық өнімге сәйкес келсе, ол мәселеге бейімделген топқа жатады, ал егер бағдарламалар пакеті бірқатар ақпараттық өнімге (тіпті түрлі қызмет салаларының өнімдеріне) сәйкес келсе, ол қолданбалы бағдарламалардың біріктірілген пакеті тобына жатады.

Заманауи ақпараттық жүйе техникалық құралдардан (ЭЕМ, көбейту құралдары, ақпаратты тарату құралдарынан), деректер базасынан және қолданбалы бағдарламалар пакетінен тұрады.

Деректер базасы және оларды құру мен пайдалану құралдары, яғни осы тілде қабылданған деректер базасын басқарудың бағдарламалық жүйесі – есептеу техникалары, технологиялар, атқарушы персонал, әдістері деректер банкі деген атауға ие болды. Осы арқылы пайдаланушы жүйеге тіркелген кез келген деректер банкіне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болатын, есептеу техникасы мен байланыс құралдарын біріктіретін біртұтас ақпараттық құрылымның техникалық негізі біртұтас ақпарат желісін құрайды. Ғылыми коммуникация жүйесінің әртүрлі деңгейі бар – олар – кітапхана және ақпараттық орталықтар арқылы дәстүрлі формалар және интернет сияқты ақпарат желілері.

Пайдаланушылардың нақты бір ақпараттық жүйеге талаптарын қалыптастыру мақсатында, яғни ақпараттық қамтамасыз ету тиімділігін арттыру мақсатында пайдаланушылардың талаптарының ағыны төрт санатқа жіктеледі:



  • ғылыми зерттеу жүргізумен байланысты;

  • жаңа технологияларды жобалау және механизация, электрификация мен автоматизацияның құралдарын әзірлеуге қажетті;

  • жаңа технологиялар мен техниканы құру бойынша шешімді басқару үшін;

  • халық шаруашылығының пропорцияларын, ғылым, өндіріс және қоғам дамуының жоспарларын, болашағын оңтайландырумен байланысты жоспарлы-басқару міндеттерін шешу үшін.

Ақпараттық қамтамасыз ету басқа ғылыми-техникалық құжаттар бойынша да жүзеге асырылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп – белгілі бір уақыт аралығындағы (әдетте бір жылдағы не аяқталған жұмыс бойынша) зерттеудің барлық нәтижелері баяндалатын негізгі ғылыми құжат.

Диссертация – тәжірибелі ғалымның жетекшілігімен орындалатын, ғылым кандидаты не докторы ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылатын, өзекті ғылыми міндет не мәселенің жаңа шешімін қамтитын, өздігімен орындалған ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Диссертация бүкілресейлік аттестациялық комиссиясының арнайы талабына сәйкес орындалады.

Реферат (автореферат) – баяндалған материалдың мәнін түсінуге жеткілікті көлемде және формада жазылған, ғылыми-зерттеу есебі мазмұнының қысқаша баяндалуы (диссертацияда – автореферат).

Мақала (мәселен, техникалық журналдағы) – орындалған жұмыстың толық не бір бөлігінің нәтижелерінің, қорытындысымен не қорытындысыз, мәтіндік баяндалуы.

Аналитикалық шолу – қандай да бір тақырып бойынша жүйеленген деректердің мәтіндік баяндалуы.

Авторлық өнертабыс, патент сипаттамасы – жеке жарияланыммен, сондай-ақ жинақтарда басылатын ғылыми-техникалық ақпарат түрі.
2.3 Ғылыми әдебиетпен жұмыс істеудің негізгі қағидалары
Қазіргі таңда ақпараттық екі түрі қалыптасты: біреуі – классикалық түрі, оның негізінде кітапхананың, оның библиографиялық бөлімшесінің қызметі жатса, екіншісі – жаңа, кең пайдаланымға түсе қоймаған – компьютерлік, библиографиялық және фактографиялық деректер базасынан тұратын ақпараттық жүйенің екі контурлы түрі.

Ғылыми әдебиетпен жұмыс істеудің негізгі қағидасы оны зерттеудің екі кезеңінен тұрады, әрі бұл қағида компьютерлік деректер базасын жасауда да пайдаланылады.

Бірінші кезең кітапхананың оқырман каталогынан немесе компьютерлік ақпарат жүйесінің библиографиялық контурынан (деректер базасынан) ақпарат көзін іздеуден тұрады.

Оқырман каталогы үш түрлі – алфавиттік, жүйелік және алфавитті-пәндік болады.

Алфавитті каталог бірінші автор фамилиясының не кітап атауының бірінші әрпінен бастап, алфавит ретімен орналастырылған карточкалардан тұрады.

Жүйелік каталог ғылым салалары бойынша орналастырылған каталогтардан тұрады. Каталог көмегімен ғалымды қызықтырған ғылым саласы бойынша әдебиеттер (ақпараттар) ізделінеді.

Жүйелік каталогта библиографиялық мәлімет арнайы кітапханалық жіктелімді қолдану арқылы білім жүйесіне енгізілген (2.1.7 тараушаны қараңыз).

Алфавитті-пәндік каталог жүйелі каталогқа кілт ретінде қолданылады. Онда кітапханада бар әдебиеттердің жүйелік каталогында карточкалар орналастырылған ғылым салаларының атаулары, жекелеген сұрақтар мен тақырыптар алфавиттік ретпен орналастырылады.

Алдымен, қызықтырып отырған тақырып бойынша монографиялар ізделеді. Осы арқылы екі мақсатқа қол жеткізіледі: біріншіден, қызықтырып отырған сұрақтың зерттелуінің қазіргі деңгейімен танысады, екіншіден, осы тақырып бойынша басқа да дерек көздерін табады, себебі монография соңында міндетті түрде автор осы монографияны жазу кезінде пайдаланған әдебиеттердің тізімі беріледі.

әдебиеттерді таңдау, іріктеу үдерісі ұзақ жүреді. Бұл көбіне кітапханада ғалымды қызықтырған барлық әдебиеттің бола бермеуімен түсіндіріледі, сондықтан кітапхана аралық абонементті (КАА) пайдалануға тура келеді. Бұл айтарлықтай баяу, бірақ оқырманға (ақпаратты пайдаланушыға) қызмет көрсетудің ең ыңғайлы түрі.

әдебиетпен жұмыс істеу үдерісі, егер бір мезгілде жергілікті кітапханада бар әдебиетті саралай отырып, КАА бойынша әдебиеттерге тапсырыс беріп, оны алатын мүмкіндік болса, тиімді болмақ. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін «Тракторлар және ауылшаруашылық машиналары», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру», «Ауыл механизаторы» және т.б. сияқты арнайы техникалық журнал бойынша саралау нәтижесі тиімдірек болады.

Ғылыми-техникалық әдебиеттердің компьютерлік ақпараттық желісіне кіру мүмкін болмаған жағдайда барлық қолданыстағы ақпараттық сервис кәсіпорындарынан іздеу керек, яғни, ол кітапхана, ақпарат орталығы, ҒЗИ, ЖОО-ның желісі болуы мүмкін, себебі бұл жағдайда ақпараттық іздеуге барлық ғылыми-зерттеу қызметіне жіберілген уақыт пен еңбек шығынының кемінде 30...35%-ы жұмсалады.

әдебиет туралы алынған ақпарат жазылып алынуы керек, мұны карточкаға (кітапхана картотекасына ұқсас) жазып алып, жеке картотекаға енгізу керек, бұл ақпаратты қайта іздеу, зерттеліп отырған сұрақтың әдеби талдауын жүргізу және есептің не диссертацияның «Әдебиеттерге шолу» бөлімін жазу жұмыстарын жеңілдетеді.

Ғылыми-зерттеу құжаттарын зерттеудің екінші кезеңі іріктеп алынған дерек көздерінің мазмұнымен танысу болып табылады. Бұл кезеңді де екіге бөлуге болады: танысу және тақырыпқа ең жақын әдебиетті тереңірек оқу.

Танысу үдерісі кезінде мәселенің мәні карточкаға қысқаша жазылып отырылады (2.1 сурет).

а.


631.3...5.004.14

К-78





Киртбая Ю.К.




Резервы в использовании машинно-тракторного парка. М.: Колос, 1992.-318 с.




3 тарау

Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы резервтер (?.134...197)




5 тарау

МТП жұмысын басқару және пайдаланылуын талдау

б.


1.Талдау және салыстырмалы бағалау

МТП пайдалану деңгейін бағалау




Сурет бар

Формула




Мұндағы:

Ғ1эт – 1 тракторға арналған аудан

Ғ0 - өңдеу алаңы

Пм – трактор саны

См – машина құнының балансы

Ст – трактор құнының балансы

Эт – еңбектің энергиямен қаруландырылуы

пм – механизатор саны


Сурет 68

Пм орындаушылардың санына байланысты техникалық қызмет ұзақтығының өзгеруі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...