|
Пән: Қазақ әдебиеті
|
Мектеп:
|
|
|
|
|
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
|
|
|
|
|
Сынып: 10
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
|
|
Бөлім тақырыбы
|
Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі
|
|
|
Сабақтың түрі
|
|
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;
|
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы
шығарманы түсінеді
Оқушылардың көпшілігі
шығармаға композициялық талдау жасайды
Оқушылардың кейбірі
шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды
|
|
|
Бағалау критерийлері
|
шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды
|
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Кеңістік, уақыт
|
|
|
Пәнаралық байланыс
|
|
|
|
Мектеп құндылығы
|
Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.
|
|
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
|
|
|
Жоспар
|
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
|
|
Ұйымдастыру
3 минут
7 минут
10 минут
15 минут
|
Оқушылармен амандасу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Оқу мақсатын таныстыру.
ЖЖ
«Оқырман пікірі» стратегиясы.
Шығармада көтерілген басты мәселеге көзқарасын немесе пікірін білдіру мақсатында оқушылар жұппен төмендегі сұрақтарды талқылайды.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ойыңызда не сақталып қалды?
Оқып отырғанда не туралы ойладыңыз?
Шығармадағы оқиға қай кезеңді қамтиды?
Шығарма оқиғасындағы ең маңызды мәселе қандай?
Бұл шығарма ерекше деп ойлайсыз ба? Неге?
Автор оқырманды қалай қызықтырды?
Өз идеясын автор қалай дамытады?
Сіздің ойыңызша, автор маңызды ақпараттарды қалай берген?
Т.
Сынып 3 топқа бөлінеді.
Оқиғалар реті.
Әр топқа шығармадан алынған сөйлемдер қиылып беріледі. Оқиғаларды ретімен орналастырып, әңгіменің қай бөлігі(басы, ортасы, аяғы) екенін анықтайды. Қысқаша осы бөліктегі негізгі оқиға мен көтерілген мәселеге тоқталып өтеді.
Т. «Кубизм» әдісі.
Шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан «Кубизм» арқылы талдайды.
Әр қырына тапсырма реті жазылған ойын тасы дайындалады.
Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Ойын тасын лақтырады, түскен нөмірге сәйкес ұсынылған тапсырманы топпен талқылап, сынып алдында жауап береді.
Талқылауға берілетін тапсырмалар:
Автордың оқиға өтетін кеңстікті суреттеуін талдаңыздар;
Автор суреттеген уақыттағы қоғам бейнесіне талдау жасаңыздар;
Шығармадағы көтерілген мәселені сол заман тұрғысынан қарастырып, мәселенің шығу себебін талқылаңыздар;
Кейіпкерлер қарым-қатынасына талдау жасаңыздар;
Шығармадағы уақыт пен кеңістікке қатысты адамдардың көңіл-күйінің өзгеріп отыруын талдаңыздар;
Шығармадағы көтерілген мәселеге өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.
Топтар бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:
шығармадағы мәселені уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды;
шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды;
өз көзқарасын сенімді білдіреді.
|
Слайд
Қиынды қағаздар
|
|
|
Сабақтың соңы
Рефлексия
5 минут
|
Бүгінгі сабақта..
Маған қиын болғаны....
Маған қызық болғаны....
Менің ұсынысым....
|
|
|