БӨлім. Әскери қылмыстардың түрлері



бет5/5
Дата09.09.2017
өлшемі418 Kb.
#19751
1   2   3   4   5

385-бап. Тонаушылық

Бұл қылмыстың объектісі болып – армия мен флот­та бекітілген, Қазақстан Республикасы Қарулы Күште­рі­нің жоғары беделіне кепіл болатын, мықты әскери тәртіп­ті қам­тамасыз ететін әскери қызметтің ережесі келеді.

Қол сұғынушылықтың заты болып – өлгендер мен жа­раланғандардың қандай да болсын заттары: киім, ақша, құнды заттар және с.с. келеді. Бұл заттар кімдікі екенінің, біздің Қарулы Күштердің әлде жаудың өлгендерінің не­ме­се жараланғандарының ба, мәні болмайды. Олар өлгендер мен жараланғандарда болып келгеніне мән беріледі.

Алайда, сондай адамдардан қаруды немесе соғысты жүргізудің өзге құралдарын алып қою, егер бұл заттар арам ниетпен емес, жаумен күресу үшін алынған болса, осындай қылмысты құрай алмайды.

Тонаушылықтың объективтік жағы – ашық болсын жасырынды жолменен өлгендерге жараланғандарда болып келетін заттарды ұрлауда болып келеді. Бұл ретте бағалау үшін құқыққа қайшы алып қою жараланғанға қарсы күш қолданумен болды ма әлде күш қолданусыз болғанды­ғы­ның мәні болмайды. Осындай ұрлау ұрыс орында бол­ға­ны­ның мәні бар. Осындай орын болып – құрлық аумағы, сол сияқты теңіз аумағы да келуі мүмкін.

Ұрыс орны ретінде тек майданның алғы қатардағы ау­мақты ғана емес, онда жаудың ауадан немесе өзге ша­буылы жасалынған және зиян шеккендер бар терең тыл­дағы да аумақ келеді. Осындай реттерде тонаушылық бұл зат­тар кімнен: әскери қызметшілерден, әлде азаматтық адам­дардан алынғанына қарамастан орын алады.

Бұл қылмыс заттар өлгендер мен жаралағандардан алынған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.

Осы қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қаса­қа­на­лық түріндегі кінәмен сипатталады. Кінәлі өз әре­кет­те­рі­нің қоғамдық қауіптілігін және онда ұрланатын мүлікке ешқандай құқықтары болмайтынын сезінеді, меншік ие­сі­не немесе өзге заңды иеге мүліктік зиян келтіру түрін­де­гі зиянды салдар туындамай қоймайтынын сезінеді жә­не олардың болуын қалайды.

Тонаушылықтың субъективтік жағының міндетті си­паттары –пайдақорлық себеп және пайдақорлық мақ­сат. Тонаушылықтың пайдақорлық себебінің мәнісі арам­тамақтық мінездегі қалауларда, өзінің мүліктік мұқ­таж­дарын бөтен адамның есебінен қылмысты жолдармен, кі­нә­ліде ешқандай құқықтар болмайтын мүлікті алып алу жо­лымен қанағаттандыруға ұмтылуда болып келеді.

Тонаушылықтағы пайдақорлық мақсат болып бөтен мүлікті өз мүлкі сияқты иелену, пайдалану және билік етуге, яғни жеке өзі тұтынуға, оны басқаша пайдалануға, сол сияқты оны сатуға, сыйға тартуға өзге негіз бойынша бас­қа адамдарға беруге іс жүзіндегі мүмкіншілікті алу ке­леді.

Мүлікті өлгендер мен жараланғандардан пайдақор­лық мақсатсыз алған тонаушылықты құрамайды. Мы­са­лы, әскери қызметші ұрыс жерінде тоңып-қатып қалмауы үшін өлген жора-жолдасының жылы киімін пайдаланады.

Қылмыстың субъектісі – қандай да болсын әскери қыз­метші.




Қорытынды
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе мынадай қысқаша тұжырымдарға келеміз.

Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бө­лім­­дері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әс­ке­ри қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәр­ті­бін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұ­зу­шылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, ма­те­риалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін кө­тереді.

Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.

ҚК 336-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келі­сім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қа­рулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әс­кер­лері мен әскери құрамаларында әскери қызмет ат­қа­ру­шы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы аза-мат­тардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқа-рудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қыл­мыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".

Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әс­ке­ри қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әс­кери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.

Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы: қарақшылық, зорлау, бұза­қы­лық және с.с. әскери қылмыстарға жатпайды және жа­уап­кершілікті Қылмыстық Кодекс басқа тиісті тарауларының баптары бо­йын­ша тудырады.

Әскери қылмыс ұғымы сонымен қатар әскери қылмыстылық заңнаманы жалпы қылмыстық заңнамаға кіргізілуіне де қарамастан салыстырмалы түрде дербес екенін көрсетеді. Сонымен бірге әскери қылмыстылықтар заңнама әскери қылмыстардың нақты құрамымен қатар өзінің ерекше жалпы бөлімі - әскери қылмыс түсінігін де қамтиды.

Өзіндік әскери қылмыстар қызмет жағдайына тән мысалы, қарауыл қызметін атқарудың жаорғылық ережелерін бұзу, өз бетімен бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, апатқа ұшыраған әскери кемені тастап кету және т.б.

Салыстырмалы әскери қылмыстар жалпы қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстарға ұқсас қылмыстар, бірақ бұлар әскери құқық тәртібіне қол сұғушылық болатынымен сипатталады сол себепті еліміздің қарулы күштеріне ерекше қауіп төнеді. Егер арнаулы әскери қылмыстарды жіктеу аса қиын болмаса қылмыстар мен салыстырмалы ара жігін ажырату қажет болғанда бұл мәселе айтарлықтай күрделене түседі.

Әскери қылмыстарға тағайындалатын жаза түрлері олардың қоғамдық қаупінің сипаты мен дәрежесіне, сондай-ақ жазаның тәрбиелееу мақсатына қарай белгіленген. Ал әскери қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі қол сұғу объектісіне қарай келтірілген зардаптарға жасалған әрекеттердің сипаты мен басқа да мән жайларға байланысты болып танылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі әскери қылмыстарға арналған 16 тараудың әрекеті қоғамдық қауіптілігіне қарай ғана емес кінәлі адамның жеке басы ерекшеліктеріне, сондай-ақ жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды барлық ескертуіне мүмкіндік беретін қылмыстық жазалау шаралары көзделгендігін атап өтуіміз қажет.



Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл.

  2. ҚР Қылмыстық кодексі. 1997 ж.

  3. Молдабаев С. Әскри қылмыстар. Практикалық оқу құралы.-Алматы; Өркениет. 2003. 260 б.

  4. Ашитов З.О., Ашитов Б.З., Воинские преступления, причины и иеры прудупреждение. – Алматы: Жеті Жаргы, 1998. 168 б.

  5. ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік. Норма К, Алматы 2004.

  6. Уголовное право РК. Особенная часть. Учебник/ Под ред. И.Ш. Борчашвили и С.М. Рахметова. В 2-х частях.- Алматы: Институт Данекер, 2000.

  7. ҚР Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы 4156 жарлығымен бекітілген ҚР Республикасындағы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысының 41-бабы.

  8. ҚР Қылмыстық құқығы Ерекше бөлім. 2-бөлім. Алматы. Баспа, 2002.

6. О всеобщей воинской обязанности и военной службе: Закон РК от 19.01.1993 г.

7. Ахметшин Х. Преступления против военной службы // Российская юстиция. N 5, 1997.

8. Борисенко В. Особенности ответственности военнослужащих \\ Российская юстиция. 2000. № 2. С. 40-42.

9. Закон об уголовной ответственности за воинские преступления: Комментарий. М., 1986.

10. Комментарий закона об уголовной ответственности за воинские преступления, М., 1981.

11. Мацкевич И.М., Эминов В.Е. Преступное насилие среди военнослужащих, М., 1994.

12. Мацкевич И.М. Криминологический и уголовно-правовой анализ преступлений против военной службы // Государство и право. 1999. № 6. С. 57-63.

14. Наумова А.В. Уголовное право. Общая часть: Курс лекций. М., 1996.

9. Уголовное право. Особенная часть. Части 1, 2. Алматы: Данекер, 2000.

15. Уголовное право. Особенная часть \\ Под ред. В.Н.Кудрявцева, А.В.Наумова М., 1996.

16. Уголовное право. Особенная часть \\ Отв.ред.: д.ю.н., проф. И.Я.Козаченко, д.ю.н., проф. З.А.Незнамова, к.ю.н., доц Г.П.Новоселов. – М.: НОРМА-ИНФРО, 1998. – 768 с.

17. Уголовное право Российской Федерации. Особенная часть \\ Под. ред. Б.В. Здравомыслова. М., 1996.



18. Уголовное право. Особенная часть: Учебник // Под ред. А.И. Рарога. М.: Триада Лтд., 1997. 480 с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді