Білім қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана



Дата11.04.2022
өлшемі19.84 Kb.
#219617
Байланысты:
С.Т.Еркімбай мақала
СИЛЛАБУС Математиканы оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері (1)

«Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Қазіргі қoғамның өзeкті мәселелерiнің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жекe тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсiби сауаттылық.

Осы нақты бағыттарда жұмыс жасaй oтыpып, біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ордасы болуы қажeт. Бір сөзбен айтқанда біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз керек.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер мен білім беру жүйесіндегі реформалау үдерістері әлемдік білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелердің тиімдісін тани білу қажеттілігін мойындатып отыр,мұндай өзгерістер менің де мектебіме керек. Мұғалім ендігі жерде дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінен қашып, заманауи әдіс-тәсілдерді игеруі керек.

Бірінші деңгей бағдарламасын оқығандықтан,мектептің оқыту мен оқу жүйесіне өзгеріс енгізіп,өзімдегі қажетті білімдер мен дағдыларды дамыта отырып,болашақта терең білімін, кәсіби дағдыларын бағдарлай білетін, өз ойын еркін айтатын, өзін-өзі дамыта алатын,өз іс-әрекетін критериалды бағалай білетін, АКТ-ны жақсы меңгерген, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу менің міндетім деп білемін.

Оқытуда жетістіктерге жетуді ең алдымен жаңа үлгіде сабақтарды жоспарлаудан бастадым,оның ерекшеліктері: жоспарланған сабаққа бір немесе бірнеше модульды қалай және неге енгізетінін түсіндім. Осы жеті модульді өзімнің пәніме ыңғайластырып құрып, жоспарлауды алдыма мақсат етіп қойдым және әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым.

Жоспарланған өзгерістерді енгізу үшін қандай әрекеттерге бару керек? Оқыту мен оқу тәжірибесін дамытуға ықпал ету үшін іс-әрекеттегі зерттеуді қалай қолданамыз деген сұрақтарға жауап табу үшін, 6-сыныптың география пәні бойынша «Географиялық карта» тарауынан тізбектелген төрт сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Тараудың мақсаты: Географиялық карта және глобус туралы ұғымдармен танысады.Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, ендік пен бойлықтың айырмашылығын табуды үйренеді.Глобустан және картадан қашықтықтарды өлшейді,географиялық координаталарды анықтайды.Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау барысында жеті модульді ықпалдастыру жан – жақты қарастырылды.

Бірінші сабақты сыныпта жағымды ахуал мен ынтымақтастық атмосферасын тудырып алған соң,үй тапсырмасын «Өрмекшінің торы» стратегиясын пайдалана отырып тексердім. Себебі бұл әдіс оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін көрсетеді және сыныптағы оқушылар түгел қамтылады.Тағы бір артықшылығы оқушылар бір-біріне сабақта сұрақ қою арқылы тек қана сабақты қорытындылап қана қоймай, «сұрақтың дұрыс қойылуын» үйренеді деп ойладым,бірақ сабақ барысында оқушылар бір-біріне, сұрақ қоюда және ұсыныс айтуда қиналғандарын байқадым,өз тарапымнан жетекші сұрақтар қойып отыру керек еді.«Миға шабуыл» стратегиясында бейнекөрсетілім арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтады, сабақтың мақсатын қойды,бұл кезеңнің сәтті жері оқушылардың сабаққа өздері мақсат қоя білуі болды.Жаңа сабақты меңгеру үшін «Жигсо» стратегиясын пайдаландым,оқушылар 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз алдына «жұмыс» тобын құрып, оқулықтан «Глобустың құрылысы» деген тақырып бойынша төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін бірлер,2-бөлігін екілер,3-бөлігін үштер,4-бөлігін төрттер алып талдады.Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып,үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салды,бұл жұмыста оқушылар өте жоғары белсенділік танытты,тіптен сөйлемей отыратын оқушылар тақырыпты түсіндіріп берді.Осы орайда Выготский оқушылар өздеріне қарағанда анағұрлым тәжірибелі сыныптастары және мұғалімдерімен диалог жүргізу мүмкіндігіне ие болғанда, оқыту жеңіл болмақ деген дәлелдері көрініс тапқандай. Яғни бұл әдістің тиімді жері сұхбат, диалог арқылы оқушылардың сөйлеу, ойлау дағдысын қалыптастырады. Келесі кезекте саралап оқыту, оқушының белсенділігін арттыру мақсатында А,В,С деңгейіндегі оқушыларға тапсырма бердім, себебі сабақ жүргізетін сыныбымдағы оқушылардың білім деңгейі әртүрлі.

Мысалы: А/Қазақстанның созылуын градуспен және км 40° параллель бойынша анықта (бір градус паралель доғасының ұзындығы 85,3км), 70 меридиан бойынша (егер бір градус меридиан доғасы 111км тең) В/ Астана мен Мәскеу қаласының арақашықтығын тап С/Глобустың масштабын анықтау.Деңгейлік тапсырмаларды орындау нәтижесінде А, В, С деңгейіндегі оқушыларда мынадай жетістіктер болды:

А/деңгейіндегі оқушылар–картамен географиялық координаталарды дұрыс анықтап,қашықтықты градус және шақырыммен анықтауда алдарына жан салмады. Ә деңгейіндегі оқушылар – тапсырмаларды өз бетінше орындауда алғашында «осылай ма», «былай жазсам, дұрыс па?» деп өз ойларына растауды қажет етті,бұл кемшілікті болдырмау үшін А/деңгейдегі оқушылармен көпірше әдісін қолдануым керек еді,сол кезде өзіне сенімділігі артып, өзін-өзі реттей бастар еді. Бір артықшылығы:Б деңгейіндегі оқушылар – Глобустың масштабын анықтау арқылы тапсырманы орындауда сабаққа қызығушылығының артқанын байқадым. Бұндай деңгейлеп оқытудың тиімді жері әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне сәйкес тапсырмалармен толық қамтылады және оқушы өз бетімен ізденуге үйренеді.Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау /смайликтер арқылы/ жүргізіп отырдым,топтар арасында өзара бағалау жүргізілді.Сабақ соңында оқушылар«2 жұлдыз,бір тілек »әдістерімен кері байланыс орнаттық.

Екінші сабақта «Глобустан картаға көшу» тақырыбын өттік,бұл сабақты жоспарлағанда үй тапсырмасын сұрауда «Куббизм»стратегиясын алдым,оқушылар кубиктің алты жағына жазылған сұрақтар бойынша топта жұмыс жасады. Алғашқы сабақтармен салыстырғанда оқушылар сұрақ қоюға кәдімгідей дағдыланып қалыпты.Өзара бағалау арқылы оқушы тек бағалап қана қоймай, неге ондай баға қойғандығын да түсіндіріп бере алды. Келесі мағынаны тану мақсатында «Инсерт»әдісін пайдаландым, жаңа тақырыптың мәтінін алдын-ала оқушыларға үлестіріп бердім,олар қолдарына қарындаш алып «v»-білемін, «+»-білмеймін, «-»-мен үшін жаңа білім, «?»-мені таң қалдырды-деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнымен танысты.Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар жаңа ақпаратпен танысты, артықшылығы: өз бетімен жұмыс жасап, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруде ұтымды әдіс болды.Кемшілігі:әдісті бұрын қолданбағандықтан түсініктеме беруге тура келді,уақытты созып жіберді,бұл жерде өз тарапымнан топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру керек деген қорытындыға келдім..

Үшінші сабағымның тақырыбы: Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнеленуі. Нәтижесі:Картадағы меридиандар мен параллельдерді ажыратып, картаны тәжірибе жүзінде қолдана алуды үйренеді. Үй тапсырмасын тексеру үшін «Үшіншісі артық» стратегиясын қолдандым,себебі бұл тақырып бойынша глобуспен картаның арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтауда пайдалы әдіс болды, алғашқы сабақтарға қарағанда оқушылардың ойлау,тез шешім қабылдау дағдысының қалыптасып қалғандығын байқадым,себебі бірден талдау жасап кетті.



Жаңа сабақты меңгертуге« ДЖИГСО» стратегиясын пайдаландым.Балалар мәтінді бір-біріне түсіндіріп болған соң, дайындалған сұрақтар бойынша барлық оқушы бірдей толық мазмұндап бере алмады, мен топ ішінен А/деңгейдегі оқушылар арқылы «көпірше» ұйымдастырдым,содан кейін ғана С оқушым жауап бере бастады. Бұл стратегияны қолданудың тиімді жері С деңгейіндегі оқушының топтық жұмыс барысында басқа оқушылармен болған «көпірше» арқасында алға қарай нақты қадамдар жасай бастағанын байқадым,алғашқы сабақтағы қателігімді осылай түзедім.

Төртінші сабағымның тақырыбы:Картографиялық сұрыптау.Сабақтың мақсаты: Географиялық карталар, олардың түрлері, картография және оның бөлімдерімен танысады. Сабақтың нәтижесі:Карталардың түрлерін ажыратады , олардың  адам  өміріндегі  маңызын түсінеді,картамен жұмыс істей алады.Үй тапсырмасын тексеруде «Ыстық орындық» стратегиясын қолдандым , бұл әдісті оқушылардың сұрақ қою дағдысын дамытады деген мақсатпен сұрақты өздеріне қойғыздым,дегенменде алғашқы сабақтарға қарағанда оқушылардың сұрақ қоюының өзінде артықшылық байқалды, тіптен С деген оқушымның өзі нақты, дұрыс сұрақтар қойып отырғанынан байқадым. Сабақ соңында кері байланыс парағы бойынша оқушылардан ненің қиын болғанын, бұл қиындықты ненің көмегімен еңсергенін анықтауға тырыстым.

Менің ойымша, бұл сабақтардың әдеттегі сабақтармен салыстырғанда ең басты ерекшелігі, оқушылар өзінің не ойлайтыны туралы ойланатын болды. Бұрынғыдай дайын білімді қайталап айтып беру сатысынан өзінің не істеп отырғаны туралы ойлайтын деңгейіне көтерілді. Оқу нәтижелерінің бес түрінің 4-ші және 5-ші тұжырымдамасына сәйкес оқу ұғымының аясы кеңейді. Ал ұйымдастырған тапсырма - жаттығулардың бұрынғы тапсырмалардан ерекшелігі сұрақтардың қойылу әдісінде деп түсінемін. Себебі, бұрын оқушы жауап бергенде оның ойын тыңдап, дұрыс болса қабылдай беретінбіз. Оның неге немесе неліктен олай ойлайтынына мән берілмейтін. Баланың ойын ары қарай дамытатын жетелеуші сұрақтар қойылмайтын. Сұрақтар да оқушыларға өз бетінше тапсырманы орындауда «көпірше» болды деп ойлаймын.

Сабақтардың барлығы бейнежазбаға түсіріліп отырды және әр сабақтағы балалардың жұмыстары мен жазбаша кері байланыстары жинақталды. Осы деректерді талдау барысында әсіресе бейнежазба мен кері байланыс парақтарының тиімділігін түсіндім. Деректер арқылы таңдалған әдіс-тәсілдердің қаншалықты тиімді, тиімсіз болғанын, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадым.Әрине, сәтсіздіктер де болды. Тапсырмаларға кететін уақытты нақты болжамдап, тапсырманың түрі мен санын жас ерекшелігіне сай дұрыс таңдап, ұйымдастыру керектігін түсіндім,сабақ сайын осы проблемаларды жоюға тырыстым.


Қорыта келгенде , қазіргі кездегі жаңа технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау, білім жүйесін дамытуда үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан