Бөлшектеу және біріктіру қағидасы ғылыми-техникалық шығармашылықта кең қолданылатын тәсіл

Loading...


бет1/10
Дата01.04.2020
өлшемі278.46 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Екінші мысал. Массаның инерция күші зиян, мәселен, көліктің жолмен қозғалысының қауіпсіздігі тұрғысынан – көлікті кілт тоқтатуға болмайды. Алайда, массаның инерция күші мысалы, іштен жану қозғалтқышында оң фактор ретінде қолданылады. Кривошипті-шатунды механизмнің масса инерциясы болмаса, бірде-бір қозғалтқыш болмаған болар еді.

Бөлшектеу және біріктіру қағидасы – ғылыми-техникалық шығармашылықта кең қолданылатын тәсіл.

Үлкен жолаушылар ұшағында бір қуатты қозғалтқыш орнына қуаттылығы бірдей бірнеше (мәселен, үш) қозғалтқыш орнатылады. Бұл қағиданы қолданудың бірқатар артықшылығы бар: ұшақтың қауіпсіздігі артады (бір қозғалтқыш істен шыққанда, ұшақты төтенше жағдайда басқа қозғалтқыштар көмегімен қондыруға болады), ТҚ және жөндеу кезінде, т.б. жағдайда жинау және бөлшектеуге ыңғайлы.

Біріктіру қағидасы да белгілі ір жағдайларда тиімді, мәселен, бірнеше сепкіш егу агрегатының орнына бір шынжырсыз сепкіш құрастырылады. Агрегатта сепкіш саны көп болса, оның жұмысында ақаулар көп орын алады (біресе бір сепкіш, келесіде екінші сепкіш істен шығады, соның салдарынан бір сепкішті жөндеу үшін бүкіл агрегаттың, барлық сепкіштердің жұмысы тоқтатылады).

Инженерлік (құрастырмалы, өнертабыс, шығармашылық) істегі өте тиімді тәсіл болып басқа өлшемге көшу қағидасы табылады. Бөрененің жүзуіне арналған сулы кеңістік сыйымдылығын үлкейту мәселесі кездейсоқ шешім алды. Бөренені салмен жүзген кездегідей емес, керісінше, диаметрі бөрене ұзындығынан үлкен болатындай етіп будасымен орналастыру ұсынылды, бұл жерде будалар өзі көлденең орналастырылады, судағы «айна» 20...40 есе тиімдірек (Э=L/Д, мұндағы Э – тиімділік, L – бөрене ұзындығы, Д – бөрене диаметрі).

Бұл қағида түрен асты кеңістігінде тұқымды себу белдеуі енін арттыру міндеттерін шешу үшін тиімді қолданылды, бұл ретте тұқымның ұшу траекториясы онда орнатылған пластина бойымен сырғанау арқылы өзгертілді. Біздің жағдайда гравитация күші сырғанау күшімен ауыстырылды, ол тұқым алыс орналастырылғандықтан, кіші болды. Тұқымның егіс алаңы бойынша тең таралуы жақсарды, қоректендіру алаңын қолдану тиімділігі артты, өнімділік жоғарылады.

Элементтердің жалпы массасынан қажетті не қажет емес жүйелерді ажырату қағидасы. Мәселен, мал шаруашылығында, әсіресе, елік шаруашылығында маса мәселесі жануарды шағатын аналық масаларды (не басқа жәндіктерді) ажыратумен шешіледі. Төтенше тәжірибенің оңтайлы жоспарын әзірлеу факторларының жалпы санынан маңыздыларын ажыратуға негізделген.

Брейншторлинг қағидасы (ой майданы не миға шабуыл) – ұжымдық ғылыми-техникалық шығармашылықты белсендіру қағидасы. Идеяны, әсіресе, ерекше идеяны өңдеу екі шығармашылық топпен екі кезеңге бөлінеді. Бұл топтардың біріншісі авангардты, оның міндеті – идеяны және шешім нұсқаларын өңдеу. Екінші топ – сарапшылар – ұсынылған идея мен шешім нұсқаларына сараптама жасайды, объективті баға беріп, оларды іске асыру бойынша ұсыныс жасайды.

Ғылыми-техникалық шығармашылық, әсіресе, оны белсендіру – көп қырлы жүйелі үдеріс. Жоғарыда тек оның мысалдары келтіріледі. Қазіргі таңда өзекті міндеттер мен мәселелерді шығармашылық шешудің бірнеше ондаған эвристикалық тәсілдері белгілі және олар сәтті қолданылуда. Жас шығармашыл тұлғалардың міндеті де ұжымдікіндей, нақты жағдай мен шарттарға сүйеніп, оларды қолданудан тұрады.
1.3 Ғылыми-техникалық кадрлар
Ресейде, басқа көптеген елдерге қарағанда ғылыми кадрларды негізінен өзінде, ереже бойынша, жоғары ғылыми әлеует шоғырландырылған жетекші ЖОО-дағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы, ғылыми-өндірістік бірлестіктердегі аспирантурада дайындайды.

Дайындық жүргізілетін мамандықтар номенклатурасы федералдық деңгейдегі сәйкес ведомостволарда анықталып, бекітіледі. Сондықтан да Ресейде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау министрлік әзірлеген жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Кез келген мамандық бойынша аспирантурада оқу мерзімі оқу формасына байланысты: күндізгі бөлімде - 3 жыл, сыртқы бөлімде – 4 жыл.

......
Мамандарды даярлаумен қатар барлық деңгейдегі ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі жұмыс істейді, ол арнайы құрылған біліктілікті арттыру институттарында, базалық (жетекші) университеттерде іске асырылады, онда ЖОО-ның әр ғалымы 5 жыл сайын белгіленген тәртіпте өз біліктілігін арттыруы керек.

Біліктілікті арттыру қызметкерді жетекші ЖОО, ҒЗИ не алдыңғы қатарлы өндірістік кәсіпорындарға жіберетін кафедра әзірлеген тапсырмаға сәйкес жеке жоспар бойынша тағылымдама жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Біліктілікті арттыру немесе тағылымдамадан өтіп жүрген уақытта жұмыс орнындағы еңбекақысы толық сақталады.
1.4 Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары
Халық шаруашылығына жоғары ғылыми-техникалық және мәдени интеллектке ие, өзінің теориялық және кәсіби дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға қабілетті жоғары білікті маман даярлау мақсатында ЖОО-ның оқу жоспарлары мен бағдарламалары білім, ғылым және жетекші өндірістің байланысына негізделеді.

Тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталатын ЖОО-да білім беру әдіснамасының негізін студент бойында таным мен шығармашылық белсенділікті дамытатын оқытудың белсенді формалары құрайды. ЖОО-да білім берудің орта мектеп, училище, техникумдағы білімнен айырмашылығы мұнда профессорлық-оқытушылар құрамының негізін ғылыми әлеуеті жоғары ғалымдар құрайды. Олар өздерінің ғылыми және жетекші практикалық материалын оқу үдерісінде, дәріс оқуда, зертханалық тәжірибелік сабақтарды жүргізуде қолданады және студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тікелей тартады.

ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмысы көп қырлы мәнге ие және бір уақытта бірнеше міндетті шешеді: тікелей ғылыми және соның негізінде халық шаруашылығы мәселелерін шешу; профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық интеллектін көтеру; жас мамандарды даярлау сапасын жақсарту.

Өндірістік міндеттерді, әсіресе, қазіргі нарықтық заман жағдайында шешу халық шаруашылығы мамандарының жоғары біліктілігін, зерттеушілік дағдысының қалыптасуын талап етеді, бұл қазіргі маманнан тек іргелі білімді ғана емес, өндірістік мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешудің белгілі бір дағдыларын білуі, өз қызметінде заманауи техника мен ғылымның жаңалықтарын қолдана алуы, өндіріс талабына сәйкес өз біліктілігін үнемі арттыруды талап етеді.

Бұл қасиеттерге тек ЖОО қабырғасындағы оқу кезінде және студентті ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді қатыстыру арқылы ғана тәрбиелеуге болады. Ғылыми-зерттеу жұмысына тек озат студенттерді не үздік студенттерді ғана емес, керісінше, қабілетіне қарамастан, барлығын бірдей тарту керек, яғни ғылыми жұмыс оқу жоспары мен бағдарламасына үйлесімді енгізілген болуы қажет. «Жоғары және орта кәсіптік білімді қайта құрудың негізгі бағыттарында» сараптамалық және шығармашыл ойлауды дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі студенттерді ғылыми зерттеулерге, нақты жобалар мен конструкторлық-технологиялық әзірлемелерге қатыстыру екендігі айтылған, сонымен бірге бұл жағдайда студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы екі өзара байланысты міндетті: зерттеу жұмысының қағидаларын меңгеру және зерттеу жұмысы дағдыларын игеру міндеттерін шешуі керек, студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын ғалымдардың не кафедра аспиранттарының жетекшілігімен атқарады.

ЖОО Жарғысы оқытушылар мен аспиранттарға студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) жетекшілік ету қызметін міндеттейді. Жастардың ғылыми-зерттеу шығармашылығының жалпы мемлекеттік жүйесінің құрамында ЖОО жанында СҒЗЖ жөніндегі кеңес құрылған, оны әр факультетте ережеге сай декан басқарады. СҒЗЖ жөніндегі кеңестің негізгі міндеті студенттік ғылыми-техникалық конференциялар, көрмелер, конкурстар және т.б. ұйымдастыру, студенттік зерттеулер нәтижесін өндіріске енгізу арқылы халық шаруашылығындағы өзекті мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады. Қазіргі таңда НТТМ кеңестер жүйесі арқылы көптеген студенттік жұмыстар мемлекет көлеміндегі конкурстарға ұсынылған және түрлі марапаттарға, сыйақыларға ие болған, студенттердің қатысуымен әзірленген машиналар түрлі деңгейдегі көрмелерге қойылған. Мәселен Орынбор мемлекеттік университетінің ЭМТП және ОТ кафедрасында топырақты қорғау машиналарының кешенін жетілдірумен айналысатын студенттер ВДНХ-да тоғыз қола медаль, бірнеше сыйақы мен мақтау қағаздарын алды, арасында алтын және күміс медалдар да бар. Студенттер әзірлеп, көрмелер мен конкурстарда көрсетілімге қойған бірқатар машиналар қазіргі таңда отандық өнеркәсіпте жасалу үстінде.

Қазіргі кезде студенттерге ғылыми шығармашылық дағдысын меңгертудің екі формасы дамуда:


  • оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес орындалатын, сондықтан да сабақ кестесіне енгізілген студенттердің жоспарлы оқу-зерттеу жұмыстары;

  • дәрісханалық сабақ кестесіне енгізілмеген жоспардан тыс оқу-зерттеу жұмыстары.

Бірінші формаға, ең алдымен, «Ғылыми зерттеу негіздері» атты арнайы курс бойынша(кейбір ЖОО-да бұл курс «Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары» деп аталады) дәріс және зертханалық-тәжірибелік сабақтар, ғылыми-зерттеу жұмысының элементтері бар барлық пәндер бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтар, кафедра пәндері бойынша оқу-зерттеу семинарлар, сондай-ақ қандай да бір курстың жекелеген тақырыптары бойынша реферат жазу жатады.

Студенттердің шығармашылығын дамыту үшін оқытушы беретін тақырып бойынша реферат жазу ереже бойынша төменгі курстарда тәжірибе жүзінде іске асырылады.

Ғылыми зерттеу негіздері курсы да төменгі курстарда оқытылады, дегенмен негізінен бұл курс екінші курстан басталады, себебі бұл курста алған білім студенттерді ғылыми жұмысқа тарту мүмкіндігін арттырады және одан кейін жоғары курстарда басқа пәндерді оқу барысында студент бойындағы шығармашыл еңбекті дамытуға көмектеседі. Бұл пән дәріс, зертханалық-тәжірибелік сабақтар және семинарлар сияқты сабақ формалары арқылы меңгертіледі.

Сабақ барысында студенттер өздігімен теориялық және тәжірибелік жұмыстар дағдысына үйренеді, зертханаларда жұмыстың нақты жағдайымен, ал ғылыми ұжымда құралдармен, оның бөлшектерімен жұмыс істеу қағидаларымен, жалпы жұмыспен танысады. Студент құрал-жабдықтарды қолдануды, өздігімен тәжірибе жүргізуді, өз білімін нақты шығармашыл міндетті шешуде пайдалануды үйренеді.

Оқу жоспарында бұл пәнге 30...70 сағат беріледі. Ереже бойынша, сағат санын ЖОО кеңесі арқылы арттыру ұсынылады. Ғылыми зерттеу негіздері пәнінен зертханалық сабақтар «ҒЗЖ құрылымы», «ҒЗЖ ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі», «Экспериментті жоспарлау», «Құралдар, құрылғылар мен берілістер сызбасы», «Тензо звеноларды дайындау», «Тәжірибелік деректерді өңдеу» және т.б. сияқты міндетті пәндер бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтар, семинарлар өткізілетін зертханада жүргізіледі. Студенттердің жұмысы есеп жазумен не реферат жазып, оны қорғаумен аяқталады.

ОЗЖ курсын өтпес бұрын студент «Мамандыққа кіріспе» және «Библиография» пәндері бойынша қажетті білім алулары керек. СОЗЖ сабағының жас маманның шығармашыл ойлауын дамытуға негізделетін ең тиімді түрі зертханалық жұмыс тақырыбына параметрлерді, көрсеткіштерді және олардың байланысын зерттеуді енгізгенде, яғни оқу зертханалық зерттеу жұмыстарын үйлесімді біріктіргенде мүмкін болмақ. Бұл сабақ түрінде артықшылығы - оқып жатқан әр курстың әр ЗТС-ны ғылыми зерттеу элементтерімен орындауға болады.

Студенттік ғылыми-зерттеу жұмысының екінші (жоспардан тыс, сабақтан тыс) формасы да өте маңызды және оған студенттік ғылыми бірлестіктер (СҒБ) мен үйірмелердің ғылыми-зерттеу жұмыстары; кафедрада не ҒЗБ-да мемлекеттік бюджет не шаруашылық келісім бойынша орындалатын ҒЗЖ-ны орындауға студенттердің тікелей қатысуы; оқу және өндірістік тәжірибеден өту кезіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары; курстық және дипломдық жұмыс жазғандағы СҒЗЖ; жоспарлы және жоспардан тыс үй тапсырмасын орындау кезіндегі СҒЗЖ жатады.

СҒБ үйірмелері кафедрада не оқу-ғылыми зертханаларында жетекші оқытушылармен ұйымдастырылады. Бұл шағын ұжымдар, онда оқытушы басшылығымен жалпы кафедраның ғылыми мәселесі шешіледі және бұл кезде әр студент жалпы міндеттердің, түрлі масштабтағы және деңгейдегі мәселелердің құрамына кіретін жеке тапсырманы орындауы керек. олар кафедраның мемлекеттік бюджет және шаруашылық келісім арқылы жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатыса алады. СҒБ-дағы топтарға түрлі курстың қабілеттері әртүрлі студенттерін біріктірген тиімді, себебі олар ғылыми деңгейі әртүрлі жұмыстарды орындайды. Бұл жағдайда ғылыми жұмыста сабақтастық, үздіксіздік қасиеттерге қол жеткізіледі де, соның негізінде ғылыми жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Бос орын және қаржы болған жағдайда жоғарғы курс студенттері техник не зертханашы лауазымына қосымша қызметке алынуы мүмкін, бұл өз кезегінде студенттердің жұмысқа белсенділігін материалдық тұрғыдан ынталандырады.

ҒЗЖ орындалысы туралы есеп жазғанда, белсенді жұмыс істеген студенттер орындаушы ретінде есеп авторларының қатарына қосылуы керек.

Аса ірі зерттеу жұмыстарын (негізінен, шаруашылық келісімі бойынша) конструкторлық (СКБ) жобалық-технологиялық бюро деп аталатын үлкен студенттік ұжыммен орындалады, олар ғылыми-есептеу орталығы және ғылыми-өндірістік ұжым (отряд) болып өседі. Бұл ұжымдар ЖОО-да оның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.

Ондағы штат негізінен студенттерден және факультеттің, кафедраның инженер-техникалық жұмыскерлерінен құрылады. Жұмыскерлерге басшылықты бюро басшысы, отряд командирі арқылы тәжірибелі оқытушы жүргізеді. Бұл ұжымдар ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және өндіріске енгізу жұмыстарын, ережеге сәйкес, шаруашылық келісімі тапсырысымен орындайды.

Кейбір ЖОО-да ғылыми ізденіс элементтерімен жоспарлы курстық жұмысты орындаумен айналысатын студенттер тобын студенттік конструкторлық бюро (СКБ) деп атап, СҒЗЖ формаларын шатастырады. Курстық және дипломдық жобалау кезіндегі СҒЗЖ, әдетте, ереже бойынша, кафедраның тақырыбы және шаруашылық, АТК, автобаза мен басқа да өндірістік құрылымдар тапсырысы негізінде берілетін дербес ғылыми-зерттеу тапсырмасын орындаумен байланысты болады. Аса күрделі жұмыстар екі, үш не одан да көп студенттермен орындалып, кешенді дипломдық (курстық) жоба түрінде беріледі, оны қорғау ҒЗЖ нәтижелерін, тораптар, агрегаттар, машиналардың сынақтық не макеттік үлгілерін жариялау арқылы тікелей көшпелі комиссия алдында жүргізіледі (қорғау көшпелі болмауы да мүмкін, бірақ комиссия құрамына міндетті түрде тапсырысшының өкілі қатысуы керек).

Комиссия дипломдық жұмыстың орындалу сапасына баға беріп және студентті аттестаттап қана қоймай, жоба бойынша әзірлемені шаруашылықта қолдану немесе әзірленген машинаны отандық өнеркәсіп кәсіпорындарында сынақтан өткізу туралы шешім шығарады, сондай-ақ студентті жоба тақырыбы бойынша ғылыми жұмысын жалғастыру үшін аспирантураға түсуге ұсына алады.

Студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылығын белсендіру мақсатында елімізде жаппай ғылыми-ұйымдастырушылық іс-шаралары өткізіледі, мәселен, үздік студенттік жұмыстың бүкілресейлік және аймақтық конкурстары,; студенттердің бүкіл ресейлік және аймақтық конференциялары мен олимпиадалары; студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының үздік ұйымдастырылуына байқау-конкурстар; студенттік ғылыми-техникалық және конструкторлық бюролары мен ғылыми-өндірістік отрядтарының үздік жұмыстарына байқау-конкурсы; студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылығының аймақтық немесе бүкіл ресейлік көрмелері. ЖОО ректораттары мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және үздік студенттерін осындай іс-шараларға қатыстыру үшін қаржы көзін қарастырады.

Сөйтіп, оқу жоспары мен СОЗЖ формасындағы бағдарламаны орындай отырып, студенттік ғылыми қоғамның студенттік үйірмелерінің жұмысына, конструкторлық және жобалық-технологиялық бюро жұмысына, ғылыми-өндірістік отряд жұмысына қатысып, курстық жұмыстарды орындап, содан кейін ғылыми зерттеулер мен өнертабыс элементтерімен дипломдық жоба жазып, студент бірте-бірте жас, бірақ тиянақты дайындалған ғылыми қызметкер – аспирантқа айналады да, маңызды және күрделі мәселелерді шешу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өздігімен орындауға қабілетті болады.

Жоғарыда аталған барлық формалар бойынша (не солардың біреуі бойынша) орындалатын студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстар оларды ғылыми қызметкер ретінде ғана емес, заманауи механикаландырылған ауылшаруашылық өндірістің барлық саласының, сондай-ақ техникалық сервис пен машина-трактор паркін пайдалану саласының бүгінгі талабына сай келетін, шығармашылық ойлау қабілеті дамыған, зияткерлігі жоғары маман ретінде қалыптастыруға қызмет етеді.


1.5 Ғылыми зерттеу кезеңдері мен кезектілігі
Тұтас ғылым жүйесін білдіретін ғылыми пәндердің жиынтығы шартты түрде үш жүйеге бөлінеді: жаратылыстану, қоғамдық және техникалық. Зерттеу нәтижесінің масштабы мен жалпылық дәрежесіне байланысты ғылыми жүйе екі бөлікке бөлінеді: іргелі және қолданбалы.

Іргелі ғылымдары міндетіне табиғат, қоғам және ойлаудың базистік құрылымын сипаттайтын заңдарды тану болып табылады.

Қолданбалы ғылымдар міндеті іргелі ғылымдардың негізгі ғылыми ережелерін танымдық және әлеуметтік-практикалық мәселелерді шешуге қолдану болып табылады. Осы критерийге байланысты қолданбалы ғылымдар жетістігі нақты шындыққа қол жеткізу және әлеуметтік тапсырысты қанағаттандыру шарасы, яғни зерттеу нәтижелерін пайдаланудың халық шаруашылығындағы тиімділігі болып табылады. Қолданбалы ғылымдар теориялық тұрғыдан да практикалық тұрғыдан да дамуы мүмкін, мәселен, теориялық физика және эксперименталды физика.

Барлық техникалық ғылымдарды қолданбалы деп санау қалыптасқан. Қолданбалы ғылымдары үлесіне барлық зерттеулер мен қаржыландырудың 80...90%-ы келеді. Сөйтіп, ғылыми-техникалық прогресстің жалпы циклі келесідей жалпы кезеңдерден тұрады: іргелі зерттеулер, қолданбалы зерттеулер, жобалық-технологиялық зерттеулер, зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары белгілі бір кезекпен іске асырылады, ол ғылыми зерттеудің жалпы құрылымын құрайтын бірқатар кезеңдерден тұрады (1.2 сурет).

Жалпы, алдымен туындаған шешілуі қажет мәселеден шығатын зерттеу тақырыбы қалыптасады. ғылыми-зерттеу жұмысының бұл бөлігінің мақсаты – туындаған мәселе төңірегіндегі зерттеу мәселесін нақты анықтау және оны шешу үшін міндеттерді айқындау. Мәселені туындатпайды, жасамайды, ол қалыптасқан әлеуметтік, халық шаруашылығы оқиғаларына байланысты өздігімен пайда болады. Мәселені анықтап, зерттеу керек.




Бастапқы ақпарат







Зерттеудің қазіргі жағдайына шолу және талдау







Мәселені қою










Қосымша ақпарат







Гипотеза










Қосымша ақпарат







Теориялық зерттеу







Эксперименталды зерттеу







Негізгі ғылыми ережелерді қалыптастыру







Ғылым мен өндіріс үшін қорытындылар мен ұсыныстар







Авторлық қадағалау және өндіріске енгізуге ықпал ету

Сурет 1.2 – Ғылыми зерттеудің кезеңдері мен кезектілігі




  1. Ғылыми-зерттеу жұмысының бірінші кезеңі ғылыми және ғылыми-техникалық әдебиеттерді, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерін талдау болып табылады. 1.2 суретте бірінші кезең «бастапқы ақпарат» деп көрсетілген. Негізгі ғылыми ережелер және зерттеу тақырыбына тікелей қатысы бар, сондай-ақ жақын ғылым салаларына қатысты теориялық және эксперименталды зерттеулерінің негізгі әдістері талданады.

Зерттеу барысында өңделіп жатқан ақпарат көзінің негізгі бағыттарын жіктеу, өзектілігін бағалау, жалпылау, талдау және сынау жұмыстары жүргізіледі.

Ғылыми есепте (диссертацияда) бұл бірінші тарауда (бөлімде) беріледі, ол ереже бойынша, «Мәселенің жағдайы және оны зерттеу деңгейі» деп аталады.



  1. Бағытты, мәселені, міндетті қалыптастыру (қою).

Ғылым бағыты – бұл аса ірі міндет шешілетін не шешілуі керек қандай да бір ғылым саласын сипаттайды. Ғылыми бағыт кешенді мәселе, міндет және сұрақ түрінде беріледі. Сәйкесінше, бұл кезең тек мәселені анықтаудан ғана емес, міндетті сауатты, негізді түрде қоя білуден және осы мәселені шешу кезіндегі сұрақтарды қалыптастырудан тұрады. Ғылыми бағыт, мәселе мен міндеттер әдебиетті (басқа да ақпарат көздерін, мысалы, компьютерлік деректер базасының библиографиялық және фактографиялық контурларын) мұқият зерттеу, барлық оқылған ғылыми ережелер мен техникалық шешімдерді талдау, салыстыру, сынау және жалпылау нәтижелерінің негізінде анықталады және қалыптасады. бұл кезде ақпарат жинау тек зерттеудің басында (мәселе мен міндеттерді қалыптастырмас бұрын) ғана емес, барлық зерттеу үдерісі бойынша жүзеге асырылады, зерттеушінің ғылыми әлеуетін жетілдіру үздіксіз жүргізіледі (1.2 суретте «Қосымша ақпарат» айдары «Гипотеза» мен «Теориялық зерттеулер» алдында берілген).

3. Гипотезаны қалыптастыру. Таным теориясы бойынша, жұмыс ғылыми гипотеза – бұл зерттеуші айтқан, бақыланып отырған фактілер, заңдылықтар, байланыстардың туындау ықтималдығы туралы немесе ғылыми ережені қалыптастырумен, уақытша ықтимал сипатқа ие жаңа идеяларды ұсынумен үдерісті не құбылысты болжалды дамыту ықтималдығы туралы негізделген болжам, осылардың негізінде жаңа негізделген ғылыми ережелер мен байланыстар пайда болады.

Гипотезаның бір ғана емес, болжалды бірнеше нұсқасы ұсынылуы мүмкін. Олардың арасынан ең сенімдірегі таңдалып, жұмыс гипотезасы ретінде қабылданады. Ол үшін болжалды эксперимент жасау қажеттілігі туындайды. Гипотезаның дұрыстығы оны ғылымда бұған дейін қалыптасқан заңдармен, қағидалармен байланыста салыстыру жолымен анықталады.

Заманауи әдістемелік қамтамасыз ету базасында жүргізілген эксперимент пен заманауи аппаратты қолдану арқылы жасалған ғылыми зерттеулер барысында негізделіп, расталып, дамытылған жұмыс гипотезасы мықты ғылыми теорияға айналады.

4. Теориялық зерттеу. Зерттеудің еңбек сыйымдылығы түрлі кезеңде әртүрлі болады. Теориялық бөлігі ой жұмысын көп талап етеді. Бұл өте қиын және ғылыми жұмыс. Оның нәтижесіне барлық ҒЗЖ жетістігі тәуелді болады. Ғылымның қолданбалы техникалық салаларындағы теориялық зерттеудің мақсаты нысан мен ортаның арасындағы байланысты, білімді қалыптастыру, эксперименталды зерттеудің нәтижелерін түсіндіру және жалпылау, жалпы және жеке заңдылықтарды анықтау және оларды формалдау болып табылады. Басқаша айтқанда, абстракты ойлау жолымен теориялық зерттеу аналитикалық тұрғыдан жағымды гипотезаны дамытып, оны мықты теорияға, осы мәселеге қатысты білімдердің жалпы жүйесіне айналдырады.

Жоғарыдағылардың негізінде теориялық білімнің төрт міндетін анықтауға болады:



  • зерттеу нәтижелерін жалпылау, тәжірибелі деректерді өңдеу және түсінік беру жолымен жалпы заңдылықтарды табу;

  • зерттеудің барлық көлемін қайталамай, зерттеу нәтижелерін басқа ұқсас нысандар деңгейінде кеңейту;

  • тікелей эксперименталды зерттеуге мүмкіндік болмайтын нысанды зерттеу;

  • нысанды эксперименталды зерттеуді жүргізуге сенімділікті арттыру. Бұл жерде тәжірибе қағидасы мен сынақ шешуші фактор болып саналады.

5. Эксперименталды зерттеу. Эксперимент – бұл сәтті қойылған сынақ, құбылыс барысын бірнеше рет қайта көріп, қайта бақылауға мүмкіндік беретін жағдайларда зерттелетін құбылысты бақылау. Эксперимент мақсаты оның түріне, сипатына және орындау кезегіне байланысты болады. Ереже бойынша, эксперимент теориялық зерттеуден кейін жүргізіледі, және мынадай мақсат қояды: негізгі ғылыми теориялық ережелерді растау не теріске шығару, толық орындалмаған теориялық зерттеулерді толықтыру; кейде эксперимент теориялық зерттеудің алдына шығады немесе өзіндік зерттеу рөліне ие болады. Бұл ізденіс эксперименттерін жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда немесе теориялық зерттеу базасы болмаған жағдайда орын алады. Бұл жағдайда эксперименталды зерттеуді талдау және жалпылау қызметін атқаратын теориялық зерттеу эксперименттен кейін орындалады.

6.Негізгі ғылыми ережелерді қалыптастыру. Теориялық және эксперименталды зерттеу нәтижелерін талдау, жалпылау және салыстыру негізінде шешілетін мәселе (міндет) саласында ғылыми ереже қалыптасады. ғылыми ережелер маңызды, расталған және гипотезамен дәлелденген болуы керек. егер негізгі ғылыми ережелер гипотезаға толық сәйкес келмесе, онда оны түзетеді, түрін өзгертеді. Алайда кейде (өте сирек) теориялық және эксперименталды зерттеу негізінде қалыптасқан ғылыми ережелер алдында қабылданған гипотезаға сәйкес келмейтін жағдайлар, басқаша айтқанда, теріс нәтиже алынған жағдайлар болады. Бұл жағдайда гипотезаны қате деп есептеп, оны теріске шығарады.

Негізгі ғылыми ережелер тәжірибе үшін ғана емес, ғылым үшін де маңызды болуы керек. осы маңызды шарт негізінде қорытындылар мен ұсыныстар қалыптасады.

7. Ғылым мен өндіріс үшін қорытындылар мен ұсыныстар. Өзіндік зерттеу қорытындысы жалпы қорытындылар мен ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады. Олар ғылымның одан әрі даму әлеуетіне де, өндіріс тиімділігін арттыру үшін де ұсынылады. Ғылымға ұсыныспен бұл мәселе бойынша зерттеу үдерісі аяқталады, бірақ өндіріске деген қорытынды мен ұсыныстар зерттеуші жұмысын жалғастыруды талап етеді.

8. Авторлық қадағалау және өндіріске енгізуге ықпал ету. Жұмыстың бұл кезеңі, алдымен, зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуге дайындаудан тұрады. Дайындық нақты өнеркәсіпке нақты ұсынысты әзірлеуден, зерттеу нәтижесі негізінде құрылатын техникалық шешімнің (машина, торап, жұмысшы орган) өнеркәсіптік үлгісін әзірлеуден тұрады. Зерттеу нәтижелерін өндірістік іске асыруды авторлық қадағалау үдерісінде автор техникалық құжаттарды, технологиялық карталар мен сызбаларды, машиналардың үлгілерін дайындауда, оларды зауытта және өндірісте сынау кезінде, сондай-ақ машинаны ауыл шаруашылығына енгізу үдерісінде кеңес береді.

Жоғарыда келтірілген зерттеуді орындау кезеңдерінің кезегі қандай да бір дәрежеде шартты деуге болады. Кейбір жағдайларда олардың кезегі ауысады, арасындағы шек жойылады, алайда бұл кезеңдердің барлығы да міндетті түрде орындалуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...