Төсекте жатып жасайтын жаттығулар
Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды жоғары көтеріп басымыздан асырап төсекке түсіреміз, көзімізді ашып жұмамыз ( 2- 4 рет)
Ойын «Жаз бен күз» оң жаққа қарап жатып күз дегенде тіземізді құшақтап алу, күзде суық тонамыз , жаз дегенде керілеміз ( 3- 4 рет
Бесін асқа дайындық.
Бесін ас.
|
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру (жуыну, тамақты шаю). Гигиеналық емшараларды орындау технологиясының алгоритмін сақтау. Үстел басында өзін әдепті ұстауға қалыптастыру.
|
Тәрбиеші мен баланың еркін әрекеті
|
Балалардың қызығушылықтарын мақсатты ойын арқылы, танымдық-зерттеушілік жұмыс, музыкалық-көркем образ, қимыл-қозғалыс, коммуникативтік байланыс, оқыту, еңбекке баулу арқылы дамыту (оның ішінде өңірлік ерекшелікті ескерумен). Балалардың ойы мен идеяларын ескеру арқылы олардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру.
Сюжеттік - рөлдік ойын «Дәрігер»
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Дәрі - дәрмектер, кітапшалар, атрибуттар, халаттар, бас киімдер, құрал - жабдықтар.
|
Серуенге дайындық.
|
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру. Киінудің бірізділік алгоритмін бекіту. Бір-біріне көмек көрсету (тәрбиешінің және белсенді балалардың көмегі), серуенге мотивация (мазмұны, проблемалық жағдаяттар), көркем сөзбен ынталандыру (мақал-мәтелдер, жаңылпаштар, жұмбақтар, өлеңдер). Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |