Білім туралы Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін


-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті



бет6/71
Дата20.11.2021
өлшемі0.99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті


      Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:

      1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;

      1-1) білім беру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;

      2) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

      2-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;

      2-2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      2-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекітеді және орналастырады;

      2-4) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      2-5) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      2-6) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;

      4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      4-1) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      5-1) білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

      5-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

      6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерін, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

      6-1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


      6-2) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6-3) білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын әзірлейді және бекітеді;

      6-4) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

      6-5) "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекітеді;

      7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

      7-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) заңды тұлғаларға мыналарды:

      бастауыш білім;

      негізгі орта білім;

      жалпы орта білім;

      біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім;

      біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім;

      кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім;

      кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді;

      8-1) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;

      8-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      8-3) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiтедi;

      8-4) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      8-5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi;

      8-6) "Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы" және "Үздiк педагог" атақтарын беру қағидаларын бекiтедi;

      8-7) "Орта бiлiм беретін үздiк ұйым", "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртiбiн белгiлей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткiзу қағидаларын бекiтедi;

      9) денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын және Сот төрелігі академиясын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

      бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;

      әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;

      9-1) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілейді және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастырады;

      11) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      11-1) тиісті үлгілердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      11-2) мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      12) ұлттық бірыңғай тестілеуді, кешенді тестілеуді өткізу және білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      12-1) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;

      12-2) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      12-3) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      13) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;

      13-1) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;

      14) білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындайды;

      14-1) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      14-2) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-3) экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекітеді;

      15) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекітеді;

      15-1) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      15-2) алып тасталды – ҚР 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      17) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      19) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      19-1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      19-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      19-3) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      19-4) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      20) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      21) білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      21-1) білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;

      21-2) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

      21-3) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

      22) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және бекiтедi, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      23) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      23-1) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;

      23-2) негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін пәндер бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      5-бапты 23-3) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      23-4) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      24) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      24-1) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар мен қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      25-1) Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      25-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құрады және олардың қызметтері туралы ережені бекітеді;

      25-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құрады және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;

      26) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;

      26-1) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;

      27) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      27-1) республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде электрондық нысанда бекітеді;

      27-2) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

      28) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      29) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      29-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

      29-2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      30) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      31) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiтедi;

      32) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;

      33) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      34) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      34-1) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      36) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      36-1) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын береді;

      36-2) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      37) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      38) педагогтерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      38-1) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      38-2) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      38-3) формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      38-4) формальды емес білім беретін ұйымдарды тану қағидаларын әзірлеп, бекітеді және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесін қалыптастырады;

      39) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;

      40) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде білім беру саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды; білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының ережелерін белгілейді және осы жұмысты үйлестіреді;

      41) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін әзірлейді, бекітеді және белгілейді;

      42) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      43) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      43-1) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      43-2) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      43-3) жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекiтедi;

      44) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді;

      44-1) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      44-2) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      44-3) алып тасталды - ҚР 25.06.2020 № 347-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      44-4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекітеді;

      44-5) білім беру ұйымдары, оның ішінде шағын жинақталған мектептер түрлерінің номенклатурасын бекітеді;

      44-6) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

      45) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      45-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      45-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алады;

      45-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      46) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;

      46-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін (бұдан әрі – жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі) әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      46-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      46-3) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      46-4) алып тасталды – ҚР 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;


      46-5) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      46-6) қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында философия докторларын (РһD) нысаналы даярлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-7) мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-8) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      46-9) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      46-10) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-12) дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      46-13) білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-14) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды, олар орта білім алғанға дейін, есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-15) алып тасталды - ҚР 05.07.2017 № 88-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      46-16) республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      46-17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-18) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-19) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;

      46-20) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;

      46-21) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-22) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;

      46-23) әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді әзірлейді және бекітеді;

      46-24) бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 4-1), 6), 8-1), 8-3), 11), 11-1), 13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 38), 38-1), 38-2), 43-2), 44-3), 44-5), 46-11), 46-17), 46-18), 46-19) және 46-20) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясына (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) қолданылмайды.



      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 250-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті


      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мынадай өкілеттіліктерді жүзеге асырады:

      1) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;

      2) әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;

      3) әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4) әскери, арнаулы оқу орындарында (орта білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4-1) әскери, арнаулы оқу орындарында (білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша орта білім беру ұйымдарында) қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

      7) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9) тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      10) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындайды;

      11) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      12) әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      13) орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілерінің лауазымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарындағы педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;

      14) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      15) әскери, арнаулы оқу орындарының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      16) мамандықтар мен біліктіліктердің, әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбелерін бекітеді;

      17) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алу нысандары мен технологиясын айқындайды;

      18) әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      19) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Сот төрелігі академиясына қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;

      2) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;

      3) Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4) Сот төрелігі академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5) Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6) үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

      7) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамалау, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) Сот төрелігі академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9) Сот төрелігі академиясына қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      10) Сот төрелігі академиясының педагогтері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;

      11) Сот төрелігі академиясының педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      12) Сот төрелігі академиясының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      13) Сот төрелігі академиясында білім алу нысандары мен технологияларын айқындайды;

      14) Сот төрелігі академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-1) Сот төрелігі академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-2) Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;

      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тарау 5-2-баппен толықтырылды - ҚР 21.02.2019 № 227-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті

      1. Жергілікті өкілді органдар:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Облыстың жергілікті атқарушы органы:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      1-2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

      1-3) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

      3) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

      4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

      4-1) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;

      4-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

      5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      5-1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

      7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      7-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      7-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7-3) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;

      8) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      8-1) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

      8-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      8-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      8-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      10-1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

      11) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

      12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

      12-1) жыл сайын 1 тамызға дейін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

      13) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық ауқымда орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, аудандық (қалалық) ауқымдағы конкурстар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      13-1) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      13-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      14) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

      18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      18-1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      20-1) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;

      21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

      22) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      22-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      22-2) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;

      23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      24) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

      24-1) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

      24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      24-3) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;

      24-4) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      24-5) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      24-6) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      24-7) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      24-8) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      24-9) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлейді;

      24-10) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

      24-11) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың) білім алуына арнайы жағдай жасайды;

      24-12) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;

      25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

      3) кешкі (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары арқылы ұсынылатын орта білім беруді қоса алғанда, орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды қамтамасыз етеді;

      5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

      6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;


      6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      7-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;

      7-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      7-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      7-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      9) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

      10) балаларға арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

      12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      13) арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;

      14) дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;

      15) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

      18) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      19) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      22) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      23) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

      24) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      24-1) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      24-2) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      25) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      25-1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      25-2) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      25-3) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

      25-4) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

      25-5) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

      25-6) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;

      25-7) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы бiлiм беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      25-8 әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      25-9) конкурс жеңімпаздарына – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлейді;

      26) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      27) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

      28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өздеріне жүктелген функцияларды тиісті білім беруді басқару органдары мен білім бөлімдері арқылы іске асырады.

      Аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларына есеп береді және солардың бақылауында болады.

      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


      2) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4-1) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      7) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      8) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      8-1) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      8-2) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      8-3) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      9) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      10) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      11) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      13) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      14) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      17) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

      18) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      19) алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      19-1) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      19-2) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      19-3) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      21) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      21-1) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      21-2) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      21-3) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      21-4) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      21-5) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      5. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VІ (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалған құзыреті шегінде тиісті аумақта білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.

      2. Облыстық білім беруді басқару органдары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде