«Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос» «Бірлік -ақылға бірлік,малға бірлік емес »



Дата31.05.2021
өлшемі15.18 Kb.

«Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос»

«Бірлік -ақылға бірлік,малға бірлік емес...»

Абай

Міне, хакім Абайдың айтқан осы бірлігі қазаққа дәл келіп тұрғандай. Себебі, қу дүние сан қилы дүрбелеңге толы. Алыптар мен мықтымын ба, әлде сен белдісің бе- деп, бір-біріне ашынған алакөздікпен қарайды. Осы бір алакөздік талай жұрттың обалына қалып, жұдырығын шығартып та жатыр. Бірақ, көреалмаушылықпен ашкөздік, берекесіздік пен дүниеқұмарлық біздің ана дүниедегі таразымызды ауырлата ма, әлде жеңілдете ме олда беймәлім. Бірақ қазіргі басымызға төнген қарабұлт індеті барша адамзатқа өмірлік сабақ беріп жатқандай. «Тәж» - атын естісе осыған қарай ұмтылып, алтын тақ пен билікке жұлып тұратын адамзат қазір бұл сөзді аузына алмақ түгіл, ойға алуға сескенетін болды. Құдды бір байлықтың емес, бақыттың мәнің түсінгендей. Бұлда бір Алланың пендешіл пенделеріне берген үлкен бір сынағы болар. Бұл сөзімнің дәлелі қазір ағайыннан ақшаны, бауырдан байлық пен мансапты жоғары қойдық, көзімізді көреалмаушылық шелі басты. Жұмылып іс көтермек түгілі бір құрсаққа сыйғандар бір ортаға сыймай, бір ананың сүтін емгендер бір дастарханға жиналмай тарыдай шашылып жүргені ақиқат. Жартасқа бардым, айғайды салдым оданда да шықты жаңғырықтың күйін кешіп жүрміз. Адамдар арасындағы шынайы ықылас пен ақ пейілділік сейіліп, салқындап барады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейміз ал, бесіктегі тәрбиені түзейтін бастаушы бұлақтың өз басы лай болса не қайыр күтесің? Ондай ошақта бірлік ұйытқысының ауылы алыста болары сөзсіз.



Біздің халықтың қанында қалыптасқан «қазақбайшылық» деген ұғым бар. Бұл түсінікке, жақсылықтан гөрі, көбінесе елдің ең нашар қасиеттері тізбектеледі .Бос сөзге үйірлік, өсекшілдік,пәлеқорлық, белгілі бір бағытта жолы болған біреулерге қарсы топ құрып, әлгіні қалайда сүріндіруге ұмтылу, әлдекімдермен жең ұшынан жалғасу, бақайесепшілдік деп кете береді.Ал енді сөйтеміз де, басымыз қосыла қалса, «Ой, қазақ деген теңдесі жоқ ғажайып батыр ел. Меймандос халық. Ақкөңіл жұрт!» деп гүрілдеп шыға келеміз. Әрине, осының бәрінің де түрлі себептері бар. Кейде осы дертті қоздырып тұратын «вирустарды»дәл тауып, тазарта бастайтын, сөйтіп ұлтты жағымсыз дағдыдан арылтатын күнге жететін күн болар ма екен деп қиялданамын.

Мені тағы бір алаңдататыны- жұрт арасында тек өз отбасымның жағдайы жақсы болса жетеді, қалғандарың күл болмасаңдар бүл болыңдар деген түсінік те етек жайып бара жатқандай. Әркімнің ең алдымен жеке шаруасын күйттеп, өз жыртығын өзі бүтіндегені әрине жөн.Алдымен қара басыңның қамын жеу ықылым заманнан келе жатқан үрдіс шығар. Дегенмен кейде біз «Көппен көрген ұлы той», «У ішсең-руыңмен» дейтін ата-бабамыздың даналығын ескермей, жеке пайда жолына бұра тартып, көзсіз өлермендене беруден де опа таппасы анық. «Май шайқағанның бармағын жалайтыны» да рас. Көпке топырақ шашу әсте дұрыс емес шығар, дегенмен заманның ағысымен келе жатқан қоғамымызда иыққа таққан жұлдызын асыра пайдаланып, өзіңе берген несібесін місе тұтпай қанағаттсызданып бара жатқаны да рас. Осы асқан қанағатсыздық талай оттың жалының сөндірді. Абайдың «Қанағат қарын тойғызады» деген сөзі қапыда қалып жүр. Елім дейтін ерден гөрі, өзім дейтін надандардың балға үймелеген араша көбеюі еріксіз бармақ тістедеді. Ал, енді осыдан кейін қайтіп біз қазақ, қалайша ел боламыз?! Бір қарын майды шірітетін қара құмалақтар салқын саналарын жылытса, қопарып тау көтереріміз шүбәсіз.



Басымызға түскен осынау қара індетте пенделерді бір-бірінен оқшаулау арқылы, махаббат пен жылулықты, сыйластықты, қанша жерден атағын жер жарып тұрсан да Алла алдында дәрменсіз құл екеніңді, ең бастысы- бірліктің қадірің ұғындырғандай болды.

Сынақ- сыналу үшін емес, шындалу үшін беріледі. Сондықтан бұл сыннан да ел болып аман-есен өтеміз! Қараңғылықтың да кегін қайтарар жарық күннің түбі бір жарып шығары сөзсіз! Бас басына би болған өңкей қиқымның емес, бірлігі мен тірлігі, білегі мен жүрегі бір жұрт болайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде