Экзамен сұрақтар
1блок
1)Экономикалық ғылымның қалыптасу және даму кезеңдері
«Экономика» терминін алғаш рет ғылымға енгізген Ксенофонд пен Аристотель. Экономика
термині грек тілінде шаруашылық, үй, заң, ілім деген мағынаны береді.
Меркантилизм- 16-18ғғ. Аралығында дамыған. Қоғам байлығының негізгі формасы-ақша
(алтын және күміс). Бұл байлықтың көзі айналым сферасы. Мемлекет экономикаға белсенді
араласуы қажет.
Физиократтар- 18ғ даму кезеңі. Қоғам байлығының көзі- ауыл шаруашылығы мен шектелген
өндіріс саласы. Өнер кәсіп-өнімсіз сала, өйткені ол тек табиғат пен жер өнімдерін өңдеу мен
айналысады. Шеберлер, әскер- өсімсіз класс.
Классикалық мектеп- 17-19ғғ. Қоғам барлығының көзі жалпы өндіріс. Тиімді өндірістің шарты-
еркін бәсекелестік нарықтың экономика. Мемлекет экономикаға араласпауы қажет.
Марксизим- 19ғ ортасы. Қоғам байлығының көзі-еңбек. Капитал-бұл жылжымалы
жұмысшыларды қанау есебінен қосымша құнды әкететін құн. Өндіріс құрал- жабдықтарының
қоғамдық меншігіне негізделген өндірісті орталықтан реттеу қажет.
Маржинализм- 19ғ екінші жартысында. Экономикалық жүйесінің динамикасы,соңғы
нәтижеде,шекті көрсеткіштердің динамикасымен аяқталады. Баға,нарық механизм ретінде,
субъективті фактордың ықпалы мен айналым сферасындағы тауар құндылығының
қалыптасуын көрсетеді.
Тұтынушы талғамы, тұтынылған игіліктердің санымен және пайдалылығымен анықталатын,
игіліктердің құндылығына байланысты болады.
Теориялық мектеп
1) Неоклассикалық бағыт. Даму кезеңі 19ғ. аяғы. Жеке кәсіпкерлік нарықтық жүйенің
өзіндік реттелу ге қабілеті бар. Мемлекеттің араласуы жағымды жағдайларды
қамтамасыз ету мен шектеледі(құқықтық, ішкі және сыртқы саяси)
2) Кейнсиандық-20ғ 30-шы жылдарынан бастап. Нарықтық механизм қоғамның
әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ете алмайды. Мемлекет
экономиканы және әлеуметтік саланы белсенді реттеу қажет.
3) Институционналдық. 20 ғ. басы. Ресурстарды бөлуде нарық әмбебап механизм бола
алмайды. Экономикалық жүйе институттардың ықпалы мен дамиды, олардың ішіндегі
ең маңыздысы мемлекет болып табылады.
4) Монетаризм- 20ғ. 70-жылдарынан бастап. Нарықты өзіндік реттеудің маңызды
потенциалы бар. Мемлекет экономикаға тек дағдарыс жағдайында ғана және тек
монеталық әдістермен ғана араласа алады.
2 блок
1)Сыртқы кәсіпкерлік орта.
Сыртқы кәсі
пкерл
ік
орта деп
кәсіпкерлердің өздерінің еркінен тәуелсіз қызмет ететін, елдегі
кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар мен жағдайлардың жиынтығын айтады.
Сыртқы
кәсіпкерлік орта кәсіпкерлік қызметті сыртқы реттеудің күрделі жүйесін
сипаттайды
, сондықтан да
дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін ол объективті сипатқа ие. Өйткені олар оны тікелей
өзгерте алмайды (мысалға, заңдар, табиғи факторлар және т.б.), тек өз ісін жүргізу
барысында
оларды ескеріп отыруы керек.
С
ыртқы кәсіпкерлік орта келесідей қосалқы жүйелерден тұрады:
•
елдегі және аймақтағы экономикалық жағдай;
•
қоғам мен мемлекеттің даму тұрақтылығымен
сипатталатын саяси жағдай
;
•
кәсіпкерлер мен нарықтық экономиканың басқа
субъектілерінің құқықтарын, міндеттері
мен жауапкершіліктерін
нақты анықтайтын құқықтық орта
;
•
кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау;
•
жұмыссыздық деңгейі мен тұрғындардың (тұтынушылардың) төлемқабілетті
сұранысымен
байланысты әлеуметтік жағдай
;
•
кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін,
тұрғындардың
білім деңгейімен негізделген мәдени орта;
•
ғылыми-техникалық,
технологиялық орта
;
•
қызметтің белгілі бір түрлерін дамыту үшін қажетті табиғи өндіріс факторларының
жеткілікті түрде болуы;
•
кәсіпкерлік ұйымдар қызмет етуінің табиғи – климаттық жағдайларымен, форс-мажорлы
табиғи катаклизмдердің жоқтығымен байланысты физикалық орта;
•
коммерциялық
операцияларды
, іскерлік байланыстарды және т.б. жүзеге асыру
мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ұйымдардың жеткілікті санының болуын білдіретін
институционалды-ұйымдастырушылық орта.
3 блок
1) SWOT талдау.
СВОТ (ағылшынның SWOT – strength –
күш
,
қуат
, weak –
әлсіздік
, opportunіty
–
мүмкіндік
, threat –
қатер
) –
компанияның
менеджері
өзінің қызметін жүзеге
асыратын экономикалық жағдайды, сондай-ақ қолда бар ресурстарды талдау
үшін пайдаланатын қысқарған сөз. Ағылшынның “қуат”, “әлсіздік”,
“мүмкіндік”, “қатер” деген мағынаны беретін сөздерінің басқы әріптерінен
құралған. Фирманың жай-күйі осы факторларды ескере отырып
айқындалады. Сонан соң
міндет қойылып, мүмкіндікті пайдаланып, қатерге
жол бермеу, қуатты еселеп, әлсіздікті жою жоспарлары жасалады.