Бөлшектеу және біріктіру қағидасы ғылыми-техникалық шығармашылықта кең қолданылатын тәсіл


Ғылыми есеп, мақала, монография және олардың рәсімделуі

Loading...


бет10/10
Дата01.04.2020
өлшемі278.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6.2 Ғылыми есеп, мақала, монография және олардың рәсімделуі
Зерттеу нәтижелерін ғылыми қоғамға талқылау үшін ұсынудың ең қарапайым түрі болып ғылыми есеп, мақала, монография табылады.

Жоғарыда аталған ақпараттық материалдың түрлерінің кез келгені төмендегідей белгілі бір тұтас талапқа жауап беруі керек:

Ең алдымен, ақпараттың композициясы (құрылымы) анық, ал мазмұны логикалық тұрғыдан кезегі сақталған болуы керек. Автордың ғылыми жұмыс гипотезасын және негізгі ғылыми ережелерді қорғауға ұсынатын нанымдық агһргументі болуы керек.

Қандай да бір ақпарат түрінде баяндалатын ғылыми ереженің мазмұны мүмкіндігінше қысқа, нақты болуы керек, онда дау туғызатын деректің болмағаны жөн. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері әр ғылми ереже бойынша жаңалығы нақты анықталған, түсінікті баяндалған болуы қажет.

Қорытындысында жалпыға белгілі түсінік болмауы керек, олар дәлелді, қысқа, нұсқа баяндалған болуы керек.

Ұсыныстар ғылыми да, тәжірибелік те жағынан құнды, ғылымда, өндірісте, сондай-ақ оқу үдерісінде негізді, іске асыруға болатындай болуы қажет.

Көбінесе студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы туралы, аспиранттардың зерттеу жұмысының бастапқы кезеңінде есеп ретінде реферат жазылады, онда тақырып бойынша жарияланған материалдардың сипаттамасы мен талдамасы жазылады. Талданып отырған материалды жылнамалық тұрғыда жазу орынды, бұл қызығушылық тудырып отырған тақырып бойынша білімнің дамуы сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Бастапқы дерек көздерін талдау әдістемесі әртүрлі болуы мүмкін, дегенмен бұл кезде жалпыға белгілі кезек сақталуы қажет:


  • Қарастырылып отырған бастапқы дерек көздерінің негізгі ережелерінің артықшылығы мен кемшілігін қарастыру кезінде;

  • Бастапқы дерек көзінде қабылданған кемшіліктер мен шектеулерге, математикалық үлгілерге (егер бар болса) және басқа да анықталған теориялық зерттеу нәтижелеріне мұқият талдау жасай отырып;

  • Экспериментт і жоспарлау, оны жүргізу әдістемесі мен шарты, оның заманауи талаптарға сәйкестігі (әсіресе құралдық қамтылуы жағынан), эксперименттің нақтылығы мен қателігі талқыланады, жалпы баға беріледі;

  • Бастапқы дерек көздерінде баяндалған қорытындылар мен ұсыныстарға талдау жасалады.

Барлық қарастырылған дерек көздеріне талдау жасалғаннан кейін рефератта өзіндік көзқарас келтіріліп, қызығушылық тудырып отырған білім саласындағы таным деңгейі туралы өзінің қорытындысын жаса йды, бұл автордың өзінің бұдан арғы зерттеулерін қай бағытта жүргізетінін анықтауды, дамытуды талап етеді.

Әдебиеттер тізімінде реферат мәтінінде сілтеме жасалған барлық дерек көздері келтірілуі керек. Әдебиеттер тізімін рәсімдеу тәртібі осы бөлімнің 6.3- бөлімшесінде келтірілген.

ҒЗЖ туралы есеп аралық және қорытынды болуы мүмкін. ҒЗЖ туралы аралық не қорытынды есеп құрамы: мұқаба бет, реферат, кіріспе, қысқартулар тізімі, белгілер мен арнайы терминдер анықтамасымен бірге, негізгі бөлім, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Есеп оны жазу кезеңінде қолданыста болатын МемСТ талаптарын ұстанып рәсімделуі керек.

ҒЗЖ туралы есеп басында осы есеп бойынша реферат жазылады. Жеке есеп (құжат) түрінде ұсынылатын рефератқа қарағанда ҒЗЖ туралы есептің (не монографияның) рефераты ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мазмұнын қысқаша түрде ұсынады және мыналардан тұрады:



  • Бір бет көлеміндегі реферат мәтінінен;

  • Тірек сөздер тізімінен;

  • Есептің негізгі бөлігінің көлемі туралы, «суреттер» (сызба, сызу, графика, фотосурет), кесте мен қосымша саны туралы мәліметтен.

Тірек сөздер жеке сөздерден (міндетті түрде зат есімнен) немесе зат есіммен байланысқан сөз тіркесінен тұрады да, өздері қолданылған мәтіннің мазмұнын ашуға негіз болатын жекелелен түсініктерді білдіреді. Тірек сөздер есеп мазмұны туралы толық көрініс беруі керек. Мысалы, Оңтүстік Орал мен Заволжья жағдайында жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышының кривошипті-шатунды механизмінің тозу қарқынын зерттеу нәтижелері туралы есептің рефераты мынадай мазмұнда болуы керек:

Есеп жел эрозиясына ұшыраған аймақтар жағдайында жұмыс істейтін ІЖҚ КШМ тозу қарқынын тәжірибелік зерттеуге арналған. КШМ тозуы картерлі майда тозу өнімін өлшеу тәсілімен, ТҚ жиілігімен анықталады. Бұл рефераттың тірек сөздері деп мыналарды атауға болады: КШМ (кривошипті-шатунды механизм), эксперимент, тозу, жел эрозиясы, майда тозу материалдары, өлшеу, ТҚ жиілігі. Тірек сөздер есепті арнайы жүйеде кодтау үшін және деректер базасының библиографиялық контур құру үшін қажет болады.

Есеп пен көптеген монографиялардың негізгі бөлігі кіріспеден, зерттелетін сұрақ бойынша әдебиеттерге аналитикалық шолудан, мәселенің (не тапсырманың) негіздемесінен (қойылуынан) және зерттеу бағытынан, ғылыми жұмыс гипотезасынан, теориялық зерттеуден, зерттеу әдістемесінен, мазмұнынан, тәжірибелік зерттеу нәтижелері мен талдамаларынан, қорытынды және ұсыныстан тұрады.

Жұмыс мақсатының, оның өзектілігі мен жаңалығының, тақырып бойынша зерттеуді орындау қажеттігіне негіздеменің қысқаша мазмұны кіріспеде ұсынылады. Мұнда есепте баяндалатын ғылыми-зерттеу жұмысында шешілетін ғылыми-техникалық мәселенің қазіргі жағдайына сипаттаманы келтіруге де болады. Зерттеліп отырған сұрақ бойынша әдебиеттердің аналитикалық шолуы жылнамалық тәртіпте баяндалуы керек, осы жағдайда зерттеліп отырған сұрақ (мәселе) бойынша білімнің уақыт бойынша даму кезегі анықталады. Әдебиеттерге шолу жасау кезінде және одан кейін де дерек көздеріне талдау жасау керек, түрлі авторлардың шығыс ережелерін, әдістері мен нәтижелерін салыстыра отырып, қызығушылық тудырып отырған нысан не құбылыстың зерттелу жағдайына жалпы баға беру, өзіндік көзқарас қалыптастырып, не белгісіз болып қалғанын, нені зерттей түсу керектігі, қандай ғылыми ережелерді тексеру, нақтылау керектігі, одан арғы зерттеуді қандай бағытта жүргізу қажеттігі туралы қорытынды жасау керек.

Есепте зерттеу мәселелерінің (тапсырмаларының) негіздемесі (қойылуы) оның орындалу кезегімен жазылады (осы оқулықтың 2.4-бөлімшесін қараңыз).

Есепте ғылыми жұмыс гипотезасы мен теориялық зерттеу осы оқулықтың 3-бөлімінде баяндалған орындалу тәртібіне байланысты жазылады.

Тәжірибелік зерттеудің әдістемесі, мазмұны мен нәтижелері зерттеуге тән ситпақа негізделген көлем мен кезек бойынша баяндалады. Зерттеу әдістемесі негізделген және егжей-тегжейлі жазылған болуы керек. Жалпыға белгілі әдістеме, әсіресе МемСТ бойынша әдістемелер есепте баяндалмайды, оларға тек сілтеме жасалады.

Тәжірибелік зерттеу мазмұны мен нәтижелері есептің сәйкесінше тараушасында жазылады. Тәжірибе туралы тәптіштеп сипаттау және тәжірибенің алғашқы нәтижелерін баяндау дұрыс болмайды. Есепте алдын ала іріктеліп алынған және талдауға оңай бағынатын нәтижелер келтірілуі керек. Сөте тұра, бұл жерде өлшемнің нақтылығын және нәтиженің дұрыстығын бағалау қажет.

Есепте, сонымен қатар, зерттеу нәтижелерінің талдамасын егжей-тегжейлі баяндау керек, тәжірибелік және теориялық зерттеулердің деректерін салыстыру (ұқсастығын табу) қажет. Нәтижелерді дұрыс интерпретациялаудан ғылыми жұмыс гипотезасының расталуы байланысты болады.

Есепті жазу барысында қайталауға жол бермеу керек, мәселен, егер материал кесте не графика түрінде баяндалатын болса, мәтіндік бөлімде бұл сандық деректерді жазудың қажеті жоқ.

Кестелік және графикалық материалдан кейін мәтінде оңтайландырудың негізгі параметріне олардың әсерінің заңдылықтары мен факторларының байланысын анықтап, түсіндіру жетіп жатыр.

Қорытындылар мен ұсыныстар мұқият іріктелген болуы керек. Қорытынды логикалы, логикалық кезекті, шағын, ұсақ нәтижелерден емес, керісінше, тек негізгі нәтижелерді қамтитын болуы керек. Қорытындыда ненің қалай алынғанын жазып жатудың қажеті жоқ, тек не, қандай заңдылықтар мен байланыстар алынғанын, олар ғылым, техника мен экономиканың болашақ дамуына қалай әсер ететінін ғана жазу керек. Қорытынды қысқа да нұсқа, анық және толық жазылуы қажет.

Көрнекіліктер тізімі мен саны есептің жалпы мазмұнына және негізгі талаптарға байланысты анықталады: мәтін көрнекілікпен бірлесе отырып, зерттеу нәтижелерінің негізгі мәнін ашуға көмектесуі керек. Қолданылған әдебиеттер тізімі негізінен есептің аналитикалық бөлімінің мазмұнына байланысты анықталады, тізімге тек сілтеме жасалған дерек көздері ғана енгізіледі. Рәсімдеу тәртібі диссертацияның пайдаланылған әдебиеттер тізіміне қойылатын талаптармен бірдей (осы оқулықтың 6.3-бөлімшесінде берілген).

Ғылыми жұмыстың (есептің, монографияның, мақаланың) тіліне қойылатын талаптар – ойдың аяқталуы және логика заңының сақталуы. Қолжазба жазу кезінде, әр сөйлемді құрастыру кезінде материалдың баяндалу логикасын қатаң сақтау керек. Бұл ереже сақталмаған жағдайда өрескел стилистикалық қателіктерге жол берілуі керек. Мұндай қателіктер автор ғылыми стилді шамадан тыс қолданғанда да орын алуы мүмкін. Мәселен, еңбектер жинағының біріне енгізілген мақалада мынадай сөйлем бар: «Отынның шамадан шығуы соқаның аспалы құрылғысының дұрыс реттелмеуінің арқасында орын алды». Мұнда екі қате бар: біріншісі – отын орын алмайды, екіншісі – «отынның шамадан шығуы соқаның аспалы құрылғысының дұрыс реттелмеуінің арқасында». «Арқасында» сөзінің қолданылуы дұрыс емес. «Арқасында» деген сөз негізінен жақсы мағынадағы көмекті білдіреді. Ал егер дұрыс реттелмегендіктен, шығынға ұшырап тұрса, ол жақсы мағынадағы көмек емес, керісінше, зиянды білдіреді ғой. Сондықтан да сөйлемді былай жазған дұрыс деп санаймыз: «Отынның шығыны аспалы құрылғысының дұрыс реттелмеуінен туындайтын соқаның тартылыс кедергісінің артуымен түсіндіріледі».

Көптеген жағдайда мазмұндау үшінші жақта жүзеге асырылады – бұл жағдайда ғылыми жұмысты оқушының назары еңбектің мазмұнына аударылады.

Егер мақала не монография баяндаушының қатысуынсыз, ырықсыз етісті сөйлеммен жазылса, оны оқу кезінде де осындай нәтижеге қол жеткізіледі, мәселен: «Трактор алаң басқышының жоғарғы, ал соқа төменгі басқышына орналастырылады да, раманың көлденең қалпына қол жеткізу үшін аспалы құрылғы реттеледі».

Ғылыми-техникалық жұмысты жазу барысында арнайы, бірақ белгілі терминдерді қолдану да маңызды болып табылады. Термин дегеніміз ғылым мен техникада қолданылатын не МемСТ-да көрсетілген түсінік не құбылысты толық сипаттайтын сөз немесе сөз тіркесі. Мысалы, МТА өндірістік миграциялау – машина-трактор агрегаттарын жұмысқа жарамсыз жағдайда (көліктен алыс жағдайда) инженерлік-техникалық қамтамасыз ету және өндірістік қажетті тасымалдауды орындау бойынша әрекеттер кешені. Көріп отырғанымыздай үш сөз 21 сөзден тұратын ұзақ ұғымды ауыстырды, егер мақалада не монографияда осы ұғым көп қолданылатын болса, терминді пайдаланудың тиімділігі анық байқалады.

Алайда мәтінге жаңа, ешкімге белгісіз, «белгіліге» пара-пар терминді енгізудің қажеті жоқ. Егер автор бұған қарамастан жаңа аз таныс терминді (мәселен, басқа білім саласының терминін) қолдануды дұрыс деп тапса, онда бұл термин алғашқы қолданысынан-ақ толық түсіндіріліп, қысқартулар мен символдар тізіміне енгізілуі керек.

Бір ұғым не затты әртүрлі терминмен атауға жол берілмеу керек – терминологияның бірізділігін сақтау қажет. Мәселен, бірде «соқа корпусы», келесіде – соқаның «жұмыс органы» не алғашында «отвал», екіншіде – «отвалды бет» деп жазуға жол берілмейді.

Екі өзара байланысты сөздерді сөйлемде сөйлемнің басқа мүшелерімен (анықтауыш, толықтауышпен) екіге бөлу жөн болмайды. Мысалы, (алдыңғы азат жол басындағы) «Бір ұғым не затты әртүрлі терминмен атауға жол берілмеу керек». «Неге жол берілмеу керек?» Атауға. Олай болса, осы екі сөз арасына сөйлемнің басқа мүшелерін орналастыруға болмайды. Мәселен, сөйлемді «Бір ұғым не затты атауға әртүрлі терминмен жол берілмеу керек» түрінде құру дұрыс болмайды.


6.3 Диссертация, оның рәсімделуі
Ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынудың өте маңызды нұсқасы болып диссертация және оны қорғау табылады.

Диссертация – ғылыми дәрежені (Ресейде – ғылым кандидаты не докторы) алу үшін көпшілік алдында қорғауға дайындалған, есеп түрінде ұсынылатын ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері.

Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация өздігімен не ғылым докторының жетекшілігімен орындалған, сәйкес ғылым саласы үшін маңызды, өзекті ғылыми міндеттің жаңа шешімін қамтитын, аяқталған ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.

Ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация өздігімен орындалған, автор жүргізген зерттеулер нәтижесінде сәйкес ғылым саласындағы жаңа перспективті бағыт деп тануға болатын ғылыми ережелер кешенінен тұратын немесе нәтижесінде халық шаруашылығында, саясатта не әлеуметтік-мәдени салада маңызға ие ірі ғылыми мәселенің шешімі не теориялық сипаттамасы іске асырылатын жұмыс болуы керек.

Әр диссертация таңдалған тақырып бойынша жеке авторлықта жазылған ғылыми баяндама не монография түріндегі жарияланған жұмыс немесе қолжазба болып табылады.

Диссертацияда таңдалған немесе автормен ұсынылған зерттеу әдістемесіне негізделген жұмыс нәтижесінде алынған ғылыми ережелер, олардың теориялық негіздемесі мен тәжірибелік дәлелі, зерттеу нәтижелерін іске асырудан алынған нәтижелер, қорытындылар мен ұсыныстар қамтылады.

Зерттеу міндетінің қойылуы соңғы ғылыми жаңалықтарды, ғылым мен өндірістің талаптарын ескере отырып, мәселенің қалпын талдау негізінен алынуы және анық болуы керек. Ұсынылған жаңа ғылыми шешімдер нақты дәлелденген және белгілі және міндетті экономикалық немесе көрсеткіш (еңбек, қаржы, табиғи ресурстардың шығыны, цлеуметтік және моралдық тиімділік және т.б.) жиынтығы бойынша басқа да тиімді талдаумен салыстырыла отырып, сын тұрғысынан бағаланған болуы керек.

05.20.01 – «Ауылшаруашылық өндірісті механикаландыру» және 05.20.03 – «ауылшаруашылық техникасын пайдалану, қалпына келтіру және жөндеу» мамандықтары бойынша жазылған диссертацияларда негізгі назар қолданыстағы механикаландырылған технологиялық үдерістерді жетілдіру және жаңасын жасау; техникалық жүйенің құрамы мен құрылымын, техникалық жүйе мен құрал (ауылшаруашылық машина) жұмысының конструктивті параметрі мен режимін оңтайландыру; ауылшаруашылық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету әдісі, технологиясы мен құралдарын жетілдіру; ауылшаруашылық машина, агрегат және жұмыс органының қызметі жағдайын зерттеу; техникалық жүйе, жанар-жағар май материалдары мен техникалық сұйықтықты тиімді қолдану бойынша зерттеулер мен әзірлемелерге аударылуы керек.

Диссертацияның өнертабыс не жаңғалық пәнін ұсына алатын материалы Мемлекеттік өнретабыс пен жаңалықтар ісі жөніндегі комитетке ұсынылуы керек және тек оның рұқсатымен ғана ашық басылымда жариялануы мүмкін.

Егер диссертацияға ұжымдық әзірлеме материалдары енгізілген болса, ізденуші оны қосымшада немесе баяндау барысында сілтеме жасау арқылы ескертуі керек.

Диссертацияда басқа біреудің материалы авторына немесе дерек көзіне сілтемесіз қолданылған болса, мұндай жұмыс қарастырылмайды және оған қайтадан қорғауға рұқсат етілмейді.

Диссертация мазмұны мен рәсімделуі диссертация қорғауға негіз болатын ғылыми ереже, қорытынды мен ұсынысты, олардың жаңалығы мен мәнін, сондай-ақ жарияланған жұмыстың, тәркелген өнертабыстар мен жаңалықтар, жаңа машина мен технологиялар құру бойынша аяқталған жұмыс мәнін толық бейнелеуге және негіздеуге мүмкіндік болатын формада ұсынылуы керек.

Диссертация атауы нақты болуы керек, орындалған зерттеу мен оның соңғы қорытындысының мәнін нақты бейнелейтін, салыстырмалы түрде принципті не ерекше өзгешелігін көрсете отырып құралуы керек. Тақырыпта «... ғылыми негіздері», «... теориялық негіздері», «... зерттеу» сияқты сөздер мен сөз тіркестеру болмауы керек, себебі диссертацияның өзі зерттеу, ғылыми негіз және т.б. болып табылады.

Диссертация тақырыбының дұрыс құрылуына мысал ретінде мыналарды атауға болады: «Топырақ өңдеу кешенінің кең қармауышты машинасын егістің мезорельефін ескере отырып жетілдіру»; «Іштен жану қозғалтқыштарының ауыспалы үдеріс параметрлері бойынша энергетикалық көрсеткіштері бағалау». Бұл атауларда іске асыру ерекшеліктері нақтыланып, зерттеу нәтижелері нақты сипатталған, бірінші жағдайда топырақ өңдеу кешенінің кең қармауышты машинасын егістің мезорельефін ескере отырып, екіншісінде – қозғалтқыш жұмысының ауыспалы режимі.

Кіріспе қысқа аннотация түрінде болуы керек және онда автор мәселені зерттеуде енгізетін жаңалығы және қорғауға қандай негізгі ережелер ұсынылатыны толық қамтылуы қажет. Диссертацияның бұл бөлігінде зерттеу өзектілігі, жұмыс мақсаты, жұмыс гипотезасы, жұмыстың ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, жариялануы мен өндіріске енгізілуінің жалпы мәліметі, тақырып бойынша жарияланымдар мен жұмыс көлемі баяндалады.

Диссертациялық жұмыста зерттеу жағдайының талдамасы, зерттеу бағытының негіздемесі (теориялық, тәжңрибелік, тәжірибелік-теориялық), қойылған ғылыми міндетті шешудің әдістемелік аспектісі, өзіндік зерттеу нәтижелерінің талдамасы, техника-экономикалық тиімділік есебі, қорытындылар мен ұсыныстар қамтылуы қажет.

Диссертация бөлімдерінің үлгі мазмұнын былай ұсынуға болады:


  • Кіріспе;

  • Диссертация тақырыбы бойынша зерттеу жағдайына шолу және талдау;

  • Теориялық зерттеу (ғылыми жұмыс гипотезасын ұсыну және оны қатаң теориялық ережеге айналдыру);

  • Тәжірибелік зерттеу әдістемесі;

  • Тәжірибелік зерттеу нәтижелері мен талдамасы;

  • Техника-экономикалық тиімділігі;

  • Қорытындылар мен ұсыныстар;

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Диссертация қорытындылары саны мен мазмұны жағынан өзектілік, жаңалық және тәжірибелік маңыз, өндіріске енгізу мүмкіндігі мен нақтылығы тұрғысынан орындалған жұмыс туралы толық сипаттама беретіндей болуы керек. Сондықтан да қорытындының әр тармағы зерттеудің белгілі бір кезеңін сипаттауы керек, нақты материал пайдаланылып және соның негізінде құрылуы, сипаттаманы нақтылап, анықталған заңнамалықтың сандық бағасын айқындауы қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі диссертацияның негізгі бөлімін аяқтайды және тек диссертацияда қолданылған әдебиеттерден ғана емес, әдетте, зерттеліп отырған тақырыпқа тікелей қатысы бар әдебиеттерден тұрады. Тізімде әдебиеттердің берілуі қатаң реттелмеген, осыған байланысты әдебиеттердің авторы фамилиясын алфавит бойынша (және көбіне ізденушілер осылай істейді) немесе қолданылған әдебиеттерге жасалған сілтеме тәртібі бойынша орналастыруға болады.

Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертация қолжазбасының көлемі 150 беттен, ал докторлыққа арналған диссертацияның көлемі 300 беттен (сурет, кесте, графика және әдебиет тізімін қоспағанда) аспауы керек.

Қорғауға ұсынылатын ізденуші дайындаған монографияның көлеміне шектеу қойылмайды.

Диссертация мәтіні жазу машинасында немесе компьютер мен принтер көмегімен басылады, қанықтығы орташа, қара түсті шрифті қолдану арқылы, ақ қағаздың бір жағында, екі жол аралық интервалмен жазылады.

Диссертация парағының сол жиегі 30, жоғары жиегі – 20, оң жиегі – 10, төменгі жиегі – 25 мм болуы қажет.

Формулалар мұқият және анық жазылуы (басылуы, терілуі) керек. Формуладағы бас әріп пен кіші әріптер, жол үсті және жол астындағы белгілер анық жазылуы қажет. Формулалар үшін ұсынылатын өлшемдер: бас әріптер мен сандар үшін – 7...8 мм, кіші әріптер үшін – 4 мм, көрсеткіш дәрежесі мен индекстер 2 мм-ден кем болмауы керек.

Диссертация мәтіні мен қосымшасындағы кестелер, суреттер, сызбалар, сызулар, графикалар, фотосуреттер өлшемі 270-297 мм болатын стандартты парақта орындалуы немесе стандартты параққа желімделген болуы керек. Диссертацияның барлық беті, көрнекі материалдары мен қосымшаларымен бірге мұқаба бетінен бастап ретпен нөмірленеді. Бірінші бет болып мұқаба беті табылады, ол нөмірленбейді, келесі бетке 2 саны қойылады, одан әрі ретімен қойылады. Диссертацияның әр данасының мұқаба бетіне ізденуші қол қояды.

Диссертация диссертациялық кеңеске өткізілгеннен кейін түзетілмейді.

Дұрыс рәсімделмеген диссертациялар және қателіктері көп диссертациялар ізденушіге қайтарылуы мүмкін.


6.4 Өнертабыс пен патентке авторлық куәлік алу туралы өтінім
Ғылымның барлық саласындағы, әсіресе, техника ғылымындағы ғылыми зерттеулер өнертабыспен, бәлкім, жаңалықпен де негізделуі керек.

Жаңалық – табиғат пен қоғамды ғылыми таным үдерісінде алынатын ғылыми жаңа жетістік. Дамыған елдердің мемлекеттік заңдары бойынша жаңалық арнайы құқықтық қорғау нысаны болып табылады, жаңалық деп таным деңгейіне түбегейлі өзгеріс енгізетін, материалдық әлемнің қолданыстағы заңнамасы, қасиеттері мен құбылыстарына объективті түрде белгісізді анықтау танылады.

Өнертабыс – халық шаруашылығы, әлеуметтік-мідени құрылыс немесе қорғаныс саласындағы міндеттің жаңа және ерекше, әрі оң пайда беретін техникалық шешімі.

Патент – техникалық шешімді өнертабыс деп мемлекеттік тануын куәландыратын құжат, ол өнертабыс авторына беріліп, оған осы өнертабысқа авторлық құқықты береді.

Өнертабыс деп кез келген жаңа техникалық міндеттің шешімі немесе белгілі міндеттің жаңа техникалық құралмен шешілуі танылуы мүмкін.

Нысанның қосымша не қосалқы белгілері емес, тек басты белгілері жаңалық болуы керек.

Өнертабыс жаңалығының пайдасы жоғары болса, ол қомақты болып саналады.

Өнертабыс нысаны құрылғы, тәсіл, зат, сондай-ақ жаңа бағытта жұмсалатын бұрын таныс құрылғы, тәсіл, заттар болуы мүмкін.

Жаңалықты өнертабыстың мәнін дұрыс анықтау үшін ең жақын прототибімен салыстыру арқылы анықтайды.

Егер өнертабыс прототипті «қолда бар дүние, кемшіліктері бар» немесе «қолда бар дүние, жетістіктері бар» қағидасы бойынша жетілдіруге бағытталған болса, міндет шешімі ең дұрыс және тез деп танылады.

Егер экономикалық көрсеткіштер жақсартылып, агрегаттың өнімділігі арттырылса, өнімнің бір данасына шаққандағы отын, шикізат, энергия және материалдар шығыны азайса, міндет салыстырмалы түрде оңай шешіледі де, өнертабысты өндіріске енгізу қиындық тудырмайды.

Қоғамдық мүддеге, гуманистік қағидаға қайшы келетін шешімдер өнертабыс болып табылмайды. Құрылыс, ғимараттар мен аумақтарды жобалау сызбасы мен жобалары, сондай-ақ шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару жүйесі мен әдістері өнертабысқа жатқызылмайды.

Негізгіден басқа негізгіні жетілдіруден шыққан қосымша өнертабыс та болады. Негізгіні қолданбай, қосымша өнертабысты пайдалану мүмкін емес.

Авторлық куәлік және (не) патент алуға өтінім келесі құжаттардан тұруы керек:



  • авторлық куәлік не патент алуға өтініш;

  • өнертабыстың формуласы көрсетілген сипаттамасы;

  • ұсынылып отырған техникалық шешімді сипаттайтын сызбалар, сынақ актілері және басқа да мүмкін болар (бірақ міндетті емес) материалдар;

  • өнертабысты жасауға әр автордың шығармашылық тұрғыдан қатысуын растайтын анықтама.

Өтініш, сипаттама, актілер мен сызбаларға қол қойылған болуы керек.

Ұсынылатын өнертабыстың сипаттамасы техникалық шешімнің мәнін толық ашуы және нысанды одан әрі әзірлеуге не оны өндірісте қолдануға қажетті мәліметтен тұруы керек.

Ұсынылатын өнертабыс сипаттамасы келісі қағидалардан тұруы керек:


  • терминдер техниканың осы саласында жалпымен қабылданған болуы керек;

  • өлшем бірліктің ортақ жүйесі қолданылады;

  • өнертабыс атауы жекеше түрде жазылады;

  • сызбалар анық және дәл болады;

  • күрделі емес құрылғылардың әрекеті сипатталмайды;

  • сипаттама парақтары бүгілмеген, қайырылмаған, түзетулерсіз болуы керек;

  • сипаттама мәтінінде сызбалар мен сызулар болмауы керек;

  • жалпыға мәлім қысқартулар қолданылады;

  • сызба элементтерінің сандық мәндері тек өсу ретімен белгіленеді;

  • >, < , ∞ , = сияқты математикалық белгілер мәтінде қолданылмайды (олардың орнына «көп», «аз», «шексіз» сөздері пайдаланылады);

  • өнертабыс сипаттамасы мен формуласы машинада жазу тәсілімен (жазу машинасында не компьютерде), стандартты форматтағы парақтың бір жақ бетіне, жол аралығы бір жарым интервалмен басылады;

  • мәтіндегі формулалар мен шартты белгілер қолмен сызба шрифтімен сызылады немесе компьютерде (мүмкіндік болса) теріледі;

  • бөлімшелер араб санымен белгіленеді, әр бөлімше атауын жазғанда бөлім мен бөлімше атауын білдіретін сандар арасына нүкте қойылады, соңынан нүкте қойылмайды.

Өнертабыс формуласы – өнертабыстың техникалық мәнін білдіретін, келесі белгіленген ереже бойынша құрылатын қысқаша сөздік (мәтіндік) сипаттама.

Ол өнертабыс көлемін бағалау критерий болып табылады және оның көмегімен өнертабыстың пайдаланылу дерегін анықтайды. Ол алдыңғы мәтіннің логикалық қорытындысы болып табылады және өнертабыс сипаттамасын аяқтайды.

Формула екі мәндік бөліктен тұрады:


  • шектеулі, өнертабыс аты мен прототипке де ұсынылып отырған техникалық шешімге де тән маңызды, таныс, алайда аралық шекті анықтап тұратын белгілер тізімін қамтиды, бұл жерде ерекше белгілер осы өнертабыс үшін жаңалық болып табылады;

  • ерекше, өнертабыскердің ұсынылған техникалық шешім алдына қойылған мақсатқа жету үшін таныс белгілерге жаңа белгілер енгізуінен тұрады. Формуланың екінші бөлігі «ерекше» деген сөзден тұрады.

Өнертабыс формуласы оның сипаттамасынан емес, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қағидалы белгілерден тұруы керек. Формула техникалық шешімді емес, оны шешудің нақты құралын қамтуы қажет.

Авторлық куәлік не патент жаңа құрылғыларға немесе тәсілдерге беріледі. «Құрылғы» термині жабдықтар мен құралдарды (машиналар, құралдар, механизмдер, агрегаттар және т.б.) қамтиды.

Құрылғы формуласында өнертабыс нысаны статикалық қалыпта сипатталады, себебі формула құрылғының қандай жағдайында болса да қарастырылады.

Формулада етістік бұрынғы өткен шақтың есімше жалғауымен жасалады(орнатылған, дәнекерленген, қосылған және т.б.) және оның ерекше бөлігін бір тармақта (бір тармақты формула) немесе екі не одан да көп тармақта (көп тармақты формула) жазуға болады.

Көп тармақты формуланы егер өнертабыс нысанының маңызды белгілерін бір тармақта сипаттау мүмкін болмай, оны келесі тармақтарда дамыту қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қолданады.

Өнертабыстың көп тармақты формуласына мысал:

Шашыратып егуге арналған түренге тұқымды таратқыш (№733535 авторлық куәлігі).


  1. Шашыратып егуге арналған түренге тұқымды таратқыш қисық сызыққа көшетін конусты бетте айналу денесінің осі бойынша жарғыш түрінде орындалған, ерекшелігі себу ені мен тұқымды тарату тегістігін арттыру мақсатында ол көлденең бекітілген пластинамен жабдықталған, оның артқы жиегі түрен қармауышы енінің жартысына тең фокальді параметрлі параболалық қисықпен орындалған.

  2. 1-тармақ бойынша тұқым таратқыш ерекшелігі таратқыштың қисық сызықты беті экспоненциалды қисық формада орындалған.


6.5 ҒЗЖ нәтижелерін өндірісте игеру
Зерттеушінің немесе зерттеу ұжымы жұмысының соңғы кезеңі ҒЗЖ нәтижесін өндіріске енгізуге ықпал ету болып табылады.

Бұрын ҒЗЖ нәтижесін өндіріске енгізу жоспарлы болатын, ол талапқа сай, бірнеше мекеме мен ведомстволық кезеңдеп рәсімделген құжаттар не қорытындылар негізінде жүзеге асырылатын.

Ал мемлекеттік нарықтық экономика жағдайында ғылымның жаңа жетістіктеріне әлеуметтік қажеттілік қалыптасуда, себебі олар өндірістегі прогреске негіз болады. Ал бұл дегеніміз жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда тек ғылым дамуы үшін үздік жағдай жасай алатын, оның нәтижелерін өндірістік тәжірибеде тез меңгере алатын өндірістік кәсіпорын ғана тұрақтап қала алады. Осыған орай, «ҒЗЖ нәтижелерін енгізу» термині логикалық мағынасын жояды да, біртіндеп басқа мағынаға ие болып, «ҒЗЖ нәтижелерін өндірісте меңгеру» деген жаңа түсінік пайда болды.

ҒЗЖ нәтижелерін өндірісте меңгеру екі кезеңде: сынақ-өндірістік және сериялық кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезең – өндірістегі сынақтық тексеріс ҒЗИ ҒЗЖ қаншалықты мұқият жүргізілсе де, өндірістік жағдайдың барлық ерекшеліктерін ескеру мүмкін болмайтындығымен түсіндіріледі. Сондықтан да барлық машиналар, басқа да құрылғылар мен технологиялар зертханалық жағдайда мұқият тексерілгеннен кейін шағын серияда дайындалып, оларды өндірісте қолдану арқылы сыналады.

Сынақтық-өндірістік тексеріс нәтижесі бойынша сынақтық үлгілер мен технологиялардың техника-экономикалық тиімділігі бағаланады. Негізгі көрсеткіш ретінде сенімділігі, өзіндік құны, пайдалану шығыны, дайындау және пайдалану технологиясы, сериялап шығару мүмкіндігі мен орны сияқты машина сапасының пайдаланылу көрсеткіштері қабылданады. Содан кейін сынақ актілеріне тапсырыс берушінің өкілі мен орындаушы қол қояды.

Өндіріске енгізудің бірінші кезеңі сынақ үлгілерін жасауға үлкен қаржы шығынын және көп еңбек күшін талап етеді және ұзақ өндірістік сынақпен байланысты болады, нәтижесінде қайта өңдеу қажеттігі, кей жағдайларда қомақты реконструкция қажеттігі туындайды.

Сондықтан да бұл кезеңде автордың араласуы орынды. ҒЗЖ нәтижелерін өндірісте меңгеруді жылдамдату мақсатында әзірлеушілер мен меңгеруші мекеме жұмыскерлерінен тұратын ведомство аралық уақытша ұжым құрылады.

Сынақ-конструкторлық жұмыстың аяқталуы болып кәсіпорынға жаңа машина, технология және т.б. сынақ-өндірістік енгізілуі танылады.

Жоспарлаушы және бақылаушы орган қызметін салалық министрлік пен ведомстволар атқарады. Мұнда ҒЗЖ қаржыландыру өзектілігіне, нәтижені енгізу мерзімі мен масштабына жауапкершілік артылған техникалық немесе ғылыми-техникалық басқарма болады.

Әзірлеушілер үшін сынақ-тәжірибелік база болып табылатын техникумдарды (колледждерді), ЖОО-ны және өндірістік кәсіпорындарды қамтитын шаруашылық есептік ғылыми өндірістік бірлестіктер мен оқу-ғылыми-өндірістік кешендер құру кең өріс алуда.

Бұндай бірлестіктер мен кешендерде өзіндік конструкторлық-технологиялық және сынақтық-тәжірибелік базалардың болуы ҒЗЖ нәтижелерін меңгеру үдерісін жылдамдатады.

Көбіне ҒЗЖ нәтижелерін өндіріске енгізу үдерісін жеделдету мақсатында әзірлеушілер ұйымдармен, мекемелермен ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу не беру туралы шаруашылық келісімшарттарын жасайды. Осы келісімшарттарға сәйкес әзірлеушілер конструкторлар мен технологияларды жетілдіре түсуге қатыса алады және автор ретінде бақылау мүмкіндігіне ие болады. Ақырғы енгізу актімен рәсімделеді, оған экономикалық және басқа да тиімділік туралы құжат көшірмесі тіркеледі. ҒЗЖ нәтижесін енгізудің экономикалық тиімділігі кәсіпорынның статистикалық есебінде көрініс табады.

ЖОО үшін ҒЗЖ нәтижесін енгізу оларды оқу үдерісінде пайдалану: ҒЗЖ нәтижелерін оқулықтарға, оқу құралдарына, дәрістер курсына енгізу; оқытудың техникалық құралдарын, стендтерді, зертханалық-тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған көрнек құралдарды әзірлеу; ғылыми-зерттеу және сынақтық-тәжірибелік жұмыс тақырыбы бойынша курстық және дипломдық жұмыстар жазу болып табылады.

Зерттеуші көбіне ҒЗЖ нәтижесін өндіріске енгізу жұмысын әр кезеңде қиыншылыққа тап болып орындауға тура келеді. Бұл қиыншылықтар ғылым мен өндірісті басқарудың инерциялық жүйесіне байланысты – ескі дүние жаңаға оңайлықпен орын бере қоймайды; жаңаны енгізу көзделмеген уақыт пен материал шығынын қажет етеді.

Егер кәсіпорын нәтижені меңгеруге мүдделі болса және ол өндіріске енгізілетін нысанды пайдаланудағы тиімділікті нақты білсе, зерттеу нәтижелерін меңгеру үдерісі тез жүргізіледі.

Сондықтан да зерттеушінің өз жұмысының соңғы кезеңі – ҒЗЖ нәтижелерін өндіріске енгізу кезеңінде мынадай қағидаларды қатаң ұстануы керек:


  • ҒЗЖ нәтижесі туралы кәсіпорынның тек материал беретін басшыларына ғана емес, оның техникалық қызметін, өндірістік учаскелер мен цехтардың жұмысшыларын да толық хабардар ету;

  • Кәсіпорынға ҒЗЖ нәтижелерін тек ғылыми-техникалық және конструкторлық құжат түрінде емес, енгізілетін нысанның макетті үлгісі ретінде де ұсыну;

  • Енгізудің техника-экономикалық тиімділігін кәсіпорынның экономикалық қызметімен бірлесіп, кәсіпорынның ерекшелігі мен енгізу жағдайын ескере отырып есептеу;

  • Енгізу үдерісіне қажет болғанда барлық түзетулер мен өзгерістерді техникалық және конструкторлық құжаттарға уақытында енгізу;

  • өндіріс қызметі мен жұмысшылары тарапынан айтылған барлық сын-ескертулерді объективті және дұрыс қабылдау;

  • енгізу үдерісін үнемі бақылау, жұмыс жоспары мен кестесінің орындалысын қадағалау, қажетті жерде кеңес беру, кәсіпорынға нысанды меңгеру кезінде көмек көрсету.


7 тарау

Ғылыми-зерттеу жұмысындағы ұйымдастырушылық-психологиялық аспектілер
7.1 Ғалымның жұмыс уақыты

Адамдар еңбегін екі сыныпқа жіктейтін, аса шартты болып табылатын жіктеме бар: дене күші басым жұмсалатын және ой күші басым жұмсалатын. Ой күші жұмсалатын еңбек түрінде ойлау және басқа да психикалық қызметке баса назар аударылатын, жүйке жүйесі мен психикалық және эмоциялық күш түсетін еңбек жатады.

Ой еңбегі адамының жұмысқа қабілеттілігі (ғалымдар осы топқа жатады) жұмыс күні бойында өзгеріп отырады және уақыт бойынша 7.1-суретте көрсетілгендей бөлінеді. Бастапқы тік сызықты бөлігі (0-1) жұмысқа қабілеттің қалыптаса бастауын, 1’-3’ қисық сызығы аралығы оңтайлы қабілеттілікті; 3’-4’ аралығы жұмысқа деген қабілеттің төмендеуін білдіреді. 4’-тен оңға қарайғы қисық учаске жұмысқа қабілеттіліктің қарқынды төмендеуін білдіреді.

Жұмысқа қабілеттілік ғалымның еңбек ету жағдайына байланысты болады, еңбек жағдайы жұмыс орнының жайлылығы, жарықтандырылу деңгейі, бөтен алаңдатушы заттардың болмауы, температура мен ауаның тазалығынан тұрады.

Сонымен бірге жұмысқа қабілеттілікке жұмыс күні барысында қысқа мерзімді демалысты ұйымдастырып отыру да әсер етеді. Бұл жағдайда адамның жұмысқа қабілеттілігі динамикасы қысқа мерзімді демалыс арасындағы жұмыс кезінде де, барлық жұмыс күні барысында да сипатына қарай аса жоғары деңгейдегі болмаса да, негізгі қисыққа сай келеді.

Жоғарғы 1–2–3–4–5 қисығы ой жұмысымен айналысатын, жұмысқа қабілеттілікті арттыру үшін қысқа мерзімді демалыстар режимінде (1-2 және 3-4) жұмыс істейтін адамның жұмысқа қабілеттілігін сипаттайды.

Дегенмен жұмыс күнінің кезеңдері барлық адамда бірдей бола бермейтінін ескеру керек. қысқа мерзімді демалыстардан болатын пайда да әртүрлі. Қысқа мерзімді демалыс кезінде барлық адам бірдей және үнемі ойша шешілмеген мәселеден «кете алмайды». Жұмысқа қабілеттілікті арттырып, денсаулыққа келер зиянды төмендететін, оңтайлы режимде жұмыс істеуге үйрену аса маңызды.

Теріс эмоциялық жүктемені азайтуға психикалық гигиена және оның сақтандыру қызметі де көмектеседі. Адам егер өзіне мүмкін болар күйзелістерден сақтайтын тиімді психологиялық қорғаныш жасап алса, қарқынды қызмет кезінде де өз жүйкесін қорғай алады. Мысалы, мұндай қорғаныштың бірі ғалым мақсатқа жету жолында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда бағытын ауыстыруы, бұл жағдайда адам бір мақсаттан екіншісіне оңай ауыса алатындай болуы керек. Егер теориялық зерттеу барысында сәтсіздік орын алса, тәжірибе әдістемесін жасауға ауысып кетуге болады. Тәжірибе кезінде теориялық жоспардың жаңа идеялары туындайтыны жиі кездеседі. Қол жеткізе алмағанды ойша «бағалай» білу де маңызды – шағын шығындарды үлкеніне қарағанда аз уайымдаймыз. Мүмкіндігінше ойша ықтимал сәтсіздіктерді болжап, бағалай білу қабілетін де қалыптастыру керек. Бұл ғалым жағдайын жақсартады, ол сәтсіздік туа қалған жағдайда моралды тұрғыдан дайын болады.

Қатты шаршаған кезде шаршауды релаксациялық (босаңсу) үзілістердің көмегімен де басуға болады, сондай-ақ өз әріптестерімен сенімді әңгіме құру, өзінің ішкі уайымын, сезімін бөлісу де сәтсіздікті дұрыс қабылдауға негіз болады. Организмді уайымнан, мәселелерден, дау-дамайдан уақытша демалдыру үшін ғылыми жұмыста әзіл де қажетті, тиімді болады.

Кей жағдайда бірнеше келеңсіз оқиға қатар орын алғанда, ғалымда жұмысты тиімсіз орындау, нәтижесінің көрінбеуі сияқты сәттер жиілейді, тапсырманың орындау уақытының жақындап қалғанын сезіну де кері әсер етеді, осы кезде ғалым (тәжірибесіз ғалым, мысалы, аспирант) түнгі уақытта да жұмыс істеуге кіріседі, бұл өз кезегінде адамның тез шаршауына әкеліп, денсаулығына зиян келтіріп, ғалымның жұмысқа қабілеттілігін азайтады.

Бұндай жағдайда өзін қолға алып, тез шешім қабылдап, жұмысты уақытша (бір-екі күнге, қажет болса, бір аптаға) тоқтата тұрып, демалу қажет, бұл адамның жұмысқа қабілеттілігін тез қалпына келтіріп, демалысқа жіберілген уақыттың орнын тез толтыруға мүмкіндік береді.

Көріп отырғанымыздай, ой еңбегінің режимін, ғалым жұмысының режимін ұйымдастыру мен орындауды сауатты тұрғыда жоспарлау керек.

Психика-гигиеналық жетістіктің алғышарты болып адамның өзін объективті тани білуі, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауы, шама-шарқын күн сайын дамытуы және соның негізінде міндетті сауатты қойып, шеше білуі табылады.
7.2 Ғалымның этикасы мен моралы
Ғалым алдында тек ғылыми-зерттеу мәселелері ғана емес, сонымен бірге ұжым жұмысындағы моралды және этикалық рөлді арттыру тапсырмасы да тұр.

Өткен заман ғылымының жоғары моралдық құндылықтарына селсоқ қарау және ғылыми жастар арасында адамгершілік-этикалық тәрбиенің әлсіз болуы жас ғалымның мінез-құлқындағы түрлі теріс бағыттағы моралдық қасиеттердің туындауына негіз болады. Осыған орай және қойылған міндеттің сапалы әрі дер кезінде орындалуын арттыру мақсатында ғылыми ұжымның әр мүшесіне тапсырылған жұмысқа жауапкершілікті үнемі ескертіп отыру керек. Ғылым мақсаты – табиғат заңдарын зерттеу, шындықты іздеу болып табылады. Осыған байланысты ғалым бізді қоршаған ортаның мәнін түсініп, барлық механизмдер мен құбылыстардың өзара байланысын зерттеуі керек. Алайда жауапкершілік төмендеген жағдайда тіптен адамның дарыны мен іскерлік қабілеттері сияқты қасиеттер оның артықшылығы ретінде емес, өзімшілдік және іштарлық мақсаттары мен мүддесі жолында шындықты бұрмалау құралына айналатын кездер де ұшырасады.

Алынған ғылыми деректер немесе айтылған ғылыми идеялар олар айтылған не жарияланған жағдайдан бастап өмір сүрмейді, ол одан кейінгі жаңа зерттеу циклімен дәлелденгенде немесе басқа деректер мен идеялар жазылған қолданыстағы циклге енгізілгенде не өндірісте қолданысқа енгізілгенде ғана өмір сүре бастайды.

Осыған орай бірқатар нақты ұйымдастырушылық салдарлар орын алады:



  • зерттеу ізденісіндегі қайталанулардың болуы зиянсыз ғана емес, қажет;

  • ғылыми шындықтың қалыптасуы кезінде табиғи ағымдылықты өзгерту мүмкін емес.

Осыдан ғылыми көзқараста субъектизмге жол берілетіні шығады, кейде ғылыми этика зерттеушіге қателесуге рұқсат береді, сөйтіп, ғылым бұл ғалым жұмысының нәтижесінен тиімді тәжірибе жинайды.

Ғылым негізі болып зерттелетін материалдың нақтылығы табылады. Жоғары этикалы ғалым материалдың бұрмалануына жол бермейді. Бұл жағдайда кәсіпқой ғалымды деректі баяндау кезіндегі кішкене ғана жаңылысу да сипаттай алады. Бұл қағидадан ауытқу ғылыми зерттеу нәтижелерінің құнсыздануына және сұраныстың жойылуына әкеледі. ҒЗЖ нәтижесінде кейде жаңсақтықтан айыру қиындық туғызатын, кейде әділетсіз бұрмаланудан қорғайтын, объективті шындықты табу керек. ақпараттың жалпы ағынында тексерілмеген жалған деректер пайда болып отырады, алайда бұған қарамастан олармен үнемі және тұрақты күресу керек, ол үшін мұндай деректерге шынайы ғылыми деректерді қарсы қою әдісін, шынайы ғылыми ережелерді насихаттау әдісін қолдануға болады.

Ғылымға толық берілген адамға қойылатын басты талап – жоғары кәсібилік. Этика мен кәсібилік жалпы ғылымда жетістікке итермелейтін қасиеттердің ең тиімді үйлесімі. Кәсібилік кәсіби этикасыз құр сөз болып қалады. Көбіне Ампер мен Фарадейдің арнайы білімі болмағанын, Вольт иезут мектебінде оқығанын, Джоуль сыра қайнатқыш, Коперник пен Гельмгольцтің дәрігер болғандарын алға тартып, бұл пікірге қарсы келіп жатады. Бұл деректерді де ескеруіміз керек, дегенмен де ғұлама ғалымдар білімді маман болып, кәсіби тәжірибе жинағаннан, көптеген жылдар аянбай тер төккеннен кейін ғана қандай да бір ғылым саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізген.

Алынған нәтижелерді жариялай отырып, автор өзінің жеке көзқарасына қарамастан, осыған ұқсас барлық еңбектерге сілтеме жасауы керек. Кез келген ғалымның өзіне дейін шыққан еңбектерге қатысты өз пікірін білдіруі орынды, алайда қолданылған еңбек туралы жасырып қалу этикетке жатпайды.

Этикет нормасын өрескел бұзу – плагиат, яғни біреудің еңбегіне өзін әдейі автор ретінде ұсыну немесе автордың өз еңбегінде біреудің маңызды нәтижелерін зерттеуі, бұл адамды ғалым деп атану құқынан моралды түрде айырады. Плагиат кез келген өркениетті елде заңмен қудаланады, бұл жоғары аттестаттау комиссиясына плагиат орын алған диссертациялар бойынша теріс шешім қабылдауға құқық береді.

Ұжымдық зерттеу кезінде ұжыммен орындалған жұмысқа авторлардың жеке үлесі бойынша қатынас орнауы керек. егер бұл қағида сақталмаса, ғылыми ұжым ішінде жалған қатынас орын алады да, бұл жұмысқа кедергі болып, кейде тіпті ұжымның таралуына әкеледі. Алайда жұмыстың кез келген түріне байланысты автор деп саналуға болмайды. Мәселен, өнертабысты жасау кезінде техникалық жұмысты атқарған (сызбалар мен үлгілерді дайындаған, есептеулерді орындаған, құжат рәсімдеген, тәжірибелік сынақ жүргізген т.б.) тұлғалар авторлар қатарына жатпайды. Деректерге қағидалы қатынас және әріптестеріне деген адалдық – ұжым жұмысына серпін беретін кез келген жағдайдағы этикалық норма.

Ғылыми қағидалылық – ғалымның маңызды қасиеті. Ғылыми қағидалылық ғалым көзқарасының кеңдігін, ғылымды дамыту әдістерін терең түсінуін, оның болашақ дамуына мүддесін көрсетеді. Ол ғалымнан қандай да бір сұрақта өз құзырлығының жетпейтіндігін уақытында мойындауды, өзінің жеке көзқарасын (ұнату не ұнатпау) жеңуді, сондай-ақ қажет болғанда өз қызығушылығына қайшы келетін әрекеттерге баруды талап етеді. Ғылыми қағидалылық ғалымнан жалған ғылыми қорытындыға, этикаға қайшы басқа да әрекеттерге қарсы тұруды талап етеді.

Өз өмірін ғылымға арнағысы келген әр адамға ғылым жолының ауыр екенін, жүйкеге, ойлау жүйесіне күш түсіретінін, қатаң қағидалылықты талап ететінін жете түсінуі керек, содан кейін ғана осы қиын да жауапты, бірақ құрметті ғалым жолын толық жүріп өтуге өзінің іштей дайындығын тексеруі қажет.


7.3 Ғылыми ұжым жұмысын ұйымдастыру
Жалғыз жұмыс істейтін ғалымдардың рөлі бірте-бірте төмендеп келеді. ҒЗЖ нәтижелерінің басым көпшілігі ғалымдар ұжымына тиесілі. Ұжым жұмысының нәтижесі ұжым мүшелері күштерінің қарапайым қосындысы емес, түрлі ғылым саласындағы ғалымдардың ортақ еңбегінің жемісі болып табылады. Ал бұл үшін ұжымды дұрыс, ғылыми негізде басқару керек. Конституцияда көрсетілген еңбек ұжымын басқарудың жалпы қағидаларына сай ғылыми ұжымды басқару қағидалары әзірленген, онда орындаушыларды іріктеу, тәрбиелеу, ұжымдағы психологиялық жағдай, басқару стилі, жұмыс орнының теңдігі, басшының моралдық қасиеттері сияқты мәселелер қамтылған.

Ғылыми ұжымның, әсіресе, ЖОО сияқты негізінен аспиранттардан тұратын жас ғылыми ұжымның басшысы оның мүшелерімен қатынас кезінде қарапайым, демократияшыл және қағидашыл болуы керек. Егер оқушылардың пікірі дұрыс болса, оларды қолдап, егер қате болса, онда күшпен емес, тек ғылыми дәлелдермен қателігін мойындату керек. Ғылыми жетекші өз пікірін оқушыларының мойындауын міндеттемеуі керек, тек оқушы (ұжым мүшелері) бұл пікірге әңгімелесу кезінде өзі келгендей сезінетін жұмыс жасауы қажет. Зерттеу тақырыбын өзгерту қажеттігі туындағанда, ұжым мен мемлекеттің әр мүшесіне жаңа тақырыптың маңыздылығын дәлелдей білуі керек. Ұжымды басқару жұмысына көп көңіл бөлмей, ұжымға өздері бастама көтеруіне, қиындықты өздері жеңе білуіне, өз мақсаттарына өзіндік жолмен жетуіне мүмкіндік беру керек.

Бір мақсатқа жұмылу – ұжымдағы психологиялық жағдайдың дұрыстығын білдіреді, психологиялық жағдай бұдан басқа ынтаның еңбекпен бірге жеке қажеттілікке де бірдей бейімделуімен негізделеді. Әр мүшені материалдық тұрғыдан ынталандырумен бірге, олардың бойында өзінің дарынына, кәсібилігіне, шеберлігіне мақтаныш сезімі, өзін еңбекте шығармашыл тұрғыда көрсете білуге ұмтылуы, ұжым жоспары мен істеріне өзінің тікелей қатысын сезінуі, жоғарыдағы басшыларға жұмыс нәтижесінің әлеуметтік маңыздылығын мойындауы (еңбегіне қарай құрмет), әріптестерін сыйлауы сияқты жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін да қанағаттандыру керек.

Тиімді ұйымдастыру зерттеудің негізгі міндеттерін ұжымның қоғамдық жұмысымен үйлесімді байланыстыра алғанда орын алады, бұл адамдардың көпшілікпен қарым-қатынас жасауын жетілдіріп, интеллект және адамгершілік қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Ұжымды біріктіру және оның жұмысының нәтижелігін арттырудың маңызды факторының бірі техникалық шығармашылық, өнертабыскерлікті, ортақ спорт сайыстарын, мәдени шараларды, демалыстарды ұйымдастыру болып табылады.

Ұжымды басқару кезінде басшы әрқашан белгілі бір қызметтік этиканы, норманы және өзін ұстау ережесін ұстануы керек, адам мен жағдайдың ортақ және дербес қырларын анықтай білуі, жағдайдың даму логикасын түсінуі, бір жағдайдағы жақсы тәжірибені екінші жағдайға ауыстыра білуі керек. ұжымды біріктіруде жақсы нәтижеге басшының қол астындағы қызметкерлермен сөйлесуі кезінде жағдайын түсінуі, өзінің стратегиялық мақсаттарын іске асыруда табандылық танытуы және адамға әсер ететін мойындалған әдістерді меңгеруі кезінде қол жеткізіледі.

Ғылыми ұжымды басқаруда ұсақ дүние болмайды. Тіпті ұжым мүшесінің жұмысқа кешігуіне де бірдей қарауға болмайды. Тәртіп бұзушыға да, барлық ұжымға да түсінікті болатын, дұрыс шешім қабылдау үшін басшыға жұмыскердің кешігу себебін, кешігу уақытын, кешігу жиілігін, ұжымның бұндай кешігуге көзқарасын, кешігудің жұмыс нәтижесіне әсерін, ұжымдағы іскерлік және моралдық жағдайды, кешігушінің кәсіби қабілетін, жасын т.б. ескеруі керек. Келтірілген мысалдан көргеніміздей, дұрыс шешім қабылдау бір қарағанда оңай көрінетін осындай қарапайым жағдайдың өзін оны оймен, жан-жақты талдау арқылы шешуді талап етеді.

Басшы қызметкердің жұмысын теріс бағалау кезінде өз сезімін, көзқарасын шектей білуі керек. Басшының сыны қандай формада болғаны да өте маңызды: мысалы, басшы өз сынын тәртіп бұзушылықтан кейін бірден не бірнеше уақыт өткен соң; көптің алдында не жеке; жазбаша не ауызша; біреудің атынан (жоғарыда тұрған басшының атынан, өзінің атынан, қоғамдық ұйым атынан) айтуы мүмкін. Тәртіп бұзушыға сын айтпас бұрын, онымен жұмыс күнінің соңында сөйлескен дұрыс. Өзіне бағынатын кісіге өзге кісілердің алдында сын айтуға болмайды. Басшы бағынышты қызметкерлерді тыңдай білу, қысқа сөйлеу, әңгімелесу алдында ойланып алу, өз қателіктерін кешіру, мүмкіндігінше, басқалардан ақылды болу, бірақ бұларды өзгелерге білдіртпеу сияқты қасиеттерді қалыптастыра білу керек.

Ұжымда келіспеушіліктер орын алады. Келіспеушілікті қайшылықтың көзі, қарама-қарсы пікірлер, тенденциялар, күштердің соқтығысы ретінде қандай да бір дамудың алғышарты түріндегі пайдасы туралы ғылыми ереже бар. пікірталас кезінде шындық ашылады. Алайда кез келген келіспеушілік ұжымның, ғылымның дамуына, техника мен технологияның жетілуіне жағымды әсер ете бермейді. Осыған байланысты басшы ұжымдағы келіспеушілікті басқара алып, оны қажетті, шығармашылық бағытта жұмсай білуі керек.

Ғылыми ұжым жұмысының нәтижесіне ғалымның (тұлғаның) жүйке жүйесінің типі де әсер етеді.

Жүйке жүйесі мықты кісілер жұмыс күні бойында қарқынды және жақсы жұмыс істеуге бейім, олар кейде өз денсаулықтарына келіп жатқан зиянды сезбей, жүйкелерін бұзады да, соның әсерінен ұжымда келіспеушілік тудырады.

Жүйкесі жұқа кісілерге жұмыс және демалыс режимін дұрыс сақтау керек. Басшы тек жоғарыда айтылған жағдайларды ғана емес, қызметкерлер арасындағы жас ерекшеліктерін де ескеруі қажет. Жас қызметкерлер көбінесе өндіріс талабына, еңбек тәртібіне шыдай алмағандықтан, өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қоятындықтан, ұжымдағы келіспеушілікті туындатады. Адамның жасы үлкен болған сайын, ол өндіріс талабына шыдамды келеді.



Ұжым жұмысында адамдар арасындағы шығармашылыққа әсер етпейтін келіспеушіліктер – шешілмеген дау, дауды шешудегі әділетсіздік, ренжіту, қарым-қатынастың бұзылуы сияқты келіспеушіліктер аса қорқынышты емес. Даулы жағдайларды дұрыс шешуге, оларды жұмыс пайдасына бағыттауға және мүмкін болар салдарларын жоюға тырысу керек.

Басқару – ұжым жұмысында жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге негіз болатын жағдайды құру. Егер ұжым міндетін әр мүшесі өз міндетіндей қабылдаса ғана ғылыми ұжым жұмысында үлкен жетістікке қол жеткізуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...