«Білім әлемі» факультатив курсы

Loading...


бет3/5
Дата05.05.2021
өлшемі45.23 Kb.
1   2   3   4   5
ОҒҚ жұмысын ұйымдастыру.
Оқушылар ғылыми қоғамы жұмысының тиімділігін арттыру үшін гимназияда  олимпиадаларға, ғылыми жобалар жарыстарына даярлаудың технологиясы әзірленді. Бұл жұмыста ең бастысы оқушылардың дербес ғылыми-танымдық қызметін ұйымдастыру, оны тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады. Бұл интеллекті дамыту, ой-өрісті кеңейту, өзіндік дүниетанымды қалыптастыру тұрғысындағы жеке жұмысқа шамаланған ұзақ та күрделі үрдіс.

Дұрыс қойылмағын мақсат ( немесе мүлдем қойылмаған) оқушыларда  олимпиадалар немесе ғылыми жобалар жарысы туралы олардың ақыл-ой қабілеттерінің қажетті және жеткілікті критерийлері секілді  түсінік қалыптастыруы  мүмкін. Мұндай жағдайда оқушылар қай деңгейдегі болсын жарыстарда жүлделі орынды иелену аясы тар мақсат қана болмауы керек екендігін түсінулері тиіс. Оларға олимпиададағы  жеңіс біраз қабілеттің бар екендігін дәлелдейтіні және жоғары оқу орнында табысты оқуға да кепілдік бермейтіні анықтап түсіндіріледі.

Оқушылармен жеке жұмыс нақты мақсаттар қоюдан басталады және бірнеше кезеңге бөлінеді.

I кезең: алдағы уақытта түпдеректермен жеке жұмыс істеу үшін қажетті негізгі білім мен дағдылар жинақтау. Бұл кезеңде оқушылардың терминологияны дұрыс игерудегі қызмет нәтижелерін анық бақылап отырған жөн. Ұсынылатын тапсырмалар конструктивті сипатта болуы тиіс.

II кезең: әдебиетпен жеке жұмыс істеу. Мұғалім тарапынан көмек тиісті түпдеректерді таңдауда және олардың мазмұны жағынан кеңес бергенде көрсетіледі.Даярлықты ретке келтіру және құрылымдау үшін аптасына бір рет оқушының шығармашылық есебін тыңдаған лазым. Оқушылар алғашқы қадамнан-ақ өз зерттеуінің маңыздылығын, тәжірибеде қолданылу мүмкіндігін ұғынуы тиіс. Мерзімдік баспасөзге олардағы ақпарат молдығын пайдалана отырып, материалдарымен жұмыс істеуге ерекше көңіл аудару керек. Бұл кезеңде тапсырмаларды орындаудың амалдары мен әдістері көбінесе мақала немесе кітаптың тақырыбымен белгіленеді. Қызықтырған тақырыптар бойынша папклар ашып, соған барлық материалдарды: мақалаларды, газет пен журнадан алған қиындыларды салып отыруды ұсынуға болады. Жаратылыстану ғылымдары пәндері үшін  «Квант», «Мектептегі физика», «ИФМ», «Мектептегі ИФМ»  ғылыми-көпшілік басылымдарын және басқаларды ұсынуға болады.    

III кезең: республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалық тапсырмалар жинақтарымен жұмыс істеу. Тақырыптар бойынша берілген тапсырмаларды шешуден бастау қажет. Бұл оқушыларда бұрыннан қалыпқа түскен  білімдерін терең түсіну мен жүйелеуді, әр типті тапсырмаларды шешуге қатысты тәсілдермен жұмыс істеу тәжірибесін алуды қалыптастырады. Жинақтың немесе кітаптың соңында берілген тапсырманың шешулері барынша оңтайлы нұсқаны ұғынуға жеткіліксіз. Сондықтан, анағұрлым қызықты тапсырмаларға талдау жасау; олардың шешулерін оқушылармен бірге іздеуді ұйымдастыру мақсатқа лайық болмақ.

Ерекше көңіл аударатын тұстар: өзін-өзі бақылау тәсілдері, алынған нәтиженің шүбәсіздік деңгейін талдау, жанама дәлелдер. II–III кезеңдердің қатаң түрде бірінің соңынан бірі келуі міндетті емес. Тапсырмаларды шешу мақалалармен жұмыс істеу арқылы кезектесіп отырылуы мүмкін.

Барлық кезеңде өздігінен істеген жұмыстарына конспект жасау балалар білімін жүйеге келтіруге, қайталаған кезде уақытты үнемдеуге қажет, мұнымен қоса мұғалімнің өздігінен істеген оқушы жұмысын бақылып отыруға жағдай жасайды.

Жаратылыстану ғылымдары пәндерініен теорияны бөлек (қысқаша дәлелдеулермен қосып), теорияға жасалған сілтемелермен қоса және шешудің жетекші ойларын баса көрсетіп, теориялық және практикалық тапсырмалардың шешуін бөлек конспектілеген жөн. Осы жұмыстың барлығы ғылыми-зерттеу еңбегін жасай білуді қалыптастыруға апратын қорытынды кезеңге даярлық болып табылады. 

IV кезең: мамандану. Бұл уақытқа дейін әр оқушыда пән аясындағы қандай да бір бөлімге қызығушылық қалыптасып үлгереді. Жиналған тәжірибе шығармашылық міндеттерді шешу сатысына көтерілуге мүмкіндік береді, ол өз кезегінде олимпиадалық тапсырмаларға қарағанда әлдеқайда  қомақты жоспарлы жұмыс істеуді талап етеі әрі екі-үш айға созылуы мүмкін. Бұл кезеңде тапсырма таңдауды, дұрысын айтқанда зерттеу тақрыбын айқындап алу аса  маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...