«Бір ел – бір кітап» акциясы «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына



Дата20.11.2021
өлшемі17.72 Kb.


«Бір ел – бір кітап» акциясы «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына –

30 кітап» бойынша «Авторға хат» облыстық байқауы
Ережесі


  1. Жалпы ережелер

2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша ел Егемендігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұсынылды. Олар: Поэзия жанры бойынша Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан»; Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным»; Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап»; Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы»; Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары»; Бақытжан Қанапиянов «Достояние души»; Проза жанры бойынша Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі»; Тобық Жармағамбетов «Отамалы»; Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр»; Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет»; Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ»; Тұрысбек Сәукетай «Желқайық»; Драматургия жанры бойынша Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы; Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы; Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі»; Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы; Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы; Сая Қасымбек «Жанталас». Балалар әдебиеті бойынша Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»; Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек»; Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити»; Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн»; Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу»; Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас». Аударма жанры бойынша Юсупов Кеңес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық»; Әдетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір»; Ахметов Әділ, Агата Кристи «Ғайып болған миллион»; Меллат Төлеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн»; Мәзен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме»; Құрметұлы Амангелді,Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».


Осы акция аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы 1 ақпан - 20 қараша аралығында «Авторға хат» облыстық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

  • Қазақ әдебиетінің мақтанышы мен мерейіне айналған авторлардың шығармаларын насихаттау;

  • Оқырман қауымның шығармашылық қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту;

  • Оқырманды Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

  • Оқырманның көркем және ғылыми-танымдық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.




  1. Байқаудың шарты




  1. Ұсынылған 30 кітаптың барлығын оқуы тиіс. Қатысушы өз аккаунтында #Тәуелсіздікке30жыл30кітап хэштегін белгілеуі тиіс.

  2. Белгілі бір кітап авторына хат жазу керек.

  3. Хат қаламмен жазылуы тиіс.

  4. Хатта оқыған кітабы бойынша мазмұны қысқаша баяндалуы қажет.

  5. Хаттың безендірілу мәдениетіне көңіл аударуы (күні, қолы, сауаттылығы, тазалығы) тиіс.

  6. Хат көлемі 3 беттен аспауы керек.

  7. Байқауға қатысушы жазған хатын жеке куәлігінің көшірмесімен бірге кітапхананың мекен жайына (Н.Назарбаев даңғылы 91/99, индекс 040000) 2021 жылдың 20 қарашасына дейін жолдауы тиіс.




  1. Байқаудың қорытындысы




  1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Кітапхана басқармасы анықтайды.

  2. Марапаттау 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент» күні өтеді.

3. Ең үздік деп танылған хаттар Республикалық, облыстық баспасөз беттеріне жарияланады және авторға естелік ретінде табысталады.

4. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Кітапхананың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.



5. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Кітапхананың интернет ресурстарында орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік