Бiлiм берудiң көздерiнеқарай қолданылатын əдiстер: Сөздiк əдiстер

Loading...


Дата25.03.2020
өлшемі32.89 Kb.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Тақырып: 1. Оқыту теорияларына жалпы сипаттама

2. Оқыту теорияларын зерттеген ғалымдар және олардың еңбегіне шолу

Орындаған:Калиева Сабина

Бiлiмдi меңгерту қандай жолдармен немесе тəсiлдер-мен iске асса да, оқыту əдiстерiн

таңдау негiзiнен, бiлiм берудiң мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары жəне мiндеттерiне

сəйкес анықталады.

Оқу процесiнде бiлiм берудiң көздерiнеқарай қолданылатын əдiстер:



Сөздiк əдiстер:түсiндiру, əңгiме, əңгiмелесу, лекция, кiтаппен жұмыс.

Көрнекi əдiстер:иллюстрация жəне демонстрация.

Тəжiрибелiк əдiстер:лабораториялық, практикалық, графикалық, əр түрлi жаттығу жұмыстары.

Оқыту процесiнде ең көп тараған дəстүрлi əдiс - сөздiк немесе мұғалiмнiң ауызша баяндау əдiсi.Бұл əдiс оқыту процесiнде басқа əдiстерге қарағанда жетекшi роль атқарады. В. А.Сухомлинский: ''Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нəрсемен ауыстыраалмайсың…''- деп оның маңызына ерекше назар аударады Мұғалiмнiң сөзi əсерлi, тартымды, сенiмдi, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мəнерлi жəне бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дəлелдi болу үшiн Ы. Алтынсаринның пiкiрiн келтiрейiк:''Мұғалiм балалармен iстес болады: егер олар бiр нəрсенi түсiнбесе, онда мұғалiм шəкiрттердi кiналамай, оларға дұрыс түсiндiре алмағаны үшiн өзiн-өзi кiналауы керек. Мұғалiм балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексiз терминдердi қолданбастан əрбiр затты ықыласпен, қарапайым тiлмен түсiндiру керек''. Бұл əдiстi қолданғанда мұғалiм оқушыларға бiлiм берумен қатар олардың таным белсендiлiгiн арттыруға (зейiн, қабылдау, ойлау т.б. процестерiн) байланысты да əрекет жасайды. Мұғалiмнiң оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлi көрнекi жəне техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады. Ауызша баяндаудың тағы бiр ерекшелiгi, оқытушы-ның түсiндiруi мен оқушылардың ұғыну процесiнiң қатар жүруiнде. Түсiндiру барысында əңгiме, əңгiмелесу, ауызша-жазба жəне лабораториялық жұмыстарын қажетiне сай қатар қолдану керек. Түсiндiру– оқу материалын мұғалiмнiң логикалық тұрғыдан дəйектi де сындарлы баяндауы. Оның себебi, түрлi заңдылықтар мен ережелердi түсiндiру белгiлi дəрежеде логикалық жүйелiлiктi қажет етедi. Түсiндiру əдiсiнiң мақсаты: заттардың елеулi белгi-лерiн ашып көрсету, фактiлер мен

құбылыстарды талқы-лау. Сондықтан мұғалiмнiң оқу материалын түсiндiруiнде əрқашанда

пайымдау, қорыту, дəлелдеукөп болады.

Түсiндiру əдiсiнiң ең маңызды мəселелерi – оқушылардың алдына жаңа мəселенi айқын, ашық етiп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсiндiру əдiсiнiң табысты болуы мұғалiмнiң нақтылы деректердi қаншама сəттi қолдана бiлгендiгiне де байланысты. Түсiндiру əрқашанда заттар мен фактiлердiң, құбылыстардың мəнiн ашу, қағидаларды түсiндiру, осы-лардың негiзiнде оқушыларға жаңа бiлiмдi баяндауда оны терең жəне түсiнiктi ұғынуларына мүмкiндiк туғызады. Бiрақ ол оқушылардың жас ерекшелiктерiне, сынып жəне пəн ерекшелiктерiне қарай өзгерiп отырады. Əңгiме– мұғалiмнiң сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы

тəсiлi болып табылады. Сөйтiп, оқушыларға жаңа бiлiмдi түсiндiрудiң неғұрлым қарапайым жəне

түсiнiктi түрi. Əңгiме барысында мұғалiм құбылыстарды бiрiздiлiкпен көркем суреттей отыра, өз сөзiн əртүрлi көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекi құралдарды қолдану арқылы

жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактiлер мен құбылыстарды

жақсы түсiнiп, ұғынуына көмектеседi. Бұл əдiстi қолдану барысында мұғалiм мен оқушылар арасында диалог пайда болады. Əңгiме оқытудың түрлi мiндеттерiн орындауға бағытталады: жаңа бiлiмдi хабарлау, оны бекiту мақсатында қолданылатын əңгiме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткендi қайталау, оны тексеру жəне бағалау үшiн қолданылатын əңгiме. Əңгiме əдiсi көбiнесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңiнен қолданылады. Мұғалiмнiң сабақта əңгiме əдiсiн қолдану ұзақтығы, берiлетiн оқу материалының сипатына

байланысты болып келедi. Əңгiмелесу- мұғалiм мен оқушылар арасында жаңа бiлiмдердi хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тəсiлiнде қолданылады. Сондықтан əңгiмелесу оқытудың аса күрделi əдiсi болып есептелiнедi. Бұл əдiстi нəтижелi пайдалану мұғалiмдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етедi. Əңгiмелесу барысында мұғалiм оқушылардың жеке басының қабiлетiн, зейiнiн (т. б. психикалық процестерiн), таным ерекшелiктерiн танып бiледi, баяндалып отырған немесе өтiлген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды. Əңгiмелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тəсiлдерi қолданылады. Бұл əдiс, сонымен қатар, сұрақ-жауап тəсiлi арқылы да iске асады. Ол үшiн мұғалiмнiң сұрақтары дəл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиiс.

Дəрiсбаян -сөзге негiзделген оқыту əдiсi ретiнде ол өзiнiң құрылымы, баяндалатын оқу

материалының дəлдiгi жəне сабақтың өн бойында тыңдаушыларының ойлау қабiлетiн белсендi

етуi жағынан басқа əдiстерге қарағанда өзiндiк ерекшелiктерi бар.

Дəрiсбаян əдетте жоғары сынып оқушылары арасын-да көптеп қолданылатын əдiстiң бiрi.

Дəрiсбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалiм

сөзiне зейiн қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.

Дəрiсбаянның басқа ауызша баяндау əдiстерiнен тағы бiр ерекшелiгi, мұғалiмнен жаңа

бiлiмдi баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажеттi əдебиеттер тiзiмi-мен

таныстыруын қажет етедi. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын-ала танысуы, оның

мазмұнын баян-дауда мұғалiмнiң ойын жақсы ұғынуға көмектеседi.

Ол үшiн лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берiлетiн бiлiмнiң

оқушыларға түсiнiктi болуы мұғалiмдер тарапынан үлкен шеберлiктi қажет етедi.

Дəрiсбаян барысында баяндалған оқу материалы-ның мазмұнын оқушылардың қысқаша

жазып отыруы, оны өз беттерiнше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттiлiк болып табылады.

Дəрiсбаян жəне əңгiме əдiстерi оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан

тиiмдi болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пiкiрiн айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза

алмайды. Бұл турасында əңгiмелесу əдiсiнiң мүмкiндiгi мол. Мұғалiм дəрiсбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-тəсiлдерiне жəне құрылымына назар аударады. Дəрiсбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық жəне оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бiрақ, бағдарламада көрсетiлген барлық мəселелердiң iшiнен түйiндi мəселелердi айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тəжiрибемен байланыс-тырып, материалдың белгiлi бiр бөлiгiн оқушыларға оқу-лықтан, басқа əдебиеттерден өздiгiнен оқып алуға тапсыр-малар берiп отыруды оқытушы мұқият ойластыруы қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқытушы-ның шеберлiгi

лекцияның тиiмдiлiгiн арттырудың кепiлi.



Оқулықпен жəне кiтаппен жұмыс iстеу əдiсi –оқушылардың өздiгiнен жаңа бiлiмдердi

қабылдау, сыныпта алған бiлiмдерiн бекiту, бiлiктiлiк пен дағды қалыптастыруда тиiмдi əдiс болып табылады. Кiтап - бiлiмнiң сарқылмас қайнар бұлағы. Ол бiлiм мазмұнын кеңiрек ашып, оқушылардың оны терең игеруiне көмегiн тигiзедi. Оқулық жəне кiтаптың көмегiмен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерiнде түрлi жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалiмнiң басқаруымен сыныпта алған бiлiмдерiн толықтырып отырады.

Оқушылар оқулықтармен жəне басқа оқу кiтаптары-мен жұмыс iстей отырып, белгiлi бiлiм

жүйелерiн меңгередi, өздерiнiң көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрiсiн дамы-тады, өздiгiнен

жұмыс iстей бiлуге дағдыланады.

Кiтаппен жұмыс iстеу оқушы үшiн оқытуда күрделi тəсiл болып танылады. Қазiргi мектеп

тəжiрибесiне жүгiнсек, көптеген жағдайда, оны бiтiрушiлер арасында кiтапты оқи немесе нəтижелi

қолдана бiлмейтiндер кездеседi.

Кiтапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негiзгi ойын,

құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекшi идеяларын ашып көрсете немесе өз

сөзiмен тиянақты баяндай алмау мəселе-лерiн ұмытпаған жөн. Ол үшiн оқушы оқу материалының

құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгiрте қарап шығу, содан кейiн барып кейбiр маңызды

бөлiктерiне жете мəн беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есiнде сақтауға күш салуға дағдылануы тиiс. Екiншi мəселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейiн тез, iштей оқуға, оқығанды өз сөзiмен айтып беруге дағдыландыру қажет. Мəтiнмен жұмыс iстегенде оқушыларды, оның ең негiзгi мазмұнын айтуға, бөлiктерге бөлiп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тəсiлдердi қолдана бiлсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.

Кiтаппен жұмыс iстеудiң өзiндiк мəндi психологиялық ерекшелiгi бар. Кiтап оқу мұғалiмнiң

сөзiн тыңдауға қара-ғанда оқушының ақыл-ой күшi мен ерiк-жiгерiн көп керек етедi. Ол оқушының өзiндiк ойлауын, iс-əрекетiн жандан-дырып, оның бiлiм деңгейiн, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмiрге, адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға

тəрбиелейдi. Яғни, ол бiлiм беру көзi ғана емес, сонымен қатар тəрбие құралы.

Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кiтап немесе оқулық көмегiмен орындау барысында

қажеттi уақытты тиiмдi пайдалану, өзiне-өзi бақылау немесе есеп беру жұмыстарында

айтарлықтай кемшiлiктер бар. Барлық оқушылар бiрдей бiздiң жоғарыда айтқан кiтаппен жұмыс

жасау тəсiлдерiне мəн бермейдi, оның талаптарын толығы-мен сақтамайды. Соның негiзiнде бiлiм

мазмұны нашар меңгерiледi.

Сондықтан оқушының кiтаппен өз бетiнше нəтижелi жұмыс iстеуiн, оның саналы көзқарасын

жəне өзiне-өзi бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалiм тарапынан жауапкершiлiкпен

көңiл аударып отыруды қажет етедi.



Көрнекiлiк əдiстероқу материалын оқушылардың көзiмен көрiп, нақтылы түсiнулерiне

мүмкiндiк бередi. Бұған демонстрация, иллюстрация жəне бақылау тəсiлдерi жатады.



Демонстрация(көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер жəне заттардың

нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Əдiстiң бұл түрi оқылып

отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың iшкi құрылысы жəне сыртқы көрiнiсiмен немесе бiрыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейдi.

Табиғи нысананы көрсету негiзiнен сыртқы көрiнiсiнен басталады (көлемi, түсi, формасы,

өзара байланысы т. б). Келесi кезекте оның iшкi құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлiнiп

көрсетiледi. Заттың үлгiсi жəне көркем туындылар оқушылар тарапынан бiртұтастық жағдайында

қабылданады. Демонстрациялау көбiнесе оқушылардың практика-лық оқу əрекетiмен ұштаса жүргiзiледi. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нəтижесiнiң табысты болуы бiрнеше жағдайға байланысты болады:

- көрсетiлiп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрiнуi тиiс;

- оқу материалын түсiндiру кезiнде көрсету жұмыс-тары жүргiзiлiп, соңынан нысана алынып

тасталуы керек. Оны оқушыларға алдынала көрсетуге болмайды;

- көрнекi құралдарды бақылау барысында əрбiр оқушы мұғалiмнiң нұсқауы бойынша жұмыс iстеуi

тиiс;


Иллюстрация- демонстрация əдiсiмен тығыз байланыста болады. Бұл əдiстi

иллюстративтi құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер,

картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады. Иллюстрация əдiсiнiң нəтижелi болуы, негiзiнен оның қолдану тəсiлдерiн мұғалiмнiң қаншалықты меңгер-генiне байланысты болып келедi. Соның негiзiнде оқушы-лар мен мұғалiмге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңiл меңгеруге септiгiн тигiзедi. Мектеп тəжiрибесi көрсеткендей сабақта иллюстра-циялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына əкеп соғады. Сондықтан, көрнекi құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын жəне таным процесiнде олардың рөлiн алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалiмдер көрнекi құралдардың тиiмдi көлемiн де анықтауы қажет. Бұл əдiстердiң iшiнде ең басты рөл атқаратыны – бақылауəдiсi. Ол барлық оқу пəндерiн оқытуда кеңiнен қолданылады.

Тəжiрибелiк əдiстер.Оқушылардың сабақта алған теориялық бiлiмдерiн, бiлiктiлiк пен

дағдыларын тереңдету жəне жетiлдiре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше. Оқытудың негiзгi дəстүрлi əдiстерiмен қатар мұғалiм оқушылармен бiрiгiп сабақта, оқу- тəжiрибе участогiнде оқу приборлары жəне техника құралдары көмегiне сүйенiп оқу тəжiрибелерiн жүргiзедi. Оқытудың зертханалықтəсiлi негiзiнен биология, химия, физика пəндерiнде жиi қолданылады. Аталған пəндердiң мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етедi. Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүредi. Жаппай түрде жүргiзгенде сыныптағы оқушылардың бəрi бiрыңғай тəжiрибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда əрқайсысының жасайтын тəжiрибесi əр түрлi болады да, кейiн ол

жинақталады. Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тəжiрибе учаскесiнде жүргiзiлетiн тəжiрибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткiзу, қорыту кезеңiболып бөлiнедi. Дайындау кезеңiнде оның мақсаты белгiленедi, жоспары жасалады жəне оқушыларды қажеттi аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс iстеу принциптерiмен таныстырады.

Қазақстанның жоғары мектептерінің кейінгі ұрпақтарына күрделі, қарама-қайшылықтармен жан түршіктіретін «жаһандық білім беру кризисі» (ЮНЕСКО термині) мұрагерлікке қалып отыр. Оған ең алдымен оқыту мен ойлаудың технократтық тәсіліне бір жақты бағдар жасау себепкер болды- әсіресе жоғары мектептің жаратылыс-ғылыми және техникалық пәндерінің кешендері.

1.50-жылдардың соңында «білімге деген сұраныс жарылысы» деп белгіленген тұрақты құбылыс пайда болды. Ол бірқатар факторлардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылды. Олардың ішіндегі ең бастылары- планета тұрғындарының жылдам көбеюі, дамыған елдердегі өсуі, ішкі және сыртқы миграцияның жоғары коэффициенті, жаңа білімдер мен технологиялардың дамуы мен таралу қарқынының үдеуі, содан кейін қайта құрылулар- экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени. Осылардың барлығы жеке және ұлттық деңгейдегі құндылықтар мен басымдықтар жүйесін өзгертуге себепкер болды.

2. Дамыған елдердің экономикасындағы құрылымдық қозғалыстар білім беру жүйесіне айтарлықтай өзгерістер алып келді: жоғары білімге капиталды салудың едәуір тиімді саласы ретінде танылды және мемлекет пен корпорациялардың инвестициялық саясатындағы басым сала қатарына жатқызылды.

3. Білім берудің баламасы жоқ дәстүрлі тәжірибесі «сұраныстың жарылысы» жағдайында өзінің мүмкіндіктерін жоққа шығарды. 70-жылдардан бүгінгі күнге дейін жалғасып және тереңдеп келе жатқан әлемдік білім беру кризисі. Оның негізгі белгілері- білімге деген қажеттіліктің қарқынды өсуі және оны жүзеге асыру мүмкіндігінен айтарлықтай ажырауы.

4.Білім беру саласындағы қайғының негізгі себебі- қаржылық қиындықтар. Батыстың көптеген елдеріндегі әлемдегі бірінші Жер серігінің әсерімен ұлттық экономиканың даму қарқынынан білім беруге бюджеттік қаржы бөлу асып түсетін 50-60 жылдардағы «алтын кезең» артта қалды.

ЮНЕСКО –ның «ХХI ғасыр болашағындағы білім беру философиясы» атты жобасына сәйкес жаңа білім беру философиясының негізгі принциптері мыналар:

1)Білім берудегі ізгілік, ізгіліктендіретін адам қалыптастыратын тәсіл:

2)Білімдердің белгілі бір қосындысын меңгеру ретіндегі педагогикалық процестің дәстүрлі түсінігін адам бейнесін қалыптастыруға ықпал ететін шығармашылық актімен алмастыру.

3)Білім беру саласына қатысты философияның танымдық, әдіснамалық және жобалық-аксиологиялық функциясын зерттеу.

ХХI ғасыр-өркениет дамуының постиндустриалды кезеңі. Өркениеттің даму кезеңінің алмасуы білім беру жүйесін алмастыруға мәжбүр етті. Білім беру парадигмасын қайта құруды талап етеді. Бұл- ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, қоршаған орта мен адам денсаулығына қамқорлықпен қарайтын дәуір.

Европада базалық ретінде Францияның Париждік университетінің моделі қабылданған, ол бүгінде Сорбонна деген атпен танымал. Бұл модель университеттік құрылымның орталығына оқытушы мен автономия принципін университеттік норма ретінде қойды. Болондық университет ұсынған балама идея- студенттік басқару-Европада таралмады, бірақ Испаниядағы, кейін Латын Америкасындағы жоғары оқу мекемелеріндегі формаларға ықпал етті. Жоғары білім берудің еуропалық жүйесінің алғашқы моделдерінің түрі өзгеріп, күннен күнге ұлттық сипат пен ерекшеліктерге ие болды. Неміс, ағылшын, француз, кейіннен американдық моделдер пайда болды, бірақ олардың мәні бұрынғыдай болып қала берді.

Қазақстанның,Ресейдің және ТМД-ның басқа да елдерінің Орталық және Батыс Еуропа елдерінің жоғары мектебі қайта құру жолына 1980 жылдардың аяғында, жаңа әлеуметтік-экономикалық жүйе мен нарықтық экономика жағдайында, қаржылық кризис, саяси және әлеуметтік тұрақсыздық, ұлтаралық қарым-қатынастардың өршуі жағдайында- білім беру саласында қайта құруды жүргізу өте қиын жағдайға түсті.

Мысалы, Американдық модель: кіші орта мектеп- орта мектеп- үлкен орта мектеп- екі жылдық колледж – төрт жылдық колледж университет құрамындағы- магистратура- докторантура.



Француз модель: ортақ колледж- технологиялық, кәсіби және жалпыбілім беру лицей- университет, магистратура, докторантура.

Неміс моделі:жалпы мектеп- училище, гимназия және негізгі мектеп- институт және университет, магистратура, докторантура.

Ағылшын моделі:біріктірілген мектеп –грамматиклық және қазіргі мектеп, -колледж-университет, магистратура, докторантура.

Ресейлік моделі: жалпы білім беретін мектеп- толық орта мектеп, гимназия,лицей-колледж-институт,университет,академия-аспирантура-док-торантура

Қазақстандық модель: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия,,лицей- кәсіптік мектеп, лицей,колледж, училище-университет, институт,академия- магистратура, докторантура.

Қазақстанда білім беру жүйесінде белсенді қайта құрулар жүріп жатыр. ҚР –ң құрылымында 2007 жылы аспирантура мен докторантура алынып, оның орнына магистратура, PhD докторантура. 2010 жылы ҚР –ң Мемлекеттік бағдарламасына қайтадан өзгертулер кірді. ҚР-ң егемендік алғаннан бері жоғары білім беру жүйесінің стратегиялық бағыттары айқындалды.

Ғалым З.А.Исаева ҚР- ң жоғары білім беру жүйесінің қайта құру процестерін төрт дейгейге бөліп қарастырады:

Бірінші бөлімі- (1991-1994жж) Жоғары білім берудің нормативтік құқықтық базасының құрылуы.

Екінші этап- (1995-1998жж). Жоғары білім берудің модернизациясы, мазмұнының жаңаруы;

Үшінші-(1999-2000жж) білім беру жүйесін ұйымдастырудың академиялық еркіндігінің кеңеюі, қаржыландыру мәселелері.

Төртінші этап (2001 ж ...) білім беру жүйесінің стратегиялық даму бағыты.

ҚР –ң білім беру жүйесінің құқықтық базасы негізінен ҚР –Конституциясы, «Білім заңы», және басқа да құқықтық заң актілері. ҚР-ң Конститутциясының 30-шы бабына сәйкес Қазақстан азаматтары міндетті орта білім және жоғары білім алуға құқылы.

ҚР-ң білім заңының реформасына сәйкес үш деңгейлік өзгерісін қарастыруға болады: 1982ж. ҚР «Білім заңы» 1999ж ҚР «Білім заңы» 2007ж ҚР «Білім заңы» 1993ж ҚР-ң «Жоғары білім заңы». Қазақстандағы білім беру жүйесінің артықшылық жақтары: мемлекеттік білім стандарттары мен Мамандықтардың Классификаторлары бар.

· 1990ж Қазақстанда бірінші білім стандарттары бекітілді, 310 жоғары кәсіби білім берудегі мамандықтарға арналған.

· 1996 ж ҚР-ң жаңа 342 мамандықтарға арналған Классификаторы бекітілді.

· 2001ж Халықаралық білім беру стандарттары бойынша жаңа Классификатор енгізілді, оның 283 арнайы мамандықтар үшін, 70 магистрлік және 46 бакалавр бағыттарын дайындауға арналған.

· Қазақстанда кредиттік жүйе бойынша оқыту белсенді жүргізілуде. Атап айту керек, барлық білім саласында жүргізіліп жатқан қайта құрулар, жаңа дамулар, мемлекеттік саясатқа және халықаралық тенденцияларға қайшы келмейді.


Оқыту процесі бес элементтен тұрады:

1.Оқытудың мақсаты

2. Оқытудың мазмұны

3.Оқыту әдісі

4.Оқытушы

5.Оқушы


Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы,танымы дамиды, іскерлігі, дағдысы қалыптасады. Білім –адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі, табиғат пен қоғамның даму заңдарын танып біледі. Оқыту екі жақты процесс. Ол мұғалім мен оқушылардың ынтамақтастығы арқылы іске асады. Оқыту процесі ол- мұғалім сабақ береді, оқушының қызметі –білім алу. Оқыту процесінің функциялары: білім беру, тәрбиелік, дамыту.

Оқытудың білім беру функциясы- оқушыны біліммен қамтамасыз ету, өз бетімен ізденуге баулу, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Оқытудың тәрбиелік функциясы-оқу-тәрбиенің басты құралы болып табылады. Жеке тұлғаға тәрбие мен оқуды жан-жақты қалыптастыру.Тәрбиелеу арқылы оқушының байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамыту, еңбек әрекетіне дайындау.

Оқытудың дамыту функциясы-шәкірттің таным әрекетін дамыту, ой-өрісін, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға, еркін игеруге үйрету.

Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы – оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудағы шешуші құралы.

Оқыту –оқу- тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Оқыту процесін дұрыс ұйымдастырып басқару үшін негізге алатын жалпы ережелер мен талаптар қажет.

Принцип- негізгі, жетекші идея, негізгі ережі, іс-әрекетке қойылатын талап деген мағынаны білдіреді. Оқыту принципі, яғни оқыту талаптары оқу барысының тиімді және сапалы жүруін қамтамасыз ететін негізгі іргелі ой жүйесі. Оқыту принциптеріне оқудың мақсаттары, мазмұны,әдістері мен ұйымдастыру түрлері, оның нәтижесін талдау, оқыту талаптарының біртұтастығы, логикалық тізбегі, оқу барысын жоспарлау және басшылыққа алу.

Оқытудың негізгі принциптері, қағидалары:

оқытудың мақсаттылық принципі;

оқытудың ғылымилық принципі;

саналылық пен белсенділік принципі;

жүйелілік пен бірізділік принципі;

оқытудың өмірмен байланыстылық принципі;

түсініктілік және шамасына сәйкестілік принципі;

білімнің берік болу принципі;

көрнекілік принципі;

оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі.

ынталандыру принципі;

ізгілендіру принципі;

проблемалық принцип

Көрнекілік принцип-оқушылардың қабылдауын әлем объектілері мен барыстарын немесе олардың кескіндері негізінде жүзеге асады. Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп, байқауға мүмкіндік береді. Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негіздейді, образдық ойлауға болады.

Оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі- оқу материалының көлемі мен мазмұны балалардың ақыл-ой күштерінің даму дәрежесіне сай болуын олардың жас ерекшеліктерінің үнемі ескеріліп отыруын талап етеді.

Ынталандыру принципі- оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті болады. Мұғалім сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі өткізуге міндетті.

Ізгілендіру принципі-оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау керек. Мұғалім сабақта балалармен жылы қарым-қатынаста болуы қажет.

Оқыту процесiнiң жалпы заңдылықтары:

1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдiс-тəсiлдерi қоғам талабына,

Бұл принципке негiз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да,

саналы бiлiм адам бiлiмiнiң шынайы өзегi болады; оқушылардың бiлiмдi саналы түрде меңгеруi

таным əрекетiнiң белсендiлiгi мен оқуға ынталануына, мұғалiм қолданатын əдiстерге тəуелдi,

ғылыми бiлiмдердi меңгеруде саналылық, əрi белсендiлiк танытқан оқушылар ғана оны терең

жəне ойларына берiк тоқулары сөзсiз.

Саналылық пен белсендiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн мұғалiм оқыту процесiнде

төмендегi оқыту ережелерiн басшылыққа алады.

- Оқушы алдында тұрған мақсат пен мiндеттердi анық түсiнуi саналы оқытудың шарты боларын

назарға алу.

- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мəн-мағынасын терең түсiнуiн

қамтамасыз ету.

- Əр бiр сөздiң, сөйлемнiң, ұғымның мəнiн түсiндiру үшiн оқушылардың бiлiмi мен тəжiрибесiн

негiзге алу.

- Оқушылардың бiлiм алуға деген ынтасын, белсендiлiгiн арттыратындай тиiмдi əдiстердi үнемi

қолдану, бүгiнгi белсендi шəкiрт ертеңгi белсендi қоғам мүшесi екенiн ұмытпау.

- Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшiн əлi бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгiлi

ақпаратпен ұштастыра бiлу.

- өз бетiмен оқуды үйрету, таным əрекетiнiң тиiмдi əдiстерiмен таныстыру.

- Бас жəне қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негiзгi ойларды алу.

- Оқушыларды ойлауға үйретiп, ''неге'' сұрағын жиi қоюға дағдыландыру.

- Əрбiр оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пəнiн игеретiн субъект ретiнде қалыптастыру.

- Оқушы бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануына көмектесу.



Көрнекiлiк принципi

Оқыту жүйесiнде Я. А. Коменский көрнекiлiк принципiн оқу материалын меңгеру құралы

ретiнде қарастырып, дидактиканың алтын ережесi деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы

негiзiнен көрнекiлiк арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзiн немесе бейнесiн, көлемiн

тiкелей көрiп, байқап таниды. Бұл принциптi соңғы ғылыми жетiстiктер де дəлелдедi. Мысалы,

көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен

салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткiзедi екен. Көз арқылы алған мəлiметтердi адам жеңiл, тез,

берiк есте сақтайды.

Көрнекiлiк принципiн жүзеге асырып, оқушылардың бiлiм көлемiн тереңдету,

қызығушылығын арттырып жəне есте сақтау қабiлетiн шыңдау үшiн мұғалiм өз ойын оқушыларға

нақтылы жеткiзуi үшiн қолданатын ережелердi атап өтейiк.

- ''Алтын ереже'': көруге болатынды - көрсету, есiте алатынды - естiрту, сезiне алатынның бəрiн -

оқушылар-дың сезiм мүшелерiне сездiрту, түйсiк туғызу.

- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерiн, көлемiн, түр-түстерiн сөзбен

емес көру арқылы əрi жеңiл, əрi тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.

- Қолданылатын көрнекi құралдардың өмiрмен байланысын қамтамасыз ету.

- Оқушылар тiкелей түйсiну, көру, есту мүшелерi арқылы əртүрлi заттардың формасын, түсiн,

көлемiн, бейнесiн көрiп, дыбысын естуi негiзiнде оларда ой пайда болады.

- Көрнекiлiк - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретiнде

пайдаланылады.

- Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемiн, түр-түсiн байқап, көзiмен көруге жəне əр түрлi

дыбысын естуге жағдай туғызу.

- Көрнекiлiк заттар мен құбылыстардың өзiн тiкелей көрсетуге мүмкiндiк болмаған жағдайда да

қолданылады.

- Көрнекiлiктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, iзденiс

дағдыларын қалыптастырады.

- Көрнекiлiк бақылай бiлуге, салыстыру, қатар қоя бiлуге, абстракты ұғымдарды дамытып,

жетiлдiруге жол ашады. - Көрнекiлiктi оқытудың белгiлi мақсатына сай қолдану.

- Көрнекiлiк құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтiндей, кейiн бас жəне қосалқы

бөлшектерiн, соңында тағы бүтiндей көрсету керек.

- Көрнекiлiктi оқушылармен бiрiгiп жасау.

-Көрнекi құралдарын оқу пəндерiнде нақтылы өз орнында оқушылардың жас, таным

ерекшелiктерiн ескере отыра пайдалану.

- Көрнекiлiктердi қолдануда сан емес сапасына көңiл аудару.



Берiктiк принципi

Оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын жақсарту үшiн оқушылардың бiлiмдерiнiң берiк болуы

даусыз. Бұл принцип көптеген тəжiрибелiк жəне теориялық заңдылықтарға сүйенедi:

оқушылардың бiлiм мазмұнын меңгеруi мен танымдық дамуы, оқу процесiнiң өзара байланысты

екi жағы; бiлiм берiктiгi оқушының мұғалiмге, оқу пəнiне, жалпы оқуға деген субъективтi

қатынасына тəуелдi; оқушылардың бiлiм берiктiгi оқытудың ұйымдастырылуы, түрi, əдiстерi,

уақыты арқылы қамтамасыз етiледi; қызықты жəне маңызды материал ұзақ əрi берiк есте

сақталады.

Осы принциптi iске асыру үшiн мұғалiм бiрнеше ережелердi орындауы қажет.

- Оқушылар бiлiмдерiн сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан

мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемi ұйымдастыру.

- Қазiргi мектеп жаттаудан ойлауға көшуiне байланысты оқушылардың жадын зорламай, бiлiмдi

санасы мен сезiмдерiмен қабылдауды үйрету.

- Жақсы түсiнбегендi оқушының есiнде сақтауына жол бермей, тек саналы бiлiмдi жадында

сақтату.

- Басты, негiзгi идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшiн оқушыларды

анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс iстеуге машықтандыру.

- Оқыту жүйесiнде түрлi (ауызша, жазбаша, лабора-ториялық-практикалық жұмыстары) жаттығу

жұмыстарын ұйымдастыру.

- Оқуға, бiлiмге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалiмнiң өзiне сенiмi болса, оқушылардың оқу-

таным əрекетi ерiктi, қуанышты болып, бiлiмдерi ұзақ уақытқа дейiн сақталады. - Бiлiмнiң

берiктiлiгiне кедергi жасайтын сабаққа кешiгу, келмеу, сабақ кезiнде бос не басқа нəрселермен

шұғыл-данып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.

- Логикалық түрде берiлген, алынған, қайталанған бiлiмдер мен бiлiктер байланыссыз ақпаратпен

салыстырғанда берiк екенiн ұмытпау.

- Оқушылардың ерiктi жəне ерiксiз зейiнiн тиiмдi пайдалану: тiкелей ұсыныстың орнына қызықты

тапсырма, тəртiпке шақыру орнына мысал, мақал-мəтелдердi қолдану.

- Оқушылардың алған бiлiмдерiнiң берiктiлiгiн нығайту-дың əр түрлi əдiс-тəсiлдерiн (сезiмге толы

əңгiме, заманауи көрнекiлiктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пiкiр таластар) iске асыру.

- Жаттығуларды орындаған кезiнде оқушылар шаршауының алдын-алу.

- Жаңа оқу материалын ескi, таныс ақпаратпен байланыстыру.

- Оқушыларды өз бiлiмiн алу мен тексеруге бейiмдеу.

Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру - оқушылар бiлiмiнiң ұзақ уақыт бойы есте

сақталуын, сол бiлiмдi өз өмiрiнде пайдалануын қамтамасыз ету.



Сəйкестiк принципi

Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагог-тық тəжiрибеге негiзделiп, оқушыларға

жеке-дара қарауды талап етедi.

Демек бұл оқушының бойында бар бiлiм, бiлiк, дағдылар деңгейiне сай жаңа ақпаратты

ғана меңгере алады. Сəйкестiк принципiн дəлелдейтiн заңдылықтар: оқыту жас жəне дара

ерекшелiктерге, оқу процесiнiң ұйымдастырылуы мен əдiстерiне тəуелдi; ақыл-ой дамуы мен

алғашқы бiлiмдерi жетiк оқушы жаңа материалды тез меңгередi, оқудағы қиыншылықтарды жою

баланың мiнез-құлқына, қабiлеттерiнiң қалыптасуына, бiлiмiнiң сапасы мен нəтижелiлiгiне

оң /дұрыс/ ықпал етедi.

Сəйкестiк принципiн жүзеге асыру үшiн орындалатын ережелер:

- Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңiлден күрделiге көшiп оқыту.

- Бiлiм беруде оқушы əрқашан дара, өзiнше ерекше екенiн ұмытпау.



-Балалардың ақыл-ойы, қабiлеттерi мен мүмкiндiктерi əртүрлiлiгiн ескере оқыту.

-Оқуда барлық оқушылар табысқа бiрдей жетуiн талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейiне

сүйену.


-Оқушының жас ерекшелiктерiне сəйкес əдiстердi анықтау.

-Оқушылардан мүмкiн еместi талап етпеу, тапсырма өте жеңiл де, өте қиын да болмауын

ойластыру.

- Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, əлсiз оқушыны iлгерi тарту мақсатын көздеу.

- Жаңа күрделi материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа жəне нашар оқушыға

сүйенiп оқыту.

- Ең күрделi бiлiмдi игерту үшiн аналогия, салыстыру, теңдестiру, қарсы қоюды пайдаланып

оқушы ойын қоздыру.

- Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсiндiру қиын болғандықтан, əртүрлi пəнаралық

байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрiнiсiн айқындау, методологиялық бiлiмдердi сiңiрту.

- Баяу асығыңыздар! Қажетсiз оқытуды тездетуге болмайды, оқыту жылдамдығы жас жəне дара

қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз ету.

- Сəйкестiк мұғалiмнiң əңгiмелеу, сөйлеу, тiл анықтылығына тəуелдiлiгiн ұмытпау.

- Сəйкестiк - жеңiлдiк емес, оқушы еңбегiн жеңiлдету мақсат емес, бiрақ оқушыға өздiгiнен бiлiм

табуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.

- Сəйкестiк еңбекқорлықпен байланысты, еңбекқорлық күшейген сайын оқу сəйкестiгi кедергiсi

төмендейтiнiн ұмытпау.

Əрбiр мұғалiм оқыту процесiне байланысты бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметiнде

үнемi дидактикалық принциптердi басшылыққа алуы шарт.






Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...