Білім және ғылым министрінің



бет6/7
Дата10.09.2017
өлшемі144.21 Kb.
#20060
1   2   3   4   5   6   7

2. Қозғалтқыш жүйелері мен механизмдерінің, трансмиссияның және ажыратқыштың, берілістер қорабының, тарату қорабының, карданды берілістің, белдіктердің, жүру бөлігінің, рөлдік басқаарудың, тежеу жүйесінің, кабинаның, платформаның және қосымша жабдықтың ақаулықтарын табуды және жөндеуді біледі.

3.Машиналар мен жабдықтардың құрастыру бірліктерін жөндеу ережелерін біледі.


КҚ 5. Технологиялық процесте көзделген іс-әрекеттерді орындау, кешенді механикаландыру құралдарын қолдану, жабдықтың ақаулықтарын жою


АМ 05. Технологиялық процесті жетілдіру жөніндегі механизмдерді және жабдықты басқару қағидаты

Осы модуль жұмыс нәтижелілігін сипаттайды : ауылшаруашылық техникасын жқндеу технологиясын жетілдіру, технологиялық процесте көзделген іс-әрекеттер, кешенді механикаландыру құралдарын қолдану.

Білім алушылар модульді оқыту кезінде меңгеруі тиіс: ауылшаруашылық техникасын күрделу жөндеу және тозған бөлшектерді қалпына келтіруге арналған материалдық-техникалық базасы, мамандандырылған шеберханаларда және агроөнеркәсіптік кешеннің жөндеу зауыттарында жұмыс істеу.



Оқыту нәтижесі: 1) Жөндеудің өндірістік процесі туралы жалпы мәліметтер.

Бағалау өлшемдері:

1. Машиналар мен жабдықтарды күрделі жөндеу өндірістік процесінің құрылымы мен схемасын біледі.

2.Күрделі жөндеуге келіп түскен машиналарға және құрастыру бірліктеріне қойылатын талаптарды біледі.

3.Құрастыру бірліктері мен машиналарды күрделі жөндеу кезінде құрастыру туралы мәліметтерді біледі.

Өлшемді тізбектер және құрастыру операцияларын орындау нақтылығы туралы ұғымды қолдана алады.

5.Құрастыру бірліктері мен машиналарды бейімдеу және сынау технологиясын орындауды біледі.


Оқыту нәтижесі: 2) Жөндеудің технологиялық процестерін жобалау негіздері

Бағалау өлшемдері:

1.Жөндеудің технологиялық процестерін жобалауға, қалпына келтіруге және бөлшектеу-құрастыру жұмыстарына арналған деректерді пайдалана алады.

2. Бөлшектерді қалпына келтіру жоспарын, ретке келтіру схемасын біледі.

3. Электронды-есептеу машиналарын пайдалана отырып, технологиялық процестердің картасын қолдануды біледі.

Бөлшектерді жөндеудің (қалпына келтірудің) және құрастыру бірлігін құрастырудың экономикалық орындылық жағдайын біледі.



Оқыту нәтижесі: 3) Машиналар мен жабдықтардың жинамалы бірліктерін жөндеу.

Бағалау өлшемдері:

2.Қозғалтқыштардың техникалық сипаттамаларын біледі.

2. Қозғалтқыштың жүйелері мен механизмдерінің негізгі ақаулықтарын анықтай алады.

3.Тракторлар мен ауылшаруашылық машиналарын пайдалану сапасының технологиялық және экономикалық көрсеткіштерін біледі.

4.Тракторлардың пайдалану қасиеттерін біледі.

5.Қозғалтқыштың реттеу сипаттамасын қолдана алады.


КҚ 6. Техниканы жөндеу және құрастырудан кейін реттеу жұмыстарын орындау

АМ 06. Базалық ауылшаруашылық машиналарының құрылысы, жұмысы және реттелуі

Осы модуль жұмыс нәтижелілігін, ауылшаруашылық машиналарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиясы мен ұйымдастыруды, жөндеу-реттеу процедураларының толық спектрін сипаттайды.

Білім алушылар модульді оқыту кезінде меңгеруі тиіс: жөндеу, ақаулары және бөлшектерді жинақтау және түйіндестіру туралы жалпы мәліметтер. Машиналар мен жабдықтардың құрастыру бірліктерін жөндеу: көтергіш конструкциялары, каркастары мен кабиналары, блок-картері, цилиндрлердің бастиегі, корпустық бөлшектер мен қаптама, цилиндрлі-поршенді топтағы бөлшектер, қисық ши пті-шатунды және газ тарату механизмдері, фильтрлер, радиаторлар және құбыр компрессорлар, ауылшаруашылық машиналарының отындық және гидравликалық аппаратуралары.




Оқыту нәтижесі: 1) Қозғалтқыштардың жіктелуі, қозғалтқыштардың негізгі механизмдері мен жүйелері.

Бағалау өлшемдері:

1.Ауылшаруашыылқ машиналары қозғалтқыштарының жұмыс циклдарын біледі.

2. Негізгі механизмдер мен қозғалтқыш жүйесінің құрылысы мен жұмысын біледі.

3. Ауылшаруашылық машиналары қозғалтқышының жүйелері мен механизмдерінің негізгі ақаулықтарын анықтай алады.

4.Ауылшаруашыылқ машиналары қозғалтқыштарының техникалық сипаттамаларын біледі.



Оқыту нәтижесі: 2) Машиналарды техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу технологиясы және ұйымдастыру.

Бағалау өлшемдері:

1.Технологиялық процестің, ауылшаруашылық машиналарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу схемаларын біледі.

2.Технологиялық процестерді жобалау міндеттерін және олардың құрылымына әсер ететін факторларды анықтай алады.

3. Ауылшаруашыылқ машиналары жай-күйінің негізгі параметрлерін анықтай алады.

4. Ауыл шаруашылығының жөндеу-қызмет көрсету базасының құрылымын біледі.



Оқыту нәтижесі: 3) Ауылшаруашылық машиналарының қозғалтқыштарын жалпы диагностикалау және техникалық қызмет көрсету

Бағалау өлшемдері:

1.Қозғалтқышты диагностикалауға дайындай алады .

2. Ауылшаруашылық машиналарын диагностикалау үшін қолданылатын жабдықтар мен аспаптарды біледі .

3.Ауылшаруашылық машиналарына техникалық қызмет көрсету жүргізе алады.

4. Техникалық жай-күйдің қалыпты, рұқсат етілетін және шекті параметрлерін біледі.



Оқыту нәтижесі: 4) Цилиндрлі-поршенді топты және ауылшаруашылық машиналарының қисық шипті-шатунды механиміне қызмет көрсету және жөндеу.




1.Өзіндік ақаулықтарды анықтаудың сыртқы белгілері мен тәсілдерін біледі.

2.Ауылшаруашылық машиналарының жұмыс істемейтін және жұмыс істейтін қозғалтқышы кезінде цилиндрлі-поршенді топты және қисық шипті-шатунды механизмді диагностикалауды біледі.

3.Ауылшаруашылық машиналарының қисық шипті-шатунды механизмін бөлшектеу ерекшеліктерін біледі.

Бөлшектердің (блок-картердің, поршеньдердің, шатунның жоғары бастиегінің тығыны және иінді біліктің ішпегі, сермер) типтік тозуын, деформациясын, бүлінуін анықтай алады.



«151004 3 Техник-механик» біліктілігі

КҚ 7. Тракторлар мен ауылшаруашылық машиналарының құрылысы негіздерін меңгеру

АМ 7. Тракторлар және ауылшаруашылық машина-лары туралы жалпы мәліметтер


Осы модуль жұмыс нәтижелілігін, тракторлар мен автомобильдер туралы дағдыларды, білімді жалпы мәліметтерді сипаттайды.

Білім алушылар модульді оқыту кезінде меңгеруі тиіс: тракторларды, өздігінен жүретін шасси және автомобильдердің мақсаты, түрі және жүру бөлігінің құрылысы бойынша жіктелуі; тракторлардың тартқыш кластары; трактордң және автомобильдің негізгі бөліктері, қозғалтқыштарының жіктелуі, қозғалттқыштардың негізгі механизмдері және жүйесі, олардың мақсаты, тракторлар, автомобильдер қозғалтқыштарының қысқаша техникалық сипаттамалары, бензинді және дизельді қозғалтқыштардың жұмыс циклдері; бензинді және дизельді қозғалтқыштардың шынайы және теориялық циклдары; қисық шипті-шатунды механизмдердің түрлері туралы:

Білім алушылардың төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындауы маңызды: тракторлар және автомобильдер туралы жалпы мәліметтер, трактордың, өздігінен жүретін шассидің және автомобиль қозғалтқыштарының жалпы құрылысы, тракторлардың, өздігінен жүретін шассидің және автомобильдердің электр жабдығы, тракторлардың, өздігінен жүретін шассидің және автомобильдердің трансмиссиялары.


Оқыту нәтижесі: 1) Тракторлар және автомобильдер туралы жалпы мәліметтер

Бағалау өлшемдері:

1.Тракторлардың, автомобильдердің және өздігінен жүретін шассидің құрылысын және пайдалануды біледі.

2. Трактордың және автомобильдің негізгі бөліктерін біледі.

3. Іштен жану қозғалтқышының құрылысын біледі.


Оқыту нәтижесі: 2) Трактордың, өздігінен жүретін шассидің және автомобиль қозғалтқыштарының негізгі бөліктері.

Бағалау өлшемдері:

1. Қисық шипті-шатунды механизмнің мақсатын және жалпы құрылысын біледі .

2.Цилиндрлі-поршенді топ бөлшектерінің өлшемдерін анықтай алады.

3.Иінді біліктің құрылысын біледі.


Оқыту нәтижесі: 3) Тракторлардың, өздігінен жүретін шассидің және автомобильдердің электр жабдығы.

Бағалау өлшемдері:

1.Электр жабдығының мақсатын біледі.

2. Стартерлік аккумулятор батареяларының жұмысын біледі.

3. Генераторлардың жай-күйін анықтай алады.

4. Реле-реттеуіштің жұмыс істеу қағидатын біледі.



Оқыту нәтижесі: 4) Тракторлардың, өздігінен жүретін шассидің және автомобильдердің трансмиссиялары.

Бағалау өлшемдері:

1.Трансмиссиямеханизмдерінің мақсатын біледі.

2.Автомобильдердің доңғалақты және шынжыр табанды тракторлардың және өздігінен жүретін шассилердің трансмиссия конструкциясының ерекшеліктерін біледі.

3.Трансмиссияның пайдалы әрекет коэффициентін және беріліс санын анықтай алады.


КҚ 8. Ауылшаруашылық машиналарының жұмыс істеу қағидаты мен техникалық сипаттамалрын білу

АМ 8. Ауылшаруашылық машиналарының құрылысы, жұмыс істеу қағидаты және техника-лық сипат-тамалары.

Осы модуль жұмыс нәтижелілігін, ауылшаруашылық машиналарына және мал шаруашылығына арналған жабдықтарға техникалық күтіп ұстауды сипаттайды.

Білім алушылар модульді оқыту кезінде меңгеруі тиіс: қауіпсіздік техникасы бойынша; ауылшаруашылық машиналарының агротехникалық талаптар, мақсаты, құрылысы және жұмыс істеу қағидаты, техникалық сипаттамасы бойынша; машиналарға техникалық қызмет көрсету ережелері, ауылшаруашылық машиналарының және мал шаруашылығына арналған жабдықтардың мақсаты; ауылшаруашылық машиналарының және мал шаруашылығына арналған жабдықтардың жалпы құрылысы, жұмысы, жіктелуі туарлы.



Оқыту нәтижесі: 1) Ауылшаруашылық машиналарының және жабдықтарының түрлері.

Бағалау өлшемдері:

1.Машиналардың ауылшаруашылығы өндірісін дамытудағы рөлі мен маңызын біледі.

2.Әмбебап және өнімділігі жоғары жылдамдықты машиналар мен құралдарды біледі.

3. Ауылшаруашылық өндірістің озық шаруашылықтары мен жаңашылдардың ауылшаруашылық машиналарын тиімді пайдалану бойынша жетістіктерін қолдана алады.

4.Ауыл шаруашылығын басқаруды автоматтандыруды біледі.

5.Ауылшаруашылық машиналарының және мал шаруашылығына арналған жабдықтардың жұмысына бақылау жасай алады..


Оқыту нәтижесі: 2) Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдардың жіктелуі.

Бағалау өлшемдері:

1. Топырақты механикалық өңдеуді орындай алады.

2.Топырақ өңдейтін машиналардың агротехникалық талаптарын біледі.

3.Топырақ өңдейтін машиналардың жұмыс істейтін және қосалқы бөліктерін біледі .


Оқыту нәтижесі: 3) Өсімдіктерді химиялық қорғауға арналған машиналар.

Бағалау өлшемдері:

1.Дәрілеушілерге қойылатын агротехникалық талаптарды біледі .

2. Тұқым дәрілеушілердің құрылысын және жұмысын біледі .

3. Өсімдіктерді химиялық қорғау жұмыстарын орындауға арналған машиналарды дайындай алады.

4. Тозаңдатқыштардың тағайындалуы мен жіктелуін біледі;



Оқыту нәтижесі: 4) Астық жинайтын машиналар.

Бағалау өлшемдері:

1. Комбайндардың жіктелуін біледі.

2. Астық жинайтын комбайндардың техникалық сипаттамасын және жалпы құрылысын біледі.

3. Жұмыс орындау үшін құрылғыны, комбайнның жұмыс және қосалқы бірліктерін есептеуді біледі.

4. Астық жинайтын машиналардың жұмысын реттеуді біледі.



КҚ 9. Ауыл шаруашылық машиналарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу

АМ 9. Ауыл шаруашы-лық машина-ларын техника-лық қызмет көрсету және жөндеу түрлері

Осы модуль тракторлардың жалпы құрылсыын және жіктелуін, тракторды басқару тәсілдерін, іштен жану қозғалтқышы жұмысының негіздерін, машиналар мен жабдықты ағымдағы және күрделі жөндеуді, техникалық қызмет көрсету негіздерін сипаттайды.

Білім алушылар модульді оқыту кезінде мынадай білімдерді меңгеруі тиіс:

- тракторлардың, өздігінен жүретін шассидің, автомобильдердің мақсаты, түрі, құрылысы, жүру бөлігі бойынша жіктелуі, трактордың тартқыш кластары; тракторлар мен автомобильдердің негізгі бөліктері; қозғалтқыштардың, қозғалтқыштың негізгі механизмдері мен жүйелерінің жіктелуі, олардың мақсаты; қозғалтқыштардың

техникалық сипаттамалары; қозғалтқыштардың жұмыс циклдары туралы ұғымдар; қозғалтқыштың негізгі механизмдері мен жүйелерінің құрылысы мен жұмысы, бөлшектердің мақсаты, өңдеу материалы; қозғалтқыштың жүйелері мен механизмдердің, ажыратқыш муфтаның және беріліс қорабының, артқы белдіктің және тракторды басқару механизмдерінің, трактордың жүру бөлігінің, гидравликалық аспалы жүйенің және басқа да жабдықтың құрылысы, негізгі ақаулықтары, оларды жою тәсілдері.



Оқыту нәтижесі: 1) Машиналардың сапасы мен сенімділігі.


Бағалау өлшемдері:

1.Машиналардың негізгі қасиеттерін, сапасын және сенімділігін біледі.

2.Машиналардың техникалық жай-күйін бағалай алады.

3.Ауылшаруашылық машиналарының ақаулықтарын анықтай алады.

4.Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу міндеттері.



Оқыту нәтижесі: 2) Машиналарды техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу технологиясы және ұйымдастыру.

Бағалау өлшемдері:

1.Технологиялық процеске сәйкес, машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізе алады.

2.Технологиялық процестерді жобалау міндеттерін және олардың құрылымына әсер ететін факторларды біледі.

3.Машиналардың жай-күйінің негізгі параметрлерін анықтай алады .

4. Ауыл шаруашылығының жөндеу-қызмет көрсету базасының құрылымын біледі.



Оқыту нәтижесі: 3) Қозғалтқышты жалпы диагностикалау және техникалық қызмет көрсету.

Бағалау өлшемдері:

1. Қозғалтқышты диагностикалауға дайындай алады .

2. Қозғалтқышты диагностикалау үшін қолданылатын жабдықтар мен аспаптарды біледі.

3. Қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету жүргізе алады.

4. Техникалық жай-күйдің рұқсат етілетін және шекті параметрлерін біледі.



Оқыту нәтижесі: 4) Шассиге техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу

Бағалау өлшемдері:

1.Құрастыру бірліктеріне тән ақаулықтарды, сыртқы белгілерін және оларды анықтау тәсілдерін біледі .

2. Трансмиссия жай-күйінің қалыпты, рұқсат етілетін және шекті параметрлерін біледі .

3.Шассиге техникалық қызмет көрсету жүргізе алады.

4.Техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын жабдықтарды, аспаптарды, құрал-саймандарды және материалдарды біледі.



Оқыту нәтижесі: 5) Топырақ өңдейтін машиналарға қызмет көрсету және жөндеу.

Бағалау өлшемдері:

1.Топырақты өңдеуге және ауылшаруашылық дақылдарын себуге арналған машиналарға тән ақаулықтарды біледі .

Ақаулықтардың сыртқы белгілерін анықтауды, оларды жою тәсілдерін біледі.

3.Типтік механизмдерді, құрылғыларды және аппараттарды диагностикалай алады.

4.Диагностикалауға арналған аспаптардың құрылғысын зерттей алады.



КҚ 10. Жабдықтарды, көлік құралдарын және құрал-саймандарды пайдалану кезінде технологиялық регламентті орындау

АМ 10. Кәсіпорындағы технологиялық процес-терді орындауға арналған машиналарды жиынтық-тау



Осы модуль жабдықтарды, көлік құралдарын және құрал-саймандарды пайдалану кезіндегі технологиялық регламентті, тракторлардың жалпы құрылысын және жіктелуін, тракторды басқару тәсілдерін, іштен жану қозғалтқышы жұмысының негіздерін, машиналарды және жабдықтарды күрделі жөндеуді сипаттайды .

Білім алушылар модульді оқыту кезінде меңгеруі тиіс: көлік құралдарындағы электр жабдықтарының, трансмиссияның және ажыратқыштың, берілістер қорабының, тарату қорабының, карданды берілістің, белдік, жүру бөлігінің, рөлдік басқарудың, тежегіш жүйенің, кабинаның, платформаның және қосымша жабдықтың жалпы құрылысы, жұмыс істеу қағидаты, оларды дайындау және тексеру ережелерін.



Оқыту нәтижесі: 1) Іштен жану қозғалтқышының жалпы құрылысы.

Бағалау өлшемдері:

1.Тракторлардың, автомобильдердің және өздігінен жүретін шассидің қозғалтқыштарының қысқаша техникалық сипаттамаларын біледі.

2.Іштен жану қозғалтқыштарына тән ақаулықтарды, сыртқы белгілерін және оларды анықтау тәсілдерін біледі.

3. Қозғалтқышты диагностикалауға дайындау процесін орындай алады.


Оқыту нәтижесі: 2) Қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу.

Бағалау өлшемдері:

1. Қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету жүргізе алады.

2.Техникалық қызмет көрсетуге арналған аспаптарды, құрал-саймандарды және материалдарды меңгере алады.

3.Қозғалтқыштың қалдық ресурсын және оның пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтай алады.

4. Қозғалтқышты жөндеуге қою ережелерін (шекті жай-күй критерийлері) біледі.

5.Ақаулық-жиынтықтау құжаттамасын рәсімдей алады.


Оқыту нәтижесі: 3) Іштен жану қозғалтқышының жұмысы

Бағалау өлшемдері:

1. Техникалық жай-күйдің қалыпты, рұқсат етілетін және шекті параметрлерін біледі.

2.Қозғалтқыштың жай-күйін сыртқы белгілері, иінді біліктің айналу жиілігі, қозғалтқыштың қуаты және отынның сағаттық жұмсалуы бойынша бағалай алады.

3. Қозғалтқышты диагностикалау үшін қолданылатын жабдықтар мен аспаптарды біледі.


Кәсіптік практика




КП 01. Оқу-таныстыру практикасы


Оқу практикасы кезінде білім алушылар алатын біліктіліктеріне сәйкес өндірістегі негізгі технологиялық процестермен танысуы тиіс.

Практиканы жүргізу орны егістіктер, бау-бақшалар, бақтар, оқу-өндірістік шеберханалары, оқу-өндірістік шаруашылықтың машина ауласы, оқу орнының өзге де қосалқы объектілері және өңірді агро қалыпқа келтіру.




Оқыту нәтижесі: 1) Өндіріс ерекшелігімен танысу

Бағалау өлшемдері:

1.Қауіпсіздік техникасы бойынша бастапқы нұсқаулықты біледі.

2. Учаскенің технологиялық құжаттамасын, беткі қабаттың технологиялық кешенін біледі.

3. Машина ауласының құрылысы мен жоспарын, машиналарды қабылдау мен беру ережелерін біледі.

4. Машина-трактор агрегаттарsy жинақтау мен баптау үшін алаңдардың орналасуы мен құрылысын біледі.

5. Жұмыс орындарын ұйымдастыруды (құрылымдауды) және оларды жабдықпен, технологиялық аспаппен, құрал-сайменмен және техниклық құжаттамамен қамтамасыз етуді біледі.

6. Агроөнеркәсіптік кешендегі жөндеу кәсіпорындардың шеберхананың және жөндеу жекелеген учаскелеріің өндірістік өзара байланыстарды зерделей алады.

7. Машиналарды диагностикалау және бөлшектердің ақауын анықтау әдістерін біледі (шебермен немесе тәжірибелі жұмысшымен бірге).





КП 02. Технологиялық практика


Өндірістік технологиялық практиканың міндеті білім алушыларды кәсіпорындарда өндірістік процестермен таныстыру, арнайы пәндерді оқу кезінде алған білімдерін нығайту және мамандық бойынша практикалық дағдыларды игеру болып табылады.


Оқыту нәтижесі: 1) Ауыл шаруашылығында машиналарды пайдалану

Бағалау өлшемдері:

1. Машиналарды сақтауға қою кезінде қолданылатын құралдар мен материалдарды дайындау.

2. Машиналарды сақтауға қою.

3. Сақтау кезінде машиналардан шешіліп алынған құрастырмалы бірліктер мен бөлшектерді алаңдар мен қоймаларда сақтау кезіндегі жұмыстарды орындау.

4. Агрегаттарды қалыпқа келтіру үшін қажетті технологиялық білдіктердің, аспаптардың және материалдардың бар екендігін тексеру.

5. Агрегат құрамына кіретін машиналарды қалыпқа келтіру және ауысым сайын қызмет көрсету.


Оқыту нәтижесі: 2) Шеберханадағы және машиналарға техникалық қызмет көрсету бекетіндегі жұмыс.

Бағалау өлшемдері:

1. Тракторлар мен комбайндарға және өзге де ауыл шаруашылық машиналарына ауысым сайын және жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу.

2. Ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу бойынша ең алдымен тәжірибелі жұмысшы-жөндеушілердің бақылауында, кейін өздігінен слесарь ретінде жұмыс істеу.

3. Жұмыс процесінде анықталған кемшіліктерді талдау және оларды жою бойынша ұсыныстар.

4. Автомобильдерге ай сайынғы және жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу.


Каталог: storage
storage -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
storage -> «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
storage -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау
storage -> Қабылдау комиссиясына
storage -> Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуғаарналғанжұмыстардыұсыну,ресімдеу және беру
storage -> Алматы отд бойынша 29. 12. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
storage -> Регламенті Жалпы ережелер
storage -> «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
storage -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
storage -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді