БӨлім. Әскери қылмыстардың түрлері


-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау



бет2/5
Дата09.09.2017
өлшемі418 Kb.
#19751
1   2   3   4   5

367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау


ҚК 367-бабы бұл қылмысты: "Бағынбау, яғни бас­тықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқ­ты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын ба­ғы­ныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп өз­ге­дей әдейі орындамау" деп анықтайды.

Осы қылмыстың нақты объектісі болып – армия мен флотта бағыну тәртібін қатаң сақталуын қамтамасыз ете­тін әскери қарым-қатынастар келеді.

Объективтік жақ командир (бастықпен) бекітілген тәртіпте берілген бұйрықты орындамау, елеулі зиян бо­луын­да және іс-әрекет және салдары араларындағы се­беп­ті байланыста болып келеді. Бөлім, бөлімше жарғыға, жо­ға­ры тұратын бұйыруына сай өткізілген маңызды әскери ша­ралар сәтсіздікке ұшыраған жағдайларда зиян елеулі бо­лып танылады.

Бұйрықты орындамау нысаны бағыныштының ко­ман­дирдың бұйрығын үзілді-кесілді орындамауында, әлде оның бұйрығын өзгеше орындамауында, яғни, бұйрықты алған бағынышты адам оны орындаудан бас тартатыны туралы тікелей айтпаса да, іс жүзінде оны орындаудан бас тартқаны көрініс табуы мүмкін [6].

Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей немесе жа­нама арам ниет түріндегі қасақана кінәмен сипат­та­ла­ды. Кінәлі ол бастық (командир) бұйрығын орындама­ға­нын сезінеді, қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі мүмкіндігін немесе оның болмай қалмайтынын алдын ала болжайды, осындай зиян болуын қалайды немесе саналы түрде жол береді, әлде оның туындауына нем­құрайды қа­райды.

Қылмыс субъектісі арнайы – Қазақстан Республи­касы Қарулы Күштерінің бұйрықты берген адамға бағы­ныш­ты болып келетін әскери қызметші немесе әскери мін­детті адам.

ҚК 367-бабының 2-бөлігі адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан топпен (31-бапты қараңыз), осымен қатар ауыр салдары туғызған дәл осындай іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті қарасты­ра­ды.

Ауыр салдар ретінде бөлім, бөлімше, кеменің ұдайы жауынгершілік дайындығын қамтамасыз ету бойынша ша­ралардың олқылығы жауынгершілік техниканы бұзу, әс­кери бөлімге елеулі материалдық залал келтіру және с.с. түсініледі [7].

ҚК 367-бабының 3-бөлігі баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген іс-әрекеттерді соғыс жағ­дайында немесе жауынгершілік жағдайларда жасау үшін қа­растырады.

ҚК 367-бабының 4-бөлігі ауыр салдары туғызған бұй­рықты қызметке салақ немесе арам ниетті қарау себе­бі­нен орындамау үшін жауапкершілікті анықтайды.

ҚК 367-бабының 4-бөлігінің диспозициясынан ба­ғы­нышты адамның бастық бұйрығын орындамауы абай­сыз­дықтан, яғни қылмысты немқұрайлық немесе қыл­мыс­ты менмендіктен болатыны шығады.

Кінәлі адам оның қызметке неқұрайлы қарағаны салдарынан бастық бұйрығы орындалмайтынын, яғни бұйрықпен бұйырылған әрекеттер жасалмайтынын бол­жа­майды, осының себебінен ауыр салдар туындайды, алай­да, қажетті ұқыптылық және сақтық болған ретте осы­ны болжау тиіс тұғын және осыны алдын ала болжай ала­тын. Немесе кінәлі адам қызметке жеткілікті дәрежеде адал болмауы себебінен ауыр салдар туындай алатынын бол­жаған, бірақ та осыған жеткілікті негіз болмай тұра ол олар­дың алдын алам деп ойлаған еді.

Құрылымы бойынша 367-баптың құрамы – мате­риал­ды. Қылмыс елеулі зиян келтірілген немесе ауыр сал­дар туындаған сәтінде аяқталған болып есептеледі.

ҚК 367-бабының 5-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың төртінші бөлігімен қарастырылған іс-әрекеттерді со­ғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда жаса­ға­ны үшін анықтайды.


368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету


ҚК 368-бабы жауаптылықты екі бөлек қылмыс үшін қаратылады:

1) бастыққа сол сияқты әскери қызмет бойынша өзі­не жүктелген әскери міндетті орындайтын өзге адамға қар­сылық көрсету немесе

2) оны осы міндеттерді бұздыруға күш қолдану жә­не күш қолданамын деп қорқыту арқылы мәжбүр ету.

Бірінші және екінші қылмыстың да объектісі болып – ба­ғы­ныштылық тәртібі және әскери қызметшілері ара­сын­дағы жарғылық қарым-қатынастар келеді. Қосымша объект – командир (бастықтың) сол сияқты өзіне жүк­тел­ген әскери міндетті орындайтын өзге адамның өмірі, ден­саулығы, бас бостандығы.

Қылмыстың объективтік жағы – бастық немесе әс­ке­ри қызмет міндеттерін атқаратын өзге адам ретіндегі бел­сен­ді әрекеттер арқылы білінеді, нақты алғанда, қар­сы­лық көрсетуде немесе оны әскери міндеттерін бұзуға мәжбүрлеуде [8].

Қарсылық білдіру бұл – бастыққа немесе әскери қыз­мет міндеттерін атқаратын өзге адамға оларға жүк­тел­ген әскери қызмет міндеттерін жүзеге асыруға белсенді түр­де кедергі ету.

Бастықты немесе әскери қызмет міндеттерін атқа­ра­тын өзге адамды мәжбүрлеу, күш қолдану немесе оны қол­­данам деп қорқытумен қосыла жасалатын және мақ­са­­ты болып көрсетілген адамдарды өз міндеттерін бұз­ды­ру, яғни қызмет мүдделеріне қарсы заңға қайшы әре­кет­тер­ді жасатуға мәжбүрлеу әрекеттерінен көрінеді. Мы­са­лы:"дедовщина" жағдайларында екінші жыл қызмет ете­тін әс­кери қызметшілер сержанттар, старшиналар жә­не с.с. күш қолдану арқылы қызметті бастап жатқан әс­ке­ри қыз­метшілеріне қарағанда қызметті атқарудың қолай­лырақ жағдайларына иемденеді.

Мәжбүрлеу – дене немесе психикалық зорлық (күш қол­дану) арқылы жасалады [9].

Қаралатын қылмыстардың құрамы – формальды. Бас­тық­қа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндет­терін бұзуға мәжбүр ету, бастық әскери қызмет міндет­терін атқару мүмкіншіліктерінен айырылғаны– айы­рыл­ма­ға­нына қарамастан немесе заңға қайшы мәжбүрлеу әсерінен орындағанына (орындамағанына) қарамастан, кі­нә­лі осы әрекеттерді жасаған сәттен аяқталған болып есеп­те­леді.

Екі жағдайда да субъективтік жақ тікелей қаса­қана­лық­та болады. Кінәлі бастыққа сол сияқты әскери қыз­мет міндеттерін атқаратын өзге адамға қарсылық білдіріп тұр­ғанын немесе осы міндеттерін бұзуға мәжбүрлейтінін се­зінеді, мәжбүрлеуін күш қолданумен түйістіреді немесе оны қолданам деп қорқытады және осы әрекеттерді жа­сау­ды қалайды.

Субъект арнайы – ол ретінде бапта көрсетілген әре­кет­терді жасайтын бастықтың қарауындағы әскери қыз­мет­ші болып келеді.

ҚК 368-бабының 2-бөлігі дәл осы әрекеттер үшін тө­мен­дегідей жауапкершілікті қарастырады:

а) адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан топпен (ҚК 31-бабын қараңыз);

б) қаруды қолданумен;

в) денсаулыққа ауыр немесе орта дәрежедегі зиян не­месе өзге ауыр салдар ұштасуымен.

Қару ретіндегі штаттық армиялық қару (винтовка, ав­томат, пистолет, граната, штык, кортик және с.с.), сол сияқ­ты аңшылық қару, финдық пышақ, кастет және за­уыт­та немесе қолдан жасалынған, нысананы жоюға ар­нал­ған өзге де оқ-дәрілі немесе суық қару түсініледі [10].

Осы қылмысты жасаудың ең қауіпті әдісіне –қару­ды қол­дану арқылы командирдің денсаулығына оқ-дәрілі немесе суық қарумен зиян келтіру, сол сияқты психи­ка­лық қорқыту – қаруды ашу және бастыққа қарай көздеу, қор­қыту үшін ауаға қарай ату және мақсаты болып бас­тық­ты заңсыз әрекеттерді әскери қызмет мүдделеріне қай­шы жасаттыруға бағытталған с.с. көрінісін табады.

Бастықтың денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр­­лық зиянды немесе өзге ауыр салдарын тудырған қа­ру­ды қолдану ҚК 368-бабы 2-бөлігінің "б" және "в" тар­мақтары бойынша бағаланады.

Денсаулыққа келтіретін ауыр зиянның ұғымы ҚК 103-бабында, орта ауырлықтағы зиян ұғымы ҚК 104-бабында берілген. Өзге ауыр салдар ретінде: бөлім, бө­лім­ше, кеменің ұдайы жауынгершілік дайындығын қамта­ма­сыз ету бойынша шаралардың олқылығы жауынгерлік тех­ни­каны бұзу, әскери бөлімге елеулі материалдық за­лал келтіру, жәбірленушіні абайсыздықтан өлтіріп алу та­нылуы мүмкін.

Денсаулыққа ауыр немесе орта ауырлықтағы зиян­ды келтіру қаруды қолданбағанда да (мысалы: өмірге қа­уіп төндірген құбылыстардың айқын білінген кешенімен ұш­тасқан көру қабілетінен айыратындай жұдырықпен бетке ұру, жарақаттар (сынықтар және сүйектердің шы­ғып кетуі, мойын органдарын қысу және с.с) орын- далғанда мүмкін болатынын ескеруге тиіс. Осы ретте кі­нә­лінің әрекеттері ҚК 368-бабының 2-бөлімінің "в" тар­ма­ғы бойынша бағалануы тиіс.

ҚК 368-бабының 3-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың бірінші және екінші бөлігімен қарастырылған іс-әре­кет­терді соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағ­дайда жасағаны үшін анықтайды.

369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері

Бұл қылмыстың мәнісі – бастықты оның әскери қыз­мет­терін орындауы үшін немесе осы міндеттерді орын­дау­ға байланысты жасалған ұрып-соғуда немесе оған қатыс­ты өзге күш қолдануда болып келеді.

Бұл қылмыстың нақты объектісі болып – Қазақ­стан Рес­публикасы Қарулы Күштеріндегі бағыну тәртібі келеді. Қосымша объект – бастықтың денсаулығы.

Қылмыстың объективтік жағы – бағыныштымен бас­­тық­­ты ұрып-соғудан, оған жеңіл зиян келтіруден не­ме­се соң­ғысына басқа да күш қол­данудан құралады. Ұрып-со­ғу және өзге күш қолдану терминдерінің талқы­ла­нуы осы оқулықта ҚК 106-бабымен қарастырылған қыл­мыс қа­рал­ғанда берілген.

Бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері ол әс­кери қызмет міндеттерін атқарған кезде жасалады, мы­салы бағынышты әскери жарғыны бұзғаны жөніндегі әділ ескертуге жауап ретінде немесе бұдан бұрын ба­ғы­ныш­ты әскери қызмет міндеттерін орындамағаны үшін са­лын­ған тәртіптік сөгіс үшін жазалау себеп етіледі [11].

Қылмыс қызмет бабында да немесе қызметтен тыс та, мысалы бастықтың бағынышты демалыста жүргенде оны­мен кездейсоқ кездесуі кезінде жасалынуы мүмкін.

Қарсылық білдіру кезде немесе бастықты әскери қызмет міндеттерін бұздыруға мәжбүрлеу әдісі ретінде жа­са­лынған бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері ҚК 368-бабы бойынша бағалануға жатады.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақана­лық­пен сипатталады. Кінәлі бастығы әскери қызмет мін­дет­терін атқарғанына байланысты ол ретінде күш қол­дану әрекеттерін жасап тұрғанын сезінеді және осы әре­кет­терді (ұрып соққанда) жасауды қалайды. Салдарына қа­рай (денсаулыққа зиян келтіру) қасақаналық тікелей не­месе жанама болуы мүмкін.

Субъект арнайы – күш қолдану әрекеттері жасала­тын бастықтың қарауында болып келетін әскери қыз­мет­ші.

ҚК 369-бабының 2-бөлігі дәл осы әрекеттер үшін жа­уапкершілікті олар мынадай жағдайларда жасалғаны үшін қарастырады:

а) адамдардың тобымен, адамдардың тобымен ал­дын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан топпен (ҚК 31-бабын қараңыз);

б) қаруды қолданумен;

в) денсаулыққа ауыр немесе орта дәрежедегі зиян немесе өзге ауыр салдар ұштасуымен. Көрсетілген бағалау сипаттары ҚК 368-бабының 2-бөлігі қарастырған сипат­тар­ға тән болып келеді.

ҚК 369-бабының 3-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың бірінші және екінші бөлігімен қарастырылған іс-әре­­кеттерді соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жаса­ғаны үшін бекітеді.



370-бап. Бір-бірінің арасында бағыныштық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу

Қылмыстық кодекс бұл қылмысты келесі жолмен тұжырымдайды:"Бір-бірінің арасында бағыныштық қаты­нас­тары болмаған кезде әскери қызметшілердің ара­сын­дағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадір қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзуы".

Нақты объект – бір-бірінің арасында бағыныштық қа­ты­настары болмаған кезде әскери қызметшілерінің ара­сын­дағы өзара қарым-қатынастардың тәртібі.

Объективтік жақ қызмет жағдайына қарай тән, сол сияқ­ты олар арасында бағыныштық қатынастары бол­ма­ған ретте әскери атақтары үлкен және кіші әскери қыз­мет­ші­лері арасындағы қарым-қатынастардың жарғылық тәртібін бұзуда болып келеді [12].

Бұзушылық – ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян кел­тіру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қа­дір-қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралаудан көрінуі мүмкін. Бұл жәбірленушіні ұятты түрде табалап жә­не мейірімсіз күлкіге шығаруда, беттен соғуда, по­гон­дар мен өзге белгілерді жұлып тастауда, арнайы киімдерді бүл­діруде, аяқ-киім мен арнайы киімге бөтен заттарды са­лып қою, байлап тастау, бір бөлмеге қамап тастауда көрініс табуы мүмкін.

Бұл қылмыстың құрамы – формальды болып келе­ді. Заң қылмыс ретінде әскери қызметшілері арасындағы қарым-қатынастардың қандай да болсын бұзушылықты емес тек жәбірленушіге қатысты күш қолдану немесе ұят­ты әрекеттер түрінде көрініс тапқан бұзушылықты анық­тайды.

Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақа­на­­лық­пен сипатталады. Кінәлі әскери қызметшілері ара­сын­дағы қарым-қатынастарды реттейтін жарғылық тәр­тіп­терді бұзатынын: ұрып-соғатынын, денсаулыққа же­ңіл зиян келтіретінін немесе ар-ождан мен қадір-қасиетті кемсітумен немесе жәбірленушіні масқаралаумен байла­нысты күш қолдану жасайтынын сезінеді, осы әре­кет­тер­ді жәбірленушінің ар-ожданы мен қадір-қа­сие­тін кемсіту, басқаларға қарағанда үстем болу және өзі үшін қызметтің ар­тықшылықтық жағдайын тудыру мақ­са­тында жасауды қалайды [13].

Субъект арнайы – жәбірленушінің қарауында бо­лып келмейтін әскери қызметші.

ҚК 370-бабының 2-бөлімі жауапкершілікті дәл осы іс-әрекеттерді сипаттау белгілері бола тұра жасау үшін қа­рас­тырады:

1. Бірнеше рет, яғни екі және одан көп рет.

2. Екі және одан көп адамдарға қатысты. Дәл сол әре­кеттерді бөлек-бөлек уақыт кезеңдерінде бір әскери қыз­­метшіге қарсы жасау – ҚК 370-бабының 2-бөлігінің "а" тар­мағына сай бағаланады.

3. Адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша не­месе ұйымдасқан топпен. Адамдар тобының және қо­сы­ла қатысушылықтың көрсетілген нысандарының ұғы­мы ҚК 31-бабында берілген.

4. Қаруды қолданумен қаралатын 370-бап мағына­сын­да, қаруды қолдану ретінде қаруды басқа әскери қыз­метшінің ар-ожданын, қадір-қасиетін табалау үшін (мақ­са­тында) қолдануды түсіну қажет.Мысалы: қарумен қор­қы­тып кінәлі жәбірленушіні оның адамгершілік, қадір-қа­сиетін төмендететін немесе қорлайтын әрекеттерді жа­сау­ға немесе жеке ұятты сұраныстарын (басына кіргенін) қа­­нағаттандыруға мәжбүрлеуі, әлде қызмет пен басқа әс­ке­ри қызметшілерге көзқарастарды өзгерттіруі мүмкін.

5. Жәбірленушінің денсаулығына орта ауырлықтағы зиян келтірумен (ҚК 104-бабын қараңыз).

Бұл қылмыстың ерекше бағаланатын түрі заңда көр­­сетілген әрекеттердің салдарынан ауыр нәтижелер туындауына байланысты орын алады (ҚК 370-бабының 3-бөлігі). Осылар ретінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру, оның өлуі, өзін-өзі өлтіруі және с.с. танылуы мүмкін [14].

371-бап. Әскери қызметшіге тіл тигізу

Қылмыстық заң әскери қызметті атқару кезінде не­ме­се оны атқарумен байланысты бір әскери қызметшінің екіншісіне тіл тигізгені үшін жауапкершілікті бекітеді (ҚК 371-бап).

Қылмыстың объектісі – әскери жарғыларымен анық­­талған, реттелінген, әскери сыпайылық, әскери қыз­мет­шінің және адамның ар-ожданын және қадір қасиетін қам­тамасыз ететін әскери құқықтық қатынастардың са­ла­сы.

Қылмыстың объективтік жағы – бір әскери қыз­мет­ші­нің екіншісіне тіл тигізуі. Қазақстан Республикасы Әс­ке­ри Жарғылары әскери қызметшілерінің өзіндігін сыйлау, олар­дың жеке қадір-қасиетін таптауға жол бермейтіні, әс­ке­ри сыпайылылық және сәлем беру туралы талаптарды қа­рас­тырған. Тіл тигізу – әскери қылмыс ретінде дәл осын­дай жалпы қылмыстан ол адамның ар-ожданы мен қа­дір-қасиетіне және бір уақытылы әскери жарғылармен бекітілген әскери қызметшілері арасындағы өзара қатынастар тәртібіне озбырлық ететінімен және жәбірленуші не­месе тіл тигізуде кінәлі адам араларында әс­кери мін­дет­тер­ді орындау кезінде әлде орындауға бай­ланысты болатынмен ерекшеленеді.

Тіл тигізу сөз, жазбаша немесе ұятты нысанда жа­са­­лынатын әрекеттер арқылы білдірілуі және арсыз ұры­­су­да, кір келтіретін мадақтауларда және сыпайы­лық­пен сыйыспаудың қандай да болсын қимылдарда, соқ­қы­лар­да, погондарды, марапаттау белгілерін жұлып тастауда жә­не с.с. көрінісін табуы мүмкін.

Тіл тигізу әрекеттері жәбірленуші әскери қыз­мет­ші­нің көзінше, әлде тіл тигізген адамның жәбірленушіні оның әскери қызметшісі және адам ретінде ар-ожданы мен қадір-қасиетін табалануы жөнінде белгілі болаты­ны­на үміттенуі салдарынан, ол жоқ болған кезде де жасалы­нуы мүмкін.

Қылмыс құрамы – формальды. Қылмыс тіл тигізе­тін әре­кеттер жасалынған сәттен бастап аяқталған болып есеп­теледі.

Субъективтік жақ тікелей қасақаналықпен сипат­та­ла­ды. Кінәлі әскери қызметшінің ар-ожданын және қа­дір-қасиетін табалайтынын сол сияқты тіл тигізуді өзі әл­де жәбірленуші әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде не­месе атқаруға байланысты жасайтынын сезінеді және тіл тигізуді қалайды.

Тіл тигізудің себептері мен мақсаттарының бағалау үшін мәні болмайды.

Қылмыстың субъектісі – қандай да болсын қыз­мет­ші.

ҚК 371-бабының 2-бөлімі жауапкершілікті қыл­мыс­тың дәрежеленген түрі үшін қарастырады: бағы­ныш­ты­ның бастығына немесе бастықтың бағыныштысына ә­с­ке­­ри қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе атқару бай­ла­нысты тіл тигізуі үшін. Яғни дәл сол баптың бірінші бө­лімінен айырмашылық тіл тигізілген және тіл тигізетін әс­кери қызметшілерде бағынушылық қатынастары бо­луы­нан тұрады.
2.2. Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде басқа әс­керлерінде және әскери құрылымдарында әскери қыз­мет­ті өту тәртібі қатаң реттеледі. Әрбір әскери қызметші қыз­метті заңмен бекітілген мерзім ішінде атқаруы тиіс жә­не бөлім, гарнизон және қызмет атқарудың өзге ор­нын­да үздіксіз болуы тиіс.

Бұл тәртіп Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызметі туралы" За­ңы­на, Қазақстан Республикасының Жалпы әскери Жар­ғы­ла­ры­на, ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтарына негіз­делген. Ол қылмыстың тікелей объектісі болып келеді.



372-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету

Бұл қылмыстың объективтік жағы ҚК 372-бабы­ның 1-бөлігінде берілген, онда былай айтылған: "Шақыру бо­йын­ша әскери қызмет өткеруші әскери қызметшілер жа­саған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап ке­ту, сол сияқты бөлімнен босатылған кезде, тағайындау, ауыс­тыру кезінде іс сапардан, демалыстан немесе емдеу ме­кемесінен қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он тәу­лік­тен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде кел­меу".

Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап ке­ту деген бұл бөлімнен немесе қызмет орнынан тиісті ко­ман­дирдың (бастықтың) рұқсатынсыз шығып кету.

Әскери қызметші заңсыз тастап кететін әскери бө­лім белгілі аумақта казармаларда немесе өзге жайларда ор­­­на­ласуы мүмкін, лагерлерде немесе жорықтарда болуы мүмкін. Қызмет орны әскери қызметші әскери қызмет мін­деттерін іс жүзінде орындайтын жермен анықталады.

Мерзімінде қызметке келмеу бөлімнен босатыл­ған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде іс сапардан, де­ма­­­лыс­тан немесе емдеу мекемесінен оралатын кезде бел­гі­лен­ген мерзімде бөлімге дәлелді себептерсіз келмегенде орын алады.

Әдетте, келмеудің дәлелді себептері болып бөлім не­ме­се қызмет орнына мерзімінде келуге кедергі ететін әс­ке­ри қызметшінің немесе оның жақын туыстарының ауы­руы, табиғи апат немесе мәжбүрлі қажеттілікпен сипат­та­ла­тын оқиға танылады.

Бөлім немесе қызмет орнын тастап кетудің субъек­тив­­тік жағы тікелей қасқаналықпен сипатталады. Мер­зі­мін­де қызметке келмеу қасақана да, абайсыздықтан да жасалынуы мүмкін.

Қылмыстың субъектісі әскери қызметтегі шақыру бойынша өтіп жатқан әскери қызметші.

Бұл қылмыстың дәрежеленген түрі (ҚК 372-бабы­ның 2-бөлігі) осы баптың 1-бөлігінде қарастырылған іс-әрекеттерді тәртіптік әскери бөлімде жазасын өтеп жатқан әскери қызметші жасағанда орын алады.

ҚК 372-бабының 3-бөлігі шақыру немесе келісім шарт бойынша әскери қызметшінің бөлім немесе қызмет ор­нын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке он тәу­­ліктен артық, бірақ бір айдан көп емес уақытқа дәлелді се­бептерсіз мерзімінде келмеу үшін қарастырады.

Қылмыстың осы құрамының бұл баптың бірінші бө­­лімі қарастырған іс-әрекеттерден айырмашылығы әс­ке­ри қызметшінің бөлімде болмауының әр түрлі мер­зім­де­рінде болып келеді. Осымен қатар ҚК 372-бабының 3-бө­лі­гі бойынша қылмыстың субъектісі болып тек қана ша­қы­ру бойынша емес, келісім-шарт бойынша да қызмет ат­қа­ратын әскери қызметші келеді.

ҚК 372-бабының 4-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың үшінші бөлімімен қарастырылған іс-әрекеттер үшін, егер өз бетімен болмау бір айдан астам болса, сол сияқты жа­засын тәртіптік әскери бөлімде өтеп жатқан әскери қызметші жасаған дәл сондай іс-әрекеттер үшін егер өз бе­тімен болмау он тәуліктен асса орнатады.

ҚК 372-бабының 5-бөлігі жауапкершілікті соғыс жағ­дайында жасалған осы баптың бірінші және екінші бө­лімдерімен қарастырылған іс-әрекеттер үшін анық­тай­ды, егер өз бетімен болмау бір тәуліктен асса.

ҚК 372-бабының 6-бөлігі ұзақтылығына қарамастан бө­лім­ді немесе қызмет орнын өз бетімен ұрыс жағдайын­да тастап кету үшін анықтайды.

Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап ке­ту, сол сияқты қызметке дәлелді себептерсіз келмеу бар­лық реттерде әскери қызметті өтуден бас тарту мақсатын алып тастайды, осымен қашқындықтан ерекшеленеді.

ҚК 372-бабында ескерту бар, оған сәйкес осы бап­тың бірінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әре­кет­терді жасаған әскери қызметші, егер бөлімді өз бе­ті­мен тастап кету ауыр жағдайлардың себептерінен болса жә­не егер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптан бо-сатуы мүмкін.

Осындай жағдайлар болып мыналар танылуы мүм­кін: одан ауыру орналасқан жерге жедел келуді талап ете­тін ата-аналарының немесе әскери қызметшінің жақын бас­қа адамдардың кенет ауыр ауыруы, табиғи апат, өрт жә­не с.с. жәбірленген жақын туыстарға кейінге қалдыр-май көмек көрсету.

373-бап. Қашқындық

Бұл қылмыс заңда әскери қызметтен жалтару мақ­са­тында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу болып анық­талады (ҚК 373-бап).

Қашқындықтың объективтік жағы әскери қыз­мет­­­ші­нің әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тас­тап кетуден әлде әскери бөлімге (қызметке) де­ма­лыс­тан, іс сапардан, емдеу мекемесінен сол мақсатпен кел­меу­де көрінеді. Қашқындық құрамы формальды, со­зыл­­ма­лы қылмыс болып келеді және әскери қызметші бө­лім­нен шығып кеткенде, қызмет орнын тастап кет­кен­де, не­ме­се белгіленген мерзімде демалыстан, іс сапардан, ем­деу ме­кемесінен оралмаған сәттен аяқталған болып есеп­те­ле­ді.

Бірақ та қашқынның қылмысты жағдайы онда оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен (36-бап) және ҚР жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қыз­мет туралы Заңымен, оған сай шақырылуға жынысы ер, жасы 18-ден 27-ге дейін адамдар шақырылуға жатады, жүк­телген әскери қызметті атқару бойынша міндеті сақ­талғанға дейін сақталады. 27 жасқа толғаннан соң олар ша­қырудан босатылады. Осыдан шыға тұра қашқындық со­зылмалы қылмыс ретінде адамда іс жүзінде әскери қыз­мет­ті атқару міндеті жойылған соң нақты алғанда тоқ­та­ты­лады.

Оның қылмысты жағдайының тоқтатылуының бас­қа негіздері болып оның кінәсін мойындап келуі неме­се оны билік органдарымен ұстау келеді.

Қашқындықтың субъективтік жағы тікелей қаса­қа­­на­лықпен және әскери қызметтен жалтару арнайы мақ­са­ты­менен сипатталады.

Қылмыстың субъектілері болып шақыру бойынша әс­кери қызметті атқарушы әскери қызметшілер болады.

Осы қылмыстың дәрежеленген түрі ҚК 373-бабы­ның 2-бөлігімен қарастырылған. Заң қызмет бойынша бе­рілген қарумен, сол сияқты алдын ала келісу бойынша адам­дардың тобымен немесе ұйымдасқан топпен жаса­лын­ған қашқындық үшін қатаңдау жауапкершілікті қарас­­тырады.

1959 жылғы ҚКСР ҚК бұл сипаттарды қарас­тыр­ма­ған еді. Жаңа ҚК бойынша егер әскери қызметші оған қыз­метіне байланысты сеніліп берілген қарумен бірге қа­шып кетсе, оның әрекеттері толығынан ҚК 373-бабының 2-бөлігімен қамтылады. Тек оған берілмеген қаруды ұр­ла­ған ретте жауапкершілік қылмыстардың жиынтығы үшін туын­дайды.

Адамдардың тобымен, алдын ала келісу бойынша жа­салған қашқындық ұғымы 31-баптың 2-бөлігінің не­гі­зін­де ашылады, ал ұйымдасқан топпен жасалған қаш­қын­дық осы кодекстің дәл осы бабы 3-бөлігінің ережелері негізінде.

ҚК 373-бабының 3-бөлігі жауаптылықты соғыс уа­қы­тында немесе ұрыс жағдайда жасалынған дәл сол іс-әре­кет үшін орнатады.

ҚК 373-баптың ескертуі бар: осы баптың бірінші бө­лігінде көзделген қашқындықты жасаған әскери қыз­мет­ші, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себебінен бол­са және ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз ер­кі­мен келген болса, сот оны қылмыстық жауапты­лық­тан босатуы мүмкін.

Ауыр жағдайлар болып мыналар танылуы мүмкін: ата-аналары немесе жақын туыстары бірінің өлімі немесе ауыр ауыруы, оларға көмектесу үшін әскери қызметшіден залал шеккендермен бірге болуды талап еткен табиғи апат немесе өртпен отбасының тұрған үйін жою және с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді