Биология сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану. Базарова Гулжан Бахауиденқызы «Ж. Нұрлыбаев атындағы №49 жом»

Loading...


Дата28.02.2021
өлшемі39.02 Kb.

Биология сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану.

 Базарова Гулжан Бахауиденқызы


  «Ж.Нұрлыбаев атындағы №49 ЖОМ»

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі біздің заманымыз – Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында  дамыту өте маңызды. Қазіргі кезде жаңа технологияны меңгеруде ұстаздар үшін өзекті мәселе бұл – жан-жақты дамыған, тәрбиелі, білімді, шығармашыл,  ізденімпаз, қоғамда өз орыны бар тұлға қалыптастыру.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім  беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Жаратылыстану пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды қысқа мерзімді сабақ жоспары барысында көз жеткіздік.

Биология пәнінің берілу кіріктірілген білім беру бағдарламасында өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

«Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді талап етеді. «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері  бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тарауында қарастырылатын бағалау тәсілдері де маңызды болып табылады. Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу,  рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады.

Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын көздейтін тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушыларға алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығу орындауға мүмкіндік беру аса маңызды болып табылады.

Биологияны оқытуда педагогикалық тәсілдерді іске асыру үшін сабақта төмендегідей жұмыс түрлерін қолдану қажет:



  • эксперименттік жұмыс;

  • ойын / модельдеуді қолдану;

  • биология мәселелері бойынша түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты таңдау (мысалы, генетикалық түрлендірілген өнімдердің әсері, адамды клондау, органдарды трансплантациялау), талдау жүргізу, алынған ақпаратты салыстыру және шынайы бағасын ұсыну;

  • биология саласындағы түрлі мәселелерді зерттеуге бағдарланған эксперимент құрастыру және өткізу (мысалы, Қазақстанның экологиялық мәселелері);

  • биологиялық үдерістер мен табиғи құбылыстарды ұғыну, түсіндіру және болжау үшін модельдеудің түрлі тәсілдерін қолдану.

Оқу үдерісінде мұғалімдер оқушыларға оқу жоспарында ұсынылатын тапсырмаларды орындай отырып, оқу мақсаттарына жетуге көмектесетін бірқатар педагогикалық тәсілдерді пайдаланғаны жөн.

Елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін мектеп табалдырығынан бастап-ақ білім мен ғылымды ықпалдастырып, ғылыми ойлау қабілетін дамыту қажет. Бұл үшін мектептегі зерттеушілік және инновациялық қызметтің ауқымын кеңейту керек. Биология мұғалімінің аса маңызды міндеті оқушының бойында қарапайым зерттеу жүргізу; табиғи биологиялық құбылыстардың, үдерістердің, заңдар мен заңдылықтардың мәнін түсіну үшін зерттеу жұмысын жүргізу үшін зияткерлік, шығармашылық қабілеті мен сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту болып табылады.

Сәйкесінше, оқу оқушылардың ойлауын дамытуға септігін тигізуі үшін оларды біліммен қатар, ақыл-ой қызметінің тәсілдерімен қаруландыру қажет, яғни оларда ойлау операцияларын дамытып, талдау, жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру, ортақ, жеке және ерекше белгілерін анықтау, дерексіздендіру, жалпылау, қорытындылар жасай білуді қалыптастыру қажет.

Оқу үдерісінде оқушылардың бойында теориялықпен қатар, тәжірибелік ойлау дағдыларын қалыптастыру қажет. Мұғалімнің негізгі міндеті оқуды тәжірибелік дағдыларға, білімді қолдану, жеке жобаларын іске асыру қабілетіне бағдарлау болып табылады.Оқу үдерісінің тиімділігін арттыру көп жағдайда оқу үдерісінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын, оқу үдерісінің қарқынын арттыратын оқыту нысандары мен әдістерін пайдалануға байланысты. Жаратылыстану мен биологияны оқытуда оқытуды ұйымдастырудың төмендегідей түрлері кең тараған: сабақ, семинар, конференция, дәріс, практикум, экскурсия, факультативтік сабақтар және әңгіме, сұхбат,кітаппен жұмыс, бақылау, эксперимент, микроскоппен жұмыс, экрандық құралдарды қарау, тәжірибелік жұмыс сияқты әдістер. Сонымен қатар, оқыту әдістері модельдеу, ой үлгілерін құру, математикалық модельдеу деген әдістермен толықтыруға болады.

Биология/ жаратылыстану сабақтарын келесі түрлерге бөледі: жаңа материалды үйрену сабағы; білімді тәжірибеде қолдану сабағы; оқу материалын бекіту және қайталау сабағы; білімді бақылау және есепке алу сабағы; құрамдастырылған сабақ. Сабақтың түрін таңдау сабақтың дидактикалық мақсатына байланысты жүзеге асырылады. Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс сабақтың барлық түрлеріне ортақ нысан болып табылады.

Семинар сабақтарда оқушылар әртүрлі әдеби дереккөздерді пысықтап, алдын ала құрастырылған жоспармен дайындалады. Сабақта олардың қандай да бір сұрақтың мәнін айтып беру ғана емес, сонымен қатар оның әртүрлі мақалаларда баяндалуын салыстыруға, өз пікірлері мен көзқарастарын білдіруге мүмкіндігі бар. Бұл оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, әдебиет көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Оқу үдерісінде мұғалім сырттан бақылаушы адам емес, ол әртүрлі жолдармен және тәсілдермен олардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастырады. Тәжірибеде биологияны оқытудың әртүрлі әдістері қалыптасқан, оларды неғұрлым маңызды ортақ белгілері бойынша топтастыруға болады: білім алу көзі, мұғалім іс- әрекетінің сипаты, оқу үдерісіндегі оқушылардың іс-әрекеттерінің сипаты. Оқушылардың

танымдық іс-әрекеттерінің сипатына, оқудағы олардың дербестік деңгейіне байланысты әрбір әдісті түсіндіруші-көрнекілік, ізденістік, зерттеушілік тұрғыдан пайдалануға болады. Биологияны негізгі мектеп сыныптарында оқытқан кезде түсіндіруші-көрнекі және ізденістік тәсілдер жиі қолданылады, себебі оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың дайындық деңгейі мұғалімнің араласуын, көбірек уақыт бөлуді талап етеді. Сыныптан тыс жұмыста зерттеу тәжірибелері мен бақылау анағұрлым көбірек қолданылады. Әдістердің тиімділігі мұғалімнің оларды әдістемелік тәсілдермен байыта білуіне байланысты. Әңгімелеу, сұхбаттасу барысында табиғи объектілерді, суреттемелерді, сызбаларды, жүйелеуші және жинақтаушы кестелерді епті пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, негізгі материалды игеруге жағдай жасайды. Әдістемелік тәсілдердің көмегімен әдістер құнарлана түседі, олардың тиімділігі артады. Әдістемелік тәсілдер әдістермен тығыз байланыста сипатталады.

Биологияны оқыту үдерісінде әдіс таңдаған кезде оқу материалының мазмұнын және шешілуге тиісті нақты оқу-тәрбие міндеттерін, биология кабинетінің оқу жабдығымен жабдықталуын, үлестірмелі материалдың болуын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың дайындық деңгейін ескеру қажет.

Негізгі мектепте биологияны оқыған кезде бастапқы кезде әңгіме уақыт жағынан қысқа ғана, материалдың шағын бөлігін қамтиды. Біртіндеп оқушылардың білім қоры артқан сайын, ол уақыт ұзара бермек. Әдетте әңгіме басқа әдістермен бірге қолданылады (бейнефильм, таныстырылым, тәжірибе нәтижелерін көрсету, бақылау және басқалары). Әрбір сабақта дерлік әңгіме барысында түрлі көрнекілік құралдары қолданылады. Әңгіме барысында оқушылардың алатын білімі үзік-жұлық, шашыраңқы болмағаны маңызды. Баланың алатын білімі біртұтас сипатта болуы үшін әңгіме барысында жаңа сұрақтар алдыңғылармен қисынды түрде байланыса отырып, жаңа ұғымдарға негіз болуын үнемі бақылау қажет. Мысалы, «Су мен минералды заттардың ағаш сабағымен жылжуы» тақырыбын зерделеген кезде заттардың сабақ бойымен жылжуы туралы материалды өсімдіктерде болатын көктемгі шырын қозғалысымен, шырынды жинаймын деп сабақты зақымдаудың өсімдік ағзасына зиянды әсер ететінімен байланыстыруға болады. Осы мақсатта мына сұрақтар бойынша әңгіме ұйымдастырған орынды: ағаш пен бұталарда шырын қозғалысы қай мезгілде жүреді? Шырын сабақтың қай қабатынан ағады? Ағаш үшін шырын жинау зиянды ма? Шырын жинағаннан кейін ағаш шіріп кетпес үшін не істеу қажет?

Жаратылыстану мен биология бойынша оқу бағдарламалары оқытуда зертханалық тәжірибемен қатар, демонстрациялық тәжірибелерді де қолдануға бағдарлайды.  Оның үстіне, мектеп эксперименті тірі табиғатты тану жолдарын іздеуді талап ететіндіктен, оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа үйретеді, олардың ойлау қабілеттерін дамытады.

Зертханалық жұмыстар. Орта мектеп оқушыларының барлығы жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан биология бойынша ғылыми эксперимент жүргізуді бірдей қажет ететінін ғалымдар әлде қайда дәлелдеген (Felder және Brent, 2004). Фридман (1997) оқушылардың биологияны оқуға уәжі оқушылардың қызығушылықтарына ғана байланысты емес, бұл сондай-ақ арасында зертханалық жұмыстар да кездесетін белгілі бір үйретуші жағдайлардың нәтижесінде болуы мүмкін екенін айтқан. Оқушыларды бұл тәсілді зерттеуге зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы тартқан кезде, оларда білуге құмарлық, шығармашылық тәсіл, мәселелердің шешімін таба білу және табандылық сияқты сапалар, ғылым әлемінде өте маңызды болып табылатын сапалар дамиды.

Биология бойынша ғылыми тәжірибе орындаған кезде бұл жұмыстың әртүрлі кезеңдерінде ақпараттық технологияларды пайдалану мол мүмкіндік береді. Биология сабақтарында ғылыми тәжірибе жүргізген кезде көптеген өзекті ақпаратты табуға мүмкіндік беретіндіктен, жаңа технологиялық құрылғылардың маңызы зор (Choppin, 2004).

Заманауи компьютерлік бағдарламалар зертханалық жұмысты модельдеуге мүмкіндік береді. Көптеген дүниені оқушыларға түсінікті ету үшін олардың үлкен тәжірибелік мәні бар, себебі бағдарламалардың көмегімен оқушылар биологияны көру және есту арқылы игереді. Жаңа технологиялық ресурстарды пайдалану биология бойынша мектеп зертханаларындағы жағдайды өзгертуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар оқушыларда проблеманы шешу қабілеті мен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; жаттығудың білімдік маңызын арттыруға; оқуға деген қызығушылығын арттыруға; бүкіл өмір бойы жаңа ақпаратты алу және пайдалану үшін қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялардың ерекшеліктерінің бірі – оқушыларды зерттеушілік баяндама жазуға, топта жұмыс істеуге және ғылыми этиканы игеруге үйретудің жаңа тәсілдерін ұсынатындығы. Биологияны электронды ресурстардың көмегімен оқитын оқушылар бұндай нұсқаулықты мұғалімдерден алған кездегіге қарағанда, тәжірибені аяқтауға азырақ уақыт жұмсайды (Ulerich және басқ, 1998).

Қорытындылай келе, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.



Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай, өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние — адамды кемелдендіру болып табылады. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

Оқу бағдарламалары 7-9 сыныптар,  2018

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...