Бұл кезде Түркі қағанат күшейеді. Елтеріс өлген соң Қапаған (Қабаған, Мойыншор) таққа отырып 715 жылы (716 ж. Т. Жұртбай) қайтыс болады да, орнына Білге інісі Күлтегіннің және Тоныкөктің көмегімен қаған болады

Loading...


Дата28.02.2021
өлшемі18.74 Kb.

Сақтар мен ғұн мемлекетінен кейін Түркі қағанаты құрылды. Түркі қанаты туралы Л.Гумелев: «Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең болды... Ашина державасы көптеген белгісі жағынан Спарта мемлекетіне ұқсайды, бірақ бұл одан әлденеше есе күшті болды, әрі үлкен жерді иемденеді» деп жазады (Бумын, Мұқан қағандар тұсын айтып отыр) («Көне түріктер»


Көкбөрінің шөбересі Бумын (А.Қыраубайқызы) түркілерді қайта біріктіріп, Түркі қағанатын құрып Елхан атанды. Осы кездері Ұлы Вей импеиясы (Қытай елі) санасқандықтан оларға елші жіберіп отырған. Бумын 552 жылы қайтыс болғаннан кейін үлкен баласы Ыссық бір жыл қаған болады да, өлген соң Мұқан таққа отырады. Мұқан Түркі туына алтын жіппен зерлеп Көкбөрінің басын кестелеп салдырады. Ол Сары теңіз бен Қара теңіз арасын өзіне қаратады.


Түркі қағанаты 582 жылы батыс, шығыс қағанаты болып екіге бөлініп кетеді. Қытайдың Таң империясы іштей ыдыратып 630 жылы Түркі қағанаты құлайды. Табғаштарға 50 жылдай бағынышты болады. Түркі қағанатының қайта өрлеуіне Құтлық-Елтеріс қаған мен Төныкөк (Тоңықұқ) күш салады. Елтеріс 682 жылы көтеріліс бастап, жеңіп шығады (шамамен 650-693 жж. өмір сүрген). Бұл кезде Түркі қағанат күшейеді. Елтеріс өлген соң Қапаған (Қабаған, Мойыншор) таққа отырып 715 жылы (716 ж. Т.Жұртбай) қайтыс болады да, орнына Білге інісі Күлтегіннің және Тоныкөктің көмегімен қаған болады.

Күлтегін (684-731) батыр 47 жас жасаған. Қарабалсағұн қаласы маңындағы төбеге жерленеді. Оның құрметіне 40х80 метрлік храм-мазар тұрғызылған. Босағасына қос қошқардың мүсінін салдырып, төріне Күлтегіннің әйелінің мүсінін қойған. Үш шақырымға созылған балбалдар қойылады. Қазіргі кезде олардың 169-ы сақталған

Тоныкөк (646-731) – Елтеріс, Білге қағандарға кеңесші болған қоғам қайраткері. Алтай өлкесіндегі Қара Ертісті мекен еткен қарлұғ елінен шыққан. Қытай деректері бойынша 13 жыл Қытай елінде тұрып тәрбие алған. Шыңғыс ханға ұйғыр әріпін үйреткен Тата тұңға – сонын ұрпағы


Түркі қағанаты дәуіріндегі аңыздар, әдеби жазба ескерткіштер.

Ежелгі түркі аңыздардың бірі – Көкбөрі аңыздары (Көкбөрі – Елжау би б.з.б. II ғ. – біздің заманымыздың Ү ғ.). 1. Үйсіннің Нәнді биі жау қолынан қаза тауып, артында жаңа туған Елжау деген баласы қалып, оны жаулар далаға тастап кетіп, Көкбөрі асырап өсіреді. Құстар жем тасып береді. Бала күшті болып өседі. Елін қорғап Елжау би атанады.

2. Көкбөрі (IҮ-Ү ғғ.). Жаулары түкі тайпаларын қырып, Аман қалған он жасар баланың аяқ қолы кесіп тастап кетеді. Баланы бөлтіріктері өлген көк бөрі асырап өсіреді. Бала көк бөрі атанып, оның шыққан тайпасы “бөрі тайпасы” аталады. Қазақтың ата-бабалары өздерін Көкбөрі ұрпақтарымыз деп есептейді. Аңыздарда Көкбөрінің немерелері жаугершілікте Ақ қазға айналып бірі Енесайға, бірі Шуға, Алтай жаққа ұшып кетеді.

Содан түіктердің ата-бабалары тарайды деп айтылады

3. Орхон Енисей ескерткіштері. Олардың зерттелуі, жанры туралы пікірлер.

Орхон ескерткіштері. Орхон, Енисей, Талас өзендерінің бойынан табылған тастардағы жазулар жалпы атпен Орхон-Енисей ескеткіштері деп аталады.

Орхон ескерткіштері (руна жазбалары) Европа ғалымдарының назарын XҮIII ғ. бастап аударған. “Руна” – скандинавия халықтары тілінде құпия деген ұғымды білдіреді. Бұл сөзді алғаш рет швед офицері Табберт-Страленберг қолданды да тіл білімінде термин ретінде қолданылып келді.

4. Күлтегін жыры, мазмұыны, идеясы, құрылысы, тілі, көркемдік сипаты.

Жыр Білге қағанның таққа отырғаны, бүкіл халқына арнаған үндеуімен байқалады. Төрт бағытта көп жерді бағындырғанын халықты көп еткенін мақтан етеді. Өтікен жерінде отырып табғаш халқымен табыстым дейді. Одан кейін табғаш халқының алдауына түскені сөз етіледі. “Тәтті сөз асыл дүние ісіне көп алдамын, Түркі халқы, қырылдың, ...жойылдың.”…Ашсың ғой сен, аштықта тоқтықты түсінбейсін. Бір тойсаң, аштықты түсінбейсің …Соның үшін алданып, қағанның тілін алмадың,-дейді де осыларды бітіргенін айта отырып былай дейді: «Тәңірі жарылқағандықтан, Өзімнің бақытым бар болғандықтан, Қаған отырып, Жоқ, кедей халықты көп көтердім, Аз халықты көп қылдым.



Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...