Білім беру саласында мультимедиалық электронды оқулықты қолданудың тиімділігі



Дата10.09.2017
өлшемі22.89 Kb.
#19994
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ

ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Тұрарбеков Н.Б.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекттік университеті, Талдықорған қ.-сы

Ғылыми жетекші: Тулымшакова Г.Қ.



Turarbekov.nursultan@mail.ru

Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Осыған орай, жаңа қабылданған «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Оқу процессінде компьютерлік оқулықтар, есептер жинақтары, энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау, анықтамалық жүйелер және басқа да ЭО-та кеңінен қолданыс табуда. Электронды оқулықты білім берудің ақпараттық технологияларының негізгі бір түрі ретінде қарастыруға болады. Жалпы білім берудің ақпаратгық технологиялары дәстүрлі оқыту әдістері мен тәсілдерінде кейбір педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа құралдары ретінде пайданылады.

Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мультимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады (кәсиби сайыстар мен іскерлік ойындар бұрынан бері кәсіби дайындық пен іскерлікті арттыру барысында қолданылып келген. Ал ақпараттық технология оларды жаңа деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге мүмкіндік туғызуда).

Электрондық оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық. Электронды оқулықтың дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни, электронды оқулықты оқу процессінде пайдалану негізінде

• окытудың сапасы артады;

• оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;

• оқытушылардың оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс-әрекетке (ғылыми-ізденіс және әдістемелік мәселелерді шешу, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау т.с.с.) көшуіне алып келеді;

• оқытудың мазмұны мен құрылымдарының өзгерістеріне қарай оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды жеделдетеді.

Осы айтылғандардан қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі құралдарға қарағанда электронды оқулық қоддану кажеттігі артып келе жатқандығын көруге болады. Сондай-ақ, электронды оқулық дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдармен үйлестіре қолданудың тиімділігін практика көрсетіп отыр. Дегенмен, электронды оқулық компьютерсіз оқыту құралдарын толығымен алмастыра алмайды. Шындығында электронды оқулық дәстүрлі құралдардың тиімді тұстарын ала отырып, оқытудың жаңа сапалық деңгейіне алып келді.

Электронды оқулықтың сапасы оны оқу процесінде пайдалану барысында ғана анықталады. Оның кемшіліктерінің көп болуы пайдаланушыларға электронды оқулық туралы теріс пікір қалыптасуына алып келеді.

Қазіргі кезде көптеген электронды оқулықтардың түрлі нұсқалары дайындалып, ұсынылуда. Дегенмен, оларға жүйелі түрде талдау жүргізіліп, тиімділіктері мен кемшіліктері анықталып, олардың сапасына талаптар қойылуы, болашақ жасалатын электронды оқулықтарға ұсыныстар берілуі жеткіліксіз. Ал, шет елдерде бұл бағытта зерттеулер жүргізіліп, даярланған электронды оқулықтарға талдаулар жасалынып, олардың кемшіліктері айқындалуда. Талдаулар нәтижесінде электронды оқулықты жобалауда жіберілетін басты кемшілігі оны дәстүрлі оқу-әдістемелік құралдың электронды көшірмесі ретінде ғана кұрылатындығы анықталды.

Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал электронды оқулық даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде электронды оқулық дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. Электронды оқулықта дидактика оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз электронды оқулық пайда болады.

Әрине, электронды оқулық үшін материалдарды дайындауда ақпараттық кұрылымдық принциптер, пайдаланушы интерфейсінің схемасы, білім мен іскерлікті бағалау критерийлері мен бақылау тәсілдері, интерактивті құралдармен жабдықталу сияқты аспектілерді ескерумен қатар, дидактикалық тәсілдер, компьютер мамандарына нұсқаулар болуы тиіс. Бұл шарттарды орындау, автордан жаңа компьютерлік дидактиканы игеруді талап етеді.

Демек, электронды оқулық даярлау түрлі саладағы мамандардың бірігіп жұмыс істеуімен қатар, көп зерттеулерді, талдауларды қажет ететін өте күрделі іс, яғни, электронды оқулықты даярлайтын мамандардың әрқайсысы өз саласында жан-жақты терең білім мен іскерлікті көрсетуі тиіс.

Қазіргі кезде, электронды оқулық даярлау үшін кем дегенде төрт түрлі базалық категориялы маман керек:

- оқу материалының авторлары;

- компьютерлік әдіскерлер;

- ОКҚ жүйелік программалаушы;

- ОКҚ пайдаланушылар.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Білім беру саласында " Электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып кана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытка дейінгі білім беру саласында тек мүғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану казіргі заман талабын канағаттандырмайды. Сондықтан казіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.

Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу кұралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер,сұлба тәсілдер арқылы толыктырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі үгымды болады.

Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. "Электрондық практикум" берілген. Оқушы оқулықгы қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып-ақ үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген.

Білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады. Мүғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор.

Қандай мемлекетте болсын болашақ дамуының басты мақсаты адами капиталдың өсуіне байланысты. Біздің еліміздің де ұзақ мерзімді стратегиясының бірі - білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеру. Білім саласындағы оқыту үрдістеріне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу қажет. Білім мен тәрбиенің негізі, қайнар бұлағы оқу орындары десек, оқулық сол білімнің өзегі, тәрбиенің құралы, ұлттық мәдениеттің ұраны ХХІ ғасыр техника заманы болғандықтан елімізде білім беруде орнын ойып алар сауатты электронды оқулықтар жасау біздің міндетіміз.



Әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Солтүстік Қазақстан газеті, 2004.- 29 қазан.




  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. –Астана,2006.




  1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет




  1. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. — 369 бет

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Білім беру жүйесінде Maсromedia Flash технологиясын қолдану Манас Махпал
2016-04 -> Криминалисткалық болжаудағы криминалистикалық тактика арқылы тергеуді жоспарлаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері серікқали Айжан Ардаққызы
2016-04 -> Публицистикалық жанрлардың Қазақ баспасөзіндегі орны
2016-04 -> Ұлттық идея тәуелсіздік тұҒыры
2016-04 -> Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна
2016-04 -> Моральдық зиянды өтеу жолдарының Қиын тұстары сыдықбек Д. Ж
2016-04 -> Криминалистикалық болжау криминалистиканың жеке ілімі ретінде серікқали Айжан Ардаққызы
2016-04 -> Бастауыш мектеп оқушыларына ұлттық ҚҰндылықтар негізінде эстетикалық ТӘрбие беру
2016-04 -> КӘсіби күйзелістің алдын алу жолдары әбілақат А. М
2016-04 -> Жасөспірімдік шақТАҒы эмоцияның даму ерекшеліктері а. Х. Уразбекова


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді