«Білім әлемі» факультатив курсы

Loading...


бет4/5
Дата05.05.2021
өлшемі45.23 Kb.
1   2   3   4   5
Ұсынымдар.

  • Зерттеу тақырыбы мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

  • қойылған мәселенің қарапайымдылығы, айқындылығы;

  • мәселені шешу зерттеушінің жеке даярлығы бағдарламасының аясынын айтарлықтай асып түсерлік білімді қажет етпеуі тиіс;

  • ғылыми жобалар жарыстарының талаптарын қанағаттандыруы керек;

  • жұмыс саласы бірте-бірте кеңейтіліп отырылады:

  • мектеп кіткпханасынан қаладағы кітапханаларға дейін барып, әдебиет оқуды кеңес алумен қоса жүргізіледі.            

ОҒҚ қызметін ұйымдастыруда жетекші рөл оқушымен жеке жұмыс үрдісінде оның бойындағы зерттеушілік  дарынын байқап, ғылыми тақырыпты таңдауға, проблемалар аясын белгілеп, шешуді талап ететін, тиісті әдебиет пен жұмысты жазудың қатаң жоспар-кестесін құруға көмектесетін пән мұғалімінде болмақ. Педагог оқушыға ұсынылып отырған тақырыпты бекіту үшін мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі отырысына ұсынуына болады. Бұл оның алдағы істелетін жұмыстың мәнділігін ұғынып, ынтымақтастық ахуалының орын алуына септігін тигізеді. Оқушылар мен мұғалімдердің осындай жариялықпен жүргізетін іскерлік өзара іс-қимылдары  мектепте әзірленетін жобалар тақырыптарын оларды  болашақта  оқу бағдарламасы тақырыптарына қарай оқу-әдістемелік материал ретінде  пайдалану үшін байыта түсуге де көмек. Оқушылардың зерттеушілік ізденстерін педагогтердің әдістемелік кеңестерінде талқылау оларды шығармашылық қызметке ынталандыра түсері хақ.               

Егер тақырып көп қырлы  әрі арнайы білімді талап ететін болса, мектеп  ғылыми жетекші ретінде кеңес беруші адамды шақыра алады, бұл оқушыларға зерттеу еңбегі мәдениетінің дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беріп, тәсілдеріне үйретеді. Сарапшының көмегімен тақырыптың  өзектілігін, күтіліетін нәтижелердегі жаңашылдықты айқындап алуға болады. Кеңес беруші мен пән мұғалімі оқушылардың  үлгі жоспар жасауына, мазмұнын, негізгі бөлімдерін (тараулары) құруға жәрдемдеседі. Осыдан соң жұмыс барысында параграфтар мен тармақтар пайда болады.                

Материал жинап, жинақтау, тәжірибелік қызмет, ОҒҚ отырыстарында пікірлесу оқушылардың олимпиадаларда, ғылыми жобалар жарыстары мен басқа да сайыстар кезінде сөз сөйлегенде сөзсіз жақсы нәтижеге жеткізеді. Осы бір салмақты жұмыста шәкірттерге ұстаздары мен ата-аналары тарапынан қолдау қажет. Бұл олардың өз қабілеттерін дамытуға деген ұмтылысты арттарады, таңдаған жолда табысқа жетулеріне қолғабыс етеді. ОҒҚ-жа жүргізілетін зерттеушілік және жобалау қызметіне қатысу – жаңа сапалы білім алу мүмкіндігі, алған білімдерін проблемаларды шешу, әлеуметтік қарым-қатынас пен іс жүзінде қолданудың тәжірибесі. Біз осылайша балаларды өз қызметінің нәтижесін көруге, еңбек нарығында табысты да бәсекеге қабілетті болуға үйретеміз.     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...