Білім және ғылым министрінің



бет4/7
Дата10.09.2017
өлшемі144.21 Kb.
#20060
1   2   3   4   5   6   7

  1. Әлемдік экономиканың даму тенденциясын біледі.

  2. Мемлекеттің «жасыл» экономикаға өтуінің негізгі міндеттерін біледі.

  3. Жалпы ішкі өнім мен жалпы ұлттық өнімді есептеудің негізгі әдістерін біледі.

Оқыту нәтижесі: 4) Кәсіпкерлік қызметтің табысқа ие болу және тәуекелге бару мүмкіндіктерін анықтайды.

Бағалау өлшемдері:

  1. Кәсіпкерліктің мақсаттарын, даму факторлары мен шарттарын біледі.

  2. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің заманауи ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын біледі.

  3. Кәсіпкерлік қызметтің жетістігін анықтайтын факторларды біледі

  4. Бизнес жоспарды құру негіздерін біледі.

Жалпы кәсіптік модульдер

БҚ 6. Схемалар мен сызбаларды орындаудың, техникалық құжаттаманы оқудың, өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдаланудың тәжірибелік шеберліктері мен дағдыларын иелену

ЖКМ 01. Сызу

Берілген модуль конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеуді, рәсімдеуді және оқуды орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді алуға мүмкіндік береді.

Білім алушылар модульді оқыту кезінде: геометриялық құралымдар және техникалық бөлшектерді сызу ережелері; құрамалық сызбалар туралы жалпы мәліметтер; сызбаларда қолданылатын шартты белгілер мен қысқартуларды белгілеу; жұмыстық сызбаларды рәсімдеу және оқу ережелері; конструкторлық, технологиялық және басқа да нормативтік құжаттамалардың негізгі ережелері; технологиялық жабдықтарды графикалық көрсетудің тәсілдері және технологиялық схемаларды орындау; конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі және технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі стандарттарының сызбалар мен схемаларды рәсімдеу мен жасауға қоятын талаптарын меңгеруі тиіс



Оқыту нәтижесі: 1) Конструкциялық құжаттаманың біріңғай жүйесін білу.

Бағалау өлшемдері:

1. Конструкторлық, технологиялық және басқа да нормативтік құжаттаманың негізгі ережелерін біледі.

2. Сызбалар мен нобайларды орындаудың ережелері мен тәсілдерін біледі.

3. Сызу геометриясы мен проекциялық сызудың негіздерін біледі.


Оқыту нәтижесі: 2) Сызба жұмыстарын орындау.

Бағалау өлшемдері:

1.Техникалық бөлшектердің контурларын сызу ережелерін біледі.

2.Техникалық бөлшектердің контурларын сызу ережелерін пайдаланып, геометриялық құрылымды орындайды.

3. Геометриялық денелер проекциясын және олардың аксонометриясын орындайды.

4.Бөлшектердің проекцияларын, қажетті тіліктерді, қималарды, кескіндерді және бұрандалардың белгілерін орындайды.

5.Бөлшектердің нобайлары, сызбаларын және құрастыру сызбаларын орындайды.

6.Ерекшелікті рәсімдейді.

7. Компьютерлік графика әдістерін қолданады.


Оқыту нәтижесі: 3) Қолданбалы бағдарламалар пакетінің көмегімен мамандығы бойынша схемаларды әзірлеу және ресімдеу.

Бағалау өлшемдері:

1.Техникалық құралдар жөнінде негізгі ұғымдарды біледі.

2. Конструкторлық құжаттама және компьютерлік графика әзірлеу үшін қолданбалы бағдарламалар пакетін пайдаланады.

3. Инженерлік графика құралдарын пайдаланып, мамандығы бойынша схемаларды орындайды.


БҚ 7. Механикалық қозғалыстың жалпы заңдары туралы ақпараттарды иелену және оларды қазіргі техникаға қолдану

ЖКМ 02. Техника-лық механика негіздері

Берілген модуль бөлшектердің беріктігін есептеуді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді алуға мүмкіндік береді.

Білім алушылар модульді оқыту кезінде: статиканың, кинематиканың және динамиканың негізгі ұғымдары; материалдардың кедергісінің негізгі ережелері; машиналардың бөлшектерінің негізгі ережелері; бөлшектер мен түйіндердің тозуы мен деформациясының түрлері; майлау материалдарының түрлері, түйіндер мен бөлшектерді майлау үшін қолданылатын майлардың қасиеттеріне қойылатын талаптар, майлау материалдарын сақтау ережелері; құрылғы, жіктелуі, беріліс әрекетінің қағидалары; механизмдердің түрлері, олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын меңгеруі тиіс.




Оқыту нәтижесі: 1) Жазық және кеңістік күштер жүйесінің реакцияларын анықтау.

Бағалау өлшемдері:

1. Статиканың негізгі ұғымдарын біледі.

2. Өзекті және арқалық жүйелердің реакцияларын анықтай алады.

3. Жазық геометриялық фигуралардың және стандартты пішіндердің ауырлық орталығын анықтайды


Оқыту нәтижесі: 2) Жұмысын, қуатын және пайдалы әсер коэффициенті анықтау.

Бағалау өлшемдері:

1. Кинематика мен динамиканың негізгі ұғымдарын біледі.

2. Механикалық қозғалыстың негізгі параметрлерін анықтайды.

3. Кинетостатика әдістерін және динамиканың негізгі теоремаларын қолданып инерция күшін анықтайды.


Оқыту нәтижесі: 3) Деформацияның әртүрлі түрлеріне қарсы беріктік есептеулерін орындайды.

Бағалау өлшемдері:

1. Материалдар кедергісінің негізгі ережелерін біледі

2. Жазық қималардың геометриялық сипаттамаларын анықтайды.

3. Деформацияның әртүрлі түрлері кезіндегі тексеру, жобалау және рұқсат берілген жүктемелердің есептеулерін орындайды.


Оқыту нәтижесі: 4) Машина бөлшектерінің беріктік есептеулерін орындайды.

Бағалау өлшемдері:

1. Машина бөлшектерінің негізгі ережелерін біледі.

2. Ажырайтын және ажыратылмайтын қосылыстардың беріктік есептеулерін орындайды.

3.Берілістердің, мойынтіректердің және біліктердің жобалық есептеуін және беріктік есептеулерін орындайды.

4. Стандартты және қалыптандырылған муфталарды таңдауды орындайды.



Оқыту нәтижесі: 5) Техникалық механика негіздерін меңгеру

Бағалау өлшемдері:

1. Электр қозғалтқыштарды, механикалық жетектің муфталарын таңдайды.

2. Механикалық жетектің кинематикалық есептеуін орындайды.

3. Буатты қосылыстардың тексеріс есептеуін орындайды.

4. Берілісті нобайлы құрастыруды орындайды.

8. Тісті доңғалақтың және доңғалақтың; бұрамдық пен бұрамдықты доңғалақтың құрылымын әзірлейді.

6. Редуктор корпусының құрылымын әзірлейді.

7. Мойынтіректердің төзімділігін таңдауды және тексеруді орындайды.

8. Доңғалақ білігінің қажуының есептеуін орындайды.

9. Тісті беріліс, мойынтіректер, редуктордың және бұрамдықты редуктордың бөлшектерін қондыру үшін жағармай материалын таңдайды.


БҚ 8. Ауыл шаруашылығындағы электротехника және электроника заңдары мен күрделі құбылыстарын түсіну үшін қажет базалық білімі болу

ЖКМ 03. Жалпы электротехника және электр энергиясын ауыл шаруашылығында қолдану

Осы модуль машиналар мен механизмдер жетектерінің электр жабдықтарын есептеу және таңдауды орындау үшін қажет дағдылар мен білімді алуға мүмкіндік береді.

Білім алушылар модульді оқыту кезінде: тұрақты және айнымалы электр тоғы жөнінде негізгі ұғымдар; электр шамаларының мәні және өлшеу әдістері; өлшеу құралдарының құрылмалық және техникалық сипаттамалары; графикалық кескіндердің түрлері мен ережелері және электр схемаларын жасау; электр техникалық аспаптар мен электр машиналарының шартты белгілеулері; тұрақты және айнымалы тоқ қозғалтқыштары, олардың құрылымы, жұмыс істеу қағидалары, қосу, тоқтату ережелері; электр техникалық материалдардың түрлері мен қасиеттері; электр құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін меңгеруі тиіс.



Оқыту нәтижесі: 1) Әр түрлі электр шамаларын, электр машиналарын және механизмдерді өлшеу кезінде аспаптарды іске қосу схемаларын жасау және жинау.

Бағалау өлшемдері:

1.Ауыл шаруашылығындағы электрлік техниканың негізгі ұғымдарын біледі.

2. Электр шамаларын өлшеудің мәні мен әдістерін, өлшеу аспаптарының құрылымдық және техникалық сипаттамаларын біледі.

3. Әртүрлі электр шамаларын өлшеу әдістерін қолдануды біледі.

4. Параметрлерін есептеуді, әртүрлі электр шамаларын өлшеу кезінде аспаптарды қосудың схемаларын жасауды және құрастыруды біледі.



Оқыту нәтижесі: 2) Қауіпсіздік техникасы нормалары мен пайдалану ережелерін сақтап электр жабдықтарын пайдалану.

Бағалау өлшемдері:

1. Тұрақты және айнымалы тоқ қозғалтқыштарының құрылысын, әрекет ету қағидасын, іске қосу, тоқтату ережелерін; электр энергиясын үнемдеу тәсілдерін біледі.

2. Трансформаторлардың күштік түрлерінің және трансформаторлардың арнайы түрлерінің ерекшеліктерін біледі.

3. Электр жабдықтарының жұмыс параметрлерінің бақылауын жүргізеді.

4. Қолданылатын жабдыққа орнатылған электр қозғалтқышты іске қосуды және тоқтатуды орындайды.

5.Техникалық қауіпсіздік нормаларын және пайдалану ережелерін сақтай отырып, электр жабдықты пайдалана алады.


Оқыту нәтижесі: 3) Қағидалық, электр және монтаждау схемаларын оқи алады.

Бағалау өлшемдері:

1. Графикалық кескіндердің және электр схемаларын жасаудың түрлері мен ережелерін біледі.

2. Электротехникалық аспаптар мен электр машиналарының шартты белгілерін біледі.

3. Қағидалық, электрлік және монтаждық схемаларды ажыра алады.


Оқыту нәтижесі: 4) Электроника негіздерін меңгеру.

Бағалау өлшемдері:

1. Электровакуумдық, газразрядтық, жартылай өткізгіштік, фотоэлектрондық аспаптардың параметрлерін зерттей алады.

2. Электроника негіздерін біледі.

3. Электровакуумдық, газразрядтық, жартылай өткізгіштік, фотоэлектрондық және электронды аспаптардың параметрлерін анықтай алады.


БҚ 9. Машина жасау материалдары, металдар мен қорытпалар туралы негізгі мәліметтерді анықтау

ЖКМ 04. Конструкциялық материал-дар мен материал-тану техноло-гиясы

Осы модуль дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді: металлдардың құрылымы мен қасиеттерін, қорытпалар тоериясының негіздерін, металлдардың негізгі физика-химиялық қасиеттері.

Білім алушылар модульді оқыту кезінде: қосындыланған болат, шойын, ұнтақты материалдар, қатты қорытпалар, түсті металлдардың қорытпалары, арнайы мақсаттағы қорытпалар, металлдардың коррозиясы және онымен қүресу шаралары, металлдарды өңдеу тәсілдері, металлдарды қысыммен өңдеу, металлдарды дәнекерлеу, балқытып біріктіру және термиялық кесу, металлдарды кесу арқылы өңдеу, өңдеудің электрлік әдістері, металлдық емес құрылмалық материалдар, пластикалық массалар, каучук негізінде жасалған материалдар, ағаш, лактық-сырлық, төсеме және нығыздауыш материалдар, жаңа құрылмалық материалдар және ілгерілеуші технологияларды меңгеру керек.




Оқыту нәтижесі: 1) Әртүрлі қорытпаларды алу қасиеттерін анықтау.

Бағалау өлшемдері:

1.Шойынды, болатты, мысты, титанды, алюминийді алу тәсілдерін біледі.

2. Болаттың химиялық құрамы, тағайындалуы, сапасы бойынша және құю кезіндегі сипаты бойынша жіктелуін біледі;

3. Құйма шойынның жіктелуін, таңбалануын және қолданылуын, оның артықшылықтарын ажыратады.


Оқыту нәтижесі: 2) Болатты химиялық құрамы бойынша жіктей біледі.

Бағалау өлшемдері:

1.Болаттың ауыл шаруашылығындағы жабдықтар үшін қолданылуын біледі.

2.Металлдардың химиялық құрамы бойынша жіктелуін біледі.

3.Құйма шойынның таңбалануы мен қолдануын және оның артықшылықтарын ажыратады.


Оқыту нәтижесі: 3) Металл бұйымдарды коррозиядан қорғау

Бағалау өлшемдері:

1.Термиялық және химия-термиялық өңдеудің әрбір түрін өткізудің режимдері мен техникасын таңдайды.

2.Қоспалауыш элементтердің болаттың құрылымына, қасиеттеріне және термиялық өңдеуіне тигізетін әсерін біледі.

3.Ұнтақты металлургияның мәнісін біледі.

4.Қатты қорытпалардың қолдану аясын, жіктелуін, құрамын, таңбалануын және қолданылуын біледі.

5.Коррозияның және коррозиялық бұзылулардың мәнін, түрлерін біледі.


БҚ 10. Жылу техникасы мен гидравликаның негізгі ұғымдарын және анықтамаларын меңгеру

ЖКМ 05. Жылу техникасы және гидравлика негіздері

Осы модуль дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді: газ қоспаларының негізгі ұғымдары мен анықтамалары және жылу сыйымдылығы. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың екінші заңы. Термиялық процестерді зерттеу. Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың мінсіз циклдары. Компрессорлық машиналардың негіздері. Газдар мен булардың кетуі. Жылу алмасу теориясының негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Жылу өткізгіштік. Конвективтік жылу алмасу. Жылу беру және жылу алмасу аппараттары. Отын және оның сипаттамалары. Отынның жану процесі және жағу тәсілдері. Қазандық қондырғылары. Қазандық агрегатының жылу балансы. Жылу генераторлары. Гидростатика. Гидравликаның сипаттамасы, оның техникадағы мәні. Сұйықтықтың гидростатикалық күші. Сұйықтық қозғалысының режимдері. Сорғылардың жіктелуі. Көлемді сорғылар және көлемді сорғылардың берілуін реттеу.

Білім алушылар модульді оқыту кезінде: денелердің балқу жағдайлары. Гидродинамика. Гидродинамиканың міндеттері; сұйықтықтың қарапайым ақырын ағысы мен ағысы үшін үздіксіздікті теңестіру; жергілікті кедергілерден өту үшін қысымның шығынын анықтау; қалақты сорғылардың берілуін және қысымын реттеуді меңгеру тиіс.



Оқыту нәтижесі: 1) Термодинамиканың алғашқы негіздері туралы білімді меңгеру.

Бағалау өлшемдері:

1. Термодинамикалық процестер, қолданыстық зат жағдайының сипаттамалары жөнінде біледі.

2. Идеал газдардың негізгі заңдарын біледі.

3. Тұйықталған жүйе мен газ ағыны үшін термодинамиканың бірінші заңын есептеп шығарады.


Оқыту нәтижесі: 2) Термодинамиканың екінші негіздерін білу.

Бағалау өлшемдері:

1. Энтропия мәнін, термодинамиканың екінші заңын біледі.

2. Жылу алмасу аппараттарының негізгі түрлерінің әрекет ету қағидасын біледі.

3. Оттықтар, бу қазандары қондырғылары жұмысының жіктелуін, құрылғысын және негізгі көрсеткіштерін жалпы құрылғысында; әрекет қағидасын; қолданылатын отын түрлерін бағалайды.


Оқыту нәтижесі: 3) Жылу алмасу аппаратарындағы жылу есептеулерін орындау.

Бағалау өлшемдері:

1. Тәжірибелік есептерді шығару кезінде идеал және нақты газдар күйінің теңдеуін қолданады.

2. Термодинамикалық процестердің есептеулерін жүргізеді.

3. Рекуперативтік жылу алмастырғыштың есептеуін орындайды.

4. Отын мен жану процесінің есептеуін жүргізеді.

5. Дроссельдеу кезінде газ бен будың кету жылдамдығын анықтау бойынша практикалық есептерді шешеді.

6. Компрессор жетегінің қуаты мен қысу сатыларының санын анықтайды.

7. Бір және көп қабатты қабырғалардағы стационарлық жылу өткізгіштіктің тәжірибелік есептеулерін орындайды.


БҚ 11.Автокөлік құралдарында қолданылатын жанар-жағар материалдардың түрлерін білу

ЖКМ 06. Жанар-жағармай материалдары

Осы модуль дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді: карбюратор қозғалтқыштарына арналған отын. Октанды сан. Жанармай маркалары. Дизельді қозғалтқыштарына арналған отын. Отынның жануы. Цетанды сан. Дизельді жанармайдың маркалары. Газ тәріздес жанармай. Ішкі жану қозғалтқыштарында газ тәріздес жанармайды қолдану. Майлау материалдары Дизельді қозғалтқыштарға арналған отын. Карбюраторлы қозғалтқыштарға арналған май. Трансмиссиялық май. Арнайы техникалық сұйықтықтар. Машинаға жанармай құюға арналған техникалық жабдықтар.


Оқыту нәтижесі: 1) Отын және майлау материалдарының түрлері.

Бағалау өлшемдері:

1. Автомобиль бензиндерінің және дизельдік отынның маркалары мен пайдалану талаптарын біледі.

2. Отын сапасының ауытқуының қозғалтқыш жұмысына әсерін біледі.

3. Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштар үшін майлау майларының, май маркаларының жіктелуін біледі.

4. Қозғалтқыштың жұмыс процесіндегі май қасиетінің өзгеруін біледі.

5. Өрт сөндіру құралдарының қызметін біледі.

6. Автомобиль қозғалтқыштарында пайдалану үшін түрлі отын түрлерінің жарамдылығын анықтай алады.

7. Қозғалтқыштағы майды ауыстыруды; автомобиль қозғалтқышындағы салқындату жүйесіндегі және тежегіштік жүйесіндегі техникалық сұйықтықты ауыстыруды; түрлі жанар-жағармай, құю қондырғыларының типін қолдануды біледі.

8. Мотор майларының маркасын, тұтқырлық қасиетін, майдың пайдалануға жарамды екендігін анықтай алады.



БҚ 12. Курсты өзгерту кезінде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдерді анықтау, жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің және жолаушылардың міндеттерін білу

ЖКМ 07. Жол қозғалысы ережелері

Осы модуль дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді:

негізгі түсініктер мен терминдер, жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің және пассажирлердің міндеттері. Жол белгілері. Жол белгілері және олардың сипаттамалары. Көлік құралдарының қозғалыс, тоқтау және тоқтап тұру реті, жол қозғалысын ретке келтіру, жол қиылыстарынан, жаяу жүргіншілер жолынан, жалпы қолданыстағы көлік құралдарының және темір жол тораптарынан өту. Қозғалыстың ерекше талаптары. Адамдар мен жүктерді тасымалдау, көлік құралдарын техникалық қарау, жол, нөмірлі және тану белгілері, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша автокөлік және өзге ұйымдардағы лауазымды тұлғалардың міндеттері. Колонна бойынша қозғалу.



Оқыту нәтижесі: 1) Жол қозғалысының ережелерін білу.

Бағалау өлшемдері:

1. Қозғалысының барлық қатысушыларының: жаяу жүргіншінің, пассажирлердің, автокөлік жүргізушісінің іс-әрекет қағидасын біледі.

2. Жол, нөмірлі және тану белгілерін, қозғалыстың барлық қатысушыларының міндеттерін біледі.

3. Жол қозғалысы қағидасын сақтай алады.

4. Қозғалыс үшін қолайлы жағдайларды жасай алады.



БҚ 13. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу және басқару нормаларын білу

ЖКМ 08. Аграрлық құқық

Осы модуль дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді:

аграрлық құқықтың мәні мен функциясы. Меншік құқығы. Ауыл шаруашылығы шаруашылық субъектілерінің құқықтық ережесі. Кәсіпкерліктің құқықтық негіздері. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдары қызметіндегі шаруашылық шарты және оның рөлі. Шаруашылық шартының жекелеме түрлері. Жер құқығы. Экологиялық құқықтың негіздері. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарындағы еңбекті құқықтық реттеу. Тәртіптік және материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары және оларды қарау реті.




Оқыту нәтижесі: 1) Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу және басқару нормаларын білу

Бағалау өлшемдері:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексін біледі.

2. Ауыл шаруашылығындағы қарым-қатынасты реттейтін нормативтік актілерді біледі.

3. Шаруашылық жүргізу нысаны мен ауыл шаруашылығын басқарудың құрылымын біледі.

4. Азаматтық және қылмыстық кодекстің баптарын, табиғат қорғау заң актілерін бұзғаны үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілік туралы заңнаманы бағдайлай біледі.

5. Экономикалық мақсатта жерді пайдалану, билік ету және табиғи ресурстар бойынша қарым-қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің және өзге де нормативтік актілерінің бұзылу себебі мен салдарларын талдай алады.


БҚ 14. Кәсіпорында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру

ЖКМ 09. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Осы модуль дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді: еңбекті қорғаудың теориялық негіздері. Дала жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге қойылатын талаптар. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі еңбекті қорғаудың құқықтық мәселелері. Өндірістік санитария. Жұмыстары зиянды заттар және қорғану. Ауыл шаруашылық жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы, өндірістік жарақаттар мен кәсіби сырқаттардың себептері; жұмысты қауіпсіз жүргізу және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтаудағы бақылауды жүзеге асыру.


Оқыту нәтижесі: 1) Өндірістік жарақаттар мен кәсіби сырқаттардың себептері.

Бағалау өлшемдері:

1. Өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігінің негіздерін біледі

2. Жерге орналастыру жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздерін біледі.

3. Жарақат алғандарға дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.


Оқыту нәтижесі: 2) Жұмысты қауіпсіз жүргізу және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтаудағы бақылауды жүзеге асыру.

Бағалау өлшемдері:

1. Еңбекті қорғау бойынша тиімді жоспарланған іс-шараларды жүргізеді.

2. Жарақаттың себептерін талдайды және алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

3. Жұмыс орнындағы еңбек талаптарын бағалай алады.


Каталог: storage
storage -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
storage -> «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
storage -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау
storage -> Қабылдау комиссиясына
storage -> Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуғаарналғанжұмыстардыұсыну,ресімдеу және беру
storage -> Алматы отд бойынша 29. 12. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
storage -> Регламенті Жалпы ережелер
storage -> «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
storage -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
storage -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған