Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздікті реттеудегі рөлі

Loading...


Дата15.09.2020
өлшемі15.19 Kb.
Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздікті реттеудегі рөлі

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

-бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

-ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;



-халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау; Осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу. БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор. БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді. Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда. Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. БҰҰ халықаралық бейбітшілік пен татулықты берік нығайту, елдер мен ұлттар арасында достық қатынастарды қамтамасыз етіп, қауіпсіздік мәселелерін ортақтаса шешу мақсатында құрылған ұйым екендігі баршаға мәлім. Көптеген аймақтық, еларалық қақтығыстардың кең ауқымды соғысқа өршіп кетпеуіндегі БҰҰ-ның іскерлігінің маңызы өте зор. Оның үстіне, келіссөздер арқасында түрлі қақтығыстарды бейбіт тұрақтандыруға қол жеткізілді. БҰҰ Берлин дағдарысы (1948-1949 жылдар), Куба дағдарысы (1962 жыл), Таяу шығыстық дағадарыстар (1973 жыл) секілді потенциалды қақтығыстарды бейтараптандыру үшін механизммен қамтамасыз ету жолында өзінің іскерлігінің тиімділігін бірнеше мәрте дәлелдеді. Бұл барлық жағдайларда БҰҰ-ның араласуы алып державалар арасындағы соғыс қаупінің алдын алуға септігін тигізді. Бұдан бөлек, БҰҰ Конгодағы (1964 жыл), Иран мен Ирак арасындағы (1988 жыл), Сальвадордағы (1992 жыл), және Гватемаладағы (1996 жыл) соғыстарды тоқтатуда өте маңызды рөл атқарды. БҰҰ күш-жігері нәтижесінде Тимора-Лешти (2002 жыл) тәуелсіздігін және Мозамбиктің (1994 жыл) экономкалық өсуін қамтамасыз еткен бейбітшілікке қол жеткізілді, ал 2005 жылы желтоқсан айында БҰҰ Сьерра-Леондағы өзінің бітімгерлік миссиясын сәтті аяқтады. Сонымен қатар, БҰҰ-ның аса маңызды жетістіктерінің қатарына келесілерді жатқыза аламыз: біріншіден, өтпелі кезеңде көмек көрсету бойынша БҰҰ арнайы тобы Намибиядағы алғашқы еркін және әділетті сайлауға бақылау орнатты, нәтижесінде ел тәуелсіздікке қол жеткізді, екіншіден, Камбоджадағы БҰҰ-ның уақытша органы оқ атуды тоқтатуды және шетел әскерін шығаруды қадағалауға бақылау орнатты, әр түрлі үкіметтік ведомстволардың жұмыстарына бақылау жүргізді және еркін және әділетті сайлауларды ұйымдастырды, және үшіншіден, бұрынғы Югославияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Күштері демилитаризацияланған зоналарда азаматтық тұрғындарды қорғаныспен және гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етті. БҰҰ-ның іскерлігі бітімгерлік миссиясының сәтті аяқталуымен бітіп қана қоймайды. Қақтығыс біткен соң БҰҰ жер аударылған адамдар мен босқындарға үйлеріне қайтуларына көмектеседі. Ол миналарды залалсыздандырумен айналысады, жолдарды, көпірлерді жөндейді және экономиканың қайта көтерілуіне қаржылай және техникалық көмек көрсетеді. Бұдан басқа, сайлаулардың одан әрі қалай өтетіндігіне бақылау орнатады және елдердегі адам құқығының сақталуын қадағалайдыОсының арқасында, бүгінгі таңның өзінде көптеген елдерде демократиялық институттар құрылды. БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда. Жоғарыда атап өтілгендей, БҰҰ жаһандық және аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын қазіргі күннің бірден-бір тиімді халықаралық ұйым. Осыншама елдер, халықтар мен ұлттар арасындағы татулықты, достық байланыстарды орнатудағы бұл ұйымның орны айрықша. БҰҰ күллі әлемге өзінің аса құнды қызметімен және аса маңызды бітімгершілік іскерлігімен қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...