Бөлім: Тыңдалым және айтылым Бөлімше 1 Шығарманың мазмұнын түсіну



бет1/7
Дата20.11.2021
өлшемі111.35 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Мен қалай оқуға бардым?
Менің Әбіш деген құрдасым бар еді. Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп
бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал, өлең, басқа да
жақсы сөздер көп екен. «Оқу үйренсем, мен де солай оқыр едім» деп ойға қалдым. Үйге
қайтып келдім. «Оқуға барамын!» дедім. Ә кем м ен а нам б ұл о йымды ұ натты. Ертеңіне
әкем мені оқуға апарды.
(А. Байтұрсынов)
− Әбіш деген кім?
− Оның кітабында нелер көп екен?
− Баланың оқуға баруына не себеп болды?
− Ахмет Байтұрсынов туралы не білесіз?
Дескриптор Білім алушы
− мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
− шығарманың авторы туралы әңгімелейді.
4
Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша
немесе өз сөзімен мазмұндау/үзіндісін
мазмұндау/ сахналау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің үзіндісін өз сөзімен айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Бір уыс мақта
Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отырғанда, шешесi қасына отырып,
ақыл айтады:
- Балам, дүниедегi жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының да керексiз
болып, жерде қалатыны болмайды, – дейді.
Сол сөздi айтып отырғанда, қыз киiмді жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын
терезеден лақтырып, далаға тастайды да:
– Апа, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қоймас, – дейді.
Шешесi:
– Балам, ол да жерде қалмайды, – дептi.
Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп
ұшырады. Мұны бiр торғай тұмсығымен қағып алып, ұшып кетедi.
Қыз апасынан:
– Мақтаның қиқымын бiр торғай іліп алып кеттi, оны не қылады? – деп сұрайды.
– Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келе қалғанын. Ол
кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, – дептi.
(Ы. Алтынсарин)
• Кез келген суретті таңдап ал. Мәтіннің суретке сәйкес бөлігінің мазмұнын айт.
Дескриптор Білім алушы
− мәтіннің үзіндісін өз сөзімен мазмұндайды;
− сөйлеу барысында лексикалық және грамматикалық
нормаларды сақтайды.

библиотека материалов

ДОБАВИТЬ В ИЗБРАННОЕ



Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік