Бөлшек сызбалары. Сызбадағы шарттылықтар мен ықшамдаулар. Бөлшектің экскизі

Loading...


Дата05.04.2020
өлшемі20.03 Kb.
Бөлшек сызбалары. Сызбадағы шарттылықтар мен ықшамдаулар. Бөлшектің экскизі


  1. Берілістердің  түрлерін атаңдар.

• Сатысыз беріліс - беріліс санының сатыланбай реттелуі.


• Бүйірлік беріліс - әдетте айналдырушы иінді күш бір бөлігін алу үшін бір реткі өтпеш білікті конустық берілісте түрып, жетекші доңғалақ жетегіне бүйір бойымен берілетін күштік беріліс бүйірінің ықшамсызбасында колданылатын автомобиль берілісі.
• Велосипед берілісі - велосипед жүргізушінің аяқ күшінен жетекші артқы доңғалакка күш беретін беріліс.
• Гидродинамикалық беріліс - айналдырушы иінді күш сұйықтың қозғалыс мөлшерінің өзгееруі арқылы берілетін қалакты деңгелектерден тұратын сатысыз беріліс.
• Гидрокөлемді беріліс - көлемді сорап, көлемді гидроқозғағыш және құбырлардан құрастырылған гидроберіліс.
• Гипоидты беріліс - осьтері бір-бірімен түйспейтін тісті кон…
Тікбұрышты изометриялық проекция. Тікбұрышты диаметриялық проекция

  1. Бөлшек эскизі – бұл оның сызу құралдарын қолданбай көз мөлшерімен орындалған жұмыс сызбасы.Эскиздер, жұмыс сызбасын орындау негізі болып табылатындықтан, оларда барлық қажетті мәліметтер болады. Эскиздің жұмыс сызбасынан айырмашылығы оның сызу құралдарды қолданбай, дәл масштабты сақтамай, бөліктерінің пропорционалдығы көз мөлшерімен орналатындығында ғана.Эскиздер уақытша қолдануға арналған сызбалар және кейбір бөлшектердің жекелеп орындау өндірісінде қолданылады, мысалы жабдықты жөндеу кезінде.

2.Бөлшектің жұмыс сызбасы – бөлшекті жасап шығару, жөндеу, бақылау үшін қажетті кескіндер мен басқа да мәліметтерден тұратын құжат. Бөлшектің жұмыс сызбасы бұйымға қойылатын пайдалану талаптарын көрсету үшін арналған міндетті техникалық құжат.Жұмыс сызбалары жобалау процессі кезінде құрастыру сызбасының, бұйымнан алынған эскизі бойынша орындалады.


    3.Бөлшектердің жұмыс сызбаларына және эскиздерге төмендегі талаптр қойылады:
           -       стандартты пішімде орындалуы тиіс;
-       кескіндер бөлшектің геометриялық формасын толық ашатын жеткілікті санынан тұруы тиіс;
-       ауытқу шектері белгіленген қажетті өлшемдер көрсетілуі тиіс;
-       әр түрлі беттердің кедір-бұдырлығына қатысты талаптар көрсетілуі тиіс;
-       беттердің пішінінің шеткі ауытқуларының және орналасуының белгіленулері көрсетілуі тиіс;
-       бөлшектің материалы, термиялық өңделуі туралы, оны құрастыру кезінде қажетті қапталуы және таза өңдеу жөніндегі мәліметтер көрсетілуі тиіс;
-       бөлшекке қойылатын техникалық талаптар көрсетілуі тиіс.
5.Ажырайтын қосылыстар деп бүтінді құрастырып тұрған тетіктерін бүлдірмей ажыратуға болатын қосылыстарды айтады. Оған төмендегідей қосылыстар жатады: бұрандамалық қосылыс; бұрамасұқпалы қосылыс; бұрамалық қосылыс; түтітік қосылыс.
6.Ажырамайтын қосылыстар бөлшектерді зақымдаусыз оларды ажыратуға мүмкіндік бермейді. Ажырамайтын қосылыстардың қолдануы негізгі технологиялық және экономикалық талаптарында келісілген. Қосылыстардың бұл түріне: тойтарылатын, пісірілген және тартылған (престелген) қосылыстар жатады.
8 семинарлық сабақ
1)Аксонометриялық кескіндерді салудың негізінде координаттар әдісі жатыр. Сондықтан нүктенің аксонометриясын оның координаттары бойынша координаттық сынық сызықты тұрғызу жолымен анықтайды. Сызықтың аксонометриясы осы сызық нүктелерінің аксонометриялық проекциялары арқылы жүргізіледі. Кез келген кеңістік фигурасы  осы фигураны анықтайтын нүктелер мен сызықтардың шектелген жиынынан тұрады. Кеңістік фигурасының аксонометриялық проекциясын салу үшін оны қозғалмайтын Оxyz натурал координаттар жүйесімен байланыстырады. Содан кейін осы кеңістік фигурасын аңықтайтын ерекше нүктелердің тандап алынған натурал координаттар жүйесіндегі координаттары анықталады. Аксонометриялық өстер жүргізіледі, кескінің масштабы тағайындалады және фигураның ерекше нүктелерінің аксонометриясын сала бастайды. Нүктелердің салынған аксонометриялық кескіндерін сәйкес түрде қосу арқылы берілген кеңістік фигурасының аксонометриялық проекциясын алады.
2)Бұрмалану көрсеткіші. Жоғарыда айтып өткеніміздей, координаттар осьтеріне түсірілген немесе оларға параллель орналасқан кесінділер аксонометриялык проекция жазықтығына бұрмаланып проекцияланады, сондай-ақ бұл бұрмалану үш аксонометриялык осьтер бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Мұндай кесінділердің шамасының өз аксонометриялық проекциясы ұзындығына қатынасын тиісті осі бойынша бұрмалану көрсеткіші деп атайды.
3)Стандарт техникалық сызбаларда келесі аксонометриялық проекциялардың колданылуын карастырады: тік бұрышты изометриялық проекция, тік бұрышты диметриялық проекция жэне қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекция. Тік бұрышты изометриялық проекция көрнекілігімен ерекшеленеді, сондыктан практикада кеңінен қолданылады. Изометриялык проекцияны сызған кезде координат осьтерінің көлбеулік бұрышы бірдей болатындай етіп аксонометриялық проекция жазыктығына катысты көлбеу сызады. Бұл жағдайда олардың бұрмалану көрсеткіші бірдей болып және бір-біріне катысты бірдей бұрыш (120°) жасап проекцияланады.
Практикада осьтер бойынша бұрмалану көрсеткішін, әдетте, 1-ге теңелтіп, яғни, өлшемнің колданыстағы шамасын түсіреді. Кескіннің өлшемі 1,22 есе үлкейеді, бірак бұл пішіннің өзгеруіне және көрнекілігіне әсер етпейді, ал сызуды жеңілдетеді.
Изометрияда аксонометриялык осьтерді х,y және z осьтері арасында алдын ала бұрыш жасап (120°) немесе х және у осьтерін горизонталь түзуге көлбеу (30°) орналастырып жүргізеді. Изометрияда осьтерді шеңберсызардың көмегімен сызу, ондағы R радиусы кез келген мөлшерде алынған.
Тік бұрышты диметриялык проекция. Координат осьтерін х және z осьтерінің көлбеулік бұрыштарын бірдей және тең бұрмалану коэффициентімен проекциялап, ал үшінші у осін проекциялану кезінде бұрмалану коэффициентін екі есе кем етіп орналастырады. Әдетте х және z осьтерінің бұрмалану коэффициентін 1-ге теңейді. ал у осі бойынша - 0,5 болады. Сызбаның кескіні 1,06 есеге артады, бірак бұл изометриядағыдай кескіннің көрнекілігіне кері әсер етпейді, керісінше, тұрғызуын жеңілдетеді. Оларды транспортирмен горизонталь сызык бойынан 7° 10' және 41°25' бұрыш түсіріп, немесе бірдей түзу кесінділер сызып түсіреді. Нүктелерді О нүктесімен біріктіреді. Тік бұрышты диметрияны тұрғызған кезде накты өлшемдерді х және z осьтеріне немесе оларға параллель сызықтарға түсіретінін есте сактау керек. у осіне және оған параллель өлшемдерді 0,5 бұрмалану көрсеткішімен түсіреді.
 
4)Шеңбердің аксонометриялық проекциясы.
Дөңгелек бетnері бар нәрселердің аксонометриялық проекциялары. Шеңбердің фронталь диметриялық проекциялары. Егер нәрселердің кейбір элементтерін, мысалы шеңбердің аксонометриялық кескінді бұрмаламай , өз қалпында салу қажет болса, онда фронталь диметриялық проекция қолданылады. Екі көрінісі берілген , цилиндрлік тесігі бар детальдың фронталь диметриялық проекциясын былай салады:
1.х,у, осьтерін пайдалана отырып,детальдың сыртқы пішінінің тұрпатын жіңішке сызықтармен салады.
2.Тесіктің центрін детальдың алдыңғы жағынан табады. Ол арқылы тесіктің осін у осіне параллель етіп жүргізеді де , оған деталь қалыңдығының жартысын өлшеп салады. Детальдың артқы жағына орналасқан тесіктің центрін де шығарып алады.
3.Осыдан шыққан нүктелерді центрлер ретінде алып, диаметрі тесіктің диаметріне тең шеңберлер жүргізеді.
4.Артық сызықтарды өшіріп тастайды да , деталдың көрінетін контурын бастыра жүргізед

Көпжақтар деп жазық көпбұрыштармен шектелген денені айтамыз. Көпжақтарды шектейтін көпбұрыштарды жақтар деп,ал олардың ортақ қабырғаларын қырлар деп атайды. Қырлардың ортақ нүктелерін төбелер деп аталады.Көп тараған көпжақтар-призмалар және пирамидалар. Көпжақтардың көптеген түрлерінің ішінен ерекше топты дұрыс дөңес көпжақтар құрайды.Дұрыс көпжақтар деп жақтары –дұрыс және тең көпбұрыштар,ал төбе бұрыштары тең болатын көпжақтарды атаймыз. Бес дұрыс көпжақтар бар:тетраэдр,гексаэдр,октаэдр,додекаэдр,икосаэдр.


Қаңқалық,сызықтық және сызықтық емес беттер.Сызбаларды тұрғызу теориясында  - кеңістікте қозғалып бара жатқан сызықтың (жасаушының) немесе басқа беттің тізбектелген орындарының жиынтығы ретінде қарастырылады.
Сызықтық емес беттердің ішінен тұрақты және айнымалы жасаушылары бар беттерді ажыратады. Алғашқыларын қисық сызықты жасаушылары бар айналу беттеріне (сфера, тор, айналу эллипсоиды және т.б.) және циклдық беттерге (иілген құбыр, серіппе беттері) бөледі.
Қаңқалық бетті беттің қайсыбір сызықтарының немесе нүктелерінің жиынтығымен береді. Әдетте, мұндай сызықтар - жазықтықтары өзара параллель болатын жазық қисықтар. Қаңқаның екі қиылысушы сызықтар тобы беттің тор көзді  қаңқасын жасайды
Түзу сызықтың қозғалысынан жасалуы мүмкін болатын бет -сызықтық бет (СБ) деп аталады. Өзінің барлық нүктелерімен жазу (жәю) кезінде жазықтықпен үзіктерсіз және қатпарларсыз беттесе алатын СБ – жазылатын бет деп аталады
Айналу беттері— жасаушы деп аталатын сызықты ось бойымен айналдырғанда пайда болады. Жасаушының эр нүктесі оське перпендикуляр жазықтықта орналасқан беттің параллелі деп аталатын шеңбер сызады. Радиусы ең үлкен параллельді — экватор, ал радиусы ең кіші параллельді — беттің мойыны деп атайды. Меридиан деп айналу бетінің осі арқылы өтетін жазықтықпен қиылысу сызығын айтады. Меридиан беттің барлық параллельдерімен тікбүрыш жасап қиылысады. Параллель беттің барлық меридиандарымен тікбүрыш жасап қиылысады. Айналу беттері машина тетіктерінде жиі кездеседі. Білік, сырық, шкив, доңғалақ, тегершік сияқты машинаның бөлшектері айналу бетімен шектеледі. 
Екінші реттік беттер - деп қандай болса да бір декарттық тікбұрышты координатолар жүйесінде:Ах+By+Cz+Dxy+Eyz+Fxz+Kx+Zy+Mz+N=0

Теңдеуін қанағаттандыратын қеңестік нүктелерінің жиынын атайды. Мүндағы А,В,С,D,E,F коэффиценттерінің кемінде біреуі нольге тең емес.

Біз төменде орындалмаған екінші ретті бетте болып саналатын элипсоид,гиперболоид,парпболоидттар, цилиндрлер және конустар деп аталатын беттерді қарастырамыз.

Бұл беттерден басқа,құрылымы одан гөрі қарапайым, мысалы, құр жиын, нүкте, жазықтық, параллель немесе қиылысатын жазықтықтар парлары да екінші ретті беттерге жатады. Мұндай беттерді орындалған екінші ретті беттер деп атап, оларды қарастырмаймыз. Жоғарыда аталған беттерден басқа екінші ретті беттер болмайды.


Винттік беттер - қозғалмайтын осьті бірқалыпты айналатын, сонымен бір мезгілде әлгі осьтің бағыты бойынша бірқалыпты жылжитын жазық қисықтың түзетін беті.
Конустық қималар — айналу конусының (бетінің) төбесі арқылы өтпейтін жазықтықтармен қиылысу сызықтары. Қиюшы жазықтық конус жасаушыларының екеуіне параллель болса, қиылысу сызығы — гипербола, біреуіне параллель болса — парабола, ал ешқайсысына параллель болмаса — эллипс болады. Кониканы салу үшін бес параметр керек. Техникада кездесетін есептерде Кониканың екі нүктесі, осы нүктелердегі жанамалары және инженерлік дискриминанты белгілі болады. Конустық қима– дөңгелек тік конусты оның төбесі арқылы өтпейтін жазықтықпен қиып өткенде шығатын сызық. Конустық қима үш түрлі болады: 1) қиюшы жазықтық конустың барлық жасаушыларын, оның бір қуысындағы нүктелерде қиып өтеді; қиылысу сызығы тұйық овал сызық (эллипс) болады. Егер қиюшы жазықтық конустың осіне перпендикуляр болса, онда эллипстің дербес жағдайы шығады; 2) қиюшы жазықтық конусты жанаушы жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда тұйықталмаған қисық сызық (парабола) шығады; 3) қиюшы жазықтық конустың екі қуысын да қиып өтсе, қиюшы сызық гипербола болады. Аналитикалық геометрия тұрғысынан Конустық қима жіктелмейтін екінші ретті сызықтар болып табылады. Конустық қиманың симметрия центрі болса (яғни эллипс немесе гипербола болса), оның теңдеуі координаттар басын центрге ауыстыру арқылы мынадай түрге келтіріледі: b11x2+2b12xy+b22y2=b33. Мұндай (орталық Конустық қима деп аталатын) Конустық қима үшін координаттар осінің бағыты ретінде, яғни негізгі бағыт етіп, Конустық қиманың бас осін (симметрия остерін) таңдап алсақ, олардың теңдеуін қарапайым түрге келтіруге болады: Ax2+By2=C. (1) Егер А, В және С-ның таңбалары бірдей болса, онда (1) теңдеу эллипсті, ал А мен В-ның таңбалары әр түрлі болса, онда ол гиперболаны анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...